Азаматтардың жекелеген санаттарына Петропавл қаласында автомобиль көлігінде тегін жол жүруге әлеуметтік көмек көрсету туралы

Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қалалық мәслихатының 2009 жылғы 29 шілдедегі N 3 шешімі. Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қаласының Әділет басқармасында 2009 жылғы 14 тамызда N 13-1-161 тіркелді

Қолданыстағы

      Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджеттік кодексінің 56-бабы 1-тармағы 4) тармақшасына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі
басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148-ІІ Заңының 6-бабы 1-тармағы 15) тармақшасына, «Қазақстан Республикасындағы көлік туралы» Қазақстан Республикасының 1994 жылғы 21 қыркүйектегі № 156-XIII Заңының 13-бабына, «2009 жылға арналған облыстық бюджет туралы» облыстық мәслихаттың 2008 жылғы 18
желтоқсандағы № 13/2 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2009 жылғы 22 сәуірдегі облыстық мәслихат сессиясының № 15/1шешіміне, «2009 жылға арналған Петропавл қаласының бюджеті туралы» Петропавл қалалық мәслихатының 2008 жылғы 20 желтоқсандағы 12 сессиясының № 2 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы»
қалалық мәслихаттың 2009 жылғы 27 сәуірдегі кезектен тыс сессиясының № 2 шешіміне сәйкес, Петропавл қалалық мәслихаты ШЕШТІ:
      1. Петропавл қаласында тіркелген мына санаттағы азаматтарға
және қала аумағы шегінде оларды шығарып салушыларға (бару және
қайту), жедел (шұғыл жәрдем) медициналық көмек көрсету үшін емдеу мекемелеріне жеткізуден  басқа, жолаушылар көлігінде тегін жүруге
әлеуметтік көмек көрсету (одан әрі - әлеуметтік көмек) белгіленсін:
      1) бірінші, екінші топтағы мүгедектерге;
      2) он сегіз жасқа дейінгі мүгедек балаларға;
      3) Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне;
      4) жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының
мүгедектеріне теңестірілген адамдарға.
      2. Аталған тұлғаларды жеткізетін әлеуметтік инфрақұрылым объектілері анықталсын:
      1) емханалар мен ауруханалар;
      2) түзету мектептері;
      3) психологиялық-медициналық-педагогикалық консультациялар;
      4) психологиялық-педагогикалық түзету кабинеттері;
      5) медициналық-әлеуметтік сараптау бөлімдері;
      6) Петропавл қаласының аумағында орналасқан медициналық-
әлеуметтік мекемелер;
      7) «Петропавл протездік–ортопедиялық орталығы» акционерлік
қоғамы;
      8) «Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталық»
республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорынның Солтүстік Қазақстан облыстық филиалы;
      9) мүмкіндіктері шектеулі балаларға үйде әлеуметтік көмек
көрсету бөлімшесі;
      10) «Петропавл қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік
бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі.
      3. Уәкілетті орган «Петропавл қаласының жұмыспен қамту және
әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі мемлекеттік
әлеуметтік тапсырыста қарастырылған мемлекеттік сатып алу қызметін
жүргізудегі ерекше тәртіпті пайдаланып, мемлекеттік сатып алулар туралы Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес әлеуметтік
көмекті ұйымдастырсын.
      4. «Жергілікті өкілетті органдардың шешімі бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек» 451-007-000 бюджеттік бағдарламасы бойынша  қаржыландыру көзі анықталсын.
      5. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он
күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қалалық мәслихат                    Қалалық мәслихат хатшысының
      сессиясының төрағасы                міндетін атқарушы
      А. Мишин                            Г. Дорофеева