Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2010.04.01 N 141 бұйрығымен.
"2009 - 2011 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 11 қарашадағы Заңына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. "Қазақстан Республикасының Бірыңғай бюджеттік сыныптамасының кейбір мәселелері" Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрінің міндетін атқарушысының 2008 жылғы 22 желтоқсандағы N 265 (нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 5429 болып тіркелген), "Қазақстан Республикасының Бiрыңғай бюджеттік сыныптамасының кейбір мәселелері" Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрінің міндетін атқарушысының 2008 жылғы 22 желтоқсандағы N 265 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрінің 2009 жылғы 27 ақпандағы N 26 бұйрығымен өзгерістер мен толықтырулар енгізілген (нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 5587 болып тіркелген), "Қазақстан Республикасының Бiрыңғай бюджеттік сыныптамасының кейбір мәселелері" Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрінің міндетін атқарушысының 2008 жылғы 22 желтоқсандағы N 265 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрінің 2009 жылғы 22 сәуірдегі N 90 бұйрығымен өзгерістер мен толықтырулар енгізілген (нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 5657 болып тіркелген), "Қазақстан Республикасының Бiрыңғай бюджеттік сыныптамасының кейбір мәселелері" Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрінің міндетін атқарушысының 2008 жылғы 22 желтоқсандағы N 265 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрінің 2009 жылғы 22 қыркүйек N 184 бұйрығымен өзгерістер мен толықтырулар енгізілген (нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 5798 болып тіркелген), "Қазақстан Республикасының Бiрыңғай бюджеттік сыныптамасының кейбір мәселелері" Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрінің міндетін атқарушысының 2008 жылғы 22 желтоқсандағы N 265 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрінің 2009 жылғы 23 қыркүйектегі N 203 бұйрығымен толықтырулар енгізілген (нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 5817 болып тіркелген) бұйрығына мынадай толықтырулар мен өзгерістер енгізілсін:
бюджет шығыстарының функционалдық сыныптамасында:
1 "Жалпы сипаттағы мемлекеттiк қызметтер" функционалдық тобында:
02 "Қаржылық қызмет" функционалдық кіші тобында:
217 "Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгi" бюджеттік бағдарламалар әкімшісі бойынша:
014 бюджеттік бағдарламасы мынадай мазмұндағы 004 бюджеттік кіші бағдарламамен толықтырылсын:
"004 Сыртқы қарыздар есебiнен";
05 "Жоспарлау және статистикалық қызмет" функционалдық кіші тобында:
220 "Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі" бюджеттік бағдарламалар әкімшісі бойынша:
006 "Концессиялық ұсыныстарды, концессиялық жобалардың техникалық-экономикалық негіздемелерін, конкурстық құжаттамаларды, концессиялық жобаларды, концессия шарттарының жобаларын, бюджеттік инвестициялық жобаларды экономикалық сараптау" бюджеттік бағдарламасының атауы мынадай редакцияда жазылсын:
"006 Бюджеттік инвестициялар және концессия мәселелері бойынша құжаттаманы бағалау және сараптау";
09 "Жалпы сипаттағы өзге де мемлекеттiк қызметтер" функционалдық кіші тобында:
217 "Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгi" бюджеттік бағдарламалар әкімшісі бойынша:
мынадай мазмұндағы 067 бюджеттік бағдарламамен толықтырылсын:
"067 Саяси партияларды қаржыландыру";
3 "Қоғамдық тәртіп, қауіпсіздік, құқықтық, сот, қылмыстық-атқару қызметі" функционалдық тобында:
01 "Құқық қорғау қызметi" функционалдық кіші тобында:
201 "Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгi" бюджеттік бағдарламалар әкімшісі бойынша:
мынадай мазмұндағы 038 бюджеттік бағдарламамен толықтырылсын:
"038 Селекторлық байланысты ұйымдастыру үшін Шығыс Қазақстан облысының бюджетіне нысаналы ағымдағы трансферттер";
4 "Бiлiм беру" функционалдық тобында:
09 "Бiлiм беру саласындағы өзге де қызметтер" функционалдық кіші тобында:
225 "Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі" бюджеттік бағдарламалар әкімшісі бойынша:
мынадай мазмұндағы 082 бюджеттік бағдарламамен толықтырылсын:
"082 "Астана қаласының жаңа университеті" АҚ жарғылық капиталын ұлғайту";
10 "Ауыл, су, орман, балық шаруашылығы, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар, қоршаған ортаны және жануарлар дүниесін қорғау, жер қатынастары" функционалдық тобында:
01 "Ауыл шаруашылығы" функционалдық кіші тобында:
212 "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгi" бюджеттік бағдарламалар әкімшісі бойынша:
006 "Ауыл шаруашылығы техникасының қаржы лизингі бойынша сыйақы (мүдде) ставкасын өтеу" бюджеттік бағдарламасының атауы мынадай редакцияда жазылсын:
"006 Ауыл шаруашылығы техникасының қаржы лизингі бойынша сыйақы ставкасын өтеу";
043 "Агроөнеркәсіптік кешенді дамытуды ынталандыру жөніндегі мемлекеттік саясатты іске асыру үшін "КазАгро" ұлттық холдингі" АҚ жарғылық капиталын ұлғайту" бюджеттік бағдарламасының атауы мынадай редакцияда жазылсын:
"043 Агроөнеркәсіптік кешенді дамытуды ынталандыру жөніндегі мемлекеттік саясатты іске асыру үшін "КазАгро" ұлттық басқарушы холдингі" АҚ жарғылық капиталын ұлғайту";
096 "Ауыл шаруашылығы өнімін қайта өңдеу кәсіпорындарына олардың негізгі және айналым қаражатын толықтыруға қаржы институттары беретін кредиттер, жабдықтар лизингі бойынша сыйақы (мүдде) ставкасын субсидиялау" бюджеттік бағдарламасының атауы мынадай редакцияда жазылсын:
"096 Ауыл шаруашылығы өнімін қайта өңдеу кәсіпорындарына олардың негізгі және айналым қаражатын толықтыруға қаржы институттары беретін кредиттер, жабдықтар лизингі бойынша сыйақы ставкасын субсидиялау";
097 "Ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдейтін кәсіпорындарға арналған жабдықтардың қаржы лизингi бойынша сыйақы (мүдде) ставкасын өтеу" бюджеттік бағдарламасының атауы мынадай редакцияда жазылсын:
"097 Ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдейтін кәсіпорындарға арналған жабдықтардың қаржы лизингi бойынша сыйақы ставкасын өтеу";
13 "Басқалар" функционалдық тобында:
09 "Басқалар" функционалдық кіші тобында:
217 "Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгi" бюджеттік бағдарламалар әкімшісі бойынша:
037 "Кеңсе үй жайын салу үшін "Қаржы жүйесі органдарының мамандарын даярлау, қайта даярлау және біліктілігін арттыру орталығы" АҚ жарғылық капиталын ұлғайту" бюджеттік бағдарламасының атауы мынадай редакцияда жазылсын:
"037 "Қаржы жүйесі органдарының мамандарын даярлау, қайта даярлау және біліктілігін арттыру орталығы" АҚ жарғылық капиталын ұлғайту";
233 "Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлiгi" бюджеттік бағдарламалар әкімшісі бойынша:
мынадай мазмұндағы 070 бюджеттік бағдарламамен толықтырылсын:
"070 Тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді сатып алу кезінде қазақстандық қамту мониторингі";
619 "Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігі" бюджеттік бағдарламалар әкімшісі бойынша:
мынадай мазмұндағы 016 бюджеттік бағдарламамен толықтырылсын:
"016 "Қазақстандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғырту және дамыту орталығы" АҚ жарғылық капиталын қалыптастыру".
2. Мемлекеттік жоспарлау әдіснамасы департаменті (Б. Бабажанова) Заң департаментімен (Д. Ешімова) бірлесіп осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Министр Б. Сұлтанов