Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің мәтіндерін кейіннен ресми жариялауға сараптама өткізу және құқық беру жөніндегі Нұсқаулықты бекіту туралы

Қазақстан Республикасының Әділет министрінің 2002 жылғы 22 қазандағы N 155 бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2002 жылғы 23 қазанда тіркелді. Тіркеу N 2021. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2019 жылғы 5 наурыздағы № 103 бұйрығымен.

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Әділет министрінің 05.03.2019 № 103 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      Ескерту: Бұйрықтың тақырыбына және кіріспесіне өзгертулер енгізілді - ҚР Әділет министрлігінің 2005 жылғы 14 желтоқсандағы N 336 бұйрығымен.

      "Әділет органдары туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабы 2-тармағының 3) тармақшасына сәйкес, Қазақстан Республикасы нормативтiк құқықтық актiлерiнiң мәтiндерiн кейiннен ресми жариялау мәселелерi бойынша заңдарды нақтылау мақсатында Бұйырамын:

      1. Қоса берiлiп отырған:

      1) Қазақстан Республикасы нормативтiк құқықтық актiлерiнiң мәтiндерiн кейiннен ресми жариялауға сараптама өткiзу және құқық беру жөнiндегi нұсқаулық;

      2) Қазақстан Республикасы нормативтiк құқықтық актiлерiнiң мәтiндерiн кейiннен ресми жариялауға сараптама өткiзу және құқық беруге өтiнiш нысаны бекiтiлсiн.

      Ескерту: 1-тармаққа өзгертулер енгізілді - ҚР Әділет министрлігінің 2005 жылғы 14 желтоқсандағы N 336 бұйрығымен.

      2. Қазақстан Республикасы нормативтiк құқықтық актiлерiнiң мәтiндерiн кейiннен ресми жариялауға құқық алуда құжаттарды дайындау бойынша жұмысты ұйымдастыру Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнiң Облыстар, Астана, Алматы қалаларының әділет департаменттеріне жүктелсiн.

      Ескерту: 2-тармақ өзгертілді - ҚР Әділет министрінің 2003.09.05 N 182, 2004.05.24 N 144, 2005.12.14 N 336, 2009.09.24 N 126 бұйрықтарымен.

      3. <*>

      Ескерту: 3-тармақ алынып тасталды - ҚР Әділет министрінің 2009.09.24 N 126 бұйрығымен.

      4. Облыстық, республикалық маңызы бар қала және астананың аумақтық әділет органдары нұсқаулықтың 2-қосымшасына сәйкес жазуы бар мөртаңбалар дайындасын.

      Ескерту: 4-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Әділет министрінің 2009.09.24 N 126 бұйрығымен.

      5. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының жетекшілік ететін Әділет вице-министрлеріне жүктелсiн.

      Ескерту: 5-тармақ өзгертілді - ҚР Әділет министрінің 2003 жылғы 5 қыркүйектегі N 182, 2009.09.24 N 126 бұйрықтарымен.

      6. Осы бұйрық мемлекеттiк тiркелген күннен бастан күшiне енедi.

Қазақстан Республикасының
Әділет министрі



  Қазақстан Республикасы
Әділет министрiнiң
2002 жылғы 22 қазандағы
N 155 бұйрығымен
Бекітілген

Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық
актілерінің ресми мәтіндерін кейіннен жариялауға
сараптама өткізу және құқық беру жөніндегі
Нұсқаулық

      Ескерту: Нұсқаулықтың тақырыбына өзгертулер енгізілді;
      барлық мәтiн бойынша "ресми" деген сөз алып тасталынды, "кейiннен" деген сөзден кейiн "ресми" деген сөзбен толықтырылды - ҚР Әділет министрлігінің 2005.12.14 N 336, бүкіл мәтін бойынша "Департамент", "Департаментте" деген сөздер "Әділет департаменті", "Әділет департаментінде" деген сөздермен ауыстырылды - ҚР Әділет министрінің 2009.09.24 N 126 Бұйрықтарымен.

      Осы Нұсқаулықтың мақсаты Қазақстан Республикасы нормативтiк құқықтық актiлерінің мәтіндерiн кейiннен ресми жариялауға сараптама өткізу және құқық беру рәсiмiн нақтылау болып табылады.

1-тарау. Жалпы ереже

      1. Осы Нұсқаулықта мынадай ұғымдар пайдаланылады:

      1) уәкілетті орган – облыстар, Астана, Алматы қалаларының Әділет департаменттері;

      2) сараптама - оның барысында баспа басылымдары ұсынатын нормативтiк құқықтық актiлер мәтiндерiнiң эталондық бақылау банкiнде сақталатын нормативтiк құқтық актiлердiң мәтiндерiне сәйкестiгiн тексерудi уәкiлеттi орган жүзеге асыратын рәсiм;

      3) макет - кейiннен ресми жариялауға жататын нормативтiк құқықтық акт мәтiнiнiң алдын ала үлгiсi.

      Макет жарияланған нормативтiк құқықтық актiнiң нақты көшiрмесiн бiлдiредi.

      Ескерту: 1-тармақ өзгертілді - ҚР Әділет министрінің 2009.09.24 N 126 бұйрығымен.

      2. Нормативтiк құқықтық актiлердiң мәтiндерi кейiннен ресми жариялауға құқық алу үшiн қажеттi құжаттар пакетi түскенде, уәкiлеттi органмен олардың толықтығы және шынайылығы тексеріледi.

      3. Белгiленген тәртiпте ұсынылған қажеттi құжаттар пакетi сараптама өткiзуге қабылданады.

      Ескерту: 3-тармақ өзгертілді - ҚР Әділет министрінің 2003.09.05 N 182, 2004.05.24 N 144, 2009.09.24 N 126 Бұйрықтарымен.

      3-1. Заңнама департаментіне нормативтік құқықтық актінің ресми мәтінін беру туралы сауал келіп түскеннен кейін нормативтік құқықтық актілердің ресми мәтіндері Әділет департаменттеріне жолданады.

      Баспасөз басылымы өзінің тіркеу орнына қарай кейіннен жариялауға құқық алу үшін қажетті құжаттарды Әділет департаментіне ұсынады.

      Ескерту: 3-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Әділет министрінің 2009.09.24 N 126 бұйрығымен.

2-тарау. Сараптама жүргiзу тәртiбi

      4. Сараптама Әділет департаменті қызметкерлерiмен ұсынылған макеттердi эталондық бақылау банкiнде сақталатын, сондай-ақ нормативтiк құқықтық актілердiң Мемлекеттiк тiзiлiмiне енгiзiлген нормативтiк құқтық актiлердiң мәтiндерiмен салыстыру жолымен жүргiзiледi.

      Ескерту: 4-тармақ өзгертілді - ҚР Әділет министрінің 2003 жылғы 5 қыркүйектегі N 182 бұйрығымен.

      5. Салыстыру грамматикалық және орфографиялық қателердi анықтау мәнiне жүргiзiледі.

      6. Әдiлет органдарында тiркелген орталық және жергiлiктi мемлекеттік органдардың нормативтік құқықтық актілердiң мәтіндерін кейіннен жариялауға құқық алуға өтініш берген кезде макет

      нормативтік құқықтық актілердің Мемлекеттік тізіліміне енгізілген нормативтік құқықтық актілердің мәтiнiмен салыстырылады.

      7. Сараптама уәкілеттi органға барлық қажеттi құжаттарды

      ұсынған кезден бастап 30 күн iшiнде жүргiзiледi.

3-тарау. Құқық беру

      8. Оң қорытынды болған кезде баспа басылымы Қазақстан Республикасының нормативтiк құқтық актiлерiнiң мәтiндерiн кейiннен ресми жариялауға құқық алады.

      9. Қазақстан Республикасының нормативтiк құқтық актiлерiнiң мәтiндерiн кейiннен ресми жариялауға құқық беру туралы шешiм Әділет департаментінің бастығы қорытындыны бекіткеннен кейін тиісті мөртаңба (2-қосымшаға сәйкес) қою арқылы ресімделеді.

      Кейiннен ресми жариялауға құқық берiлетiн макеттiң мәтiнiнiң бiрiншi парағының оң жақ жоғарғы бұрышында Нұсқаулықтың 2-қосымшасына сәйкес жазулармен көк түстi мөртаңба қойылады.

      Ескерту: 9-тармақ өзгертілді, толықтырылды - ҚР Әділет министрінің 2003.09.05 N 182, 2009.09.24 N 126 Бұйрықтарымен.

      10. Кейiннен ресми жариялауға құқық берiлген нормативтiк құқықтық актiнiң мәтiнi жолдама хатпен тиiсiнше баспа басылымына жолданады немесе баспа басылымының заңға сәйкес уәкiлеттi адамына әдейi берiледi.

      11. Баспа басылымының құрылтай құжаттарының көшiрмелерi мен макеттiң көшiрмесi Әділет департаментінде қалады.

      Ескерту: 11-тармақ өзгертілді - ҚР Әділет министрінің 2003 жылғы 5 қыркүйектегі N 182 бұйрығымен.

4-тарау. Keйіннен ресми жариялауға құқық беруден
бас тарту

      12. Қазақстан Республикасының нормативтік құқтық актiлерiнiң мәтiндерiн кейiннен ресми жариялауға құқық беруден баспа басылымының теріс қорытындысы болғанда бас тартылады.

      13. Қазақстан Республикасының нормативтік құқтық актiлерiнiң мәтiндерiн кейiннен ресми жариялауға құқық беруден бас тарту туралы шешiм бас тарту дәлелдi себептерiмен жазбаша нысанда баяндалады, баспа басылымы құрылтайшы құжаттарының көшiрмесiмен және баспа басылымының макеттерiмен бiрге жiберiледi, макет көшірмесi Әділет департаментіне қалады. Сонымен бiрге макетке мөртаңба қойылмайды.

      Ескерту: 13-тармақ өзгертілді - ҚР Әділет министрінің 2003 жылғы 5 қыркүйектегі N 182 бұйрығымен.

5-тарау. Нормативтік құқтық актiлердiң мәтiндерiн
есепке алу

      14. Әділет департаментінде мәтiндерiне Нормативтік құқтық актiлердiң және баспа басылымдарының олардың кейіннен ресми жариялауға құқық алушы мәтіндеріне есеп жүргiзiледi.

      Ескерту: 14-тармақ өзгертілді - ҚР Әділет министрінің 2003 жылғы 5 қыркүйектегі N 182 бұйрығымен.

      15. Есеп 1-қосымшаға сәйкес нысанда жүргiзiлетін нормативтiк құқтық актілердiң мәтiндерiн кейіннен ресми жариялауға құқықтарды есепке алу кiтабына жазба енгiзу жолымен жүзеге асырылады.

      Ескерту: 15-тармақ толықтырылды - ҚР Әділет министрінің 2003 жылғы 5 қыркүйектегі N 182 бұйрығымен.

6 тарау. Қорытынды ереже

      16. Осы Нұсқаулықпен реттелмеген мәселелер Қазақстан Республикасының заңдарымен белгiленген тәртiпте шешiледi.

      17. Сараптама жүргiзiлудiң дұрыстығы мен шынайылығына Әділет департаменті бастығы немесе оны алмастыратын адам жауапкершiлiкте болады.

      Ескерту: 17-тармақ өзгертілді - ҚР Әділет министрінің 2003 жылғы 5 қыркүйектегі N 182, 2009.09.24 N 126 Бұйрықтарымен.

  Қазақстан Республикасы
Әділет министрiнiң
2002 жылғы 22 қазандағы
N 155 бұйрығымен
Бекітілген

      Қазақстан Республикасы нормативтiк құқықтық

      актiлерiнiң мәтiндерiн кейiннен ресми

      жариялауға құқық алуға

      ӨТIНIШ

      "Нормативтiк құқықтық актiлер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 30-бабы мен "Қазақстан Республикасы нормативтiк құқықтық актiлерiнiң мәтiндерiн кейiннен ресми жариялау ережесiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2002 жылғы 22 тамыздағы N 938 қаулысының негiзiнде___________________________________________

      ___________________________________________________________________

      (баспасөз басылымдарының атауы)

      Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнен Қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы нормативтiк құқықтық актiсiнiң(лерiнiң) мәтiнiн(дерiн) кейiннен ресми жариялауға құқық берудi сұрайды.

      - Өзге де мәлiметтер:_________________________________________

      ____________________________________________________________________

      (баспасөз басылымының орналасқан жерi мен өзге де деректемелерi)

      Баспасөз басылымы басшысының қолы_____________________________

      "____"____________200__ жылы

      Қазақстан Республикасы

      Әділет министрiнiң

  2002 жылғы 22 қазандағы
N 155 бұйрығымен бекітілген,
Қазақстан Республикасы
нормативтік құқықтық
актілерінің мәтіндерін кейін
ресми жариялауға сараптама
өткізу және құқық беру жөніндегі
Нұсқаулығына
1-қосымша

      Ескерту: Қосымша толықтырылды - ҚР Әділет министрінің 2003 жылғы 5 қыркүйектегі N 182 бұйрығымен.

      Нормативтік құқықтық актілердің мәтіндерін кейіннен

      ресми жариялауға құқықтарды есепке алу

      кітабы

N

Баспасөз басылымының атауы

Нормативтік құқықтық актілердің тізбесі

Құжаттарды

берген күн

Кейіннен ресми 

жариялауға құқық берілген күні

Өзге де мәліметтер







  Қазақстан Республикасы
нормативтік құқықтық актілерінің
мәтіндерін кейіннен ресми
жариялауға сараптама өткізу және
құқық беру жөніндегі нұсқаулықа
2-қосымша

      Ескерту: 2-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Әділет министрінің 2009.09.24 N 126 бұйрығымен.

Ресми мәтін.

Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің

________________________________

(облыстар, Астана, Алматы қалаларының) Әділет департаменті