"Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің мәтіндерін кейіннен ресми жариялауға сараптама өткізу және құқық беру жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2002 жылғы 22 қазандағы N 155 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2009 жылғы 24 қыркүйектегі N 126 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2009 жылғы 5 қазанда Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 5807 болып енгізілді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2019 жылғы 5 наурыздағы № 103 бұйрығымен.

Күшін жойған

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Әділет министрінің 05.03.2019 № 103 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      "Әділет органдары туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің мәтіндерін кейіннен ресми жариялауға сараптама өткізу және құқық беру жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2002 жылғы 22 қазандағы N 155 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2003 жылғы 5 қыркүйектегі N 182 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 2485 болып тіркелген), "Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің мәтіндерін кейіннен ресми жариялауға сараптама өткізу және құқық беру жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2002 жылғы 22 қазандағы N 155 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы" 2004 жылғы 24 мамырдағы N 144 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 2890 болып тіркелген), "Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің мәтіндерін кейіннен ресми жариялауға сараптама өткізу және құқық беру жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2002 жылғы 22 қазандағы N 155 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы" 2005 жылғы 14 желтоқсандағы N 336 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 4006 болып тіркелген, 2006 жылғы 20 қаңтардағы N 8-9 Заң газетінде жарияланған) Қазақстан Республикасы Әділет министрінің бұйрықтарымен енгізілген өзгерістер мен толықтырулармен "Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің мәтіндерін кейіннен ресми жариялауға сараптама өткізу және құқық беру жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Әділет министрінің 2002 жылғы 22 қазандағы N 155 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 2021 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      2-тармақта "Заңнама департаментiне" деген сөздер "Облыстар, Астана, Алматы қалаларының әділет департаменттеріне" деген сөздермен ауыстырылсын;

      3-тармақ алынып тасталсын;

      4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. Облыстық, республикалық маңызы бар қала және астананың аумақтық әділет органдары нұсқаулықтың 2-қосымшасына сәйкес жазуы бар мөртаңбалар дайындасын.";

      5-тармақта "Әділет вице-министріне" деген сөздер "Әділет вице-министрлеріне" деген сөздермен ауыстырылсын;

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің ресми мәтіндерін кейіннен жариялауға сараптама өткізу және құқық беру жөніндегі нұсқаулықта:

      бүкіл мәтін бойынша "Департамент", "Департаментте" деген сөздер "Әділет департаменті", "Әділет департаментінде" деген сөздермен ауыстырылсын;

      1-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) уәкілетті орган – облыстар, Астана, Алматы қалаларының Әділет департаменттері";

      3-тармақтың екінші абзацы алынып тасталсын;

      мынадай мазмұндағы 3-1-тармақпен толықтырылсын:

      "3-1. Заңнама департаментіне нормативтік құқықтық актінің ресми мәтінін беру туралы сауал келіп түскеннен кейін нормативтік құқықтық актілердің ресми мәтіндері Әділет департаменттеріне жолданады.

      Баспасөз басылымы өзінің тіркеу орнына қарай кейіннен жариялауға құқық алу үшін қажетті құжаттарды Әділет департаментіне ұсынады.";

      9-тармақта:

      "жетекшілік ететін вице-министр" деген сөздер "Әділет департаментінің бастығы" деген сөздермен ауыстырылсын;

      бірінші абзацтағы екінші сөйлем алынып тасталсын;

      екінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:

      "Кейiннен ресми жариялауға құқық берiлетiн макеттiң мәтiнiнiң бiрiншi парағының оң жақ жоғарғы бұрышында Нұсқаулықтың 2-қосымшасына сәйкес жазулармен көк түстi мөртаңба қойылады.";

      17-тармақта "директоры" деген сөз "бастығы" деген сөзбен ауыстырылсын.

      Нұсқаулықтың 2-қосымшасы осы бұйрықтың қосымшасына сәйкес жазылсын.

      2. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Жауапты хатшысына жүктелсін.

      3. Осы бұйрық ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының


Әділет министрі

Р. Түсіпбеков


  Қазақстан Республикасы
Әділет министрінің
2009 жылғы 24 қыркүйнктегі
N 126 бұйрығына қосымша
Қазақстан Республикасы
нормативтік құқықтық актілерінің
мәтіндерін кейіннен ресми
жариялауға сараптама өткізу және
құқық беру жөніндегі нұсқаулықа
2-қосымша

Ресми мәтін.

Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің

________________________________

(облыстар, Астана, Алматы қалаларының) Әділет департаменті