Азаматтардың жекелеген санаттарына Петропавл қаласында автомобиль көлігінде тегін жол жүруге әлеуметтік көмек көрсету туралы

Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қалалық мәслихатының 2009 жылғы 29 шілдедегі N 3 шешімі. Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қаласының Әділет басқармасында 2009 жылғы 14 тамызда N 13-1-161 тіркелді.

Жаңартылған

      "Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы № 95-IV Бюджет кодексінің 56-бабы 1-тармағы 4) тармақшасына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 Заңының 6-бабы 1-тармағы 15) тармақшасына, "Қазақстан Республикасындағы көлiк туралы" Қазақстан Республикасының 1994 жылғы 21 қыркүйектегі № 156-ХIII Заңының 13-бабына сәйкес.

      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қалалық мәслихатының 2012.04.12 N 3 Шешімімен (алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      1. Петропавл қаласында тіркелген мына санаттағы азаматтарға және қала аумағы шегінде оларды шығарып салушыларға (бару және қайту), жедел (шұғыл жәрдем) медициналық көмек көрсету үшін емдеу мекемелеріне жеткізуден басқа, жолаушылар көлігінде тегін жүруге әлеуметтік көмек көрсету (одан әрі - әлеуметтік көмек) белгіленсін:

      1) бірінші, екінші топтағы мүгедектерге;

      2) он сегіз жасқа дейінгі мүгедек балаларға;

      3) Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне;

      4) жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының мүгедектеріне теңестірілген адамдарға.

      2. Аталған тұлғаларды жеткізетін әлеуметтік инфрақұрылым объектілері анықталсын:

      1) емханалар мен ауруханалар;

      2) түзету мектептері;

      3) психологиялық-медициналық-педагогикалық консультациялар;

      4) психологиялық-педагогикалық түзету кабинеттері;

      5) медициналық-әлеуметтік сараптау бөлімдері;

      6) Петропавл қаласының аумағында орналасқан медициналық-әлеуметтік мекемелер;

      7) "Петропавл протездік-ортопедиялық орталығы" акционерлік қоғамы;

      8) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамының Солтүстік Қазақстан облысы бойынша филиалы - "Ведомствоаралық әлеуметтік есеп айырысу орталығы" департаменті;

      9) мүмкіндіктері шектеулі балаларға үйде әлеуметтік көмек көрсету бөлімшесі;

      10) "Петропавл қаласы әкімдігінің Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;

      11) "Петропавл қаласы әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;

      12) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамының Солтүстік Қазақстан облысы бойынша филиалы - "Халыққа қызмет көрсету орталығы" департаменті.

      Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда - Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қалалық мәслихатының 2012.07.03 N 7 Шешімімен (алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 12-тармақшамен толықтырылды - Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қалалық мәслихатының 07.11.2014 N 7 (алғашқы ресми жарияланған күннен соң он күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі) шешімімен; өзгеріс енгізілді - Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қалалық мəслихатының 15.09.2017 № 4 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      3. "Петропавл қаласы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі уәкілетті органы мемлекеттік әлеуметтік тапсырыспен көзделген қызметтерді мемлекеттік сатып алуды ерекше тәртіпті қолдана отырып, Мемлекеттік сатып алу туралы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес әлеуметтік көмек көрсетуді ұйымдастырсын.

      Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда - Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қалалық мəслихатының 15.09.2017 № 4 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      4. "Жергілікті өкілетті органдардың шешімі бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек" 451-007-000 бюджеттік бағдарламасы бойынша қаржыландыру көзі анықталсын.

      5. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қалалық мәслихат
сессиясының төрағасы
А. Мишин
      Қалалық мәслихат
хатшысының міндетін
атқарушы
Г. Дорофеева