"Қазақстан Республикасының Бірыңғай бюджеттік сыныптамасының кейбір мәселелері" Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрдің міндетін атқарушысының 2008 жылғы 22 желтоқсандағы N 265 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу тура

Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттік жоспарлау министрінің 2009 жылғы 27 ақпандағы N 26 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2009 жылғы 11 наурызда Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 5587 болып енгізілді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2010 жылғы 1 сәуірдегі N 141 бұйрығы.

      Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2010.04.01 N 141 бұйрығымен.

      2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 26-бабының 3, 4-тармақтарына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
      1. "Қазақстан Республикасының Бірыңғай бюджеттік сыныптамасының кейбір мәселелері" Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрдің міндетін атқарушысының 2008 жылғы 22 желтоқсандағы N 265 (Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2008 жылғы 29 желтоқсандағы N 5429 болып тіркелген) бұйрығына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      көрсетілген бұйрықтың 1-қосымшасында:
      бюджет түсімдерінің сыныптамасында:
      1 "Салықтық түсімдер" санатында:
      05 "Тауарларға, жұмыстарға және қызметтерге салынатын ішкі салықтар" сыныбында:
      3 "Табиғи және басқа да ресурстарды пайдаланғаны үшін түсетін түсімдер" ішкі сыныбында:
      16 "Қоршаған ортаны эмиссия үшін төленетін төлемақы" ерекшілігінде:
      "ортаны" деген сөз "ортаға" деген сөзбен ауыстырылсын, орыс тіліндегі мәтіні өзгертілмейді;
      2 "Салықтық емес түсімдер" санатында:
      06 "Басқа да салықтық емес түсімдер" сыныбында:
      1 "Басқа да салықтық емес түсімдер" ішкі сыныбында:
      01 "Анықталмаған түсімдер" ерекшелігі алынып тасталсын;
      бюджет шығыстарының функционалдық сыныптамасында:
      105 "Республикалық бюджеттік инвестициялық және концессиялық жобалардың техникалық-экономикалық негіздемелерін әзірлеу және оларға сараптама жасау" бюджеттік бағдарламасының атауы "инвестициялық" деген сөзден кейін "жобалардың" деген сөзбен толықтырылсын, орыс тіліндегі мәтіні өзгертілмейді;
      108 "Жергілікті бюджеттік инвестициялық және концессиялық жобалардың техникалық-экономикалық негіздемелерін әзірлеу және оларға сараптама жасау" бюджеттік бағдарламасының атауы "инвестициялық" деген сөзден кейін "жобалардың" деген сөзбен толықтырылсын, орыс тіліндегі мәтіні өзгертілмейді;
      1 "Жалпы сипаттағы мемлекеттік қызметтер" функционалдық тобында:
      02 "Қаржылық қызмет" кіші функциясында:
      мынадай мазмұндағы 003, 004, 010, 011 бюджеттік бағдарламалары бар 459 бюджеттік бағдарламалардың әкімшісімен толықтырылсын:
      "459 Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) экономика және қаржы бөлімі
      003 Салық салу мақсатында мүлікті бағалауды жүргізу
      004 Бір жолғы талондарды беру жөніндегі жұмысты және бір жолғы талондарды іске асырудан сомаларды жинаудың толықтығын қамтамасыз етуді ұйымдастыру
      010 Коммуналдық меншікті жекешелендіруді ұйымдастыру
      011 Коммуналдық меншікке түскен мүлікті есепке алу, сақтау, бағалау және сату";
      09 "Жалпы сипаттағы өзге де мемлекеттік қызметтер" кіші функциясында:
      мынадай мазмұндағы 001 бюджеттік бағдарламамен және 003, 007, 008 мен 009 кіші бағдарламалары бар 459 бюджеттік бағдарламалардың әкімшісімен толықтырылсын:
      "459 Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) экономика және қаржы бөлімі
      001 Экономика және қаржы бөлімінің қызметін қамтамасыз ету
      003 Жергілікті органдардың аппараттары
      007 Мемлекеттік қызметшілердің біліктілігін арттыру
      008 Мемлекеттік органдардың ғимараттарын, үй-жайлары және құрылыстарын күрделі жөндеу
      009 Мемлекеттік органдарды материалдық-техникалық жарақтандыру";
      мынадай мазмұндағы 002, 100, 106, 107, 108, 109 және 115 бюджеттік бағдарламалар толықтырылсын:
      "002 Ақпараттық жүйелер құру
      100 Қазақстан Республикасы Үкіметінің төтенше резервінің есебінен іс-шаралар өткізу
      106 Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды жою үшін жергілікті атқарушы органның төтенше резервінің есебінен іс-шаралар өткізу
      107 Жергілікті атқарушы органның шұғыл шығындарға арналған резервінің есебінен іс-шаралар өткізу
      108 Жергілікті бюджеттік инвестициялық жобалардың және концессиялық жобалардың техникалық-экономикалық негіздемелерін әзірлеу және оларға сараптама жасау
      109 Қазақстан Республикасы Үкіметінің шұғыл шығындарға арналған резервінің есебінен іс-шаралар өткізу
      115 Жергілікті атқарушы органы резервінің қаражаты есебінен соттардың шешімдері бойынша жергілікті атқарушы органдардың міндеттемелерін орындау";
      2 "Қорғаныс" функционалдық тобында:
      02 "Төтенше жағдайлар жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру" кіші функциясында:
      250 "Облыстың жұмылдыру дайындығы, азаматтық қорғаныс, авариялар мен дүлей зілзалалардың алдын алуды және жоюды ұйымдастыру басқармасы" бюджеттік бағдарламалар әкімшісі мемлекеттік тіліндегі келесі редакциясында жазылсын:
      "250 Облыстың жұмылдыру дайындығы, азаматтық қорғаныс, авариялар мен дүлей зілзалалардың алдын алуды және жоюды ұйымдастыру басқармасы", орыс тіліндегі мәтіні өзгертілмейді;
      250 "Облыстың жұмылдыру дайындығы, азаматтық қорғаныс, авариялар мен дүлей зілзалалардың алдын алуды және жоюды ұйымдастыру басқармасы" бюджеттік бағдарламалардың әкімшісі бойынша:
      001 "Жұмылдыру дайындығы, азаматтық қорғаныс және авариялар мен дүлей зілзалалардың алдын алуды және жоюды ұйымдастыру басқармасының қызметін қамтамасыз ету" бюджеттік бағдарламасындағы "қорғаныс және авариялар" деген сөздер "қорғаныс, авариялар" деген сөздермен ауыстырылсын, орыс тіліндегі мәтіні өзгертілмейді;
      350 "Республикалық маңызы бар қаланың, астананың жұмылдыру дайындығы, азаматтық қорғаныс, авариялар мен дүлей зілзалалардың алдын алуды және жоюды ұйымдастыру басқармасы" бюджеттік бағдарламалардың әкімшісі бойынша:
      001 "Жұмылдыру дайындығы, азаматтық қорғаныс және авариялар мен дүлей зілзалалардың алдын алуды және жоюды ұйымдастыру басқармасының қызметін қамтамасыз ету" мемлекеттік тілінде "қорғаныс және авариялар" деген сөздер "қорғаныс, авариялар" деген сөздермен ауыстырылсын, орыс тіліндегі текст өзгертілмейді;
      3 "Қоғамдық тәртіп, қауіпсіздік, құқықтық, сот, қылмыстық-атқару қызметі" функционалдық тобында:
      01 "Құқық қорғау қызметі" кіші функциясында:
      201 "Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі" бюджеттік бағдарламалардың әкімшісі бойынша:
      008 "Деректер берудің спутниктік желісі мен телефонияны жаңғырту және дамыту" бюджеттік бағдарламасы алынып тасталсын;
      026 "Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігіне ведомстволық бағыныстағы мекемелерінің ғимараттарын, үй-жайлары мен құрылыстарын күрделі жөндеу" бюджеттік бағдарламасы алынып тасталсын;
      4 "Білім беру" функционалдық тобында:
      04 "Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру" кіші функциясында:
       253 "Облыстың денсаулық сақтау басқармасы" бюджеттік бағдарламалардың әкімшісі бойынша:
      043 "Техникалық және кәсіби, орта білімнен кейінгі білім беру мекемелерінде мамандар даярлау" бюджеттік бағдарламасындағы "кәсіби" деген сөз "кәсіптік" деген сөзбен ауыстырылсын, орыс тіліндегі мәтіні өзгертілмейді;
      261 "Облыстың білім басқармасы" бюджеттік бағдарламалардың әкімшісі бойынша:
      024 "Техникалық және кәсіби білім беру ұйымдарында мамандар даярлау" бюджеттік бағдарламасындағы "кәсіби" деген сөз "кәсіптік" деген сөзбен ауыстырылсын, орыс тіліндегі мәтіні өзгертілмейді;
      353 "Республикалық маңызы бар қаланың, астананың денсаулық сақтау басқармасы" бюджеттік бағдарламалардың әкімшісі бойынша:
      043 "Техникалық және кәсіби, орта білімнен кейінгі білім беру мекемелерінде мамандар даярлау" бюджеттік бағдарламасындағы "кәсіби" деген сөз "кәсіптік" деген сөзбен ауыстырылсын, орыс тіліндегі мәтіні өзгертілмейді;
      09 "Білім беру саласындағы өзге де қызметтер" кіші функциясында:
      360 "Республикалық маңызы бар қаланың, астананың білім басқармасы" бюджеттік бағдарламалардың әкімшісі бойынша:
      021 "Astana Knowledge city" АҚ жарғылық капиталын ұлғайту" бюджеттік бағдарламасы алынып тасталсын;
      мынадай мазмұндағы 037 бюджеттік бағдарламасы және 011 мен 015 кіші бағдарламалары бар 466 бюджеттік бағдарламалардың әкімшісімен толықтырылсын:
      "466 Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі
      037 Білім беру объектілерін салу және реконструкциялау
      011 Республикалық бюджеттен берілетін трансферттер есебінен
      015 Жергілікті бюджет қаражаты есебінен";
      5 "Денсаулық сақтау" функционалдық тобында:
      09 "Денсаулық сақтау саласындағы өзге де қызметтер" кіші функциясында:
      253 "Облыстың денсаулық сақтау басқармасы" бюджеттік бағдарламалардың әкімшісі бойынша:
      008 "Қазақстан Республикасында ЖҚТБ індетінің алдын алу және қарсы күрес жөніндегі іс-шараларды іске асыру" бюджеттік бағдарламасында:
      011 "Бағдарламаны республикалық бюджеттен берілетін трансферттер есебінен іске асыру" бюджеттік кіші бағдарламасы мынадай редакцияда жазылсын:
      "011 Республикалық бюджеттен берілетін трансферттер есебінен";
      015 "Бағдарламаны жергілікті бюджет қаражаты есебінен іске асыру" бюджеттік кіші бағдарламасы келесі редакциясында жазылсын:
      "015 Жергілікті бюджет қаражаты есебінен";
      353 "Республикалық маңызы бар қаланың, астананың денсаулық сақтау басқармасы" бюджеттік бағдарламалардың әкімшісі бойынша:
      008 "Қазақстан Республикасында ЖҚТБ індетінің алдын алу және қарсы күрес жөніндегі іс-шараларды іске асыру" бюджеттік бағдарламасында:
      011 "Бағдарламаны республикалық бюджеттен берілетін трансферттер есебінен іске асыру" бюджеттік кіші бағдарламасы мынадай редакцияда жазылсын:
      "011 Республикалық бюджеттен берілетін трансферттер есебінен";
      015 "Бағдарламаны жергілікті бюджет қаражаты есебінен іске асыру" бюджеттік кіші бағдарламасы мынадай редакцияда жазылсын:
      "015 Жергілікті бюджет қаражаты есебінен";
      6 "Әлеуметтік көмек және әлеуметтік қамсыздандыру" функционалдық тобында:
      02 "Әлеуметтік көмек" кіші функциясында:
      256 "Облыстың жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы" бюджеттік бағдарламалардың әкімшісі бойынша:
      020 "Аудандар (облыстық маңызы бар қалалар) бюджеттеріне ең төменгі күнкөрістің мөлшері өскеніне байланысты мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмегін және 18 жасқа дейінгі балаларға ай сайынғы мемлекеттік жәрдемақыға берілетін ағымдағы нысаналы трансферттер" бюджеттік бағдарламасы мынадай редакцияда жазылсын:
      "020 Аудандар (облыстық маңызы бар қалалар) бюджеттеріне ең төменгі күнкөріс деңгейі мөлшерінің өсуіне байланысты мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек пен 18 жасқа дейінгі балаларға ай сайынғы мемлекеттік жәрдемақы төлеуге берілетін ағымдағы нысаналы трансферттер", орыс тіліндегі мәтіні өзгертілмейді;
      355 "Республикалық маңызы бар қаланың, астананың жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы" бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің атауы мемлекеттік тілінде мынадай редакцияда жазылсын:
      "355 Республикалық маңызы бар қаланың, астананың жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы", орыс тіліндегі мәтіні өзгертілмейді;
      09 "Әлеуметтік көмек және әлеуметтік қамтамасыз ету салаларындағы өзге де қызметтер" кіші функциясында:
      355 "Республикалық маңызы бар қаланың, астананың жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы" бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің атауы мынадай редакцияда жазылсын:
      "355 Республикалық маңызы бар қаланың, астананың жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы", орыс тіліндегі мәтіні өзгертілмейді;
      001 "Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының қызметін қамтамасыз ету" бюджеттік бағдарламасы мемлекеттік тілінде мынадай редакцияда жазылсын:
      "001 Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының қызметін қамтамасыз ету", орыс тіліндегі мәтіні өзгертілмейді;
      7 "Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық" функционалдық тобында:
      01 "Тұрғын үй шаруашылығы" кіші функциясында:
      271 "Облыстың құрылыс басқармасы" бюджеттік бағдарламалардың әкімшісі бойынша:
      012 "Аудандық (облыстық маңызы бар қалалардың) бюджеттерге инженерлік-коммуниациялық инфрақұрылымды дамытуға және жайластыруға берілетін даму трансферттері" бюджеттік бағдарламасында мемлекеттік тілінде "берілетін даму" деген сөздер "берілетін нысаналы даму" сөздерімен ауыстырылсын, орыс тіліндегі мәтіні өзгертілмейді;
      мынадай мазмұндағы 003 бюджеттік бағдарламасы және 011, 013 және 015 бюджеттік кіші бағдарламалары бар 466 бюджеттік бағдарламалар әкімшісімен толықтырылсын:
      "466 Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі
      003 Мемлекеттік коммуналдық тұрғын үй қорының тұрғын үй құрылысы
      011 Республикалық бюджеттен берілетін трансферттер есебінен
      013 Республикалық бюджеттен берілген кредиттер есебінен
      015 Жергілікті бюджет қаражаты есебінен";
      мынадай мазмұндағы 011 және 015 бюджеттік кіші бағдарламалары бар 004 бюджеттік бағдарламамен толықтырылсын:
      "004 Инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды дамыту және жайластыру
      011 Республикалық бюджеттен берілетін трансферттер есебінен
      015 Жергілікті бюджет қаражаты есебінен";
      мынадай мазмұндағы 013 және 015 кіші бағдарламалары бар 019 бюджеттік бағдарламамен толықтырылсын:
      "019 Тұрғын үй салу және сатып алу
      013 Республикалық бюджеттен берілген кредиттер есебінен
      015 Жергілікті бюджет қаражаты есебінен";
      02 "Коммуналдық шаруашылық" кіші функциясында:
      271 "Облыстың құрылыс басқармасы" бюджеттік бағдарламалар әкімшісі бойынша:
      мынадай мазмұндағы 011 және 015 кіші бағдарламалары бар 030 бюджеттік бағдарламамен толықтырылсын:
      "030 Коммуналдық-шаруашылық объектілерін дамыту
      011 Республикалық бюджеттен берілетін трансферттер есебінен
      015 Жергілікті бюджет қаражаты есебінен";
      мынадай мазмұндағы 005 бюджеттік бағдарламасы және 011 мен 015 кіші бағдарламалары бар 466 бюджеттік бағдарламалар әкімшісімен толықтырылсын:
      "466 Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі
      005 Коммуналдық-шаруашылығын дамыту
      011 Республикалық бюджеттен берілетін трансферттер есебінен
      015 Жергілікті бюджет қаражаты есебінен";
      мынадай мазмұндағы және 011 мен 015 бюджеттік кіші бағдарламалары бар 006 бюджеттік бағдарламамен толықтырылсын:
      "006 Сумен жабдықтау жүйесін дамыту
      011 Республикалық бюджеттен берілетін трансферттер есебінен
      015 Жергілікті бюджет қаражаты есебінен";
      03 "Елді-мекендерді көркейту" кіші функциясында:
      мынадай мазмұндағы 007 бюджеттік бағдарламасы және 011 мен 015 кіші бағдарламалары бар 466 бюджеттік бағдарламалардың әкімшісімен толықтырылсын:
      "466 Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі
      007 Қаланы және елді мекендерді көркейтуді дамыту
      011 Республикалық бюджеттен берілетін трансферттер есебінен
      015 Жергілікті бюджет қаражаты есебінен";
      8 "Мәдениет, спорт, туризм және ақпараттық кеңістік" функционалдық тобында:
      01 "Мәдениет саласындағы қызмет" кіші функциясында:
      262 "Облыстың мәдениет басқармасы" бюджеттік бағдарламалар әкімшісі бойынша:
      005 "Жергілікті маңызы бар тарихи-мәдени мұралардың сақталуын және оған қол жетімді болуын қамтамасыз ету" бюджеттік бағдарламасында мемлекеттік тілінде "Жергілікті маңызы бар" деген сөздер алынып тасталсын, орыс тіліндегі мәтіні өзгертілмейді;
      007 "Жергілікті маңызы бар театр және музыка өнерін қолдау" бюджеттік бағдарламасында мемлекеттік тілінде "Жергілікті маңызы бар" деген сөздер алынып тасталсын, орыс тіліндегі мәтіні өзгертілмейді;
      мынадай мазмұндағы 003 және 005 бюджеттік бағдарламалары бар 457 бюджеттік бағдарламалар әкімшісімен толықтырылсын:
      "457 Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі
      003 Мәдени-демалыс жұмысын қолдау
      005 Зоопарктер мен дендропарктердің жұмыс істеуін қамтамасыз ету";
      мынадай мазмұндағы 011 бюджеттік бағдарламасы және 011 мен 015 бюджеттік кіші бағдарламалары бар 466 бюджеттік бағдарламалар әкімшісімен толықтырылсын:
      "466 Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) сәулет, кала құрылысы және құрылыс бөлімі
      011 Мәдениет объектілерін дамыту
      011 Республикалық бюджеттен берілетін трансферттер есебінен
      015 Жергілікті бюджет қаражаты есебінен";
      02 "Спорт" кіші функциясында:
      359 "Республикалық маңызы бар қаланың, астананың туризм, дене шынықтыру және спорт басқармасы" бюджеттік бағдарламалар әкімшісі бойынша:
      001 "Дене шынықтыру және спорт басқармасының қызметін қамтамасыз ету" бюджеттік бағдарламасы мемлекеттік тілінде мынадай редакцияда жазылсын:
      "001 Туризм, дене шынықтыру және спорт басқармасының қызметін қамтамасыз ету", орыс тіліндегі мәтіні өзгертілмейді;
      мынадай мазмұндағы 008, 009 және 010 бюджеттік бағдарламалары бар 457 бюджеттік бағдарламалар әкімшісімен толықтырылсын:
      "457 Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі
      008 Ұлттық және бұқаралық спорт түрлерін дамыту
      009 Аудандық (облыстық маңызы бар қалалық) деңгейде спорттық жарыстар өткізу
      010 Әртүрлі спорт түрлері бойынша аудан (облыстық маңызы бар қала) құрама командаларының мүшелерін дайындау және олардың облыстық спорт жарыстарына қатысуы";
      мынадай мазмұндағы 008 бюджеттік бағдарламасы және 011 мен 015 бюджеттік кіші бағдарламалары бар 466 бюджеттік бағдарламалар әкімшісімен толықтырылсын:
      "466 Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) сәулет, кала құрылысы және құрылыс бөлімі
      008 Спорт объектілерін дамыту
      011 Республикалық бюджеттен берілетін трансферттер есебінен
      015 Жергілікті бюджет қаражаты есебінен";
      03 "Ақпараттық кеңістік" кіші функциясында:
      264 "Облыстың тілдерді дамыту басқармасы" бюджеттік бағдарламалардың әкімшісі бойынша:
      002 "Мемлекеттік тілді және Қазақстан халықтарының баска да тілді дамыту" бюджеттік бағдарламасында мемлекеттік тілінде "тілді" деген сөз "тілдерін" деген сөзбен ауыстырылсын, орыс тіліндегі мәтіні өзгертілмейді;
      358 "Республикалық маңызы бар қаланың, астананың мұрағат және құжаттар басқармасы" бюджеттік бағдарламалардың әкімшісінің атауын мемлекеттік тілінде мынадай редакцияда жазылсын:
      "358 Республикалық маңызы бар қаланың, астананың мұрағаттар және құжаттама басқармасы", орыс тіліндегі мәтіні өзгертілмейді;
      001 "Мұрағат және құжаттама басқармасының қызметін қамтамасыз ету" бюджеттік бағдарламасы мемлекеттік тілінде мынадай редакцияда жазылсын:
      "001 Мұрағаттар және құжаттама басқармасының қызметін қамтамасыз ету", орыс тіліндегі мәтіні өзгертілмейді;
      363 "Республикалық маңызы бар қаланың, астананың тілдерді дамыту басқармасы" бюджеттік бағдарламалар әкімшісі бойынша:
      002 "Мемлекеттік тілді және Қазақстан халықтарының баска да тілді дамыту" бюджеттік бағдарламасында мемлекеттік тілінде "тілді" деген сөз "тілдерін" деген сөзбен ауыстырылсын, орыс тіліндегі мәтіні өзгертілмейді;
      455 "Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" бюджеттік бағдарламалар әкімшісі бойынша:
      007 "Мемлекеттік тілді және Қазақстан халықтарының басқа да тілді дамыту" бюджеттік бағдарламасында мемлекеттік тілінде "тілді" деген сөз "тілдерін" деген сөзбен ауыстырылсын, орыс тіліндегі мәтіні өзгертілмейді;
      мынадай мазмұндағы 006 және 007 бюджеттік бағдарламалары бар 457 бюджеттік бағдарламалар әкімшісімен толықтырылсын:
      "457 Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі
      006 Аудандық (қалалық) кітапханалардың жұмыс істеуі
      007 Мемлекеттік тілді және Қазақстан халықтарының басқа да тілдерін дамыту";
      09 "Мәдениет, спорт, туризм және ақпараттық кеңістікті ұйымдастыру жөніндегі өзге де қызметтер" кіші функциясында:
      мынадай мазмұндағы 001 бюджеттік бағдарламасы және 003, 007, 008 мен 009 кіші бағдарламалары бар 457 бюджеттік бағдарламалар әкімшісімен толықтырылсын:
      "457 Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі
      001 Мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің қызметін қамтамасыз ету
      003 Жергілікті органдардың аппараттары
      007 Мемлекеттік қызметшілердің біліктілігін арттыру
      008 Мемлекеттік органдардың ғимараттарын, үй-жайлары және құрылыстарын күрделі жөндеу
      009 Мемлекеттік органдарды материалдық-техникалық жарақтандыру";
      мынадай мазмұндағы 002, 099, 100, 106, 107, 108, 109 мен 115 бюджеттік бағдарламалармен толықтырылсын:
      "002 Ақпараттық жүйелер құру
      099 Республикалық бюджеттен берілетін нысаналы трансферттер есебінен ауылдық елді мекендер саласының мамандарын әлеуметтік қолдау шараларын іске асыру
      100 Қазақстан Республикасы Үкіметінің төтенше резервінің есебінен іс-шаралар өткізу
      106 Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды жою үшін жергілікті атқарушы органның төтенше резервінің есебінен іс-шаралар өткізу
      107 Жергілікті атқарушы органның шұғыл шығымдарға арналған резервінің есебінен іс-шаралар өткізу
      108 Жергілікті бюджеттік инвестициялық жобалардың және концессиялық жобалардың техникалық-экономикалық негіздемелерін әзірлеу және оларға сараптама жасау
      109 Қазақстан Республикасы Үкіметінің шұғыл шығындарға арналған резервінің есебінен іс-шаралар өткізу
      115 Жергілікті атқарушы органы резервінің қаражаты есебінен соттардың шешімдері бойынша жергілікті атқарушы органдардың міндеттемелерін орындау";
      9 "Отын-энергетика кешені және жер қойнауын пайдалану" функционалдық тобында:
      09 "Отын-энергетика кешені және жер қойнауын пайдалану саласындағы өзге де қызметтер" кіші функциясында:
      мынадай мазмұндағы 009 бюджеттік бағдарлама және 011 мен 015 бюджеттік кіші бағдарламалары бар 466 бюджеттік бағдарламалар әкімшісімен толықтырылсын:
      "466 Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі
      009 Жылу-энергетикалық жүйені дамыту
      011 Республикалық бюджеттен берілетін трансферттер есебінен
      015 Жергілікті бюджет қаражаты есебінен";
      10 "Ауыл, су, орман, балық шаруашылығы, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар, қоршаған ортаны және жануарлар дүниесін қорғау, жер қатынастары" функционалдық тобында:
      01 "Ауыл шаруашылығы" кіші функциясында:
      255 "Облыстың ауыл шаруашылығы басқармасы" бюджеттік бағдарламалардың әкімшісі бойынша:
      010 "Мал шаруашылықты қолдау" бюджеттік бағдарламасы мемлекеттік тілінде келесі редакциясында жазылсын:
      "010 Асыл тұқымды мал шаруашылығын қолдау", орыс тіліндегі мәтіні өзгертілмейді;
      011 "Өндірілетін ауыл шаруашылығы дақылдарының шығымдылығы мен сапасын арттыруды қолдау" бюджеттік бағдарламасында мемлекеттік тіліндегі "шығымдылығы" деген сөз "өнімділігі" деген сөзбен ауыстырылсын, орыс тіліндегі мәтіні өзгертілмейді;
      014 "Ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілерге су жеткізу жөніндегі қызметтердің құнын субсидиялау" бюджеттік бағдарламасында мемлекеттік тіліндегі "жөніндегі" деген сөз "бойынша көрсетілетін" деген сөзбен ауыстырылсын, орыс тіліндегі мәтіні өзгертілмейді;
      020 "Көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарын жүргізу үшін қажетті жанар-жағар май және баска да тауар-материалдық құндылықтарының құнын арзандатуға берілетін ағымдағы нысаналы трансферттер" бюджеттік бағдарламасы мемлекеттік тілінде келесі редакциясында жазылсын:
      "020 Көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарын жүргізу үшін қажетті жанар-жағар май және басқа да тауар-материалдық құндылықтарының құнын арзандату", орыс тіліндегі мәтіні өзгертілмейді;
      375 "Республикалық маңызы бар қаланың, астананың ауыл шаруашылығы атқарушы органы" бюджеттік бағдарламалардың әкімшісінің атауы мемлекеттік тілде келесі редакциясында жазылсын:
      "375 Республикалық маңызы бар қаланың, астананың ауыл шаруашылығы басқармасы", орыс тіліндегі мәтіні өзгертілмейді;
      003 "Мал шаруашылықты қолдау" бюджеттік бағдарламасы мемлекеттік тілінде келесі редакциясында жазылсын:
      "003 Асыл тұқымды мал шаруашылығын қолдау", орыс тіліндегі мәтіні өзгертілмейді;
      004 "Өндірілетін ауыл шаруашылығы дақылдарының шығымдылығы мен сапасын арттыруды қолдау" бюджеттік бағдарламасында мемлекеттік тіліндегі "шығымдылығы" деген сөз "өнімділігі" деген сөзбен ауыстырылсын, орыс тіліндегі мәтіні өзгертілмейді;
      007 "Ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілерге су жеткізу жөніндегі қызметтердің құнын субсидиялау" бюджеттік бағдарламасында мемлекеттік тіліндегі "жөніндегі" деген сөз "бойынша көрсетілетін" деген сөзбен ауыстырылсын, орыс тіліндегі мәтіні өзгертілмейді;
      020 "Көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарын жүргізу үшін қажетті жанар-жағар май және басқа да тауар-материалдық құндылықтарының құнын арзандатуға берілетін ағымдағы нысаналы трансферттер" бюджеттік бағдарламасы мемлекеттік тілде келесі редакциясында жазылсын:
      "020 Көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарын жүргізу үшін қажетті жанар-жағар май және басқа да тауар-материалдық құндылықтарының құнын арзандату", орыс тілінде текст өзгертілмейді;
      мынадай мазмұндағы 003, 004 және 005 бюджеттік бағдарламалары бар 454 бюджеттік бағдарламалар әкімшісімен толықтырылсын:
      "454 Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі
      003 Мал көмінділерінің (биотермиялық шұңқырлардың) жұмыс істеуін қамтамасыз ету
      004 Ауру жануарларды санитарлық союды ұйымдастыру
      005 Алып қойылатын және жойылатын ауру жануарлардың, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізаттың құнын иелеріне өтеу";
      мынадай мазмұндағы 011 және 015 бюджеттік кіші бағдарламалары бар 020 бюджеттік бағдарламамен толықтырылсын:
      "020 Көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарын жүргізу үшін қажетті жанар-жағар май және басқа да тауар-материалдық құндылықтарының құнын арзандату
      011 Республикалық бюджеттен берілетін трансферттер есебінен
      015 Жергілікті бюджет қаражаты есебінен";
      мынадай мазмұндағы 099 бюджеттік бағдарламамен толықтырылсын:
      "099 Республикалық бюджеттен берілетін нысаналы трансферттер есебінен ауылдық елді мекендер саласының мамандарын әлеуметтік қолдау шараларын іске асыру
      мынадай мазмұндағы 010 бюджеттік бағдарламасы бар 466 бюджеттік бағдарламалардың әкімшісімен толықтырылсын:
      "466 Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі
      010 Ауыл шаруашылығы объектілерін дамыту";
      02 "Су шаруашылығы" кіші функциясында:
      354 "Республикалық маңызы бар қаланың, астананың табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы" бюджеттік бағдарламалардың әкімшісі бойынша:
      мынадай мазмұндағы 009 бюджеттік бағдарламамен толықтырылсын:
      "009 Коммуналдық меншіктегі су шаруашылығы құрылыстарының жұмыс істеуін қамтамасыз ету";
      375 "Республикалық маңызы бар қаланың, астананың ауыл шаруашылығы атқарушы органы" бюджеттік бағдарламалардың әкімшісінің атауы мемлекеттік тілде мынадай редакцияда жазылсын:
      "375 Республикалық маңызы бар қаланың, астананың ауыл шаруашылығы басқармасы";
      мынадай мазмұндағы 012 бюджеттік бағдарламасы және 011 мен 015 кіші бағдарламалары бар 466 бюджеттік бағдарламалардың әкімшісімен толықтырылсын:
      "466 Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі
      012 Сумен жабдықтау жүйесін дамыту
      011 Республикалық бюджеттен берілетін трансферттер есебінен
      015 Жергілікті бюджет қаражаты есебінен";
      05 "Қоршаған ортаны қорғау" кіші функциясында:
      354 "Республикалық маңызы бар қаланың, астананың табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы" бюджеттік бағдарламалардың әкімшісі бойынша:
      001 "Табиғи ресурстар және қоршаған ортаны қорғау басқармасының қызметін қамтамасыз ету" бюджеттік бағдарламасы мемлекеттік тілде мынадай редакцияда жазылсын:
      "001 Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының қызметін қамтамасыз ету";
      09 "Ауыл, су, орман, балық шаруашылығы және қоршаған ортаны қорғау мен жер қатынастары саласындағы өзге де қызметтер" кіші функциясында:
      255 "Облыстың ауыл шаруашылығы басқармасы" бюджеттік бағдарламалар әкімшісі бойынша:
      мынадай мазмұндағы 019 бюджеттік бағдарламасымен толықтырылсын:
      "019 Инновациялық тәжірибені тарату және енгізу жөніндегі іс-шараларды өткізу";
      375 "Республикалық маңызы бар қаланың, астананың ауыл шаруашылығы атқарушы органы" бюджеттік бағдарламалардың әкімшісінің атауы мемлекеттік тілде келесі редакцияда жазылсын:
      "375 Республикалық маңызы бар қаланың, астананың ауыл шаруашылығы басқармасы";
      11 "Өнеркәсіп, сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі" функционалдық тобында:
      01 "Өнеркәсіп" кіші функциясында:
      мынадай мазмұндағы 012 бюджеттік бағдарламасы бар 265 бюджеттік бағдарламалардың әкімшісімен толықтырылсын:
      "265 Облыстың кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы
      012 "Оңтүстік" арнайы экономикалық аймағының инфрақұрылымын дамыту
      271 "Облыстың құрылыс басқармасы" бюджеттік бағдарламалардың әкімшісі 035 "Оңтүстік" арнайы экономикалық аймағының инфрақұрылымын дамыту" бюджеттік бағдарламасымен бірге алынып тасталсын;
      02 "Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі" кіші функциясында:
      мынадай мазмұндағы 001 бюджеттік бағдарламасы және 003, 007, 008 және 009 кіші бағдарламалары бар 466 бюджеттік бағдарламалардың әкімшісімен толықтырылсын:
      "466 Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі
      001 Қала құрылысы, сәулет және құрылыс бөлімінің қызметін қамтамасыз ету
      003 Жергілікті органдардың аппараттары
      007 Мемлекеттік қызметшілердің біліктілігін арттыру
      008 Мемлекеттік органдардың ғимараттарын, үй-жайлары және құрылыстарын күрделі жөндеу
      009 Мемлекеттік органдарды материалдық-техникалық жарақтандыру";
      мынадай мазмұндағы 002, 013, 100, 106, 107, 108, 109 және 115 бюджеттік бағдарламалармен толықтырылсын:
      "002 Ақпараттық жүйелер құру
      013 Аудан аумағында қала құрылысын дамытудың кешенді схемаларын, аудандық (облыстық) маңызы бар қалалардың, кенттердің және өзге де ауылдық елді мекендердің бас жоспарларын әзірлеу
      100 Қазақстан Республикасы Үкіметінің төтенше резервінің есебінен іс-шаралар өткізу
      106 Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды жою үшін жергілікті атқарушы органның төтенше резервінің есебінен іс-шаралар өткізу
      107 Жергілікті атқарушы органның шұғыл шығындарға арналған резервінің есебінен іс-шаралар өткізу
      108 Жергілікті бюджеттік инвестициялық жобалардың және концессиялық жобалардың техникалық-экономикалық негіздемелерін әзірлеу және оларға сараптама жасау
      109 Қазақстан Республикасы Үкіметінің шұғыл шығындарға арналған резервінің есебінен іс-шаралар өткізу
      115 Жергілікті атқарушы органы резервінің қаражаты есебінен соттардың шешімдері бойынша жергілікті атқарушы органдардың міндеттемелерін орындау";
      12 "Көлік және коммуникация" функционалдық тобында:
      01 "Автомобиль көлігі" кіші функциясында:
      268 "Облыстың жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы" бюджеттік бағдарламалардың әкімшісі бойынша:
      003 "Автомобиль жолдарының жұмыс істеуін қамтамасыз ету" бюджеттік бағдарламасында:
      011 "Бағдарламаны республикалық бюджеттен берілетін трансферттер есебінен іске асыру" бюджеттік кіші бағдарламасы мынадай редакцияда жазылсын:
      мемлекеттік тілде "011 Республикалық бюджеттен берілетін трансферттер есебінен", орыс тіліндегі мәтіні өзгертілмейді;
      015 "Бағдарламаны жергілікті бюджет қаражаты есебінен іске асыру" бюджеттік кіші бағдарламасы келесі редакциясында жазылсын:
      мемлекеттік тілде "015 Жергілікті бюджет қаражаты есебінен", орыс тіліндегі мәтіні өзгертілмейді;
      008 "Облыстың жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы" бюджеттік бағдарламасының әкімшісі бойынша 008 "Аудандық (облыстық маңызы бар қалалар) бюджеттеріне аудандық маңызы бар автомобиль жолдарын (қала көшелерін) күрделі және орташа жөндеуден өткізуге берілетін ағымдағы нысаналы трансферттер" бюджеттік бағдарламасы мемлекеттік тілде мынадай редакцияда жазылсын:
      "008 Аудандық (облыстық маңызы бар қалалар) бюджеттеріне аудандық маңызы бар автомобиль жолдарын (қала көшелерін) күрделі және орташа жөндеуден өткізуге берілетін ағымдағы нысаналы трансферттер";
      368 "Республикалық маңызы бар қаланың, астананың жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы" бюджеттік бағдарламалардың әкімшісі бойынша:
      002 "Көлік инфрақұрылымын дамыту" бюджеттік бағдарламасында:
      011 "Бағдарламаны республикалық бюджеттен берілетін трансферттер есебінен іске асыру" бюджеттік кіші бағдарламасы мынадай редакцияда жазылсын:
      "011 Республикалық бюджеттен берілетін трансферттер есебінен";
      015 "Бағдарламаны жергілікті бюджет қаражаты есебінен іске асыру" бюджеттік кіші бағдарламасы мынадай редакцияда жазылсын:
      "015 Жергілікті бюджет қаражаты есебінен";
      02 "Байланыс жүйелері" кіші функциясында:
      603 "Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс агенттігі" бюджеттік бағдарламалардың әкімшісі бойынша:
      мемлекеттік тіліндегі 007 "Ауылдағы байланыс операторларының әмбебап байланыс қызметтерін ұсыну жөніндегі залалдарына өтемақы" бюджеттік бағдарламасы алынып тасталсын;
      13 "Басқалар" функционалдық тобында:
      03 "Кәсіпкерлік қызметті қолдау және бәсекелестікті қорғау" кіші функциясында:
      мынадай мазмұндағы 006 бюджеттік бағдарламасы бар 454 бюджеттік бағдарламалардың әкімшісімен толықтырылсын:
      "454 Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі
      006 Кәсіпкерлік қызметті қолдау";
      09 "Басқалар" кіші функциясында:
      217 "Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі" бюджеттік бағдарламалардың әкімшісі бойынша:
      мынадай мазмұндағы 005 бюджеттік бағдарламасымен толықтырылсын:
      "005 Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына қаражаттарды аударуды ұйымдастыру";
      372 "Астана - жаңа қала" арнайы экономикалық аймағын әкімшілендіру басқармасы" бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің атауына орыс тіліндегі мәтінінде өзгерістер енгізіледі, қазақ тіліндегі мәтіні өзгертілмейді;
      372 "Астана - жаңа қала" арнайы экономикалық аймағын әкімшілендіру басқармасы" бюджеттік бағдарламалардың әкімшісі бойынша:
      001 "Сәулет және кала құрылысы басқармасының қызметін қамтамасыз ету" бюджеттік бағдарламалардың атауына орыс тіліндегі мәтінінде өзгерістер енгізіледі, қазақ тіліндегі мәтіні өзгертілмейді;
      мынадай мазмұндағы 001 бюджеттік бағдарламасы және 003, 007, 008 және 009 кіші бағдарламалары бар 454 бюджеттік бағдарламалардың әкімшісімен толықтырылсын:
      "454 Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі
      001 Кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің қызметін қамтамасыз ету
      003 Жергілікті органдардың аппараттары
      007 Мемлекеттік қызметшілердің біліктілігін арттыру
      008 Мемлекеттік органдардың ғимараттарын, үй-жайлары және құрылыстарын күрделі жөндеу
      009 Мемлекеттік органдарды материалдық-техникалық жарақтандыру";
      мынадай мазмұндағы 002, 100, 106, 107, 108, 109 және 115 бюджеттік бағдарламалармен толықтырылсын:
      "002 Ақпараттық жүйелер құру
      100 Қазақстан Республикасы Үкіметінің төтенше резервінің есебінен іс-шаралар өткізу
      106 Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды жою үшін жергілікті атқарушы органның төтенше резервінің есебінен іс-шаралар өткізу
      107 Жергілікті атқарушы органның шұғыл шығындарға арналған резервінің есебінен іс-шаралар өткізу
      108 Жергілікті бюджеттік инвестициялық жобалардың және концессиялық жобалардың техникалық-экономикалық негіздемелерін әзірлеу және оларға сараптама жасау
      109 Қазақстан Республикасы Үкіметінің шұғыл шығындарға арналған резервінің есебінен іс-шаралар өткізу
      115 Жергілікті атқарушы органы резервінің қаражаты есебінен соттардың шешімдері бойынша жергілікті атқарушы органдардың міндеттемелерін орындау";
      мынадай мазмұндағы 008 бюджеттік бағдарламасы бар 459 бюджеттік бағдарламалардың әкімшісімен толықтырылсын:
      "459 Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) экономика және қаржы бөлімі
      008 Жергілікті бюджеттік инвестициялық жобалардың және концессиялық жобалардың техникалық-экономикалық негіздемелерін әзірлеу және оған сараптама жүргізу";
      мынадай мазмұндағы 100, 101 мен 102 бюджеттік кіші бағдарламалары бар 012 бюджеттік бағдарламамен толықтырылсын:
      "012 Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергілікті атқарушы органының резерві
      100 Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) аумағындағы табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды жоюға арналған ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергілікті атқарушы органының төтенше резерві
      101 Шұғыл шығындарға арналған ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергілікті атқарушы органының резерві
      102 Соттардың шешімдері бойынша міндеттемелерді орындауға арналған ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергілікті атқарушы органының резерві";
      мынадай мазмұндағы 014 бюджеттік бағдарламамен толықтырылсын:
      "014 Заңды тұлғалардың жарғылық капиталын қалыптастыру немесе ұлғайту";
      14 "Борышқа қызмет көрсету" функционалдық тобында:
      01 "Борышқа қызмет көрсету" кіші функциясында:
      452 "Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) қаржы бөлімі" бюджеттік бағдарламалар әкімшісі бойынша:
      005 "Жергілікті атқарушы органдардың борышына қызмет көрсету" бюджеттік бағдарламасында:
      102 "Облыстық бюджеттен қарыздар бойынша сыйақылар (мүдделер), өзге де төлемдерді төлеу" бюджеттік кіші бағдарламасы мемлекеттік тілде мынадай редакция да жазылсын:
      "102 Республикалық бюджеттен қарыздар бойынша сыйақылар (мүдделер), өзге де төлемдерді төлеу" мемлекеттік тілде, орыс тілінде мәтіні өзгерілмейді;
      мынадай мазмұндағы 013 бюджеттік бағдарламасы және 100, 101 және 102 бюджеттік кіші бағдарламалары бар 459 бюджеттік бағдарламалар әкімшісімен толықтырылсын:
      "459 Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) экономика және қаржы бөлімі
      013 Жергілікті атқарушы органдардың борышына қызмет көрсету
      100 Қарыздар бойынша сыйақылар (мүдделер), өзге де төлемдерді төлеу
      101 Қарызды орналастырғаны үшін комиссиялық төлемдер
      102 Республикалық бюджеттен қарыздар бойынша сыйақылар (мүдделер), өзге де төлемдерді төлеу
      15 "Трансферттер" функционалдық тобында:
      01 "Трансферттер" кіші функциясында:
      356 "Республикалық маңызы бар қаланың, астананың қаржы басқармасы" бюджеттік бағдарламалардың әкімшісі бойынша:
      026 "Заңнаманың өзгеруіне байланысты жоғары тұрған бюджеттен төмен тұрған бюджеттерге өтемақыға берілетін ағымдағы нысаналы трансферттер" бюджеттік бағдарламасы алынып тасталсын;
      452 "Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) қаржы бөлімі" бюджеттік бағдарламалардың әкімшісі бойынша:
      007 "Бюджеттік алулар" бюджеттік бағдарламасында:
      100 "Жоспарлы түсімдер есебінен берілетін трансферттер" бюджеттік кіші бағдарламасы алынып тасталсын;
      101 "Жоспарлы түсімдер есебінен берілетін трансферттер" бюджеттік кіші бағдарламасы алынып тасталсын;
      мынадай мазмұндағы 006, 007, 016 және 024 бюджеттік бағдарламалары бар 459 бюджеттік бағдарламалар әкімшісімен толықтырылсын:
      "459 Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) экономика және қаржы бөлімі
      006 Нысаналы пайдаланылмаған (толық пайдаланылмаған) трансферттерді қайтару
      007 Бюджеттік алулар
      016 Нысаналы мақсатқа сай пайдаланылмаған нысаналы трансферттерді қайтару
      024 Мемлекеттік органдардың функцияларын мемлекеттік басқарудың төмен тұрған деңгейлерінен жоғарғы деңгейлерге беруге байланысты жоғары тұрған бюджеттерге берілетін ағымдағы нысаналы трансферттер
      16 "Қарыздарды өтеу" функционалдық тобында:
      01 "Қарыздарды өтеу" кіші функциясында:
      мынадай мазмұндағы 009 бюджеттік бағдарлама және 024, 025 мен 026 бюджеттік кіші бағдарламалары бар 459 бюджеттік бағдарламалардың әкімшісімен толықтырылсын:
      "459 Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) экономика және қаржы бөлімі
      009 Жергілікті атқарушы органдардың борышын өтеу
      024 Жоғары тұрған бюджеттің алдында
      025 Мемлекеттік эмиссиялық бағалы қағаздар бойынша
      026 Келісім-шарттары бойынша";
      бюджеттік шығыстардың экономикалық сыныптамасында:
      1 "Ағымдағы шығындар" санатында:
      2 "Сыйақылар төлеу" сыныбының атауы мынадай редакцияда жазылсын:
      "2 Сыйақылар (мүдделер) төлеу":
      210 "Ішкі қарыздар бойынша сыйақы (мүдде) төлемдері" ішкі сыныбының атауына орыс тіліндегі мәтінінде өзгерістер енгізіледі, қазақ тілінде мәтіні өзгертілмейді;
      211 "Ішкі қарыздары бойынша сыйақыларды (мүдделерді) төлеу" ерекшелігінің атауына орыс тіліндегі мәтінінде өзгерістер енгізіледі, қазақ тілінде мәтіні өзгертілмейді;
      212 "Республикалық бюджеттен жергілікті атқарушы органдар алған қарыздар бойынша сыйақылар (мүдде) төлемдері" ерекшелігінің атауы мынадай редакцияда жазылсын:
      "212 Республикалық бюджеттен жергілікті атқарушы органдар алған қарыздар бойынша сыйақылар (мүдделер) төлемдері";
      213 "Тәуекелдерді басқару операциялар бойынша сыйақыларды төлеу" ерекшелігінің атауы мынадай редакцияда жазылсын:
      "213 Тәуекелдерді басқару операциялар бойынша сыйақыларды (мүдделерді) төлеу";
      220 "Сыртқы заемдар бойынша сыйақылар (мүдделер) төлеу" ішкі сыныбының атауына орыс тіліндегі мәтінінде өзгерістер енгізіледі, қазақ тілінде мәтіні өзгертілмейді;
      221 "Қазақстан Республикасы Үкіметінің сыртқы қарыздары бойынша сыйақы (мүдде) төлемдері" ерекшелігінің атауына орыс тіліндегі мәтінінде өзгерістер енгізіледі, қазақ тілінде мәтіні өзгертілмейді;
      311 "Мемлекеттік мекеме және қоғамдық бірлестік болып табылмайтын заңды тұлғаларға және шаруа (фермер) қожалықтарына берілетін субсидиялар" ерекшелігінің атауы мемлекеттік тілде мынадай редакцияда жазылсын:
      "311 Заңды тұлғаларға соның ішінде шаруа (фермер) қожалықтарына берілетін субсидиялар", орыс тілінде мәтіні өзгертілмейді;
      көрсетілген бұйрықтың 2-қосымшасында:
      110 "Жалақы" ішкі сыныбы бойынша:
      111 "Еңбек ақы" ерекшелігі бойынша "Шығындардың тізбесі" бағанында:
      "ақы төлеу" деген сөздерден кейін ", жыл сайынғы ақылы еңбек демалысының пайдаланылмаған күндеріне өтемақылық төлемдер" деген сөздермен толықтырылсын;
      130 "Тауарлар сатып алу" ішкі сыныбы бойынша:
      139 "Өзге де тауарлар сатып алу" ерекшелігі бойынша "Анықтама" бағаны мынадай мазмұндағы сөздермен толықтырылсын:
      "Сондай-ақ осы ерекшелік бойынша жабдықтар, көлік құралдары үшін қосалқы бөлшектер сатып алуға арналған шығындар кіреді";
      159 "Өзге де ағымдағы шығындар" ерекшелігі бойынша "Шығындардың тізбесі" бағанында:
      "қоршаған ортаға ластағаны үшін төлем" деген сөздерді "Қоршаған ортаны эмиссия үшін төленетін төлемақы" деген сөздермен ауыстырылсын;
      "еңбегі үшін ақшалай төлемдерді қоспағанда,", "оның ішінде мемлекеттік мекемелердің қызметкерлеріне көтермелеу сипатындағы" деген сөздер алынып тасталсын;
      410 "Негізгі капиталды сатып алу" ішкі сыныбы бойынша:
      411 "Негізгі құралдарға жататын тауарларды сатып алу" ерекшелігі бойынша "Анықтама" бағаны "135 ерекшелігі бойынша" деген сөздерден кейін ", сондай-ақ 139 ерекшелігі бойынша сатып алынатын бір бірлігі үшін құны 40 есе айлық есептік көрсеткіштен аспайтын негізгі құралдарды" деген сөздермен толықтырылсын.
      2. Мемлекеттік жоспарлау әдіснамасы департаменті (Б. Бабажанова) Заң департаментімен (Д. Ешімова) бірлесіп осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрық мемлекеттік тіркелген  күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

       Министр                                     Б. Сұлтанов