Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 22.12.2016 № 392 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
1. Белгіленсін:
1) осы қаулының қосымшасына сәйкес Семей қаласындағы Восход кентінен бастап Мирный кентіне дейінгі учаскедегі Ертіс өзенінің оң жағалауындағы су қорғау аймағы мен су қорғау белдеуі;
2) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес Семей қаласындағы Восход кентінен бастап Мирный кентіне дейінгі учаскедегі Ертіс өзенінің оң жағалауындағы су қорғау аймағының аумағын шаруашылыққа пайдаланудың арнайы режимі мен су қорғау белдеуінің аумағында шектеулі шаруашылық қызмет жүргізу режимі.
2. Шығыс Қазақстан облысы табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы (В.Е.Чернецкий) "Семей қаласындағы Восход кентінен бастап Мирный кентіне дейінгі учаскедегі Ертіс өзенінің оң жағалауындағы су қорғау аймағы мен су қорғау белдеуінің шекараларын белгілеу" жобасын мемлекеттік жер кадастрында есепке алу үшін және су қоры мен жер ресурстарының пайдаланылуына және қорғалуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру үшін, арнайы уәкілеттік берілген мемлекеттік органдарға тапсырсын.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Д.Қ. Бейсембаевқа жүктелсін.
4. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Облыс әкімі | Ә. Бергенев |
Келісілді: | |
Су ресурстарын пайдалануды | |
реттеу және қорғау жөніндегі Ертіс | |
бассейндік инспекциясының бастығы | К. Көбегенов |
Шығыс Қазақстан облысының | |
мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық | |
қадағалау басқармасының бастығы | Т. Ерубаев |
Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2009 жылғы 14 қаңтардағы № 287 қаулысына қосымша |
Семей қаласындағы Восход кентінен бастап Мирный кентіне дейінгі учаскедегі Ертіс өзенінің оң жағалауындағы су қорғау аймағы мен су қорғау белдеуі
№ р/с | Су объектісі, оның учаскесі | Су қорғау аймағы | Су қорғау белдеуі | ||||
Шекара- сының ұзындығы, (шақырым) | Алаңы, (га) | Орташа ені (метр) | Шекарасы- ның ұзындығы, (шақырым) | Алаңы, (га) | Орташа ені (метр) | ||
1. | Семей қаласында- ғы Восход кентінен бастап Мирный кентіне дейінгі учаскедегі Ертіс өзені | 25,40 | 2326,6 | 350- 2690 | 25,16 | 345,24 | 7-800 |
Ескерту: су қорғау аймағы мен су қорғау белдеуінің шекаралары мен ені "Семей қаласындағы Восход кентінен бастап Мирный кентіне дейінгі учаскедегі Ертіс өзенінің оң жағалауындағы су қорғау аймағы мен су қорғау белдеуінің шекараларын белгілеу" бекітілген жобасының картографиялық материалдарында көрсетілген.
Шығыс Қазақстан облысы табиғи | |
ресурстар және табиғат пайдалануды | |
реттеу басқармасының бастығы | В. Чернецкий |