«Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы № 95-IV Бюджет кодексінің 56-бабы 1-тармағы 4) тармақшасына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 Заңының 6-бабы 1-тармағы 15) тармақшасына, «Қазақстан Республикасындағы көлiк туралы» Қазақстан Республикасының 1994 жылғы 21 қыркүйектегі № 156-ХIII Заңының 13-бабына сәйкес.
Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қалалық мәслихатының 2012.04.12 N 3 Шешімімен (алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі)
1. Петропавл қаласында тіркелген мына санаттағы азаматтарға
және қала аумағы шегінде оларды шығарып салушыларға (бару және
қайту), жедел (шұғыл жәрдем) медициналық көмек көрсету үшін емдеу мекемелеріне жеткізуден басқа, жолаушылар көлігінде тегін жүруге
әлеуметтік көмек көрсету (одан әрі - әлеуметтік көмек) белгіленсін:
1) бірінші, екінші топтағы мүгедектерге;
2) он сегіз жасқа дейінгі мүгедек балаларға;
3) Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне;
4) жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының
мүгедектеріне теңестірілген адамдарға.
2. Аталған тұлғаларды жеткізетін әлеуметтік инфрақұрылым объектілері анықталсын:
1) емханалар мен ауруханалар;
2) түзету мектептері;
3) психологиялық-медициналық-педагогикалық консультациялар;
4) психологиялық-педагогикалық түзету кабинеттері;
5) медициналық-әлеуметтік сараптау бөлімдері;
6) Петропавл қаласының аумағында орналасқан медициналық-
әлеуметтік мекемелер;
7) «Петропавл протездік–ортопедиялық орталығы» акционерлік
қоғамы;
8) «Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталық»
республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорынның Солтүстік Қазақстан облыстық филиалы;
9) мүмкіндіктері шектеулі балаларға үйде әлеуметтік көмек
көрсету бөлімшесі;
10) «Петропавл қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік
бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі.
3. Уәкілетті орган «Петропавл қаласының жұмыспен қамту және
әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі мемлекеттік
әлеуметтік тапсырыста қарастырылған мемлекеттік сатып алу қызметін
жүргізудегі ерекше тәртіпті пайдаланып, мемлекеттік сатып алулар туралы Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес әлеуметтік
көмекті ұйымдастырсын.
4. «Жергілікті өкілетті органдардың шешімі бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек» 451-007-000 бюджеттік бағдарламасы бойынша қаржыландыру көзі анықталсын.
5. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он
күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қалалық мәслихат Қалалық мәслихат хатшысының
сессиясының төрағасы міндетін атқарушы
А. Мишин Г. Дорофеева