РҚАО-ның ескертпесі!
Күшін жою көзделген - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 24.12.2014 № 247 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
"Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ақша төлемі мен аударымы, қаржы ұйымдарының бухгалтерлік есебі мен қаржылық есептілігі, банк қызметі және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қызметі туралы Қазақстан Республикасының заңнамасын жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2009 жылғы 11 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңының қабылдануына байланысты Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды инкассациялау жөніндегі операцияларды жүзеге асыратын ұйымдардың қызметін реттейтін нормативтік құқықтық актілерін жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің филиалдарында заңды және жеке тұлғалармен кассалық операциялар жүргізу ережесін бекіту туралы" 2003 жылғы 26 желтоқсандағы N 467 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 2685 тіркелген, 2004 жылғы 7 ақпанда "Егемен Қазақстан" газетінде N 29 (23667) жарияланған; Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 3596 тіркелген, 2005 жылғы 13 мамырда "Егемен Қазақстан" газетінде N 103–104 (24062) жарияланған "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің филиалдарында заңды және жеке тұлғалармен кассалық операциялар жүргізу ережесін бекіту туралы" 2003 жылғы 26 желтоқсандағы N 467 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2005 жылғы 5 сәуірдегі N 42 қаулысымен енгізілген өзгерістерімен және толықтыруларымен қоса) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің филиалдарында заңды және жеке тұлғалармен кассалық операциялар жүргізу ережесінде:
2-тарау мынадай редакцияда жазылсын:
"2-тарау. Осы Ережеде пайдаланылатын негізгі ұғымдар
3. Осы Ережеде Ұлттық Банктің нормативтік құқықтық актілерінде көзделген мынадай ұғымдар, сондай-ақ мынадай ұғымдар пайдаланылады:
1) айналым кассасы – Ұлттық Банк филиалының кіріс, шығыс,кіріс-шығыс кассалары, қайта санау кассасы, ұсақтау (айырбастау) кассасы және кешкі касса кіретін кассасы;
2) артық шығу – банкноттардың немесе монеталардың орауында көрсетілген қолма-қол ақша сомасының және осы ораудағы нақты банкноттар мен монеталар сомасының арасындағы асып кеткен айырма;
3) касса модулі – интеграцияланған автоматтандырылған жүйенің шағын жүйесінің бір бөлігі болып табылатын эмиссиялық-кассалық операциялардың модулі;
4) кем шығу – банкноттардың немесе монеталардың орауында көрсетілген қолма-қол ақша сомасының және осы ораудағы нақты банкноттар мен монеталар сомасының арасындағы кем шыққан айырма;
5) күмәнді банкноттар және монеталар – төлем қабілетін және түпнұсқалылығын анықтау үшін сараптама жүргізу қажет болатын бүлінуі бар банкноттар мен монеталар;
6) қолма-қол ақшамен жұмыс жүргізу бөлімшесі – Ұлттық Банк орталық аппаратының Қазақстан Республикасында қолма-қол ақша айналысын және эмиссиялық-кассалық операцияларды ұйымдастыру жөніндегі қызметті жүзеге асыратын бөлімшесі;
7) филиалдың бухгалтериясы – Ұлттық Банк филиалының бухгалтерлік есеп бөлімшесі.";
8-тармақтың екінші бөлігі "сақтаған" деген сөзден кейін ", айналыстан алынатын" деген сөздермен толықтырылсын;
11-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"11. Кіріс кассасының Ұлттық Банктің филиалында банк шоты (шоттары) бар заңды тұлғалардан қолма-қол ақшаны қабылдауы Ұлттық Банктің филиалы және көрсетілген заңды тұлғалар арасында жасалған кассалық қызмет көрсету шарттары негізінде жүзеге асырылады.
Кіріс кассасының Ұлттық Банктің филиалында банк шоты (шоттары) жоқ заңды және жеке тұлғалардан қолма-қол ақшаны қабылдауы кассалық қызмет көрсету шартын жасамастан банкноттарды парақтап және монеталарды бір-бірлеп санай отырып жүзеге асырылады.";
12-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"Екінші деңгейдегі банктер, ұлттық почта операторы, банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды қайта санау, сұрыптау, орау, сақтау, сондай-ақ оларды банктерге және банктердің тапсырмасы бойынша олардың клиенттеріне беру жөніндегі қызметті қоса атқаратын банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды инкассациялау жөніндегі операцияларды жүзеге асыратын ұйымдар (бұдан әрі – банктер) болып табылатын клиенттерден кіріс кассасы қабылдайтын банкноттар салынған толық бумаларда және монеталар салынған толық қапшықтарда банктердің филиалдарының және айырбастау пункттерінің касса қызметкерлері жасаған банкноттар салынған бумалар және монеталар салынған қапшықтар болуы мүмкін.";
14-тармақта "30 (отыз)" деген цифр және сөз "45 (қырық бес)" деген цифрмен және сөздермен ауыстырылсын;
20-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"20. Кіріс кассасының касса қызметкері қолма-қол ақшаны қабылдауына қарай деректерді касса модулінің құжатына енгізеді.";
21-тармақта:
бірінші бөлікте "қолма-қол ақшаны кіріске алу ведомосында" деген сөздер "касса модулінің құжатында" деген сөздермен ауыстырылсын;
екінші бөліктің бірінші сөйлемінде:
", қолма-қол ақшаны кіріске алу жөніндегі ведомостар" деген сөздер алынып тасталсын;
"қолма-қол ақшаны қабылдау ведомосының бір данасымен бірге" деген сөздер алынып тасталсын;
32-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"Банктерге қолма-қол ақша беру чектер және қолма-қол ақша алуға арналған жиынтық ведомость негізінде жүзеге асырылады.";
33-тармақ "қарсаңында" деген сөзден кейін "немесе алатын күні" деген сөздермен толықтырылсын;
34-тармақ бірінші бөліктен кейін мынадай бөлікпен толықтырылсын:
"Филиал бухгалтериясының жауапты орындаушысы банктерге қолма-қол ақша беру кезінде чекті және жиынтық ведомосты қабылдай отырып, чектің дұрыс толтырылғанын, банк алушыларының қолдарының қол қою үлгілеріне сәйкестігін, банктің банк шотындағы қажетті ақша қалдығының болуын, чекте көрсетілген тұлға туралы мәліметтердің төлқұжат (жеке куәлік) деректеріне сәйкес келуін тексереді, чекке қол қояды, кассаға ұсыну үшін чектің бақылау маркасын банкке береді және чек пен жиынтық ведомосты филиал бухгалтериясының бақылаушысына өткізеді.";
35-тармақтың бірінші бөлігі "чекті алып" деген сөздерден кейін ", оның дұрыс толтырылғанын, клиент заңды тұлғаның қолдары мен мөрінің қол қою үлгілерімен және мөр бедерімен сәйкестігін тексереді (банк үшін – чектің сомасын қолма-қол ақша алуға арналған жиынтық ведомоспен салыстырып тексереді)," деген сөздермен толықтырылсын;
37-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"37. Кіріс кассасының касса қызметкері қолма-қол ақшаны беруге қарай деректерді касса модулінің құжатына енгізеді.";
45-тармақ "ұсынған чек" деген сөздер "қолма-қол ақша алу үшін ұсынылған өтінім және чек" деген сөздермен ауыстырылсын;
49-тармақтың бірінші абзацы "касса қызметкері" деген сөздерден кейін ", инкассатор" деген сөзбен толықтырылсын;
51-тармақта "тозған банкноттар мен" деген сөздер "тозған, айналыстан алынған банкноттарды немесе монеталарды және" деген сөздермен ауыстырылсын;
52-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"Тозған, айналыстан алынған банкноттарды немесе монеталарды және ақаулы (бүлінген) монеталарды жарамды банкноттарға немесе монеталарға айырбастау айырбастау үшін қабылданған банкноттар немесе монеталар сомасына жүзеге асырылады.";
мынадай мазмұндағы 53-1 және 53-2-тармақтармен толықтырылсын:
"53-1. Инвестициялық және коллекциялық монеталарды беру (сату) бойынша операцияларды жүзеге асыру кезінде касса қызметкері сатылған инвестициялық және коллекциялық монеталар сомасына кассаның модулінде жасалған бақылау чегін (осы Ереженің 8-1-қосымшасы) береді.
53-2. Клиенттерден шетел валютасын қабылдауды және беруді Ұлттық Банктің филиалы осы Ереженің 19 – 21, 36 – 43-тармақтарында көзделген тәртіппен, деректемелері Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 5526 тіркелген "Банктер және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар қолданатын компьютер жүйелерінің бақылау чегінің нысанын және мазмұнын белгілеу туралы" 2008 жылғы 31 желтоқсандағы N 117 қаулысында белгіленген талаптарға сәйкес келуі тиіс кассалық ордерлер негізінде жүргізеді.";
58-тармақта:
1) тармақшада "немесе оның банктік және бірегейлендіру коды" деген сөздер алынып тасталсын;
8) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"8) айналыстан алынған банкноттардың жапсырмасында "ескі үлгідегі, шығарылған жылы ______" мөртабан қойылады.";
61-тармақтың 1) тармақшасында "немесе оның банктік бірегейлендіру коды" деген сөздер алынып тасталсын;
62-тармақтың 2) тармақшасында:
екінші абзацтан кейін мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
"2 теңге – 4000 (төрт мың) дана;";
сегізінші абзацта "мерейтойлық" деген сөз "коллекциялық" деген сөзбен ауыстырылсын;
72-тармақтың екінші бөлігі "бөлімшесіне" деген сөзден кейін "және ішкі аудит бөлімшесіне" деген сөздермен толықтырылсын;
1-қосымшада:
"
Банктік бірегейлендіру нөмірі |
"
бағаны алынып тасталсын;
2-қосымшада:
"
Монеталар (теңге) |
"
бағаны "1 теңге" деген жолдан кейін "2 теңге" деген жолмен толықтырылсын;
4 және 8-қосымшалар алынып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 8-1-қосымшамен толықтырылсын:
"Қазақстан Республикасы
Ұлттық Банкінің филиалдарында
заңды және жеке тұлғалармен
кассалық операциялар жүргізу
ережесіне 8-1-қосымша
Бақылау чегі
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Банкі
______________________________________________________________
(бөлімшенің атауы)
БСН (ЖСН) ____________________________________________________
Банктік ақпарат жүйесінің тіркеу нөмірі ______________________ ______________________________________________________________
Чектің нөмірі ________________________________________________
Операцияның күні және уақыты _________________________________
Операцияның атауы ____________________________________________
Жүргізілген операцияның сомасы _______________________________
Операцияның жалпы сомасы _____________________________________
______________________________________________________________
(сомасы жазумен)
Касса қызметкері _____________________ Аты-жөні
(қолы)";
11-қосымша мынадай редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасы
Ұлттық Банкінің филиалдарында
заңды және жеке тұлғалармен
кассалық операциялар жүргізу
ережесіне 11-қосымша
______________________________
(Ұлттық Банк филиалының атауы)
20___ жылғы "___"_____________ N______
(Банкноттарды, монеталарды, құндылықтарды (қажеттісі
көрсетілсін) қабылдау туралы түбіртек
Сомасы
Кімнен |
Баланстан тыс шот |
Жалпы |
||
N |
||||
Алушының банкі |
Операция түрі |
|||
Төлем мақсаты |
||||
Теңге тиын |
Касса жоспарының символы |
Төлем мақсаты ________________________________________________
Негіздеме ____________________________________________________
Бақылаушы _____________________ Аты-жөні
(қолы)
Бухгалтер _____________________ Аты-жөні
(қолы)
Касса қызметкері _____________________ Аты-жөні
(қолы)
Мөрдің орны".
2. Күші жойылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2012.08.24 № 258 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күннен кейін жиырма бір күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.
4. Қолма-қол ақшамен жұмыс департаменті (Шегенов Ғ.Б.):
1) Заң департаментімен (Сизова С.И.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізу шараларын қабылдасын;
2) осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап он күндік мерзімде оны Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің орталық аппаратының мүдделі бөлімшелеріне және аумақтық филиалдарына, Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігіне, "Қазақстан қаржыгерлерінің қауымдастығы" заңды тұлғалар бірлестігіне және банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды инкассациялау жөніндегі операцияларды жүзеге асыратын ұйымдарға жіберсін.
5. Ұйымдастыру жұмысы, сыртқы және қоғамдық байланыстар департаменті (Терентьев А.Л.) Қолма-қол ақшамен жұмыс департаментінен жариялауға өтінім алған күннен бастап үш күндік мерзімде осы қаулыны Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдарында жариялауға шаралар қабылдасын.
6. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары Б.А. Әлжановқа жүктелсін.
Ұлттық Банк
Төрағасы Г. Марченко