Қазақстан Республикасы Су кодексінің 39, 116-баптарына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабы 2-тармағына, «Су қорғау аймақтары мен белдеулерін белгілеу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 16 қаңтардағы № 42 қаулысына, «Шаруашылық-ауыз суымен жабдықтауға және мәдени-тұрмыстық су пайдалану орындары жөніндегі санитарлық-эпидемиологиялық ереже мен нормаларды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2004 жылғы 28 маусымдағы № 506, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде тіркелген нөмірі 2999 бұйрығына, «Семей қаласындағы Восход кентінен бастап Мирный кентіне дейінгі учаскедегі Ертіс өзенінің оң жағалауындағы су қорғау аймағы мен су қорғау белдеуінің шекараларын белгілеу» жобасына сәйкес және су объектілерін ластанудан және сарқылудан қорғау мақсатында, Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Белгіленсін:
1) осы қаулының қосымшасына сәйкес Семей қаласындағы Восход кентінен бастап Мирный кентіне дейінгі учаскедегі Ертіс өзенінің оң жағалауындағы су қорғау аймағы мен су қорғау белдеуі;
2) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес Семей қаласындағы Восход кентінен бастап Мирный кентіне дейінгі учаскедегі Ертіс өзенінің оң жағалауындағы су қорғау аймағының аумағын шаруашылыққа пайдаланудың арнайы режимі мен су қорғау белдеуінің аумағында шектеулі шаруашылық қызмет жүргізу режимі.
2. Шығыс Қазақстан облысы табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы (В.Е.Чернецкий) «Семей қаласындағы Восход кентінен бастап Мирный кентіне дейінгі учаскедегі Ертіс өзенінің оң жағалауындағы су қорғау аймағы мен су қорғау белдеуінің шекараларын белгілеу» жобасын мемлекеттік жер кадастрында есепке алу үшін және су қоры мен жер ресурстарының пайдаланылуына және қорғалуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру үшін, арнайы уәкілеттік берілген мемлекеттік органдарға тапсырсын.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Д.Қ. Бейсембаевқа жүктелсін.
4. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Облыс әкімі Ә. Бергенев
Келісілді:
Су ресурстарын пайдалануды
реттеу және қорғау жөніндегі Ертіс
бассейндік инспекциясының бастығы К. Көбегенов
Шығыс Қазақстан облысының
мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық
қадағалау басқармасының бастығы Т. Ерубаев
Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің
2009 жылғы 14 қаңтардағы
№ 287 қаулысына қосымша
Семей қаласындағы Восход кентінен бастап Мирный кентіне
дейінгі учаскедегі Ертіс өзенінің оң жағалауындағы
су қорғау аймағы мен су қорғау белдеуі
№ |
Су |
Су қорғау аймағы |
Су қорғау белдеуі |
||||
Шекара- |
Алаңы, |
Орташа |
Шекарасы- |
Алаңы, |
Орташа |
||
1. |
Семей |
25,40 |
2326,6 |
350- |
25,16 |
345,24 |
7-800 |
Ескерту: су қорғау аймағы мен су қорғау белдеуінің шекаралары мен ені «Семей қаласындағы Восход кентінен бастап Мирный кентіне дейінгі учаскедегі Ертіс өзенінің оң жағалауындағы су қорғау аймағы мен су қорғау белдеуінің шекараларын белгілеу» бекітілген жобасының картографиялық материалдарында көрсетілген.
Шығыс Қазақстан облысы табиғи
ресурстар және табиғат пайдалануды
реттеу басқармасының бастығы В. Чернецкий