Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының "Екiншi деңгейдегi банктер үшiн пруденциалдық нормативтер есеп айырысуларының нормативтiк мәнi мен әдiстемесi туралы нұсқаулықты бекiту туралы" 2005 жылғы 30 қыркүйектегі N 358 қаулысына толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2009 жылғы 5 тамыздағы N 171 Қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2009 жылғы 11 қыркүйек Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 5785 болып енгізілді

Қолданыстағы

      Қолданушылардың назарына!!!
      Қаулының қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз.

      Нормативтік құқықтық актілерді жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің (бұдан әрі – Агенттік) Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Агенттік Басқармасының "Екiншi деңгейдегi банктер үшiн пруденциалдық нормативтер есеп айырысуларының нормативтiк мәнi мен әдiстемесi туралы нұсқаулықты бекiту туралы" 2005 жылғы 30 қыркүйектегі N 358 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 3924 тіркелген) Агенттік Басқармасының "Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының "Екінші деңгейдегі банктер үшін пруденциалдық нормативтер есеп айырысуларының нормативтік мәні мен әдістемесі туралы нұсқаулықты бекіту туралы" 2005 жылғы 30 қыркүйектегі N 358 қаулысына толықтырулар енгізу туралы" 2005 жылғы 26 қарашадағы N 409 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 3989 тіркелген), "Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының "Екінші деңгейдегі банктер үшін пруденциалдық нормативтер есеп айырысуларының нормативтік мәні мен әдістемесі туралы нұсқаулықты бекіту туралы" 2005 жылғы 30 қыркүйектегі N 358 қаулысына толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы" 2006 жылғы 27 мамырдағы N 120 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 4249 тіркелген), "Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының "Екінші деңгейдегі банктер үшін пруденциалдық нормативтер есеп айырысуларының нормативтік мәні мен әдістемесі туралы нұсқаулықты бекіту туралы" 2005 жылғы 30 қыркүйектегі N 358 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" 2006 жылғы 17 маусымдағы N 135(Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 4311 тіркелген), "Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының "Екінші деңгейдегі банктер үшін пруденциалдық нормативтер есеп айырысуларының нормативтік мәні мен әдістемесі туралы нұсқаулықты бекіту туралы" 2005 жылғы 30 қыркүйектегі N 358 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2007 жылғы 23 ақпандағы N 47 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 4579 тіркелген), "Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының "Екінші деңгейдегі банктер үшін пруденциалдық нормативтер есеп айырысуларының нормативтік мәні мен әдістемесі туралы нұсқаулықты бекіту туралы" 2005 жылғы 30 қыркүйектегі N 358 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2007 жылғы 28 мамырдағы N 149 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 4785 тіркелген, 2007 жылғы 15 тамыздағы "Заң газеті" газетінің N 124 (1153) санында жарияланған), "Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының "Екінші деңгейдегі банктер үшін пруденциалдық нормативтер есеп айырысуларының нормативтік мәні мен әдістемесі туралы нұсқаулықты бекіту туралы" 2005 жылғы 30 қыркүйектегі N 358 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" 2007 жылғы 27 тамыздағы N 224 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 4955 тіркелген), "Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының "Екінші деңгейдегі банктер үшін пруденциалдық нормативтер есеп айырысуларының нормативтік мәні мен әдістемесі туралы нұсқаулықты бекіту туралы" 2005 жылғы 30 қыркүйектегі N 358 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2007 жылғы 24 қазандағы N 242 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 5004 тіркелген), "Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының "Екiншi деңгейдегi банктер үшiн пруденциалдық нормативтер есеп айырысуларының нормативтiк мәнi мен әдiстемесi туралы нұсқаулықты бекiту туралы" 2005 жылғы 30 қыркүйектегі N 358 қаулысына толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы" 2008 жылғы 26 ақпандағы N 20 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 5183 тіркелген), "Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының "Екiншi деңгейдегi банктер үшiн пруденциалдық нормативтер есеп айырысуларының нормативтiк мәнi мен әдiстемесi туралы нұсқаулықты бекiту туралы" 2005 жылғы 30 қыркүйектегі N 358 қаулысына толықтырулар мен өзгеріс енгізу туралы" 2008 жылғы 28 сәуірдегі N 58 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 5238 тіркелген), "Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының "Екiншi деңгейдегi банктер үшiн пруденциалдық нормативтер есеп айырысуларының нормативтiк мәнi мен әдiстемесi туралы нұсқаулықты бекiту туралы" 2005 жылғы 30 қыркүйектегі N 358 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2008 жылғы 2 қазандағы N 146 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 5368 тіркелген), "Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының "Екiншi деңгейдегi банктер үшiн пруденциалдық нормативтер есеп айырысуларының нормативтiк мәнi мен әдiстемесi туралы нұсқаулықты бекiту туралы" 2005 жылғы 30 қыркүйектегі N 358 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2008 жылғы 29 желтоқсандағы N 233 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 5520 тіркелген), "Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының "Екiншi деңгейдегi банктер үшiн пруденциалдық нормативтер есеп айырысуларының нормативтiк мәнi мен әдiстемесi туралы нұсқаулықты бекiту туралы" 2005 жылғы 30 қыркүйектегі N 358 қаулысына толықтырулар енгізу туралы" 2009 жылғы 28 қаңтардағы N 18 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 5564 тіркелген), "Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының "Екiншi деңгейдегi банктер үшiн пруденциалдық нормативтер есеп айырысуларының нормативтiк мәнi мен әдiстемесi туралы нұсқаулықты бекiту туралы" 2005 жылғы 30 қыркүйектегі N 358 қаулысына толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы" 2009 жылғы 27 ақпандағы N 31 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 5617 тіркелген) қаулыларымен енгізілген толықтырулармен және өзгерістермен бірге мынадай толықтырулар мен өзгерістер енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген Екінші деңгейдегі банктер үшін пруденциалдық нормативтер есеп айырысуларының нормативтік мәні мен әдістемесі туралы нұсқаулықта:
      21-тармақтың бірінші бөлігінің 1) тармақшасы "мәртебесi бар бағалы қағаздары" деген сөздерден кейін ", "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры" акционерлік қоғамы шығарған бағалы қағаздар" деген сөздермен толықтырылсын;
      40-тармақта:
      екінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
      "Ағымдағы өтімділік коэффициентін есептеу кезінде талап етуге дейінгі міндеттемелердің мөлшеріне барлық талап етуге дейінгі міндеттемелер, оның ішінде есеп айырысуды жүзеге асыру мерзімі белгіленбеген міндеттемелер, банктің еншілес ұйымдарының, банкпен аффилиирленген заңды тұлғаларының сыртқы заемдарды тарту кезінде, сондай-ақ банктің секьюритилендіру бойынша мәмілелері аясында берілген кредитордың осы заемдар бойынша борышкер міндеттемелерін мерзімінен бұрын өтеуді талап ету құқығымен банктің қамтамасыз етілмеген кепілдіктері мен кепілдемелері, оның ішінде:
      өтеуге дейінгі қалған мерзімі үш жылдан кем емес, 50% тең конверсия коэффициентіне және банктің меншікті капиталының жеткіліктілік коэффициентінің ең төменгі мәніне (k2) көбейтілгендер;
      k4 нормативінің есебіне енгізілетін заемдарды тарту кезінде берілген банктің кепілдіктері мен кепілдемелерін қоспағанда, өтеуге дейінгі қалған мерзімі үш жыл және одан астам, 100% тең конверсия коэффициентіне және банктің меншікті капиталының жеткіліктілік коэффициентінің ең төменгі мәніне (k2) көбейтілгендер, сондай-ақ банктерден алынған "овернайт" зайымдары мен банкпен бір түнге тартылған салымдар және кредитордың міндеттемелерді мерзімінен бұрын өтеуді талап ету құқығымен мерзімді шартсыз міндеттемелер, оның ішінде жеке және заңды тұлғалардың мерзімді және шартты депозиттерін, тазартылған құнды металдарды қоспағанда банктердің мерзімді және шартты депозиттері кіргізіледі.";
      алтыншы бөлікте "(k4) ағымдағы өтімділік коэффициентін" деген сөздер "(k4, k4-1, k4-2, k4-3) өтімділік коэфициенттерін" деген сөздермен ауыстырылсын;
      53-1-тармақта:
      төртінші бөлікте:
      үшінші абзацтағы "." деген тыныс белгісі ";" тыныс белгісімен ауыстырылсын;
      мынадай мазмұндағы төртінші, бесінші абзацтармен толықтырылсын:
      "банктің кастодиан шарты негізінде қабылдаған қаражатының инвестицияланбаған қалдықтары.";
      Қазақстан Республикасының резиденті емес – бас банктің алдындағы реттелген борыштық міндеттемелер.";
      53-2-тармақта:
      бірінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
      "53-2. k8 коэффициенті банктің Қазақстан Республикасының резидент еместері алдындағы жиынтық міндеттемелерінің сомасы, k8 номативінің есебіне енгізілетін заемдарды тарту кезінде берілген банктің кепілдіктері мен кепілдімелерінен бөлек, банктің еншілес ұйымдарының, банкпен аффилиирленген заңды тұлғаларының сыртқы заемдарды тарту кезінде, сондай-ақ банктің секьюритилендіру бойынша мәмілелері аясында берілген, кредитордың осы заемдар бойынша борышкер міндеттемелерін мерзімінен бұрын өтеуді талап ету құқығымен банктің қамтамасыз етілмеген кепілдіктері мен кепілдемелері банктің меншікті капиталға қатынасы ретінде есептеледі және осы Нұсқаулықтың 53-5-тармағында көрсетілген барынша жоғары нормативтік мәннен аспауы тиіс.";
      екінші бөлік:
      мынадай мазмұндағы алтыншы абзацпен толықтырылсын:
      "банктің кастодиан шарты негізінде сақтауға қабылдаған қаражатының инвестицияланбаған қалдықтары;";
      алтыншы абзацтағы ";" деген тыныс белгісі "." тыныс белгісімен ауыстырылсын;
      жетінші абзац алынып тасталсын;
      53-3-тармақта:
      бірінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
      "53-3. k9 коэффициенті банктің Қазақстан Республикасының резидент еместері алдындағы жиынтық міндеттемелерінің сомасы, k9 номативінің есебіне енгізілетін заемдарды тарту кезінде берілген банктің кепілдіктері мен кепілдемелерінен бөлек, банктің еншілес ұйымдарының, банкпен аффилиирленген заңды тұлғаларының сыртқы заемдарды тарту кезінде, сондай-ақ банктің секьюритилендіру бойынша мәмілелері аясында берілген, кредитордың осы заемдар бойынша борышкер міндеттемелерін мерзімінен бұрын өтеуді талап ету құқығымен банктің қамтамасыз етілмеген кепілдіктері мен кепілдемелері және олардың Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес теңгемен шығарылған борыштық бағалы қағаздарын қоспағанда, айналысқа шығарған борыштық бағалы қағаздары банктің меншікті капиталға қатынасы ретінде есептеледі және осы Нұсқаулықтың 53-5-тармағында көрсетілген барынша жоғары нормативтік мәннен аспауы тиіс.";
      екінші бөлік:
      мынадай мазмұндағы бесінші абзацпен толықтырылсын:
      "банктің кастодиан шарты негізінде сақтауға қабылдаған қаражатының инвестицияланбаған қалдықтары;";
      бесінші абзацтағы ";" деген тыныс белгісі "." тыныс белгісімен ауыстырылсын;
      алтыншы абзац алынып тасталсын.
      2. 2009 жылғы 1 қазаннан бастап қолданысқа енгізілетін осы қаулының 1-тармағының бесіншіден бастап сегізіншіге дейінгі, он жетінші, он сегізінші, жиырма екінші, жиырма үшінші, жиырма бесінші, жиырма алтыншы, отызыншы, отыз бірінші абзацтарын қоспағанда, осы қаулы Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап он төрт күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      3. Стратегия және талдау департаменті (Н.А. Әбдірахманов):
      1) Заң департаментімен (Н.В. Сәрсенова) бірлесіп, осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізу шараларын қолға алсын;
      2) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап он күндік мерзімде осы қаулыны Агенттіктің мүдделі бөлімшелеріне, "Қазақстан қаржыгерлерінің қауымдастығы" заңды тұлғалар бірлестігіне мәлімет үшін жіберсін.
      4. Агенттіктің Төрайым қызметі (А.Ә. Кенже) осы қаулыны Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау шараларын қолға алсын.
      5. Осы қаулының орындалуын бақылау Агенттік Төрайымының орынбасары Қ.Б. Қожахметовке жүктелсін.

      Төрайым                                         Е. Бахмутова