Су қорғау аймақтары мен белдеулерiн белгiлеу ережесiн бекiту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 16 қаңтардағы N 42 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2015 жылғы 31 қазандағы № 870 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкiметiнiң 31.10.2015 № 870 (алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзіледі) қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 9 шiлдедегi Су кодексінің 116-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Yкiметi қаулы етеді:

      1. Қоса беріліп отырған Су қорғау аймақтары мен белдеулерiн белгілеу ережесi бекітілсiн.

      2. "Су қорғау аймақтары мен белдеулерi туралы ереженi бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1995 жылғы 27 қаңтардағы N 102 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1995 ж., N 4, 53-құжат) күшi жойылды деп танылсын.
      3. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң    
2003 жылғы 16 қаңтардағы
N 42 қаулысымен   
бекiтiлген     

Су қорғау аймақтары мен белдеулерiн белгілеу ережесi

1. Жалпы ережелер

      1. Осы Ереже Қазақстан Республикасының Су кодексiне сәйкес әзiрлендi және су қорғау аймақтары мен белдеулерiн белгiлеу тәртiбiн айқындайды.

      2. Жер бетiндегi судың ластануын, қоқысталуы мен сарқылуын болдырмау, су объектілерi мен су шаруашылығы құрылыстарын санитарлық-эпидемиологиялық және экологиялық талаптарға, сондай-ақ жануарлар мен өсiмдіктер дүниесiн сақтау талаптарына сәйкес жай-күйде ұстау үшiн су қорғау аймақтары мен белдеулерi белгiленедi.

      3. Судың ластануын, қоқысталуы мен сарқылуын болдырмау үшiн шаруашылық қызметтiң арнайы режимi белгіленетiн су объектiлерi мен су шаруашылығы құрылыстарына iргелес аумақ су қорғау аймағы болып табылады.

      4. Су қорғау аймағы шегiнде шектеулi шаруашылық қызмет режимi белгіленген су объектiлерi мен су шаруашылығы құрылыстарына iргелес, аумағының енi отыз бес метрден кем емес су қорғау белдеулерi ажыратылады.
      Ескерту. 4-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2011.03.29 № 286 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізілді) Қаулысымен.

      5. Су қорғау аймақтарын, белдеулерiн және оларды шаруашылық пайдалану режимiн жергілiктi атқарушы органдар су қорын пайдалану мен қорғау саласындағы уәкілеттi органмен келiсiм бойынша халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы уәкілеттi органмен, қоршаған ортаны қорғау саласындығы Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органымен, жер ресурстарын басқару жөнiндегi орталық уәкілеттi органмен, ал сел қаупi бар аудандарда қосымша - табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар саласындағы уәкілетті органмен келiсілiп бекiтiлген жобалық құжаттама негiзiнде белгiленедi.
       Ескерту. 5-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2008.11.18 N 1068 Қаулысымен.

      6. Су қорғау аймақтары мен белдеулерiн жобалауды мамандандырылған жобалау ұйымдары жергiлiктi атқарушы органдардың тапсырысы бойынша Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес жүзеге асырады.
      Жекелеген су объектiлерi (немесе олардың учаскелерi) бойынша су қорғау аймақтары мен белдеулерiнiң жобаларына нақты объект бойынша су қорғау аймақтары мен белдеулерiн белгiлеу қажеттiлiгiне, сондай-ақ мүдделi жеке және заңды тұлғалар да тапсырыс беруші болады.
      Ескерту. 6-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2010.06.17 № 604 Қаулысымен.

2. Су қорғау аймақтарын белгiлеу тәртiбi

      7. Әрбiр жағалау бойынша су қорғау аймағының ең тар енi көп жылдық межелік деңгейi кезiндегi су жиегiнен су тасқыны кезеңiндегi көп жылдық деңгейi кезiндегi су жиегiне дейiнгi (өзен жайылымын, жайылым жылғаларын, түпкi жағалауындағы тiк жарларды, шұңқырлар мен сайларды қоса алғанда) және мынадай қосымша қашықтықтар қоса есептелiп, белгiленедi:
      шағын өзендер (ұзындығы 200 км-ге дейiн) үшiн - 500 м;
      басқа өзендер үшін:
      шаруашылыққа пайдаланудың қарапайым жағдайлары мен су жинаудағы қолайлы экологиялық жағдайында - 500 м;
      шаруашылыққа пайдаланудың күрделi жағдайлары мен су жинаудағы қауырт экологиялық жағдайында - 1000 м.
      Салалардағы су қоймалары үшiн су қорғау аймағының ең тар енi ол орналасқан өзендегідей белгiленедi. Су қорғау аймағының iшкi шекарасы қалыпты тiрелген деңгейi кезiндегi су жиегi бойынша өтедi. Су құйылатын су қоймалары мен көлдер үшiн су қорғау аймағының ең тар енi су айдынының акваториясы 2 ш.м. және акваториясы 2 ш.м.-ден acca, 300 м. болып белгiленедi. Көлдер үшiн су қорғау аймағының iшкi шекарасы судың көп жылдық деңгейiнiң жағалаулық шегi бойынша өтедi.
      Су қорғау аймақтарының көрсетiлген көлемдерi су объектiсiнiң шаруашылық пайдалану маңызы мен сипатына, санитарлық-эпидемиологиялық жай-күйiне, iргелес аумақтар мен объектiлердiң жергiлiктi физикалық-географиялық, топырақ, гидрологиялық, рельефтiк және басқа да жағдайларына қарай нақтыланады.
      Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар мен мемлекеттік орман қорының жерлерінде су қорғау аймағы және су объектілерінің жағалауларындағы белдеулер үшін жер учаскелері бөлінбейді.
      Табиғи және жасанды шептер немесе жоғарыда орналасқан аумақтардан (өзендер мен сайлардың бұрмалары, жол-көлiк желiсi, тоспалар, орманды алқаптардың мүйiстерi) сарқынды сулардың су объектiлерiне ағуы мүмкiндiгiн болдырмайтын кедергiлер су қорғау аймағының шекарасы болады.
      Ескерту. 7-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2010.06.17 № 604 Қаулысымен, 2012.11.07 N 1413 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулыларымен.

3. Су қорғау белдеулерiн белгiлеу тәртiбi

      8. Су қорғау белдеулерiнiң ең тар ені өзен бойы алаптарының нысаны мен түрi, iргелес дөңдердiң тiк-еңiстiгiн жағалаулар мен ауыл шаруашылығы алқаптары құрамының қайта өңделуi болжамын есепке ала отырып, айқындалады әрi барлық су объектiлерi үшiн мынадай көлемдерде белгіленедi:
___________________________________________________________________
Су объектiлерi жағалауына    | Дөңдердiң тiк-еңiстiгiне қарай су
іргелес алқаптар түрлерi     | қорғау белдеуiнiң ең тар енi (м)
                             |_____________________________________
                             | Жағалаудан |    Жағалауға еңiстiгi
                             |еңiстiгi    |________________________
                             |(нөлдiк     | 3 градусқа | 3 градустан
                             | еңiстік)   | дейiн      | астам
                             |            |            |
                             |            |            |
__________________________   |____________|____________|____________
Шабындық                         35              55        100

Көгал, пiшендеме                 35              50        75

Орман, бұта                      35              35        55

Өзгелерi (қолайсыз алқап)        35              35        100
___________________________________________________________________

      Су қорғау белдеулерінің көрсетiлген көлемдерi он жылғы кезеңдегi жағалауды қайта өңдеудiң болжамды енiне көбейтіледi.
      Жағалауында ағаш-бұта немесе қорғаныштық әрi жағалауды бекiтетiн құрылыстар болған жағдайда құнды ауыл шаруашылығы алқаптарында су қорғау белдеулерi енiнiң азайтылуына рұқсат етіледi.
      Шағын өзендер бастауларында су қорғау белдеулерi енi былай белгіленедi:
      орман жоқ аудандарда - осы Ережеге сәйкес енi кемiнде 35 м. ағаш-бұта белдеуi салынады;
      орманды аймақтарда - Қазақстан Республикасының орман заңнамасына сәйкес.
      Ескерту. 8-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2011.03.29 № 286 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізілді) Қаулысымен.
      9. Елдi мекендер шегiнде су қорғау белдеулерiнiң шекарасы оларды салу мен жоспарлаудың нақты жағдайларын, су объектiсiнiң қоқыстануы әрi ластануын болдырмайтын жағалау аймағын мiндеттi түрде инженерлік немесе орман-мелиоративтiк жайластыруды (парапеттер, орағытып өту, орман-бұта белдеулерi және т.б.) ескере отырып, белгiленедi.

4. Ерекше ережелер

      10. Су қорғау аймақтары мен белдеулерiн ұйымдастыру суды кешендi түрде пайдалану мен қорғау схемаларында көзделген су жинаудағы су қорғау iс-шаралары кешенiмен бiрге жүргізіледі.
      Ескерту. 10-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2010.06.17 № 604 Қаулысымен.
      11. Су қорғау аймақтарын ұйымдастыру сумен жабдықтау, курорттық, сауықтыру және өзге де халық мұқтаждары үшiн пайдаланылатын су көздерiн санитарлық қорғау аймақтарын құру қажеттілiгiн жоққа шығармайды, олардың шекаралары мен көлемдерi Қазақстан Республикасының Су кодексімен сәйкес белгіленедi.
      Ескерту. 11-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2010.06.17 № 604 Қаулысымен.