Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының "Екiншi деңгейдегi банктер үшiн пруденциалдық нормативтер есеп айырысуларының нормативтiк мәнi мен әдiстемесi туралы нұсқаулықты бекiту туралы" 2005 жыл

Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2009 жылғы 28 қаңтардағы N 18 Қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2009 жылғы 23 ақпанда Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 5564 болып енгізілді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2016 жылғы 30 мамырдағы № 147 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 30.05.2016 № 147 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      Нормативтік құқықтық актілерді жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің (бұдан әрі – Агенттік) Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Агенттік Басқармасының "Екiншi деңгейдегi банктер үшiн пруденциалдық нормативтер есеп айырысуларының нормативтiк мәнi мен әдiстемесi туралы нұсқаулықты бекiту туралы" 2005 жылғы 30 қыркүйектегі N 358 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 3924 тіркелген) Агенттік Басқармасының "Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының "Екінші деңгейдегі банктер үшін пруденциалдық нормативтер есеп айырысуларының нормативтік мәні мен әдістемесі туралы нұсқаулықты бекіту туралы" 2005 жылғы 30 қыркүйектегі N 358 қаулысына толықтырулар енгізу туралы" 2005 жылғы 26 қарашадағы N 409 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 3989 тіркелген), "Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының "Екінші деңгейдегі банктер үшін пруденциалдық нормативтер есеп айырысуларының нормативтік мәні мен әдістемесі туралы нұсқаулықты бекіту туралы" 2005 жылғы 30 қыркүйектегі N 358 қаулысына толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы" 2006 жылғы 27 мамырдағы N 120 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 4249 тіркелген), "Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының "Екінші деңгейдегі банктер үшін пруденциалдық нормативтер есеп айырысуларының нормативтік мәні мен әдістемесі туралы нұсқаулықты бекіту туралы" 2005 жылғы 30 қыркүйектегі N 358 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" 2006 жылғы 17 маусымдағы N 135 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 4311 тіркелген), "Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының "Екінші деңгейдегі банктер үшін пруденциалдық нормативтер есеп айырысуларының нормативтік мәні мен әдістемесі туралы нұсқаулықты бекіту туралы" 2005 жылғы 30 қыркүйектегі N 358 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2007 жылғы 23 ақпандағы N 47 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 4579 тіркелген), "Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының "Екінші деңгейдегі банктер үшін пруденциалдық нормативтер есеп айырысуларының нормативтік мәні мен әдістемесі туралы нұсқаулықты бекіту туралы" 2005 жылғы 30 қыркүйектегі N 358 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2007 жылғы 28 мамырдағы N 149 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 4785 тіркелген, 2007 жылғы 15 тамыздағы "Заң газеті" газетінің N 124 (1327) санында жарияланған), "Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының "Екінші деңгейдегі банктер үшін пруденциалдық нормативтер есеп айырысуларының нормативтік мәні мен әдістемесі туралы нұсқаулықты бекіту туралы" 2005 жылғы 30 қыркүйектегі N 358 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" 2007 жылғы 27 тамыздағы N 224 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 4955 тіркелген), "Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының "Екінші деңгейдегі банктер үшін пруденциалдық нормативтер есеп айырысуларының нормативтік мәні мен әдістемесі туралы нұсқаулықты бекіту туралы" 2005 жылғы 30 қыркүйектегі N 358 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2007 жылғы 24 қазандағы N 242 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 5004 тіркелген), "Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының "Екiншi деңгейдегi банктер үшiн пруденциалдық нормативтер есеп айырысуларының нормативтiк мәнi мен әдiстемесi туралы нұсқаулықты бекiту туралы" 2005 жылғы 30 қыркүйектегі N 358 қаулысына толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы" 2008 жылғы 26 ақпандағы N 20 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 5183 тіркелген), "Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының "Екiншi деңгейдегi банктер үшiн пруденциалдық нормативтер есеп айырысуларының нормативтiк мәнi мен әдiстемесi туралы нұсқаулықты бекiту туралы" 2005 жылғы 30 қыркүйектегі N 358 қаулысына толықтырулар мен өзгеріс енгізу туралы" 2008 жылғы 28 сәуірдегі N 58 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 5238 тіркелген), "Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының "Екiншi деңгейдегi банктер үшiн пруденциалдық нормативтер есеп айырысуларының нормативтiк мәнi мен әдiстемесi туралы нұсқаулықты бекiту туралы" 2005 жылғы 30 қыркүйектегі N 358 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2008 жылғы 2 қазандағы N 146 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 5368 тіркелген), "ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының "Екiншi деңгейдегi банктер үшiн пруденциалдық нормативтер есеп айырысуларының нормативтiк мәнi мен әдiстемесi туралы нұсқаулықты бекiту туралы" 2005 жылғы 30 қыркүйектегі N 358 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2008 жылғы 29 желтоқсандағы N 233 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 5520 тіркелген) қаулыларымен енгізілген толықтырулармен және өзгерістермен бірге мынадай толықтырулар енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген Екінші деңгейдегі банктер үшін пруденциалдық нормативтер есеп айырысуларының нормативтік мәні мен әдістемесі туралы нұсқаулықта :
      мынадай мазмұндағы 15-1-тармақпен толықтырылсын:
      "15-1. Акцияларын "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы" 1995 жылғы 31 тамыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 17-2-бабында көзделген тәртіппен Қазақстан Республикасының Үкіметі не ұлттық басқарушы холдинг сатып алған банк үшін банктің меншікті капитал жеткіліктілігі коэффициентінің мәні:
      k 1 – 0,05-тен кем болмайды;
      k 2 – 0,10-нан кем болмайды.";
      18-тармақтың бірінші абзацы, 26, 27-тармақтар, 28, 31-тармақтардың бірінші абзацтары "болып табылатын банк үшін" деген сөздерден кейін "не осы Нұсқаулықтың 15-1-тармағында көрсетілген банк үшін" деген сөздермен толықтырылсын.
      2. Осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап он төрт күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2009 жылғы 1 қаңтардан бастап туындаған қатынастарға таралады.
      3. Банктерді қадағалау департаменті (М.С.Бөбеев):
      1) Заң департаментімен (Н.В. Сәрсенова) бірлесіп, осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізу шараларын қолға алсын;
      2) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап он күндік мерзімде осы қаулыны Агенттіктің мүдделі бөлімшелеріне, "Қазақстан қаржыгерлерінің қауымдастығы" заңды тұлғалар бірлестігіне мәлімет үшін жіберсін.
      4. Агенттіктің Төрайым қызметі (А.Ә. Кенже) осы қаулыны Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау шараларын қолға алсын.
      5. Осы қаулының орындалуын бақылау Агенттік Төрайымының орынбасары Қ.Б. Қожахметовке жүктелсін.

      Төрайым                                           Е. Бахмутова