Ескерту. Күші жойылды – ҚР Әділет министрінің 05.03.2019 № 103 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Бұйырамын:
1. "Қазақстан Республикасы нормативтiк құқықтық актiлерiнiң ресми мәтiндерiн кейiннен жариялауға сараптама өткiзу және құқық беру жөнiндегi Нұсқаулықты бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Әдiлет Министрiнiң 2002 жылғы 10 қазандағы N 155 бұйрығына мынадай өзгерiстер енгізiлсiн (Қазақстан Республикасы нормативтiк құқықтық актiлерiнің мемлекеттiк тiзiлiмiнде N 2021 болып тiркелген):
2, 3 тармақтарда:
"Заң жобалау қызметiн үйлестiру, заңнаманы жүйелеу департаментiне", "Заң жобалау қызметiн үйлестiру, заңнаманы жүйелеу департаментiне" деген сөздер "Заңнама департаментiне", "Заңнама департаментiне" деген сөздермен ауыстырылсын;
Көрсетiлген бұйрықпен бекiтiлген Қазақстан Республикасы нормативтiк құқықтық актiлерiнiң ресми мәтiндерiн кейiннен жариялауға сараптама өткiзу және құқық беру жөнiндегi Нұсқаулыққа:
3-тармақтың екiншi абзацында: "Заң жобалау қызметiн үйлестiру, заңнаманы жүйелеу департаментiне" деген сөздер "Заңнама департаментiне" деген сөздермен ауыстырылсын.
2. Осы бұйрық мемлекеттiк тiркелген күнінен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының | |
Әдiлет министрi |