Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының "Екінші деңгейдегі банктердің пруденциалдық нормативтер есеп айырысуларының нормативтік мәні мен әдістемесі туралы нұсқаулықты бекіту туралы" 2005 жылғы

Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2007 жылғы 27 тамыздағы N 224 Қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет Министрлігінде 2007 жылғы 1 қазанда Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 4955 болып енгізілді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2016 жылғы 30 мамырдағы № 147 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Үкіметінің 28.12.2016 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) № 887 қаулысымен.

      "Қазақстан Республикасы Президентiнiң кейбiр жарлықтарына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2006 жылғы 6 маусымдағы N 131 Жарлығын iске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне мынадай өзгерiстер енгiзiлсiн:

      1) "Қазақстан Республикасының мемлекеттiк органдарына көлiк қызметiн көрсету үшiн қызметтiк жеңiл автомобильдердi пайдалануды ретке келтiру туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 27 мамырдағы N 663 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1999 ж., N 23-24, 228-құжат):

      көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Қазақстан Республикасының мемлекеттiк органдарына көлiк қызметiн көрсету үшiн қызметтiк жеңiл автомобильдердiң тиiстiк нормативiнде:

      реттiк нөмiрi 2-жолдың 3-бағанындағы "Қауiпсiздiк Кеңесiнiң хатшысы" деген сөздер "Президенттiң көмекшiсi - Қауiпсiздiк Кеңесiнiң хатшысы" деген сөздермен ауыстырылсын;

      2) (Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2008.02.06. N 108 (2008 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгiзiледi.

Қазақстан Республикасының


Премьер-Министрі