Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының "Екiншi деңгейдегi банктер үшiн пруденциалдық нормативтер есеп айырысуларының нормативтiк мәнi мен әдiстемесi туралы нұсқаулықты бекiту туралы" 2005 жыл

Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2006 жылғы 27 мамырдағы N 120 Қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2006 жылғы 15 маусымда тіркелді. Тіркеу N 4249. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2016 жылғы 30 мамырдағы № 147 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 30.05.2016 № 147 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      Екінші деңгейдегі банктердің қызметін реттейтін нормативтік құқықтық актілерді жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі (бұдан әрі - Агенттік) Басқармасы  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының "Екiншi деңгейдегi банктер үшiн пруденциалдық нормативтер есеп айырысуларының нормативтiк мәнi мен әдiстемесi туралы нұсқаулықты бекiту туралы" 2005 жылғы 30 қыркүйектегі N 358  қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 3924 тіркелген), Агенттік Басқармасының 2005 жылғы 26 қарашадағы N 409  қаулысымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 3989 тіркелген) енгізілген толықтырулармен бірге) мынадай толықтырулар мен өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Екiншi деңгейдегi банктер үшiн пруденциалдық нормативтер есеп айырысуларының нормативтiк мәнi мен әдiстемесi туралы нұсқаулықта:
      мынадай мазмұндағы 33-1-тармақпен толықтырылсын:
      "33-1. Акциялардың мемлекеттік пакеті (қатысу үлестері) "Самұрық" мемлекеттік активтерді басқару жөніндегі қазақстандық холдинг" акционерлік қоғамының немесе "Қазына" орнықты даму қоры" акционерлік қоғамының меншігінде болып отырған заңды тұлғалар осы Нұсқаулықтың 32-тармағының талаптарына сәйкес заемшылар тобы болып танылмайды.";

      39-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "39. Өтімділік мынадай коэффициенттермен және лимиттермен сипатталады:
      банктің ағымдағы өтімділік коэффициентімен (к4);
      банктің қысқа мерзімді өтімділік коэффициентімен (к5);
      ағымдағы валюталық өтімділік лимитімен;
      қысқа мерзімді валюталық өтімділік лимитімен;
      орта мерзімді валюталық өтімділік лимитімен.
      Банктің ағымдағы өтімділік коэффициенті мен қысқа мерзімді өтімділік коэффициентінің ең аз мәнін уәкілетті орган белгілейді.";

      41-тармақта:
      3) тармақшада "банктiң қайта сатып алу немесе кепiлге беру шарты бойынша сатқандарынан басқа" деген сөздер алынып тасталсын;

      4) және 5) тармақшаларда "А" деген әріп "ВВВ-" деген әріптермен ауыстырылсын;

      6) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      "6) Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының "Екінші деңгейдегі банктер брокерлік және/немесе дилерлік қызметті жүзеге асырған кезде мемлекеттік бағалы қағаздарымен мәмілелер жасай алатын елдердің ең төменгі талап етілетін рейтингін белгілеу туралы" 2006 жылғы 25 ақпандағы N 46 қаулысымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 4159 тіркелген) белгіленген деңгейден төмен емес шетел валютасында тәуелсiз ұзақ мерзiмдi рейтингiсі бар елдердiң мемлекеттiк бағалы қағаздары;";

      мынадай мазмұндағы 7) және 8) тармақшалармен толықтырылсын:
      "7) тізбесі Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының "Облигациялармен екінші деңгейдегі банктер мәмілелерді жүзеге асыра алатын халықаралық қаржы ұйымдарының тізбесін белгілеу туралы" 2004 жылғы 9 ақпандағы N 25 қаулысымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 2740 тіркелген) белгіленген халықаралық қаржы ұйымдарының облигациялары;

      8) Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының "Облигациялармен екінші деңгейдегі банктер мәмілелерді жүзеге асыра алатын халықаралық қаржы ұйымдарының тізбесін белгілеу туралы" 2004 жылғы 9 ақпандағы N 25 қаулысымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 2740 тіркелген) белгіленген рейтинг агенттіктері бірінің талап етілетін ең төмен рейтингісі бар шетел эмитенттерінің облигациялары.
      Осы тармақта көрсетілген бағалы қағаздар, банк оларды кері сатып алу шарттарымен сатқан немесе кепiлге берген немесе Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзгеше ауыртпалылық түскен бағалы қағаздарды қоспағанда, өтімділігі жоғары активтердің есебіне қосылады.";

      42, 43-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
      "42. Банктің ағымдағы және қысқа мерзімді өтімділік коэффициенттерін есептеген кезде талап ету бойынша міндеттемелер мөлшеріне талап ету бойынша барлық міндеттемелер, соның ішінде есеп айырысуларды жүзеге асыру мерзімі белгіленбеген міндеттемелер қосылады.
      Банктің ағымдағы, қысқа мерзімді және орта мерзімді валюталық өтімділік лимиттерін есептеген кезде талап ету бойынша міндеттемелер мөлшеріне талап ету бойынша барлық міндеттемелер, соның ішінде есеп айырысуларды жүзеге асыру мерзімі белгіленбеген міндеттемелер, сондай-ақ жеке және заңды тұлғалардың (банктерден басқа) мерзімді және шартты депозиттерін қоспағанда, кредитордың міндеттемелерді мерзімінен бұрын өтеуді талап етудің шартсыз құқығымен мерзімді міндеттемелер қосылады.

      43. Банктердiң қысқа мерзiмдi өтiмдiлiк коэффициентi өтімділігі жоғары активтерді қоса алғанда, үш айға дейін қалған өтеу мерзімі бар активтердің орташа айлық мөлшерінің талап ету бойынша мiндеттемелердi қоса алғанда, үш айға дейін қалған өтеу мерзімі бар міндеттемелердің орташа айлық мөлшеріне ара қатынасы ретінде есептеледі.
      Қазақстан Республикасының Үкiметi және Ұлттық Банк шығарған Қазақстан Республикасының мемлекеттiк бағалы қағаздары, сондай-ақ өтiмдiлігі жоғары активтер есебiне қосылмайтын осы Нұсқаулықтың 41-тармағының 6)-8) тармақшаларында көрсетілген бағалы қағаздар, егер көрсетілген бағалы қағаздар қамтамасыз ету болып табылған мiндеттемелер мiндеттемелердiң орташа айлық мөлшерiнiң есебiне қосылған жағдайда, активтердiң орташа айлық мөлшерiнiң есебiне қосылады.";

      Мынадай мазмұндағы 44-1, 44-2, 44-3, 44-4-тармақтармен толықтырылсын:
      "44-1. Ағымдағы валюталық өтімділік лимиті 0,9-дан кем емес мөлшерде белгіленеді және шетел валютасындағы өтімділігі жоғары активтердің орташа айлық мөлшерінің сол шетел валютасындағы талап ету бойынша міндеттемелердің орташа айлық мөлшеріне ара қатынасы ретінде есептеледі.
      Шетел валютасындағы өтімділігі жоғары активтердің есебіне тазартылған қымбат металдарды қоспағанда, осы Нұсқаулықтың 41-тармағында көрсетілген активтер қосылады.

      44-2. Қысқа мерзімді валюталық өтімділік лимиті 0,8-ден кем емес мөлшерде белгіленеді және үш айға дейін қалған өтеу мерзімі бар шетел валютасындағы активтердің орташа айлық мөлшерінің үш айға дейін қалған өтеу мерзімі бар сол шетел валютасындағы міндеттемелердің орташа айлық мөлшеріне ара қатынасы ретінде есептеледі.

      44-3. Орта мерзімді валюталық өтімділік 0,6-дан кем емес мөлшерде белгіленеді және бір жылға дейін қалған өтеу мерзімі бар шетел валютасындағы активтердің орташа айлық мөлшерінің бір жылға дейін қалған өтеу мерзімі бар сол шетел валютасындағы міндеттемелердің орташа айлық мөлшеріне ара қатынасы ретінде есептеледі.
      Қысқа мерзімді және орта мерзімді валюталық өтімділік лимиттерін есептеген кезде активтердің мөлшеріне осы Нұсқаулықтың 44-тармағында көрсетілген активтерді қоспағанда, өтеуге дейін тиісті мерзімі бар барлық активтер қосылады.
      Осы Нұсқаулықтың 43-тармағында көрсетілген, шетел валютасында өтімділігі жоғары активтер есебіне қосылмайтын бағалы қағаздар, егер көрсетілген бағалы қағаздар қамтамасыз ету болып табылған шетел валютасындағы мiндеттемелер шетел валютасындағы мiндеттемелердiң орташа айлық мөлшерiнiң есебiне қосылған жағдайда, шетел валютасындағы активтердiң орташа айлық мөлшерiнiң есебiне қосылады.
      Әрбір уақыт аралығындағы активтер мен міндеттемелер сомасының есебіне өткен уақыт аралығының активтер мен міндеттемелер сомасы қосылады.
      Ағымдағы, қысқа мерзімді және орта мерзімді өтімділік коэффициенттері әрбір шетел валютасы бойынша айдың бірінші күнгі жағдай бойынша есептеледі, әрі оның өткен есепті айдағы міндеттемелерінің орта мерзімді мөлшері банктің өткен есепті айдағы міндеттемелерінің орта мерзімді мөлшерінің 1% кем емес құрайды.
      Банктер 2006 жылғы 1 қазаннан бастап ағымдағы, қысқа мерзімді және орта мерзімді валюталық өтімділік лимиттерін сақтауы тиіс.

      44-4. Қазақстан Республикасының резидент еместері алдындағы қысқа мерзімді міндеттемелердің ең жоғары лимиті 1 мөлшерінде белгіленеді және Қазақстан Республикасының резидент еместері алдындағы міндеттемелер сомасының банктің меншікті капиталына ара қатынасы ретінде есептеледі.
      Осы коэффициентті есептеу мақсатында Қазақстан Республикасының резидент еместері алдындағы міндеттемелер сомасына:
      Қазақстан Республикасының резидент еместері алдындағы талап ету бойынша міндеттемелер, соның ішінде есеп айырысуларды жүзеге асыру мерзімі белгіленбеген міндеттемелер;
      бастапқы өтеу мерзімі бір жылға дейінгі Қазақстан Республикасының резидент еместері алдындағы мерзімді міндеттемелер;
      жеке және заңды тұлғалардың (банктерден басқа) мерзімді және шартты депозиттерін қоспағанда, кредитордың міндеттемелерді мерзімінен бұрын өтеуді талап етудің шартсыз құқығымен Қазақстан Республикасының резидент еместері алдындағы мерзімді міндеттемелер, соның ішінде банктердің мерзімді және шартты депозиттері қосылады.
      Банктер 2006 жылғы 1 шілдеден бастап Қазақстан Республикасының резидент еместері алдындағы қысқа мерзімді міндеттемелердің ең жоғары лимитін сақтауы тиіс.
      Егер 2006 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша Қазақстан Республикасының резидент еместері алдындағы қысқа мерзімді міндеттемелердің ең жоғары лимитінің нақты мәні белгіленген лимиттен асып кеткен жағдайда, осы банктерге қатысты мынадай тәртіп айқындалады:
      1) 2006 жылдың 1 қазанына көлемі уәкілетті орган 2006 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша әрбір жеке алынған банкке қатысты есептеген нақты мәнінен аспайтын мәнге келтірілуі тиіс;
      2) 2006 жылғы 1 қазаннан бастап 2007 жылғы 1 шілдесіне дейінгі кезеңде көлемі уәкілетті орган 2006 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша әрбір жеке алынған банкке қатысты есептеген нақты мәнінен аспауы тиіс;
      3) 2007 жылдың 1 шілдесіне көлемі нормативтік мәнге келтірілуі тиіс.
      Банктер осы тармақта белгіленген лимиттер асып кету тәртібін сақтаған жағдайда, 2007 жылғы 1 шілдеге дейін пруденциалдық нормативті бұзғаны ретінде танылмайды.".

      48-тармақта:
      1) тармақшада "15" деген цифр "12,5" деген цифрмен ауыстырылсын;
      3) тармақшада "30" деген цифр "25" деген цифрмен ауыстырылсын;

      1-қосымшада:
      Салымдардың кредиттiк тәуекел дәрежесi бойынша сараланған банк активтерiнiң кестесiнде:
      42-жолдан кейін мынадай мазмұндағы 42-1-жолмен толықтырылсын:

"

42-1

Мына шартқа сәйкес келетін ипотекалық тұрғын үй заемдары: берілген ипотекалық тұрғын үй заемы сомасының кепіл құнына ара қатынасы кепіл құнының 50%-нен аспайды

25

                                                             ";

      43 және 44-жолдар мынадай редакцияда жазылсын:
"

43

Мына шартқа сәйкес келетін ипотекалық тұрғын үй заемдары: берілген ипотекалық тұрғын үй заемы сомасының кепіл құнына ара қатынасы кепіл құнының 60%-нен аспайды

50

44

Мына шартқа сәйкес келетін ипотекалық тұрғын үй заемдары - берілген ипотекалық тұрғын үй заемы сомасының кепіл құнына ара қатынасы кепіл құнының 70%-нен аспайды

Мына шарттардың біреуіне сәйкес келетін ипотекалық тұрғын үй заемдары:

берілген ипотекалық тұрғын үй заемы сомасының кепіл құнына ара қатынасы кепіл құнының 85%-нен аспайды және олар бойынша кредиттік тәуекелді кредитор болып табылатын банкпен айырықша қатынастармен байланысты емес сақтандыру ұйымы ипотекалық тұрғын үй заемы сомасының 70 проценттен астам қамтамасыз ету құнына ара қатынасынан асып түсу мөлшерінде сақтандырған;

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 28 маусымдағы N 715 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының тұрғын үй құрылысын дамытудың 2005-2007 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру шеңберінде салынған тұрғын үйді сатып алуға берілген ипотекалық тұрғын үй заемы сомасының кепіл құнына ара қатынасы кепіл құнының 90% аспайды және олар бойынша кредиттік тәуекеліне "Қазақстанның ипотекалық кредиттерге кепілдік беру қоры" акционерлік қоғамы ипотекалық тұрғын үй заемы сомасының 70 проценттен астам қамтамасыз ету құнына ара қатынасынан асып түсу мөлшерінде не ипотекалық тұрғын үй заемы сомасының 85 проценттен астам қамтамасыз ету құнына ара қатынасынан асып түсу мөлшерінде кепілдік берген және олар бойынша кредиттік тәуекелді кредитор болып табылатын банкпен айырықша қатынастармен байланысты емес сақтандыру ұйымы ипотекалық тұрғын үй заемы сомасының 70 проценттен астам қамтамасыз ету құнына ара қатынасынан асып түсу мөлшерінде сақтандырған;

75

                                                             ";

      80-жолдан кейін мынадай мазмұндағы 80-1-жолмен толықтырылсын:
"

80-1

Басқа ипотекалық тұрғын үй заемдары

125

                                                             ";

      Банктiң салымдық тәуекел дәрежесi бойынша сараланған активтерiнiң есебiне түсiндiрмесінің 5-тармағы 3) тармақшасының бірінші - төртінші абзацтары алынып тасталсын.

      2. Осы қаулы 2006 жылғы 1 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілетін осы қаулының 1-тармағының қырық тоғызыншы және елуінші абзацтарын қоспағанда, Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап он төрт күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      3. Стратегия және талдау департаменті (Еденбаев Е.С.):
      1) Заң департаментімен (Байсынов М.Б.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізу шараларын қолға алсын;
      2) осы қаулы Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап он күндік мерзімде оны Агенттіктің мүдделі бөлімшелеріне, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне, екінші деңгейдегі банктерге және "Қазақстан қаржыгерлерінің қауымдастығы" заңды тұлғалар бірлестігіне жіберсін.

      4. Халықаралық қатынастар және жұртшылықпен байланыс бөлімі (Пернебаев Т.Ш.) осы қаулыны Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау шараларын қолға алсын.

      5. Осы қаулының орындалуын бақылау Агенттік Төрағасының орынбасары Е.Л.Бахмутоваға жүктелсін.

       Төраға