Қазақстан Республикасы Әділет министрінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп тану туралы

Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2019 жылғы 5 наурыздағы № 103 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2019 жылғы 13 наурызда № 18387 болып тіркелді

      "Құқықтық актілер туралы" 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабы 2-тармағына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған тізбеге сәйкес Қазақстан Республикасы Әділет министрінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп танылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Нормативтік құқықтық актілерді тіркеу департаменті:

      1) осы бұйрықтың мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оны қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Әділет министрінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Министр М. Бекетаев

  Қазақстан Республикасы
Әділет министрінің
2019 жылғы 5 наурыздағы
№ 103 бұйрығына
қосымша

Қазақстан Республикасы Әділет министрінің күші жойылған кейбір бұйрықтарының тізбесі

      1) "Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің мәтіндерін кейіннен ресми жариялауға сараптама өткізу және құқық беру жөніндегі Нұсқаулықты бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2002 жылғы 22 қазандағы № 155 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілері мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2021 болып тіркелген);

      2) "Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің ресми мәтіндерін кейіннен жариялауға сараптама өткізу және құқық беру жөніндегі Нұсқаулықты бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2002 жылғы 22 қазандағы № 155 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2003 жылғы 5 қыркүйектегі № 182 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілері мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2485 болып тіркелген);

      3) "Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің ресми мәтіндерін кейіннен жариялауға сараптама өткізу және құқық беру жөніндегі Нұсқаулықты бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2002 жылғы 22 қазандағы № 155 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2004 жылғы 24 мамырдағы № 144 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілері мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2890 болып тіркелген);

      4) "Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің ресми мәтіндерін кейіннен жариялауға сараптама өткізу және құқық беру жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2002 жылғы 22 қазандағы № 155 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің міндетін атқарушының 2005 жылғы 14 желтоқсандағы № 336 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілері мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4006 болып тіркелген, "Заң газеті" газетінде 2006 жылғы 20 қаңтарда жарияланған);

      5) "Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің мәтіндерін кейіннен ресми жариялауға сараптама өткізу және құқық беру жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2002 жылғы 22 қазандағы № 155 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2009 жылғы 24 қыркүйектегі № 126 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілері мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5807 болып тіркелген, "Заң газеті" газетінде 2009 жылғы 30 қазанда жарияланған).