"Азаматтардың жекелеген санаттарына Петропавл қаласында автомобиль көлігінде тегін жол жүруге әлеуметтік көмек көрсету туралы" Петропавл қалалық мәслихатының 2009 жылғы 29 шілдедегі №3 шешіміне толықтыру енгізу туралы

Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қалалық мәслихатының 2014 жылғы 7 қарашадағы N 7 шешімі. Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 3 желтоқсанда N 3005 болып тіркелді

      1. «Нормативтік құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы Заңының 21-бабына сәйкес, Петропавл қалалық мәслихаты ШЕШТІ:
      1. «Азаматтардың жекелеген санаттарына Петропавл қаласында автомобиль көлігінде тегін жол жүруге әлеуметтік көмек көрсету туралы» Петропавл қалалық мәслихатының 2009 жылғы 29 шілдедегі №3 шешіміне (2009 жылғы 14 тамыздағы № 13-1-16 нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде тіркелген, «Қызылжар Нұры» газетінің 2009 жылғы 21 тамыздағы № 34 (244), «Проспект СК» газетінің 2009 жылғы 21 тамыздағы № 34 (292) сандарында жарияланған) мынадай толықтыру енгізілсін:
      көрсетілген шешімнің 2-тармағы мынадай редакциядағы 12-тармақшамен толықтырылсын:
      «12) Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат Агенттігінің «Халыққа қызмет көрсету орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны».
      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күннен соң он күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.
 
 

      Қалалық мәслихат сессиясының төрағасы
      Қалалық мәслихат хатшысы

В. Ли
Л. Жалмұқанова