"Қазақстан Республикасының Бiрыңғай бюджеттік сыныптамасының кейбір мәселелері" Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрінің міндетін атқарушының 2008 жылғы 22 желтоқсандағы N 265 бұйрығына толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттік жоспарлау министрінің 2009 жылғы 23 қыркүйектегі N 203 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2009 жылғы 9 қазанда Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 5817 болып енгізілді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2010 жылғы 1 сәуірдегі N 141 бұйрығы.

      Ескерту. Күші жойылды - Павлодар облысы Успен аудандық әкімдігінің 2010.04.15 N 1-19/296 хатымен.

      Қазақстан Республикасының "Нормативтік құқықтық актілер туралы"  Заңының 28 бабына сәйкес аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Аудан әкімдігінің 2009 жылғы 27 қаңтардағы "2009 жылы аудан азаматтарының жекелеген санаттарына әлеуметтік төлем ақы туралы" нұсқаулықты бекіту туралы" N 38/1 қаулысымен бекітілген "2009 жылы аудан азаматтарының жекелеген санаттағы азаматтарына әлеуметтік төлем ақы туралы" нұсқаулығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 12-12-63 тіркелген, 2009 жылы 27 ақпанда "Сельские будни" газетінде N 8 жарияланған), аудан әкімдігінің 2009 жылғы 13 наурыздағы N 73/3, "Аудан әкімдігінің 2009 жылғы 27 қаңтардағы "2009 жылы аудан азаматтарының жекелеген санаттарына әлеуметтік төлем ақы туралы" нұсқаулықты бекіту туралы" N 38/1 қаулысына толықтырулар енгізу туралы" қаулысына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 12-12-66 тіркелген, 2009 жылы 28 наурыздағы "Сельские будни" газетінде N 12 жарияланған) (бұдан әрі - Нұсқаулық) келесі өзгерістер енгізілсін:
      нұсқаулықтың 2 тармағы 27) тармақшасының "2 АЕК мөлшерінде" деген сөздер алып тасталсын;
      нұсқаулықтың 2 тармағы 28) тармақшасында "табыстары ең аз күнкөрістік шамадан аспайтын" деген сөздері алып тасталсын.
      2. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күннен кейін 10 күн өткен соң қолданысқы енгізіледі.

      Аудан әкімі                                Н. Әутәліпов