Қолданушылардың назарына!!!
Бұйрықтың қолданысқа енгізілу тәртібін
5-тармақтан
қараңыз.
"Қаржы рыногы мен қаржылық ұйымдарды мемлекеттік реттеу және қадағалау туралы" Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 4 шілдедегі Заңының
12-бабының
14-2-тармағына және
13-бабының
4-2-тармағына сәйкес, сондай-ақ жинақтаушы зейнетақы қорларының және зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымдардың қызметін реттейтін нормативтік құқықтық актілерді жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі (бұдан әрі – Агенттік) Басқармасы
ҚАУЛЫ ЕТЕДІ
:
1. Қоса беріліп отырған Жинақтаушы зейнетақы қорлары және зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымдар үшін тәуекелдерді басқару жүйелерінің болуына қойылатын талаптар жөніндегі
нұсқаулық
(бұдан әрі – Нұсқаулық) бекітілсін.
2. Агенттік Басқармасының "Зейнетақы активтерін инвестициялық басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыру ережесін бекіту туралы" 2006 жылғы 27 қазандағы N 225
қаулысына
(Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 4486 тіркелген) Агенттік Басқармасының "Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының "Зейнетақы активтерін инвестициялық басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыру ережесін бекіту туралы" 2006 жылғы 27 қазандағы N 225 қаулысына толықтырулар енгізу туралы" 2007 жылғы 28 мамырдағы
N 153
(Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 4773 тіркелген), "Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының "Зейнетақы активтерін инвестициялық басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыру ережесін бекіту туралы" 2006 жылғы 27 қазандағы N 225 қаулысына өзгеріс енгізу туралы" 2008 жылғы 26 мамырдағы
N 80
(Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 5252 тіркелген, N 9 Қазақстан Республикасының Орталық атқарушы және өзге де орталық мемлекеттік органдарының актілер жинағында 2008 жылғы 15 қыркүйекте жарияланған), "Зейнетақы активтерін инвестициялық басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыру ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2006 жылғы 27 қазандағы N 225 қаулысына толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы" 2008 жылғы 22 тамыздағы
N 116
(Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 5328 тіркелген), "Зейнетақы активтерін инвестициялық басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыру ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2006 жылғы 27 қазандағы N 225 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2009 жылғы 26 қаңтардағы
N 17
(Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 5571 тіркелген), "Зейнетақы активтерін инвестициялық басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыру ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2006 жылғы 27 қазандағы N 225 қаулысына толықтырулар енгізу туралы" 2009 жылғы 27 ақпандағы
N 27
(Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 5619 тіркелген) қаулыларымен енгізілген толықтыруларымен және өзгерістерімен бірге мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Зейнетақы активтерін инвестициялық басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыру
ережесінде
:
5-тарау
алынып тасталсын.
3. Агенттік Басқармасының "Жинақтаушы зейнетақы қорлары үшін тәуекелдерді басқару жүйелерінің болуына қойылатын талаптарды белгілеу туралы" 2007 жылғы 30 сәуірдегі N 133
қаулысының
(Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 4734 тіркелген, "Заң газеті" газетінің 2007 жылғы 13 шілдедегі N 106 (1309) санында жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
4. Жинақтаушы зейнетақы қорлары және зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымдар 2009 жылғы 1 қазанға дейін зейнетақы жарналарын тарту және зейнетақы төлемдерін жүзеге асыру жөніндегі қызметтің және зейнетақы активтерін инвестициялық басқару жөніндегі қызметтің, олардың органдары, құрылымдық бөлімшелері (филиалдары, өкілдіктері), қызметкерлері қызметінің талаптары мен тәртібін реттейтін ішкі құжаттарды, сондай-ақ пайдаланылатын программалық-техникалық қамтамасыз етуді осы қаулымен бекітілген Нұсқаулықтың талаптарына сәйкес келтірсін.
5. 2010 жылғы 01 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін, жинақтаушы зейнетақы қорларының және зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымдардың зейнетақы активтерінің немесе меншікті активтерінің есебінен қалыптастырылған инвестициялық портфель бойынша шығындардың жол берілетін барынша жоғары мөлшеріне қатысты талаптарды белгілейтін 9-тармақтың 3) тармақшасын, 19-тармақтың 7) және 11) тармақшаларын, 28-тармақтың 7) тармақшасын, 33-тармақтың 3) тармақшасын, 37-тармақтың 2) тармақшасын, 39-тармақтың 2) тармақшасының алтыншы абзацын, 41-тармақтың 1) тармақшасының төртінші абзацын, 42–45-тармақтарды, 55-тармақтың 8) тармақшасын, 78-тармақтың 2) тармақшасының екінші абзацын, 79-тармақтың 2) тармақшасын, 80-тармақтың 2) тармақшасының екінші абзацын, 80-тармақтың 3) тармақшасының екінші абзацын, 82-тармақтың 1) тармақшасының екінші абзацын қоспағанда, осы қаулы Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап он төрт күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
6. Бағалы қағаздар нарығының субъектілерін және жинақтаушы зейнетақы қорларын қадағалау департаменті (М.Ж. Хаджиева):
1) Заң департаментімен (Н.В. Сәрсенова) бірлесіп, осы қаулыны Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізу шараларын қолға алсын;
2) осы қаулы Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап он күндік мерзімде оны Агенттіктің мүдделі бөлімшелеріне, "Қазақстан қаржыгерлерінің қауымдастығы" заңды тұлғалар бірлестігіне мәлімет үшін жеткізсін.
7. Агенттіктің Төрайым Қызметі (А.Ә. Кенже) осы қаулыны Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау шараларын қолға алсын.
8. Осы қаулының орындалуын бақылау Агенттік Төрайымының орынбасары А.Ө. Алдамбергенге жүктелсін.
Төрағаның м.а. Қ. Қожахметов
Қазақстан Республикасы Қаржы
нарығын және қаржы ұйымдарын
реттеу мен қадағалау агенттігі
Басқармасының
2009 жылғы
7 шілдедегі N 135 қаулысымен
бекітілген
Жинақтаушы зейнетақы қорлары және зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымдар үшін тәуекелдерді басқару жүйелерінің болуына қойылатын талаптар жөніндегі нұсқаулық
Осы Нұсқаулық Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы" (бұдан әрі – Зейнетақымен қамсыздандыру туралы Заң ) 1997 жылғы 20 маусымдағы, "Бағалы қағаздар рыногы туралы" (бұдан әрі – Бағалы қағаздар рыногы туралы Заң ) 2003 жылғы 2 шілдедегі және " Қаржы рыногы мен қаржылық ұйымдарды мемлекеттік реттеу және қадағалау туралы " 2003 жылғы 4 шілдедегі Заңдарына сәйкес әзірленді және қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалауды жүзеге асыратын мемлекеттік органның (бұдан әрі – уәкілетті орган) зейнетақы жарналарын тарту және зейнетақы төлемдерін жүзеге асыру жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензиясы және (немесе) зейнетақы активтерін инвестициялық басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензиясы бар ұйымдар сақтауы міндетті тәуекелдерді басқару мен ішкі бақылау жүйелерінің болуына қойылатын талаптарды белгілейді.
1. Жинақтаушы зейнетақы қорларында (бұдан әрі – Қорлар) және (немесе) зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымдарда (бұдан әрі – Ұйымдар) тәуекелдерді басқару мен ішкі бақылау жүйелерін қалыптастыруға қойылатын талаптарды белгілеу осы Нұсқаулықтың мақсаты болып табылады.
2. Қордың (Ұйымның) Директорлар кеңесі және басқармасы тәуекелдерді басқару мен ішкі бақылау жүйелерінің осы Нұсқаулықтың талаптарына сәйкес келуін қамтамасыз етеді және Қордың (Ұйымның) қызметкерлеріне тәуекелдерді басқару және ішкі бақылауды жүзеге асыру саласында өз міндеттерін орындау үшін жағдай жасайды.
3. Осы Нұсқаулықта мынадай ұғымдар пайдаланылады:
1) ашық валюталық позиция – Қордың (Ұйымның) жекелеген шет мемлекет (шет мемлекеттер топтары) валютасына қойылатын талаптардың (міндеттемелерді) жинақтаушы зейнетақы қорының сол шетел валютасына қойылатын міндеттемелеріне (талаптарына) қарағанда асуы;
2) баға тәуекелі – қаржы құралдарының нарықтық құнына әсер ететін, қаржы нарықтарындағы жағдайлар өзгерген жағдайда туындайтын қаржы құралдары құнының өзгеруі салдарынан болатын шығыстардың (шығындардың) пайда болу тәуекелі;
3) бедел тәуекелі – жағымсыз қоғамдық пікір немесе Қорға (Ұйымға) деген сенімнің төмендеуі салдарынан шығыстардың (шығындардың) туындау тәуекелі;
4) бэк-тестинг – Қор (Ұйым) бойынша тарихи деректерді пайдалану арқылы және есептелген нәтижелерді көрсетілген операцияларды жасаудың ағымдағы (нақты) нәтижелерімен салыстыра отырып тәуекелдерді өлшеу рәсімдерінің тиімділігін тексеру әдістері;
5) валюталық нетто-позиция – Қордың (Ұйымның) барлық шетел валюталары бойынша ұзақ позицияларының жиынтық сомасының және барлық шетел валюталары бойынша қысқа позицияларының жиынтық сомасының арасындағы айырмашылық;
6) валюталық тәуекел – Қор (Ұйым) қызметін жүзеге асырған кезде шетел валюталары бағамдарының өзгеруімен байланысты шығыстардың (шығындардың) пайда болу тәуекелі. Шығыстардың (шығындардың) қауіптілігі құндылық түріндегі валюталар бойынша позицияларды асыра бағалаудан туындайды;
7) гэп – Қордың (Ұйымның) сыйақы ставкаларының өзгеруіне ұшыраған немесе белгiлi бір мерзім iшiнде өтелуі тиіс активтері мен мiндеттемелерiнiң көлемін салыстыру негiзiнде пайыздық тәуекелді және өтiмдiлiктi жоғалту тәуекелін өлшеу әдiстерi;
8) елдің (трансферт) тәуекелі – шет мемлекеттің немесе шет мемлекет резидентiнiң міндеттемелер бойынша төлем қабiлетсiздiгi немесе жауап беру ниетiнiң болмауы салдарынан шығыстардың (шығындардың) туындау тәуекелі;
9) ішкі аудит қызметі – Қазақстан Республикасының акционерлік қоғамдар туралы заңнамасына сәйкес құрылған, негізгі функциясы Қордың (Ұйымның) қаржы-шаруашылық қызметіне бақылау жасау болып табылатын Қордың (Ұйымның) бөлімшесі;
10) ішкі бақылау жүйесі – Қордың (Ұйымның) рентабельдіктің ұзақ мерзімді мақсаттарын іске асыруын қамтамасыз ететін ішкі бақылаудың рәсімдері мен саясатының жиынтығын білдіретін тәуекелдерді басқару және Қазақстан Республикасының заңнамасы мен уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерін, Қордың (Ұйымның) саясатын, ішкі ережелер мен рәсімдерді сақтауға, шығындар немесе Қордың (Ұйымның) бедел тәуекелін төмендетуге мүмкіндік беретін қаржылық және басқару есептілігінің сенімді жүйесін қолдау жүйесінің элементі;
11) ішкі құжаттар – Қордың (Ұйымның), олардың органдары, құрылымдық бөлімшелері (филиалдары, өкілдіктері), қызметкерлері қызметінің талаптары мен тәртібін реттейтін құжаттар;
12) контрсеріктес – лицензияланатын қызмет түрін жүзеге асыру барысында Қор (Ұйым) ынтымақтастық жасайтын, (немесе ынтымақтастық жасауды жоспарлайтын) қаржылық қызмет көрсететін және (немесе) Қор (Ұйым) қатысатын мәміледе тарап болып табылатын ұйым;
13) корпоративтік басқару – ұйымның жоғарғы органының, басқару органының, атқарушы органының және өзге де органдарының арасындағы өзара қарым-қатынастар кешені болып табылатын, ұйымның тиімді жұмыс істеуін қамтамасыз етуге, оның акционерлерінің құқықтары мен мүдделерін қорғауға бағытталған және акционерлерге ұйымның қызметіне тиімді бақылау мен мониторинг жасауға мүмкіндік беретін, ұйымды стратегиялық және тактикалық басқару жүйесі;
14) кредиттік тәуекел - бағалы қағаз шығару талаптарымен белгіленген мерзімде инвесторға тиесілі негізгі борышты және сыйақыны эмитенттің төлемеуі салдарынан шығыстардың (шығындардың) туындау тәуекелi, сондай-ақ своптар, опциондар және бағалы қағаздар бойынша есеп айырысуларды реттеу кезеңінде міндеттемелерді әріптестің орындамауына байланысты туындайтын залал тәуекелі кіреді;
15) құқықтық тәуекел – Қордың (Ұйымның) Қазақстан Республикасы заңнамасының, ал Қазақстан Республикасының резиденттері еместермен қатынастарда – басқа мемлекеттер заңнамасының талаптарын бұзуы не Қордың (Ұйымның) практикасының олардың ішкі құжаттарына сәйкес келмеуі салдарынан шығыстардың (шығындардың) туындау тәуекелi;
16) меншікті активтерді инвестициялау саясаты – инвестициялау объектілерінің тізбесін, Қордың (Ұйымның) зейнетақы активтеріне қатысты инвестициялық қызметтің мақсатын, стратегияларын, талаптарын және шектеулерін, меншікті активтерді хеджирлеу және әртараптандыру талаптарын белгілейтін құжат;
17) нарықтық тәуекел – қаржы нарықтарының қолайсыз қозғалыстарымен байланысты шығыстардың (шығындардың) туындау тәуекелi. Нарықтық тәуекелдің макроэкономикалық табиғаты бар, яғни қаржы жүйесінің макроэкономикалық көрсеткіштері нарықтық тәуекелдердің дерек көздері болып табылады;
18) операциялық тәуекел – ішкі процестерді жүзеге асыру, ақпараттық технологиялар мен жүйелердің жұмыс жасауы барысында қызметкерлер тарабынан жол берілген кемшіліктердің немесе қателіктердің нәтижесінде, сондай-ақ:
жауапкершілікті бөлуді, есеп берушілік және басқару құрылымын қосқанда Қордың (Ұйымның) анық емес және тиімсіз ұйымдастыру құрылымына;
ақпараттық технологиялар саласындағы тиімсіз стратегиялармен, саясатпен және (немесе) стандарттармен, программалық қамтамасыз етуді пайдаланудағы кемшіліктермен;
шындыққа сай келмейтін ақпаратпен не оны тиісінше пайдаланбаумен;
қызметкерлерді тиімсіз түрде басқарумен және (немесе)
Қордың (Ұйымның) білікті емес штатымен
;
Қордың (Ұйымның) қызметін жүзеге асыру процесін жеткілікті түрде тиімді құрмауына
;
Қордың (Ұйымның) қызметіне сыртқы ықпалдың болжанбаған немесе бақыланбайтын факторларына
;
Қордың (Ұйымның) қызметін реттейтін ішкі құжаттарда (ережелерде) кемшіліктердің немесе қателердің болуына
;
Қордың (Ұйымның) басшылығының және қызметкерлерінің
клиенттік база ауқымының тарылуына, клиенттердің және (немесе) контрсеріктестердің
Қорға (Ұйымға) деген сенімсіздігіне немесе оны жағымсыз қабылдауына алып келген кәсіби емес іс-әрекеттеріне байланысты тәуекелдер кіретін сыртқы оқиғалар салдарынан шығыстардың (шығындардың) туындау тәуекелі;
19) өтiмдiлiктi жоғалту тәуекелі – Қордың (Ұйымның) өз міндеттемелерін ықтимал орындамауына не уақтылы орындамауына байланысты тәуекел. Бағалы қағаздардың активтер ретінде өтiмдiлiгiн жоғалту тәуекелі олардың тез сатылу қабілетімен, төмен шығасыларымен және қолайлы бағалары бойынша анықталады;
20) пайыздық тәуекел – сыйақы ставкаларының қолайсыз өзгеруі салдарынан шығыстардың (шығындардың) туындау тәуекелі, оған:
орналастырған активтер мен тартылған мiндеттемелердi (белгіленген сыйақы ставкалары кезінде) қайтару және өтеу мерзiмдерiнiң сәйкес келмеуінен шығыстардың (шығындардың) туындауына;
өзге тең жағдайларда ұқсас баға сипаттамасы бар бірқатар құралдар бойынша алынатын және төленетін сыйақыны есептеу мен түзетудің түрлі әдiстерiн қолдануға байланысты (негізгі тәуекел) тәуекелдер кіреді;
21) стресс-тестинг – Қордың (Ұйымның) қаржылық жай-күйіне ерекше, бірақ Қордың (Ұйымның) қызметіне әсер етуі мүмкін ықтимал оқиғалардың нақты әсер етуін өлшеу әдістері;
22) тәуекелдерді басқару жүйесі – төрт негiзгi элемент: тәуекелді бағалау, тәуекелді өлшеу, тәуекелді бақылау және тәуекел мониторингі кiретiн процесс;
23) форс-мажор жағдайы – төтенше және еңсерілмейтін (осы жағдайлар кезінде) оқиға (дүлей күш);
24) "stop-loss" лимиттері – қаржы құралдарымен жасалатын операциялар бойынша залалдың шекті түрде жол берілетін деңгейі;
25) "take profit" лимиттері – қаржы құралдарымен операциялар бойынша кірістердің шекті рұқсат етілген деңгейі жөніндегі лимиттерді белгілеу саясаты;
26) VAR (Value at Risk) моделі – белгілі бір уақыт кезеңі ішінде белгілі бір ықтималдық дәрежесімен инвестициялық портфельдің белгілі позициялары бойынша барынша жоғары ықтимал шығындарды сипаттайды.
4. Қорлар және Ұйымдар жыл сайын есепті жылдан кейінгі жылдың 1 шілдесінен кешіктірмей Агенттікке осы Нұсқаулыққа
1-қосымшаға
сәйкес:
1) тәуекелдерді басқару жүйесіне қойылатын талаптардың толық тізбесі;
2) тәуекелдерді басқару жүйесіне қойылатын талаптарға сәйкес келуді (сәйкес келмеуді) дербес бағалау;
3) тәуекелдерді басқару жүйесінде кемшіліктер анықталған жағдайда, түзетілуі тиіс кемшілікті көрсетумен оларды жою жөніндегі іс-шаралар, жауапты адамдарды және іс-шаралар орындалуының нақты мерзімдерін көрсетумен кемшілікті түзету үшін қажет іс-шаралар жоспары болатын тәуекелдерді басқару жүйесіне қойылатын талаптардың орындалуын бағалау жөніндегі есепті ұсынады.
Қордың (Ұйымның) осы Нұсқаулық талаптарының орындалуына жүргізген бағалауының бірдейлігі уәкілетті органмен белгіленеді.
5. Меншікті активтер және инвестициялық басқаруға берілген активтер бойынша баға тәуекелі, пайыздық тәуекел, валюталық тәуекел және өтімділік тәуекелі жөніндегі стресс-тестинг осы Нұсқаулыққа
2-қосымшаға
сәйкес екі айда кем дегенде бір рет есептеледі.
6. Осы Нұсқаулыққа
2-қосымшаға
сәйкес ресімделген стресс-тестинг нәтижелері Агенттікке әрбір жұп айдың бесінші жұмыс күнінен кешіктірілмей ұсынылады.
Осы Нұсқаулыққа
3-қосымша
жөніндегі ақпарат Агенттікке есепті айдан кейінгі айдың бесінші жұмыс күнінен кешіктірілмей ұсынылады.
2-тарау. Тәуекелдерді басқару жүйелерінің болуына қойылатын негізгі талаптар
7. Қорда (Ұйымда) тәуекелдерді басқару жүйелерінің болуы Қор (Ұйым) қызметінің корпоративтік басқару, лицензияланатын қызмет түрі аясында операциялар жүргізу практикасының, активтер мен міндеттемелерді басқару практикасының болуы, ақпараттық жүйелердің және басқару ақпараты жүйелерінің жұмыс істеуі жөніндегі талаптарға сәйкес келуін көздейді.
8. Қордың тәуекелдерді басқару жүйелері оның қызметінің мынадай бағыттарын қамтиды:
1) зейнетақы қызметтерін көрсету нарығының негізгі көрсеткіштеріне тұрақты түрде талдау жүргізу және макро және микроэкономикалық факторлардың әсер етуін ескере отырып олардың өзгерістерін болжау;
2) зейнетақы активтері бойынша инвестициялық декларацияны және меншікті активтерді инвестициялау саясатын әзірлеу және бекіту;
3) салымшылармен (алушылармен) жұмыс істеуді ұйымдастыру тәртібін белгілеу және:
есепке алудың шынайылығын және жеке зейнетақы шоттарын ашудың және салымшылардың (алушылардың) жеке зейнетақы шоттарына қаражаттың, төлемдер мен жинақталған зейнетақы қаражаты аударымдарының келіп түсуінің уақтылы болуын қамтамасыз ететін рәсімдер;
салымшылардың (алушылардың) шағымдары мен өтініштерінің мәні бойынша белгіленген мерзімде қаралуына кепілдік беретін рәсімдер;
салымшылардың (алушылардың) жинақталған зейнетақы қаражаты аударымдарының және төлемдерінің уақтылы жүзеге асырылуына кепілдік беретін рәсімдер;
зейнетақы активтерін есепке алудың Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамсыздандыру және бухгалтерлік есеп туралы заңнамасының талаптарына сәйкес келуін қамтамасыз ететін рәсімдер;
комиссиялық сыйақының дұрыс есептелуін тексеруді жүзеге асыру тәртібі;
Қордың және салымшылармен (алушылармен) зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарттар жасасу үшін тартылатын жеке тұлғалардың арасында шарттар болған кезде – олардың қызметіне бақылау жасау жөніндегі рәсімдер кіретін олардың жинақталған зейнетақы қаражатын есепке алу;
4) Қорды басқарудың ұйымдастыру-функционалдық құрылымын құру;
5) ішкі рәсімдер мен құжаттарды әзірлеу және бекіту;
6) Қордың мүдделі органдарына және құрылымдық бөлімшелеріне шешімдер қабылдау үшін қажетті ақпаратты ұсыну, сондай-ақ Ұйыммен ақпарат алмасу тәртібі;
7) Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар рыногы және зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңнамасында және меншікті активтерді инвестициялау саясатында белгіленген талаптардың сақталуына мониторинг жасау.
9. Ұйымның тәуекелдерді басқару жүйелері оның қызметінің мынадай бағыттарын қамтиды:
1) зейнетақы қызметтерін көрсету нарығын және бағалы қағаздар нарығын қосқандағы қаржы нарығы көрсеткіштерінің болжам мәндерін ескергендегі инвестициялық мүмкіндіктерге тұрақты түрде талдау жүргізу және осы талдау негізінде инвестициялық шешімдер қабылдауға ұсынымдар дайындау;
2) Ұйымның меншікті активтерді инвестициялау саясатын әзірлеу және бекіту, зейнетақы активтері жөніндегі инвестициялық декларацияны әзірлеуге қатысу;
3) инвестициялау лимиттерін, шығындардың жол берілетін барынша жоғары мөлшерін, "stop-loss", "take-profit" және гэп-позиция лимиттерін белгілеу;
4) инвестициялық басқаруға қабылданған активтерге қатысты инвестициялық шешімдер қабылдау;
5) меншікті активтерге қатысты инвестициялық шешімдер қабылдау;
6) инвестициялау барысында Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар рыногы және зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңнамасында, зейнетақы активтері жөніндегі инвестициялық декларацияда және меншікті активтерді инвестициялау саясатында белгіленген талаптардың сақталуына мониторинг жасау;
7) инвестициялық басқаруға қабылданған активтері есебінен қалыптастырылған инвестициялық портфельдің ықтимал шығындарға ұшырағыштығына стресс-тестинг жүргізуді жүзеге асыру;
8) меншікті активтер есебінен қалыптастырылған инвестициялық портфельердің ықтимал шығындарға ұшырағыштығына стресс-тестинг жүргізуді жүзеге асыру;
9) Ұйымды басқарудың ұйымдастыру-функционалдық құрылымын құру;
10) ішкі рәсімдер мен құжаттарды әзірлеу және бекіту;
11) Ұйымның мүдделі органдарына және құрылымдық бөлімшелеріне шешімдер қабылдау үшін қажетті ақпаратты ұсыну, сондай-ақ Қормен ақпарат алмасу тәртібі.
10. Зейнетақы активтерін инвестициялық басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензиясы негізінде зейнетақы активтерін басқаруды жүзеге асыратын Қордың тәуекелдерді басқару жүйесі оның қызметінің осы Нұсқаулықтың 8-тармағында және 9-тармағының 3) – 8) тармақшаларында аталған бағыттарын қамтиды.
Қордың меншікті активтерін инвестициялауға қатысты дербес шешім қабылдайтын Қордың тәуекелдерді басқару жүйесі оның қызметінің осы Нұсқаулықтың 8-тармағында және 9-тармағының
1), 3), 5), 8)
тармақшаларында аталған бағыттарын қамтиды.
3-тарау. Қордың (Ұйымның) ішкі құжаттарына қойылатын
талаптар
11. Қордың (Ұйымның) ішкі құжаттарына:
1) Қорды (Ұйымды) басқарудың ұйымдастыру-функционалдық құрылымы туралы ереже;
2) ұзақ мерзімді кезеңге стратегиялық жоспарлау және қысқа мерзімді және орта мерзімді кезеңдерге жылдық бюджетті/қаржылық жоспарды жасау тәртібі
;
3) Қордың (Ұйымның) корпоративтік стратегиясы;
4) Қордың (Ұйымның) есепке алу саясаты;
5) Қордың зейнетақы ережелері;
6) Қордың (Ұйымның) ішкі инвестициялау ережелері;
7) Қордың (Ұйымның) меншікті активтерді инвестициялау саясаты;
8) Қордың (Ұйымның) тәуекелдерді басқару саясаты;
9) контрсеріктестерге талдау және мониторинг жасауды жүзеге асыру рәсімдері;
10) ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету ережелері;
11) қаржылық қызметті көрсету үшін комиссиялық сыйақыны есептеу және өндіріп алу ережелері;
12) ішкі аудитті және ішкі бақылауды жүзеге асыру рәсімдері;
13) ішкі есепке алу жүйелерінің журналдарын жүргізу ережелері;
14) қауіпсіздік техникасы жөніндегі нұсқаулық;
15) Қордың (Ұйымның) Директорлар кеңесі белгілеген өзге құжаттар кіреді.
12. Қордың (Ұйымның) басқармасы бекітетін осы қаулының 11-тармағының 1) және 14) тармақшаларында көзделген ішкі құжаттарды қоспағанда, осы қаулының 11-тармағында көрсетілген Қордың (Ұйымның) ішкі құжаттары жеке құжат ретінде жасалады не Қордың (Ұйымның) басқа ішкі құжаттарының құрамына кіргізіледі және Қорда (Ұйымда) тәуекелдерді басқаруды жүзеге асыратын Қордың (Ұйымның) бөлімшесімен келісілгеннен кейін Қордың (Ұйымның) Директорлар кеңесімен бекітіледі.
13. Қорды (Ұйымды) басқарудың ұйымдастыру-функционалдық құрылымы туралы ереже:
1) органдардың олардың функционалдық міндеттеріне сәйкес келетін құрылымын;
2) органдардың, филиалдар мен өкілдіктердің, құрылымдық бөлімшелердің, қызметкерлердің арасындағы өзара іс-әрекет жасау тәртібінің сипаттамасын;
3) органдардың, филиалдар мен өкілдіктердің, құрылымдық бөлімшелердің функцияларының, міндеттері мен өкілеттіктерінің сипаттамасы кіретін ережелерді, сондай-ақ Қордың және (немесе) Ұйымның жоғарғы органына және басқару органына есептілікті және ақпаратты ұсыну нысандары мен мерзімдерін. Қордың (Ұйымның) жоғарғы органына және басқару органына ұсынылатын ақпарат тізбесі Қордың (Ұйымның) органдарына олардың функционалдық міндеттерін тиісінше орындауы үшін жеткілікті ақпарат көлемін ұсыну қажеттілігі ескеріліп жасалады;
4) қызметкерлердің қызметтік нұсқаулықтарын;
5) Қордың (Ұйымның) ұйымдастыру құрылымында қаржы нарығындағы қызметті жүзеге асыруға екі және одан да көп лицензияға ие, әрбір қызмет түрі бойынша жекелеген бөлімшелердің болуын және бөлімшелердің бірінің қызметкерлеріне басқа бөлімше қызметкерлерінің міндеттерін орындауды жүктеуге жол бермеуді
;
6)
тәуекелдерді басқаруды жүзеге асыратын бөлімшенің және ішкі аудит қызметінің қызметкерлеріне Қордың (Ұйымның) басқа бөлімшелерінің
функциялары
н жүктеуге жол бермеуді
;
7)
құрылымдық бөлімшелердің және қызметкерлердің есепті кезең ішіндегі қызметінің тиімділігін бағалау тәртібі, оның ішінде оларға жүктелген
функциялар мен міндеттердің орындалмағаны (сапалы немесе уақтылы орындалмағаны) үшін шаралар қолдануды
белгілейді.
14. Ұ
зақ мерзімді кезеңге стратегиялық жоспарлау және қысқа мерзімді және орта мерзімді кезеңдерге жылдық бюджетті (қаржылық жоспарды) жасау тәртібі
,
сондай-ақ Қордың (Ұйымның) корпоративтік стратегиясы Қордың (Ұйымның) қызметіне әсер ететін
объективті макро және микроэкономикалық факторларды ескеру мақсатында жасалады және қайта қаралады.
Корпоративтік стратегия Қордың (Ұйымның) қызметінің қысқа мерзімді (бір жылға дейін), орта мерзімді (бір жылдан үш жылға дейін) және ұзақ мерзімді (үш жыл және одан көп) мақсаттарын,
маркетинг жоспарларын белгілейді.
15.
Қордың (Ұйымның) есепке алу саясаты Қазақстан Республикасының зейнетақы заңнамасының, бухгалтерлiк есеп және қаржылық есептілік туралы Қазақстан Республикасы заңнамасының және халықаралық қаржылық есептілік стандарттарының Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасының талаптарына қайшы келмейтін талаптарына сәйкес
жасалады.
16.
Қордың зейнетақы ережелері Қордың және салымшылардың (алушылардың) арасында туындайтын құқықтық қатынастар ерекшеліктерін белгілейді және оған:
1) Зейнетақымен қамсыздандыру туралы Заңның
29-бабының
1-тармағында көрсетілген мәліметтер;
2) салымшылармен (алушылармен) жұмыс жасауды ұйымдастыру және олардың жинақталған зейнетақы қаражатын есепке алу тәртібі, мыналар бойынша рәсімдерді қоса алғанда, бірақ олармен шектелмей
:
есепке алудың шынайылығын және салымшылардың (алушылардың) жеке зейнетақы шоттарына қаражаттың, төлемдер мен жинақталған зейнетақы қаражаты аударымдарының келіп түсуінің уақтылы болуын қамтамасыз ету
;
салымшылардың (алушылардың) шағымдары мен өтініштерін қарау мерзімдерін және оларды қарау нәтижелері бойынша салымшыға (алушыға) жіберілген Қордың жауабының мазмұнына қойылатын талаптарды көрсетумен салымшылардың (алушылардың) шағымдары мен өтініштерін қарау
;
салымшылардың (алушылардың) жинақталған зейнетақы қаражаты аударымдарының
және төлемдерінің уақтылы жүзеге асырылуын қамтамасыз ету
;
зейнетақы активтерін есепке алудың Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес келуін
қамтамасыз ету
;
зейнетақы активтерін есепке алудың және зейнетақы активтерін инвестициялаудың уақтылы болуының Қазақстан Республикасының зейнетақы заңнамасының талаптарына сәйкес келуінің мониторингін қамтамасыз ету;
комиссиялық сыйақының дұрыс есептелуін тексеруді
жүзеге асыру
; Қордың салымшылармен (алушылармен) зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарт жасасу үшін тартатын жеке тұлғалардың қызметіне бақылау жасау;
Қордың және салымшылармен (алушылармен) зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарттар жасасу үшін тартылатын жеке тұлғалардың арасында шарттар болған кезде – олардың қызметіне бақылау жасау жөніндегі рәсімдер;
3)
осы Нұсқаулықтың 4-тарауының талаптарына сәйкес әзірленетін және бекітілетін инвестициялық декларация
;
4)
Қор зейнетақы жарналарын тарту және зейнетақы төлемдерін жүзеге асыру жөніндегі қызметі барысында пайдаланатын құжаттардың типтік нысандары кіреді.
17.
Қордың (Ұйымның) ішкі инвестициялау ережелері зейнетақы және (немесе) меншікті активтерді инвестициялық басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыру талаптары мен тәртібін, зейнетақы және (немесе) меншікті активтерді басқарушының құқықтары мен міндеттерін, зейнетақы және (немесе) меншікті активтерді инвестициялық басқару жөніндегі қызмет барысында пайдаланылатын құжаттардың типтік нысандарын белгілейді және оған мыналар бойынша рәсімдердің сипаттамасы кіреді
:
1)
инвестициялық декларацияны әзірлеу
;
2)
Қордың (Ұйымның) меншікті активтерді инвестициялау саясатын әзірлеу
;
3) мыналарды көздейтін
Қордың (Ұйымның) зейнетақы және (немесе) меншікті активтеріне қатысты инвестициялық шешімдер қабылдау үшін ұсынымдар дайындау:
ұсынымдар беруге өкілетті тұлғалар лауазымдарының тізбесі
н;
зейнетақы немесе меншікті активтер есебінен инвестициялық портфельдің жай-күйін талдауды жүзеге асыру тәртібін
;
инвестициялауды жүзеге асыру болжанатын қаржы құралдары айналымының және кірістілігінің болуын, талаптарын талдауды жүзеге асыру тәртібін
;
инвестициялауды жүзеге асыру болжанатын қаржы құралдарымен байланысты тәуекелдерді талдауды жүзеге асыру тәртібін
;
Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының "Жинақтаушы зейнетақы қорларына арналған пруденциалдық нормативтердiң нормативтiк маңызы, олардың есебiнiң әдiстемесi туралы нұсқаулықты бекiту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 5321 тіркелген) 2008 жылғы 22 тамыздағы
N 117
(бұдан әрі – N 117 қаулы), "Зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымдарға арналған пруденциалдық нормативтердің нормативтік мәндері, оларды есептеу әдістемесі туралы нұсқаулықты бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 5322 тіркелген) 2008 жылғы 22 тамыздағы
N 118
(бұдан әрі – N 118 қаулы), "Бағалы қағаздар рыногында кәсіби қызмет түрлерін қоса атқаратын ұйымдарға арналған пруденциалдық нормативтерді есептеу ережесін бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 5323 тіркелген) 2008 жылғы 22 тамыздағы
N 119
(бұдан әрі – N 119 қаулы), "Зейнетақы активтерін инвестициялық басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыру ережесін бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 4486 тіркелген) 2006 жылғы 27 қазандағы
N 225
қаулыларымен белгіленген әртараптандыру нормаларының сақталуын талдауды жүзеге асыру тәртібін
;
ұсынымдар беру үшін маңызды факторларды талдауды жүзеге асыру тәртібін
;
4)
инвестициялық шешімдерді қабылдауға уәкілетті инвестициялық комитет жұмысының сипаттамасы, отырыстарды өткізудің және рәсімдеудің кезеңділігі болатын Қордың (Ұйымның) зейнетақы және (немесе) меншікті активтеріне қатысты инвестициялық шешімдерді қабылдау
;
5)
инвестициялық шешімдерді дайындау, қабылдау және орындау барысында Қордың (Ұйымның) органдары мен құрылымдық бөлімшелерінің өзара іс-әрекет жасауы
,
Қор зейнетақы және (немесе) меншікті активтерін Ұйымға инвестициялық басқаруға табыстаған жағдайда – инвестициялық шешімдерді дайындау, қабылдау және орындау барысында Ұйымның және Қордың құрылымдық бөлімшелерінің өзара іс-әрекет жасау рәсімдері
;
6)
зейнетақы және (немесе) меншікті активтердің қатысуымен
көмегі арқылы
мәміле жасау
болжанатын делдалмен (брокермен)
өзара іс-әрекет жасау
(мұндай бар болған кезде)
процестерінің сипаттамасы бар зейнетақы және (немесе) меншікті активтердің қатысуымен мәмілелер жасау, зейнетақы және (немесе) меншікті активтердің қатысуымен мәмілелердің жасалуын бақылау, активтердің құрамы мен қозғалысын салыстырып тексеруді, ішкі есепке алуды және жасалған мәмілелердің құжат айналымын жүргізуді жүзеге асыру, сондай-ақ зейнетақы және (немесе) меншікті активтердің қатысуымен мәмілелердің жасалуын бақылауды жүзеге асыратын лауазымды тұлғалар тізбесі
;
7) уәкілетті органның,
Қордың (Ұйымның) тиісті органдарының, зейнетақы және (немесе) меншікті активтерін инвестициялық басқаруға (Ұйым үшін) табыстаған Ұйымдардың алдында зейнетақы және (немесе) меншікті активтерін инвестициялық басқару жөніндегі қызмет нәтижелері туралы есеп беруді дайындау
.
18.
Қордың (Ұйымның) меншікті активтерді инвестициялау саясаты осы Нұсқаулықтың 4-тарауының талаптарына сәйкес әзірленеді және бекітіледі
.
19.
Қордың (Ұйымның) тәуекелдерді басқару саясаты мыналарды белгілейді
:
1)
Қордың (Ұйымның)
директорлар кеңесінің, басқармасының мүшелерінің және жауапты қызметкерлерінің
тәуекелдерді басқару жөніндегі өкілеттіктері мен функционалдық міндеттерін
;
2) білімінің және жұмыс стажының болуы жөніндегі талаптарды қоса алғанда, бірақ олармен шектелместен,
Қордың (Ұйымның) басшы
қызметкерлеріне, сондай-ақ
тәуекелдерді басқаруды және қаржы нарығындағы лицензияланатын қызмет түрлерін жүзеге асыратын бөлімшелер қызметкерлеріне қойылатын біліктілік талаптарын
;
3) Қордың (Ұйымның) ағымдағы қаржылық жай-күйі мен қызметі және кредиттік, валюталық, ел (трансферт), бедел тәуекелдерін, өтімділікті жоғалту тәуекелін және өзге де белгіленген тәуекелдерді сәйкестендіретін және өлшейтін, тәуекелдерге ұшырау дәрежесін, олардың белгіленген лимиттер шегінде сақталуын анықтайтын басқару есептілігінің белгілі бір нысандары түрінде қабылданған тәуекелдер туралы ақпарат форматын;
4) Қордың (Ұйымның) ұйымдастыру құрылымының құрамында Қордың (Ұйымның) қызметінің өзге түрлерін жүзеге асыруға қатыспайтын тәуекелдерді басқару жөніндегі жеке бөлімшенің болуын;
5) лицензияланатын қызмет түріне тән тәуекелдерді сәйкестендіру, бағалау, мониторинг және бақылау жасау рәсімдерін, оның ішінде:
болжанатын тәуекел (VAR-
модель
) бойынша қаржы құралдарын бағалаудың халықаралық практикасын пайдаланумен тәуекелдерді бағалау әдістемесін;
туынды қаржы құралдарымен жасалатын операцияларға тән тәуекелдерді қоса алғанда, тәуекелдерді өлшеу тәртібін, пайдаланылатын тәуекелді өлшеу модельдерінің сипаттамасын;
қаржы құралының құнына әсер ететін тәуекелдерді ескерумен оның құнын белгілеу рәсімдерін;
6) бақылау жасауды жүзеге асыруға жауапты тұлғалар лауазымдарының тізбесін көрсетумен зейнетақы және (немесе) меншікті активтерге қатысты белгіленген инвестициялау лимиттерінің орындалуына бақылау жасауды жүзеге асыру тәртібін;
7) бақылау жасауды жүзеге асыруға жауапты тұлғалар лауазымдарының тізбесін көрсетумен шығындардың жол берілетін барынша жоғары мөлшерлерінің сақталуына бақылау жасауды жүзеге асыру тәртібін;
8) бақылау жасауды жүзеге асыруға жауапты тұлғалар лауазымдарының тізбесін көрсетумен "stop-loss", "take-profit" лимиттерін белгілеу және орындауға бақылау жасау ережелерін;
9) орта және ұзақ мерзімді перспективада инвестициялық рентабельдіктің тұрақты көрсеткіштерін қолдау мақсатында инвестициялық портфельді құрылымдау рәсімдерін;
10) қаржы құралдарын сатып алудан (сатудан) болатын шамадан тыс шығыстардың алдын алу және көрсетілген тәртіптің орындалуына бақылау жасауды жүзеге асыру тәртібін;
11) зейнетақы және (немесе) меншікті активтерін инвестициялаумен байланысты тәуекелдер үдеген жағдайда, инвестициялық декларацияға өзгерістер енгізуге бастамашы болу және инвестициялау лимиттерін, шығындардың жол берілетін барынша жоғары мөлшерін, "stop-loss" және "take-profit" лимиттерін қайта қарау тәртібін;
12) лицензияланатын қызмет түрлері аясында жүзеге асырылатын барлық операцияларды бақылаудың екі деңгейін: операцияны орындайтын қызметкер – бірінші деңгей, операцияны орындайтын қызметкерге бақылау жасайтын тікелей басшы – екінші деңгей;
13)
зейнетақы және (немесе) меншікті активтер есебінен мәмілелерді жасау және зейнетақы және (немесе) меншікті активтерін есепке алу жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын бөлімшелердің мәмілелерді жасау және жасалған мәмілелерді есепке алуда көрсету жөніндегі функционалдық міндеттерді бөлуге негізделген қызметіне бақылау жасау жүйесін
.
Бақылау жасау жүйесі
:
тәуекелдерді басқаруды жүзеге асыратын бөлімшенің жасалуы жоспарланып отырған мәмілелер параметрлерінің инвестициялау лимиттеріне сәйкес келуін бақылау жөніндегі функциясын белгілеуді
;
құқықтық қамтамасыз ету
функциясын жүзеге асыратын бөлімшенің жасалатын мәмілелер бойынша шарттардың жобаларына
құқықтық сараптама жүргізу
жөніндегі функциясын белгілеуді
;
зейнетақы және (немесе) меншікті активтер есебінен сатып алынған қаржы құралдарын есепке алуды жүзеге асыратын бөлімшенің
орындалған
мәмілелер параметрлерінің инвестициялық шешімдердің талаптарына сәйкес келуін бақылау жөніндегі функциясын белгілеуді
;
зейнетақы және (немесе) меншікті активтер есебінен мәмілелер жасауды жүзеге асыратын бөлімшенің тек қана инвестициялық шешімде көрсетілген параметрлерге сәйкес мәмілелер жасау жөніндегі функциясын белгілеуді
;
ішкі аудит қызметінің Қор (Ұйым) бөлімшелерінің
оларға бақылау жүйесі аясында жүктелген
функциялары мен міндеттерін орындауына бақылау жасау жөніндегі функциясын белгілеуді
;
бақылау жүйесіне қатысушылардың арасындағы сөз байласу мүмкіндігін шектейтін шаралардың болуын көздейді;
14)
инвестициялық шешімдерді орындауға байланысты
транзакциялық шығыстарға талдау жасауды қосқанда, тұрақты түрде мониторинг жасау және қабылданған
инвестициялық шешімдердің тиімділігін анықтау рәсімдерін
;
15)
мыналарды белгілейтін Қордың (Ұйымның) операциялық (ағымдағы) қызметін және
бухгалтерлік есепті
жүзеге асыру тәртібін
:
Қордың (Ұйымның) операциялық (ағымдағы) қызметін жүзеге асыруды қамтамасыз ететін бөлімшелерді, олардың функцияларын, міндеттері мен өкілеттіктерін
;
операцияларды жүргізудің техникалық тәртібін;
Қордың (Ұйымның)
операцияларын бухгалтерлік есепке алу жүйесін
;
Қордың (Ұйымның) құжат айналымы және іс қағаздарын жүргізу
жүйесін;
Қордың (Ұйымның) операциялық (ағымдағы) қызметін жүзеге асыру тәртібін бұзу тәуекелдерін болдырмау рәсімдерін
:
дұрыс жүргізбеу және қаржы құралдарымен жасалған операцияларды есепке алуда дұрыс көрсетпеу мүмкіндігін шектеуді;
операциялар
жүргізудің қауіпсіздігін, атап айтқанда кірістермен
операциялар
жүргізу және меншікті капиталдың және кірістердің мөлшеріне теңбе-тең емес тәуекелді қабылдау кезінде
асыра пайдалану
жағдайларын анықтауды және болдырмауды қамтамасыз етуді;
электронды өңдеу жүйесінің үзіліссіз жұмыс істеуін және деректерді электронды өңдеу жүйесін бақылауды
жүзеге асыратын және
деректерді өңдеу мәселелеріне жауапты тұлғаларда жұмыс профиліне сәйкес келетін біліктілігі мен тәжірибесінің болуын қамтамасыз етуді
;
компьютерлік және телекоммуникация жүйелеріне рұқсатсыз кіруді болдырмауға бағытталған және ақпараттық
қамтамасыз ету бөлімшесінде автоматтандырылған жүйеге кіру және шығу кезінде рұқсат деңгейін тексеру жүйесінің болуын болжайтын және
ақпараттық
қамтамасыз ету бөлімшесінің маңызды кілттерді, оның ішінде деректердің
ақпараттық базаларына
электронды кілттерді бақылау жөніндегі жауапкершілігін белгілеуді;
жоспарлы, оның ішінде форс-мажор жағдайлары кезінде мыналарды көздейтін деректер
базаларының ақпараттық
жүйесінің сақталуын қамтамасыз ету жөніндегі іс-шаралардың орындалуына
бағытталған
:
ақпараттық
деректер
базаларының техникалық кешендеріне арналған,
өрт қауіпсіздігі және сейсмикалық тұрақтылық талаптарына жауап беретін оқшау үй-жайлардың, автономды электр қоректенудің, резервті компьютерлердің және желілік коммуникациялардың, жүйелік маңызды программалық файлдардың және деректер файлдарының резервті көшірмелерін тұрақты түрде қалыптастырудың болуын
;
форс-мажор жағдайлары пайда болған жағдайда өкілеттіктер беруді және жауапкершілікті
;
форс-мажор жағдайлары басталған кезде жүйе жұмысында төтенше іркіліс болған жағдайда компьютерлік орталыққа арналған ережелер мен басшылықты көздейтін іс-әрекеттерді анықтауды;
жабдықтарды тұрақты түрде инспекциялау және
ақпараттық
қамтамасыз ету бөлімшесінің жұмыс туралы есептерді тексеруінің көмегімен іркілістерді болдырмауды;
деректерді электронды өңдеу жүйесін жоспарлау, әзірлеу және оның жұмыс істеу тәртібін белгілеуді.
20.
Қордың (Ұйымның) контрсеріктестерге талдау және мониторинг жасауды жүзеге асыру рәсімдері нақты қауіптерді сәйкестендіру мақсатында әрбір контрсеріктес туралы маңызды ақпарат алу үшін Қордың (Ұйымның) контрсеріктестерге олармен іскер қарым-қатынастарды орнатқанға дейін (шарт жасасқанға дейін) және одан әрі өзара іс-әрекет жасау барысында кешенді түрде тексеру жүргізуіне бағытталған шаралар кешенін белгілейді.
Қордың (Ұйымның) өз контрсеріктестерін кешенді түрде тексеруіне мынадай шараларды жүзеге асыру кіреді
:
1) болжанатын
іскер қарым-қатынастардың мақсаттары мен сипатын
белгілеу;
2) әлеуетті немесе нақты
контрсеріктес болып табылатын тұлғаны сәйкестендіру үшін қажет мәліметтерді тіркеу
;
3)
контрсеріктестің қаржылық жай-күйіне тұрақты негізде
мониторинг жүргізу және оның
Қордың (Ұйымның) алдындағы міндеттемелер бойынша жауап беру қабілетін анықтау
.
21. А
қпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету ережелеріне бағалы қағаздар нарығындағы коммерциялық, қызметтік құпияны, жинақталған зейнетақы қаражаты құпиясын құрайтын мәліметтердің сақталуын қамтамасыз ету және оларды Қордың (Ұйымның), олардың қызметкерлерінің
немесе үшінші тұлғалардың жеке мүдделерінде пайдалануына жол бермеу жөніндегі рәсімдер кіреді
.
А
қпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету ережелері
:
1)
қызметтік және коммерциялық құпияға, сондай-ақ жинақталған зейнетақы қаражаты құпиясына жататын, Бағалы қағаздар рыногы туралы, Зейнетақымен қамсыздандыру туралы, "Акционерлік қоғамдар туралы" Заңдармен қорғалатын ақпарат тізбесін
;
2) Нұсқаулықтың осы тармағының 1) тармақшасында көрсетілген ақпарат бар құжаттарды жасау, ресімдеу, тіркеу, есепке алу және сақтау тәртібін;
3) осы ақпаратқа рұқсаты бар тұлғалардың лауазымдарын көрсетумен Нұсқаулықтың осы тармағының 1) тармақшасында көрсетілген ақпаратқа рұқсат беру тәртібін;
4) мыналарды көздейтін, Нұсқаулықтың осы тармағының 1) тармақшасында көрсетілген ақпараттың жылыстауын және ақпараттық деректердің бұрмалануын болдырмау механизмдерін:
шектеулі рұқсаты бар ақпараттық деректер тізбесін;
рұқсат алу тәртібін;
ақпараттық деректерге рұқсатты, ақпараттық деректерге рұқсаты бар тұлғалар лауазымдарының тізбесін бақылау тәртібін;
5)
ақпараттық
қамтамасыз ету бөлімшесінің автоматтандырылған деректер базасын басқару терминалдарын пайдаланушыларға мониторинг жасауды және оларды сәйкестендіруді жүзеге асыруы және пайдаланушының жеке басын бірегейлендіруге мүмкіндік беретін жүйемен қамтамасыз етуі арқылы автоматтандырылған деректер базасын басқару терминалдарын рұқсатсыз пайдалануды болдырмау жөніндегі іс-шараларды
белгілейді.
22. Қордың (Ұйымның) қаржылық қызметті көрсеткені үшін комиссиялық сыйақыны есептеу және өндіріп алу ережелері:
1) Қордың (Ұйымның) комиссиялық сыйақысының шекті шамасын;
2) комиссиялық сыйақысы шамасын өзгерту тәртібін және жиілігін;
3) салымшылар (алушылар) үшін комиссиялық сыйақысы шамасының өзгеруі жөніндегі ақпарат жарияланатын мерзімді баспа басылымдары туралы мәліметтерді;
4) комиссиялық сыйақыны өндіріп алу тәртібін;
5) Қордың (Ұйымның) алатын комиссиялық сыйақыларына шектеулер енгізу талаптарын белгілейді.
23. Ішкі аудитті және ішкі бақылауды жүзеге асыру рәсімдері:
1) ішкі аудит қызметінің құрамын, оның функцияларын, міндеттері мен өкілеттіктерін;
2) ішкі аудитті және ішкі бақылауды жүзеге асыратын қызметкерлерге қойылатын талаптарды;
3) ішкі аудит пен ішкі бақылаудың мәнін және объектін;
4) ішкі аудит қызметінің тексеру жүргізу ауқымын және жиілігін;
5) ішкі аудитті жүргізу кезінде міндетті түрде пайдаланылатын бағалау жүйесін
;
6)
ішкі аудитті жүргізу жоспарын жасауға қойылатын талаптарды
;
7)
ішкі аудит қызметінің тексеру нәтижелері туралы есепті Қордың (Ұйымның) директорлар кеңесі мен басқармасына ұсыну мерзімдерін және нысанын белгілейді
.
24. І
шкі есепке алу жүйелерінің журналдарын жүргізу ережелерінде
:
1)
журналдар саны және атауы
;
2)
журналдарды толтыру тәртібі мен кезеңділігі
;
3)
журналдардың уақтылы және дәл толтырылуына бақылау жасауды жүзеге асыратын лауазымды тұлғалардың
тізбесі болады.
25.
Қауіпсіздік техникасы жөніндегі нұсқаулыққа
:
1) өрт қауіпсіздігі бойынша негізгі талаптар;
2) форс-мажор жағдайлары басталған жағдайда
Қор (Ұйым) қызметкерлері іс-әрекеттерінің сипаттамасы
;
3)
Қор (Ұйым) қызметкерлерінің программалық-техникалық кешендерді және өзге де жабдықтарды пайдалану тәртібі
;
4)
Қордың (Ұйымның)
үй-жайларын оларды жабу алдында қарау жүйелілігі кіреді.
4-тарау. Инвестициялық декларацияға және Қордың (Ұйымның) меншікті активтерін инвестициялау саясатына қойылатын талаптар
26. Зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды қамтамасыз ету мақсатында мыналар кіретін, бірақ олармен шектелмейтін инвестициялық декларация әзірленеді
:
1)
меншікті активтерді инвестициялаудың мақсаттары
мен стратегиясы;
2)
инвестициялау
объектілерінің сипаттамасы мен тізбесі;
3) қаржы құралдарының түрлері және ашық валюталық позиция үлесі бойынша
меншікті активтерді инвестициялау
лимиттері;
4)
инвестициялық қызметке қатысты белгіленген талаптар мен шектеулер
;
5) хеджирлеу құралдарының тізбесін және сипаттамасын көрсетумен з
ейнетақы активтерін
хеджирлеу және әртараптандыру
талаптары
;
6)
инвестициялық қызметке байланысты негізгі тәуекелдер туралы ақпарат
;
7)
комиссиялық сыйақыны өндіріп алу саясаты.
27. Қордың (Ұйымның) директорлар кеңесі инвестициялық декларацияны және оған барлық өзгерістер мен толықтыруларды:
1) Қор
з
ейнетақы активтерін дербес басқарған жағдайда – Қордың инвестициялық комитетімен;
2) Қор мен Ұйымның арасында зейнетақы активтерін инвестициялық басқару туралы шарт болған жағдайда – Ұйымның инвестициялық комитетімен келісілгеннен кейін бекітеді.
Инвестициялық декларация және оған барлық өзгерістер мен толықтырулар Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында он бес мың данадан кем емес таралыммен таралатын мерзімді баспа басылымдарында жарияланады және (немесе) Интернет желісінде Қордың сайтында орналастырылады.
28. Қордың (Ұйымның) меншікті активтерін инвестициялық басқаруды қамтамасыз ету мақсатында мыналар кіретін, бірақ олармен шектелмейтін Қордың (Ұйымның) меншікті активтерін инвестициялау саясаты әзірленеді:
1) меншікті активтерді инвестициялаудың мақсаттары
мен стратегиясы
;
2) инвестициялау
объектілерінің сипаттамасы мен тізбесі
;
3)
қаржы құралдарының түрлері және ашық валюталық позиция үлесі бойынша
меншікті активтерді инвестициялау
лимиттері;
4)
инвестициялық қызметке қатысты белгіленген талаптар мен шектеулер
;
5) хеджирлеу құралдарының тізбесін және сипаттамасын көрсетумен
меншікті активтерді
хеджирлеу және әртараптандыру
талаптары
;
6)
инвестициялық қызметке байланысты негізгі тәуекелдер туралы ақпарат
;
7)
меншікті активтер есебінен
инвестициялық портфель бойынша шығындардың жиынтық жол берілетін барынша жоғары мөлшері.
29.
Қордың директорлар кеңесі Қордың меншікті активтерін инвестициялау саясатын және оған барлық өзгерістер мен толықтыруларды:
1)
Қордың басқармасымен
;
2)
Қор меншікті активтерін дербес басқарған жағдайда – Қордың инвестициялық комитетімен немесе Қор мен Ұйымның арасында Қордың меншікті активтерін инвестициялық басқару туралы шарт болған жағдайда – Ұйымның инвестициялық комитетімен келісілгеннен кейін бекітеді
.
30.
Ұйымның директорлар кеңесі Ұйымның меншікті активтерді инвестициялау саясатын және оған барлық өзгерістер мен толықтыруларды Ұйымның басқармасымен
және
инвестициялық комитетімен келісілгеннен кейін бекітеді
.
5-тарау. Қордың (Ұйымның) зейнетақы активтерін және меншікті активтерді инвестициялық басқару жөніндегі қызметті ұйымдастыруға қойылатын талаптар
31. Қордың (Ұйымның)
з
ейнетақы активтерін және (немесе) меншікті активтерін тиімді инвестициялық басқаруды қамтамасыз ету мақсатында Қордың (Ұйымның)
з
ейнетақы және (немесе) меншікті активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын Қордың (Ұйымның) жауапты бөлімшелері
:
1) тоқсанда кем дегенде бір рет:
қалыптасып отырған геосаясат жағдайларына,
инвестициялау
валютасына және экономика секторына қарай
инвестициялау нарықтарының тартымдылық дәрежесі бойынша
макроэкономикалық талдау;
эмитенттің
қаржылық жай-күйін талдауды қоса алғанда, эмитенттерді және олар шығарған (берген) қаржы құралдарына, оның активтері құнының одан әрі өсу потенциалына, қабылданған міндеттемелер бойынша жауап беру қабілетіне, осы
эмитенттің
қаржы құралдарына
инвестициялауға және осы тәуекелдердің уәкілетті орган Қор (Ұйым) үшін белгілеген пруденциалдық нормативтерге және өзге де
нормалар
мен
лимиттерге әсер етуіне байланысты
тәуекелдерге
талдау;
инвестициялық
портфельге талдау, оған портфельдің құрылымы, кірістіліктің өзгеру динамикасы туралы мәліметтер, шығынды позицияларды және портфельдің құрылымын оңтайландыру жөніндегі ұсынымдарды талдау кіреді;
2) тоқсанда кем дегенде бір рет:
салымшыларды санаттар бойынша бөлумен салымшылардың жынысы, жасы, зейнетақы төлемдерінің саны және сомасы туралы ақпарат кіретін салымшылар құрылымына талдау;
зейнетақы жарналары мен төлемдеріне, сондай-ақ
Қордың міндеттемелерді іске асыру мерзімдері бойынша олардың құрылымына
болжам талдау.
Ұйым оған Қордың (Ұйымның)
з
ейнетақы және (немесе) меншікті активтері инвестициялық басқаруға табысталған жағдайда
осы тармақтың 2) тармақшасында көрсетілген көрсеткіштерге талдау жасауды
Қор ұсынатын мәліметтер негізінде жүзеге асырады
;
3) жыл сайынғы негізде:
гэп-талдау жүргізеді, оған өтімді активтерді жұмылдыру қабілетінің өзгеруін ескерумен қолма-қол ақшаның гэп-позициялары бойынша лимиттерге шолу жасау, оның ішінде шетел валютасындағы міндеттемелерді өтеу үшін қажет шетел валютасындағы өтімді активтерді қалыптастыра алу қабілетіне
мониторинг кіреді.
32. Қордың (Ұйымның) жауапты бөлімшелері осы
Нұсқаулықтың 31-тармағында көрсетілген
аналитикалық зерттеулер негізінде осындай ұсынымдарды беруге негіздеме болған факторлардың толық тізбесі бар ұсынымдарды әзірлейді
.
33.
Ұсынымдар
:
1) корпоративтік стратегияны, инвестициялық декларацияны және
меншікті активтерді инвестициялау саясатын әзірлеу, сондай-ақ көрсетілген құжаттарға өзгерістер мен толықтырулар енгізу
;
2)
инвестициялау
лимиттерін белгілеу мен қайта қарау;
3) шығындардың жол берілетін барынша жоғары мөлшерін белгілеу мен қайта қарау;
4)
Қордың (Ұйымның)
з
ейнетақы және (немесе) меншікті активтері есебінен мәмілелер жасау туралы
инвестициялық шешімдерді қабылдау кезінде беріледі.
34.
Ұсынымда мынадай мәліметтер болады
:
1)
ұсынымның
нөмірі және берілген күні;
2)
Қордың (Ұйымның) ұсынымды дайындаған жауапты бөлімшесі
туралы
мәліметтер
;
3)
ұсыным беру үшін пайдаланылған ақпарат дерек көздерінің тізбесі
(сипаттамасы);
4)
ұсыным беру үшін пайдаланылған ақпаратты талдау нәтижелері және ұсынылатын шешімдер нұсқалары
;
5)
ұсыным берген тұлғалардың атқаратын лауазымдарын көрсетумен қойған қолдары
;
6)
Қордың (Ұйымның) ішкі құжаттарында белгіленген өзге де ақпарат
.
35. Қордың (Ұйымның)
з
ейнетақы және (немесе) меншікті активтері есебінен мәмілелер жасау туралы
инвестициялық шешімдерді қабылдау кезінде берілетін ұсынымда
осы
Нұсқаулықтың 34-тармағында көрсетілген
мәліметтерге қосымша:
1) мыналар туралы ақпаратты қоса алғанда, бірақ олармен шектелмей, ұсыным беру үшін пайдаланылған ақпаратты талдау нәтижелері:
жасалатын мәміленің
з
ейнетақы және (немесе) меншікті активтер бойынша кірістердің болжанатын өзгерісіне әсері;
осы қаржы құралын сатып алумен байланысты тәуекелдер;
жасалатын мәміленің уәкілетті орган белгілеген пруденциалдық нормативтер мәнінің өзгерісіне әсері;
2) ұсынылатын
инвестициялық
шешімнің нұсқалары;
3) қаржы құралының түрін, көлемін, бағалар диапазонын, кірістілік деңгейін және басқа сипаттамаларын (талаптарын) көрсетумен осы құралдың сипаттамасы;
4) инвестициялық декларацияға (Қордың (Ұйымның) меншікті активтерін инвестициялау саясатына) сәйкес мәміле жасауға ұсынылатын қорытындының мақсаты
болады.
36.
Ұсынымдар оларды дайындауға негіздеме болған барлық құжаттармен бірге сақталады
.
37.
Қордың (Ұйымның) тәуекелдерді басқаруды жүзеге асыратын бөлімшесі
:
1)
қаржы құралдарымен операциялар бойынша, оның ішінде қаржы құралдары нарығында
("stop-loss") бағалардың күрт ауытқуымен байланысты шамадан тыс шығындарды болдырмау
жөніндегі оперативті рәсімдерді, сондай-ақ тиісті кірістілікті қаржы құралдары бойынша
бағалардың критикалық деңгейлерін белгілейді, ол деңгейлерге жеткеннен кейін
қаржы құралының нарықтық құнының
("take-profit") төмендеу ықтималдығы жоғарылайды. "stop-loss" және "take-profit" лимиттері белсенді нарық жұмыс істейтін
қаржы құралдары үшін, сондай-ақ тізбесін Қордың (Ұйымның) инвестициялық комитеті белгілейтін өзге де құралдары үшін белгіленеді
;
2) з
ейнетақы және (немесе) меншікті активтерді инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын бөлімшемен бірлесіп, қаржы құралдары нарығының ауқымы мен
динамикасы
на және қаржы құралының өтімділігіне сәйкес лимиттерді және
шығындардың жол берілетін барынша жоғары мөлшерін
қайта қарауға бастамашы болады
;
3)
з
ейнетақы және (немесе) меншікті активтерді инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын бөлімше ұсынатын ақпарат негізінде
зейнетақы
активтері және (немесе) меншікті активтер бойынша инвестициялық портфельдің кредиттік, пайыздық, валюталық және қаржыландыру тәуекелдеріне ұшырағыштығы туралы қорытынды дайындайды және осы қорытындыны инвестициялық комитетке ұсынады.
38. Қордың (Ұйымның) тәуекелдерді басқаруды жүзеге асыратын бөлімшесінің осы
Нұсқаулықтың 37-тармағының 3) тармақшасына
сәйкес дайындалған қорытындысында мыналар туралы ақпаратты қоса алғанда, бірақ олармен шектелмей, мынадай мәліметтер болады:
жасалатын мәміленің директорлар кеңесі және инвестициялық комитет белгілеген лимиттердің сақталуына әсері;
жасалатын мәміленің уәкілетті орган белгілеген пруденциалдық нормативтер мәнінің ықтимал өзгерісіне әсері;
осы
қаржы құралын сатып алумен байланысты тәуекелдер
.
39.
Қордың директорлар кеңесі а
налитикалық функцияларды жүзеге асыратын
бөлімшенің ұсынымдары және тәуекелдерді басқаруды жүзеге асыратын бөлімшенің қорытындысы негізінде
:
1)
Қордың (Ұйымның)
з
ейнетақы және (немесе) меншікті активтерін инвестициялаудың басым бағыттарын белгілейді
;
2) з
ейнетақы және (немесе) меншікті активтер есебінен инвестициялаудың мынадай лимиттерін белгілейді
және жылына кем дегенде бір рет қайта қарайды:
қаржы құралдарының түрлері бойынша инвестициялау лимиттері
;
белгілі бір мемлекеттің резиденті болып табылатын ("елге лимит") эмитенттердің
қаржы құралдарына инвестициялау лимиттері
;
ашық валюталық позициялар
бойынша лимиттер
және валюталық нетто-позиция лимиті;
негізгі қызмет түрі экономиканың белгілі бір секторымен байланысты эмитенттердің
қаржы құралдарына инвестициялау лимиттері
;
инвестициялық
портфель
бойынша
шығындардың жиынтық жол берілетін барынша жоғары мөлшері;
қаржы құралдары үшін
"stop-loss"
лимиттері
;
қаржы құралдары үшін
"take-profit"
лимиттері
.
40.
Ұйымның директорлар кеңесі а
налитикалық функцияларды жүзеге асыратын
бөлімшенің ұсынымдары және тәуекелдерді басқаруды жүзеге асыратын бөлімшенің қорытындысы негізінде Ұйымның меншікті активтерін инвестициялаудың басым бағыттарын белгілейді, осы
Нұсқаулықтың 39-тармағының 2) тармақшасында
көрсетілген Ұйымның меншікті активтері есебінен инвестициялау лимиттерін белгілейді
және жылына кем дегенде бір рет қайта қарайды.
41.
Қордың (Ұйымның) инвестициялық комитеті а
налитикалық функцияларды жүзеге асыратын
бөлімшенің ұсынымдары және тәуекелдерді басқаруды жүзеге асыратын бөлімшенің қорытындысы негізінде инвестициялық шешімдер қабылдайды,
тоқсанда кем дегенде бір рет:
1)
Қордың (Қордың
з
ейнетақы және (немесе) меншікті активтеріне қатысты) немесе Ұйымның (Ұйымның меншікті активтеріне қатысты) директорлар кеңесі бекіткен лимиттер шегінде қаржы құралдарымен операциялар бойынша мынадай лимиттерді:
қаржы құралдары
номинирленген валюталар бойынша
инвестициялау лимиттерін
;
бір эмитенттің
қаржы құралдарына инвестициялау мөлшері бойынша, сондай-ақ осы
эмитенттің
қаржы құралдарының түрлері бойынша лимиттерді
;
шығындардың жол берілетін барынша жоғары мөлшерін (елі, валютасы, экономика секторы,
қаржы құралдарының түрлері және
эмитент
бойынша
);
өтімді активтерді жұмылдыру мүмкіндігін ескерумен жоғары өтімді активтер
бойынша
гэп-позицияларға
лимиттерді
;
2) "stop-loss" және "take-profit"
лимиттері белгіленетін қаржы құралдарының
тізбесін
белгілейді
және қайта қарайды.
42. З
ейнетақы активтері және (немесе) меншікті активтер есебінен қалыптастырылған инвестициялық
портфель
бойынша
шығындардың жол берілетін барынша жоғары мөлшерін (елі, валютасы, экономика секторы,
қаржы құралының түрлері, жеке қаржы құралы бойынша және
эмитент
бойынша
)
:
1)
з
ейнетақы және (немесе) меншікті активтерді дербес басқаруды жүзеге асыратын Қор бойынша
шығындардың жиынтық жол берілетін барынша жоғары мөлшері аясында
Қордың тәуекелдерді басқаруды жүзеге асыратын бөлімшесі белгілейді және Қордың инвестициялық комитеті бекітеді;
2) Қордың
з
ейнетақы және (немесе) меншікті активтерін Ұйымға инвестициялық басқаруға табыстаған Қор бойынша
шығындардың жиынтық жол берілетін барынша жоғары мөлшері аясында
Ұйымның тәуекелдерді басқаруды жүзеге асыратын бөлімшесі белгілейді және Ұйымның инвестициялық комитеті бекітеді.
43.
З
ейнетақы активтері есебінен қалыптастырылған инвестициялық
портфель
бойынша
шығындардың жиынтық жол берілетін барынша жоғары мөлшері
мынадай формула бойынша анықталады:
ШЖБЖМ жиын 3Абойынша <= 3А болжам. *(К2 болжам. -120%*(К2 болжам. жүйе бойынша -30%)), мұнда:
ШЖБЖМ
жиын 3Абойынша
– есептеу күнінде зейнетақы активтері бойынша
шығындардың жиынтық жол берілетін барынша жоғары мөлшері
;
3А
болжам
– келесі есепті кезеңнің соңындағы жағдай бойынша зейнетақы активтері мөлшерінің болжам мәні;
К2
болжам.
- келесі есепті кезеңнің соңындағы 60 ай ішінде Қордың К2 мөлшерінің болжам мәні;
К2
болжам. жүйе бойынша
– келесі есепті кезеңнің соңындағы 60 ай ішінде бүкіл жинақтаушы зейнетақы жүйесі бойынша К2 орташа мөлшерленген мөлшерінің болжам мәні;
К2
болжам. жүйе бойынша
-30% - К2 болжам мәні, бұл кезде Қордың нақты өтеуі басталады.
44. Қордың (Ұйымның) меншікті активтері есебінен қалыптастырылған инвестициялық
портфель
бойынша
шығындардың жиынтық жол берілетін барынша жоғары мөлшері
мынадай формула бойынша анықталады:
ШЖБЖМ жиын МА <= 80%* (МК болжам. - МК норматив. ), мұнда:
ШЖБЖМ
жиын МА
- Қордың (Ұйымның) меншікті активтері есебінен қалыптастырылған инвестициялық
портфель
бойынша
шығындардың жиынтық жол берілетін барынша жоғары мөлшері
;
МК
болжам
– келесі есепті кезеңнің соңындағы жағдай бойынша Қордың (Ұйымның) меншікті капиталы мөлшерінің болжам мәні;
МК
болжам
= ӨА
болжам
– М
болжам
;
ӨА
болжам
– өтімді активтер мөлшерінің болжам мәні;
М
болжам
– міндеттемелер мөлшерінің болжам мәні;
МК
норматив
= ВПА * 0.04 мұнда:
МЗА – соңғы есепті күндегі тәуекел дәрежесі бойынша мөлшерленген зейнетақы активтері;
МК
норматив
– меншікті капитал жеткіліктілігі жөніндегі барынша төмен талап орындалатын меншікті капиталдың есептелетін мөлшері.
45.
Қордың (Ұйымның) зейнетақы активтері немесе меншікті активтері есебінен қалыптастырылған инвестициялық
портфель
бойынша
жиынтық шығындар з
ейнетақы және (немесе) меншікті активтер бойынша
шығындардың жиынтық жол берілетін барынша жоғары мөлшерінен аспауы тиіс.
Қор (Ұйым) н
ақты шығындар шығындардың жиынтық жол берілетін барынша жоғары мөлшерінің мәнінен немесе елі, валютасы, экономика секторы,
қаржы құралының түрлері
эмитент
бойынша
бөлігінде асқан жағдайда талдау жүргізеді және жасалған талдау нәтижелеріне байланысты тиісті түзету шараларын жүзеге асырады не шығындардың жол берілетін барынша жоғары мөлшерінің мәнін қайта қарайды.
6-тарау. Инвестициялық комитеттің қызметін ұйымдастыруға қойылатын талаптар
46. Қордың (Ұйымның) инвестициялық комитеті зейнетақы активтеріне қатысты инвестициялық шешімдер қабылдауды жүзеге асырады, оның құрамына мыналар кіреді:
1) Қордың (Ұйымның) басшы қызметкерлері;
2) Қордың (Ұйымның) тәуекелдерді басқаруды жүзеге асыратын бөлімшесінің басшысы;
3) егер Қор зейнетақы активтерін Ұйымға инвестициялық басқаруға табыстаған жағдайда Қордың өкілі;
4) Қордың (Ұйымның) өзге де қызметкерлері.
47. Қордың не Ұйымның инвестициялық комитеті Қордың меншікті активтері Ұйымға инвестициялық басқаруға табысталған жағдайда Қордың меншікті активтеріне қатысты инвестициялық шешімдер қабылдауды жүзеге асырады.
Ұйымның инвестициялық комитеті Ұйымның меншікті активтеріне қатысты инвестициялық шешімдер қабылдауды жүзеге асырады
.
Қордың (Ұйымның) меншікті активтеріне қатысты инвестициялық шешімдер қабылдайтын инвестициялық комитеттің құрамына
:
1)
Қордың (Ұйымның) басшы қызметкерлері
;
2)
Қордың (Ұйымның) тәуекелдерді басқаруды жүзеге асыратын бөлімшесінің басшысы
;
3) егер
Қордың меншікті активтері Ұйымға инвестициялық басқаруға табысталған жағдайда Қордың өкілі
;
4)
Қордың (Ұйымның)
бас бухгалтері не
Қордың (Ұйымның) есепке алу және жоспарлау
функцияларын жүзеге асыратын бөлімшелерге жетекшілік ететін
басшы қызметкері
;
5)
Қордың (Ұйымның) өзге де қызметкерлері
.
48.
Осы
Нұсқаулықтың 46 және 47-тармақтарында
белгіленген талаптарға сәйкес келетін Қордың (Ұйымның) инвестициялық комитетінің Қордың (Ұйымның) зейнетақы және (немесе) меншікті активтеріне қатысты инвестициялық шешімдер қабылдау жөніндегі
функцияларды қоса атқаруына жол беріледі.
49. И
нвестициялық комитет отырысының өткізілу қорытындылары бойынша міндетті түрде мыналарды көрсетумен хаттама жасалады:
отырыста қаралатын мәселелер тізбесін;
инвестициялық шешімді қабылдау үшін
и
нвестициялық комитетке ұсынылған құжаттар тізбесін;
қаржы құралдарының атауын, сондай-ақ олармен мәмілелер жасау талаптарын көрсетумен осы отырыста қабылданған инвестициялық шешімдердің параметрлерін;
отырыста қаралатын әрбір мәселе бойынша дауыс беру қорытындыларын;
инвестициялық комитет мүшелерінің негіздемелері және күтілетін тиімділігі бар пікірлерін, оның ішінде олардың қабылданған шешіммен келіспеушілігі және ерекше пікір болған жағдайда.
50. Хаттамаға инвестициялық комитеттің отырысқа қатысып отырған барлық мүшелері қол қояды және ол инвестициялық комитет қабылданған шешімдермен бірге сақталады.
51. Қаржы құралдарымен жасалатын бір және сондай-ақ бірнеше мәмілелерге қатысты
инвестициялық шешім қабылдануы мүмкін
.
52.
Қаржы құралдарымен мәміле жасау үшін
инвестициялық шешімде:
1) инвестициялық шешімнің қабылданған күні және нөмірі;
2) инвестициялық шешім қабылдауға негіздеме болған ұсынымның берілген күні және нөмірі;
3) жасалуы тиіс мәміленің түрі;
4) мәміле жасалуы тиіс қаржы құралын сәйкестендіргіш;
5) жасалуы тиіс мәміленің көлемі, бағасы және сомасы (көлемінің, бағасының және сомасының диапазоны);
6) мәміле жасау мерзімдері;
7) мәміле жасау болжанатын нарықтың типіне сілтеме (алғашқы немесе қайтара, ұйымдастырылған немесе ұйымдастырылмаған, халықаралық нарықтар);
8)
көмегі арқылы
мәміле жасау
болжанатын делдалдың (брокердің)
атауы (мұндай бар болған кезде);
9) зейнетақы активтері есебінен мәміле жасау
болжанатын
Қордың атауы (зейнетақы активтері есебінен инвестициялық шешімдер үшін), не инвестициялық шешімнің Қордың (Ұйымның) меншікті активтеріне қатысты қабылданатынына сілтеме;
10) инвестициялық комитет мүшелерінің біреуінде инвестициялық шешімнің қабылдануына (қабылданбауына) қатысты ерекше пікірінің болуына сілтеме
;
11)
инвестициялық шешімді қабылдаған тұлғалардың атқаратын лауазымдарын көрсетумен
қойған қолдары болады.
53.
Хеджирлеу құралдарымен мәміле жасау үшін инвестициялық шешім осы Нұсқаулықтың 52-тармағының 1) – 3), 7) – 11) тармақшаларындағы көрсетілген мәліметтермен қатар мынадай мәліметтерден тұрады
:
1)
хеджирлеу құралын оның түрін, жасалу мерзімін, көлемін, құнын (сыйлықақысын) көрсете отырып, хеджирлеу операциясының жасалуы жоспарланатын нарықты және осы құралдың басқа да сипаттамаларын (талаптарын) жан-жақты сипатталуы;
2)
осы хеджирлеу құралын қолданудан күтілетін нәтижелер
;
3)
хеджирлеу объектісі тәуекелін (базистік активінің) оның түрін (пайыздық, баға, валюталық және тағы басқалар), сондай-ақ оның бағалау әдісін көрсете отырып бағалау;
4)
қажетті деректемелері (ұлттық бірегейлендіру нөмірі, саны, құны, көлемі, валютасы) көрсетілген хеджирлеу объектісі
;
5)
осы операцияны жасау арқылы хеджирлеу объектісі бойынша ықтимал шығындардың (алынбаған кіріс) мөлшерін төмендетуге алып келетінін растайтын есеп айырысу.
54.
Қабылданған инвестициялық шешімді орындау қаржы құралдарымен мәмілелерді жасауды жүзеге асыратын Қорға (Ұйымға), немесе Қормен (Ұйыммен) жасалған шарт негізінде қаржы құралдарымен мәмілелерді жасау бойынша қызмет көрсететін ұйымға беріледі.
7-тарау. Қордың (Ұйымның) инвестициялық қызметі барысында тәуекелдерге мониторинг жүргізуді ұйымдастыруға қойылатын талаптар
55. Тәуекелдерді басқаруды жүзеге асыратын Қордың (Ұйымның) бөлімшесі Қордың (Ұйымның) қызметіне тұрақты мониторинг жүргізуді іске асырады, тұрақты негізде тәуекелдерді бағалауды жүргізеді және тәуекелдердің деңгейін төмендету жөніндегі іс-шараларды әзірлеуге қатысады, атап айтқанда:
1)
тәуекелдерді талдау мен бағалауға қажетті ақпараттарды жинау барысын ұйымдастырады;
2) методологияны әзірлейді және жетілдіреді және тәуекелдерді талдау мен бағалау процесін ұйымдастырады;
3) тәуекелдерді басқару әдістерін, оның ішінде зейнетақы және (немесе) меншікті активтер есебінен сатып алынған қаржы құралдарын хеджирлеу принциптерін әзірлейді;
4) тәуекелдердің деңгейін төмендету жөніндегі іс-шараларды жоспарлайды және ұйымдастырады;
5) тәуекелдерді басқару жөніндегі іс-шаралардың орындалуын бақылайды;
6) талдау жүргізеді:
Қордың (Ұйымның) баланстық есептеріне, сондай-ақ меншікті және (немесе) зейнетақы активтер бойынша кіріс пен шығындарына;
өтімділіктің төмендеуіне, қаржы құралдарына бағаның өзгеруіне;
меншікті және (немесе) зейнетақы активтерінің есебінен құрылған инвестициялық портфельге байланысты тәуекелдер деңгейінің өзгеруіне;
меншікті және (немесе) зейнетақы активтеріне мынадай факторлардың тиімділігі мен өтімділігінің ықпал етуін болжайды:
ел тәуекелі;
валюталық тәуекел;
қаржы құралдарын мерзімінен бұрын өтеу тәуекелі;
эмитент рейтингінің өзгеру тәуекелі;
7) әлеуетті және ықтимал тәуекелдерді ұсынатын ішкі және сыртқы экономикалық факторларды бірегейлендіреді және талдайды, олардың Қордың (Ұйымның) қаржы көрсеткішіне әсерінің деңгейін бағалайды;
8) Қордың (Ұйымның) жауапты бөлімшелерінің тәуекелдерді жүргізілетін операциялардың түрлері бойынша, белгіленген лимиттерді қаржы құралдарының операциялары бойынша, шығындардың жол берілетін барынша жоғары мөлшері, "stop-loss", "take-profit" лимиттерін, гэп-позицияға лимиттерді және уәкілетті орган белгілеген инвестициялық портфельді әртараптандыру бойынша нормаларды үлестіру саясатын орындауын бақылайды.
56. Қордың (Ұйымның) жауапты бөлімшелері инвестициялық қызметтің, инвестициялық портфель бойынша кіріс/шығыстардың нәтижелеріне мониторинг жүргізуді жүзеге асыру мақсатында мынадай іс-әрекеттерді іске асырады:
1) зейнетақы және (немесе) меншікті активтердің есебінен сатып алынған қаржы құралдарын есептеуге жауапты Қордың (Ұйымның) бөлімшелері:
күн сайын зейнетақы және (немесе) меншікті активтердің есебінен инвестициялық қызметтің нәтижесінде алынған кірістер мен шығындарды есептеуді, және де тәуекелдерді басқаруды жүзеге асыратын бөлімшеге тиісті мәліметтерді беруді жүзеге асырады;
қаржы құралының нарықтық құны болмаған жағдайда қаржылық есеп берудің халықаралық стандартына сәйкес қаржы құралының құнсыздануына жүргізілген тестің нәтижелерін қолданады;
2) тәуекелдерді басқаруды жүзеге асыратын бөлімше қаржы құралдары бойынша әділ бағаны анықтау дұрыстығына мониторинг жүргізуді іске асырады.
57. Тәуекелдерді басқаруды жүзеге асыратын бөлімше мыналар арқылы инвестициялық портфельдің өтімділігіне мониторинг жүргізеді:
1) сатып алуға ұсынылатын хеджирлеу құралдарын өтеу мерзімі бойынша қорытынды жасау үшін күн сайынғы активтер мен міндеттемелерді өтеу мерзімдерінің кестесін пайдалану;
2) сыйақы мөлшерлемесінің өзгеруіне сезімтал активтер мен міндеттемелер жөніндегі дюрация көрсеткіштерінің тұрақты мониторингін жүргізу;
3) қаржы құралдарымен операциялар бойынша валюта тәуекелін, өтімділікті жоғалту тәуекелін қадағалау;
4) валюта бағамының өзгерістеріне сезімталдықты анықтау үшін валюта құралдарының құнын бағалау жүргізілетін ашық валюта позицияларына немесе модульдеріне талдау жүргізу;
5) валюта бағамдарының өзгеруін талдау үшін қосалқы жүйелерді пайдалану.
Тәуекелдерді басқаруды жүзеге асыратын бөлімше инвестициялық комитетті динамикадағы валюта тәуекеліне өтімділікті жоғалту тәуекелі жөніндегі позиция бойынша және сатып алу (сату) операцияларының түрлері бойынша хабардар етеді, және де активтер мен міндеттемелерді басқару саясатына сәйкес туынды қаржы құралдарының көмегі арқылы валюта тәуекелін хеджирлеу құралдарын пайдалануды, не белгіленген лимиттердің мөлшерін өзгертуді бастайды.
58. Тәуекелдерді басқаруды жүзеге асыратын бөлімше ақша ағынын және активтер мен міндеттемелерді өтеу мерзімдерін бақылауды мыналар арқылы жүргізеді:
ақша ағыны графигінің және активтер мен міндеттемелерді өтеу мерзімдері графигінің көмегі арқылы қажетті ақшаны бақылау;
VAR моделіне енгізілетін рұқсат етулерді ескере отырып, өтеу мерзімдері бойынша кірістілік деңгейін анықтау;
өтімділіктің гэп-позициясына мониторинг жүргізу.
59. Тәуекелдерді басқаруды жүзеге асыратын бөлімше пайыздық тәуекелдерді бағалауға арналған деректерді жинау мен талдау жүйесіне ие және пайыздық тәуекелдің, пайыздық тәуекелдің негізгі көздерінің (өтеу мерзімдеріндегі ерекшеліктер, заем капиталының нарықтық ставкасы, кіріктірме опциондар) мониторингін жүргізуді жүзеге асырады.
60. Тәуекелдерді басқаруды жүзеге асыратын бөлімше:
1) тәуекел бағасы моделінің және ағымдағы бағаны нарықтық бағаға келтіру негізінде қаржы құралдарының құнын бағалауды жүргізеді, оның ішінде осы Нұсқаулыққа
2-қосымшаның
1-формасына сәйкес баға тәуекелі жөніндегі стресс-тестинг жүргізуді іске асырады;
2) бэк-тестинг өткізеді, атап айтқанда Қор (Ұйым) жөніндегі тарихи деректерді пайдалану және стресс-тестингті жүргізу нәтижесінде есептелген қорытындыларды қаржы құралдарымен жасалынған операциялардың ағымдағы (нақты) нәтижелерінің қорытырдыларымен салыстыру арқылы тәуекелдерді өлшеу рәсімдерінің тиімділігін тексеруді жүзеге асырады;
3) қаржы құралдарымен мәмілелер жасауға қатысты инвестициялық шешімдерді қабылдау кезінде стресс-тестингтер мен бэк-тестингтердің нәтижелерін директорлар кеңесіне және тәуекелді бағалау нәтижелерін және тұрақты стресс-тестингтерді пайдаланатын инвестициялық комитетке береді.
61. Шарт қатынастарын, Қазақстан Республикасының заңнамалық талаптарын және Қордың (Ұйымның) ішкі саясаттарын сақтау мониторингін қамтамасыз ету мынадай іс-әрекеттерді жүргізу арқылы жүзеге асырылады:
1) тәуекелдерді басқаруды жүзеге асыратын бөлімше тұрақты негізде жауапты бөлімшелердің уәкілетті орган белгілеген әртараптандыру нормаларын орындауын, сондай-ақ Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар рыногы және зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңнамасымен белгіленген пруденциалдық нормативтер мәндерінің сақталуын бақылайды;
2) құқықтық қамтамасыз ету қызметін жүзеге асыратын бөлімше:
Қордың (Ұйымның) қызметі шарт қатынастарына, Қазақстан Республикасының заңнамасына, сондай-ақ оның ішінде қаржы құралдарымен операция жүргізуге қатысты Қордың (Ұйымның) ішкі ережелері мен рәсімдеріне қойылатын талаптар сәйкестігіне бақылау жүргізеді;
қызметкерлер құрамын Қордың (Ұйымның) қызметін реттейтін Қазақстан Республикасының заңнамасымен, және де Қордың (Ұйымның) ішкі құжаттарымен тұрақты негізде таныстыруды іске асырады;
Қордың (Ұйымның) қызметін реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін сақтауға байланысты қосымша елеулі тәуекелдердің пайда болу мүмкіндігін бағалауды жүргізеді.
62. Сауда бөлімшесі ұсынатын ақпараттарды қосқанда, зейнетақы және (немесе) меншікті активтер мен тәуекелдерді басқаруды жүзеге асыратын бөлімшелер қарсы әріптестің қаржы есептілігін, құқық белгілеуші құжаттарын, қарсы әріптестің қабылданған міндеттемелерді орындау қабілеттілігіне әсер ететін басқа да мәліметтерді қолдану арқылы тұрақты негізде талдау және мониторинг өткізеді, контрсеріктестердің қызметі туралы жағымсыз мәлімет табылған жағдайда Қордың (Ұйымның) басқармасына және Қордың (Ұйымның) инвестициялық комитетіне есеп дайындайды.
63. Қордың (Ұйымның) зейнетақы және (немесе) меншікті активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын бөлімшесі тұрақты негізде эмитенттің қаржылық жай-күйінің, эмитенттің қаржы құралдарының құнына ықпал ететін ақпараттың пайда болуына немесе олардың өз міндеттемелерін орындау мүмкіндігіне мониторинг жүргізеді. Ақпарат инвестициялық комитетке тоқсанда кем дегенде бір рет беріледі.
8-тарау. Ішкі аудитті және ішкі бақылауды ұйымдастыруға қойылатын талаптар
64. Қорда (Ұйымда) ішкі бақылау жүйесі:
1) Қордың (Ұйымның) активтерін басқарудың тиімділігі мен өтімділігін тексеру және ықтимал шығындарды анықтау арқылы Қор (Ұйым) қызметінің операциялық және қаржы тиімділігін қамтамасыз ету;
2) Қордың (Ұйымның) қаржы есептілігінің дұрыс және сапалы құрылуын тексеру арқылы қаржы және басқару мәліметтерінің сенімділігін, толықтығын және уақтылы жасалуын қамтамасыз ету;
3) Қордың (Ұйымның) Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын, Қордың (Ұйымның) ішкі саясаты мен рәсімдерін анықтайтын құжаттарды сақтауын тексеру арқылы Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын сақтау үшін құрылады.
65. Ішкі бақылау жүйесі өзара байланысқан бес элементтен тұрады:
1) басқарушылық бақылау;
2) тәуекелді анықтау және бағалау;
3) өкілеттіктерді бақылауды және бөлуді жүзеге асыру;
4) ақпарат және өзара іс-әрекет;
5) мониторинг жүргізу және кемшіліктерді түзету.
66. Ішкі бақылау жүйесінің қызмет істеуі мынадай үш кезеңнің үздіксіз кезекпен пайда болу принципі бойынша туындауы тиіс:
1) ішкі бақылау жүйесін (тиімділікті бағалау нәтижелерін ескере отырып) Қордың (Ұйымның) ішкі құжаттарына рәсімдерді қосу жолымен құру;
2) жұмыста Қордың (Ұйымның) ішкі құжаттарымен анықталған ішкі бақылау жүйесінің рәсімдерін пайдалану;
3) ішкі бақылау жүйесінің тиімділігіне бағалау жүргізу.
67. Ішкі бақылау жүйесіне:
1) Қордың (Ұйымның) директорлар кеңесіне және басқармаға қаржылық қызметтің жоспарлы көрсеткіштерін қоса Қордың (Ұйымның) қаржылық қызметінің ағымдағы нәтижелері туралы есептерді беру арқылы қойылған мақсаттар мен міндеттерге қол жеткізуін тексеру
;
2) бөлімше жетекшісінің жоспарлық көрсеткіштерден ауытқушылық бар-жоқтығына жүргізген мониторинг және осындай ауытқушылықтардың себептерін айқындауды қамтитын бөлімше қызметінің нәтижелерін тұрақты бақылауы;
3)
Қордың (Ұйымның) басқарушы қызметкерлерінің Қор (Ұйым) бөлімшелері жетекшілерінің бөлімшелердің жоспарлық көрсеткіштерден ауытқу және жоспарлық көрсеткіштердің орындалмау себептерінен тұратын қызметінің нәтижелері туралы стандартты есептерін тексеруі;
4) Қордың (Ұйымның) барлық операцияларын екі деңгейлі бақылау;
5) Қордың (Ұйымның) материалдық активтеріне қол жетімділікті шектеу;
6) белгіленген лимиттердің сақталуын және анықталған сәйкессіздіктерді жою жөніндегі іс-шаралардың іске асырылуын тексеру;
7) міндетті рұқсат етуді талап ететін операциялар тізбесінің талаптарын белгілеу;
8) операцияларды жасау талаптарын және Қордың (Ұйымның) қызметіне байланысты тәуекелдерді басқару модельдерін қолдану нәтижелерін тексеру;
9) Қордың (Ұйымның) жүргізілген операцияларының есебінде және есептілігінде уақтылы, дұрыс, толық және нақты көрсетілуін тексеру;
10) Қордың (Ұйымның) қызметтерін қылмыстық мақсатта, заңсыз жолмен алынған кірістерді заңдастыру (жылыстау) және лаңкестікті қаржыландыру мақсатында пайдаланудың алдын алу кіреді.
68. Ішкі аудит қызметі директорлар кеңесінің ішкі бақылау жүйесінің бірдей болуын және қызмет істеуін ішкі бақылау жүйесінің жағдайын объективті бағалау мен оларды жетілдіру бойынша ұсынымдарды беру жолымен қамтамасыз ету бойынша функцияларды жүзеге асыру кезінде туындайтын міндеттерді шешу мақсатында құрылады.
Ішкі бақылау жүйесі мен Қордың (Ұйымның) барлық аспектілері бойынша тәуекелдерді бақылау бірдейлігі мен тиімділігін бағалау, Қордың (Ұйымның) ішкі ережелер мен рәсімдерді сақтауын, ішкі және сыртқы аудиторлардың ұсынымдарын, ықпал ету шаралары және уәкілетті органның қаржы нарығында қызметті жүзеге асыруға қатысты белгіленген талаптарының орындалуын бақылау, Қордың (Ұйымның) бөлімшелері мен жұмысшыларының өздеріне жүктелген міндеттер мен тапсырмаларды орындау барысы туралы уақтылы және дұрыс ақпарат беруін, сондай-ақ жұмысты жақсарту жөніндегі пәрменді және тиімді ұсынымдар беруін қамтамасыз ету ішкі аудиттің мақсаты болып табылады.
69. Ішкі аудит қызметінің басшысы мен қызметкерлері Қордың (Ұйымның) директорлар кеңесімен тағайындалады және тексерілетін Қор (Ұйым) бөлімшесінің, сондай-ақ олардың филиалдары мен өкілдіктерінің қызметіне байланысты барлық қажетті, оның ішінде коммерциялық және (немесе) өзге де Қазақстан Республикасы заңдарымен қорғалатын құпияны құрайтын құжаттарға қол жеткізе алады.
70. Ішкі аудит қызметінің басшысы мен қызметкерлері мынадай талаптарға сәйкес келеді:
жоғары білімі бар;
Қордың (Ұйымның) қызметін реттейтін Қазақстан Республикасы заңнамасынан білімі бар;
қаржы қызметтерін көрсету немесе реттеу саласында бір жылдан артық еңбек өтілі (тәжірибесі) бар, сондай-ақ экономикалық қызмет саласында жасалынған қылмысы үшін, сонымен бірге сыбайлас жемқорлығы үшін заңмен белгіленген тәртіпте өтелмеген немесе кешірілмеген сотталғандығы жоқ.
71. Ішкі аудит қызметі лицензияланатын қызмет түрлерін жүзеге асыруға тартылған бөлімшелердің қызметін жарты жылда кем дегенде бір рет мерзімділікпен тексеруді жүзеге асырады.
Қордың (Ұйымның) инвестициялық комитеті, Қордың (Ұйымның) филиалдары мен өкілдіктерінің, сондай-ақ
қызметтің лицензияланатын түрлерін жүзеге асыруға тартылған бөлімшелердің қызметтерін жылына кем дегенде бір рет мерзімділікпен тексеруді ішкі аудит қызметі жүзеге асырады.
Тексерулер жоспары Қордың (Ұйымның) директорлар кеңесімен бекітіледі.
72. Ішкі аудит қызметінің негізгі функциялары: 1) Қордың (Ұйымның) бөлімшелерін, филиалдарын және өкілдіктерін, сонымен қатар инвестициялық комитетін тексеру;
2) директорлар кеңесіне, Қордың (Ұйымның) басқармасына бар кемшіліктер жөніндегі тұжырымдарды тексеру нәтижелері бойынша есептерді және Қордың (Ұйымның) қызметін жақсарту жөніндегі ұсынымдарды дайындау);
3) анықталған тәуекелдер деңгейін төмендетуді немесе бөлімше басшыларының және (немесе) басқару органдарының Қор (Ұйым) үшін анықталған тәуекелдердің жарамдылығы туралы шешімді қабылдауын құжаттауды қамтамасыз ететін Қор (Ұйым) бөлімшелерінің тексеру нәтижелері бойынша Қордың (Ұйымның) бөлімшелері мен органдары қабылдаған шаралардың тиімділігіне бақылау жасауды жүзеге асыру;
4) Қордың (Ұйымның) ішкі және сыртқы аудиттерге ұшыратуы қажет операцияларындағы тәуекелдің саласын анықтау;
5) Қордың (Ұйымның) ішкі бақылауының Қор (Ұйым) басшылығына және сыртқы пайдаланушыларға берілетін қаржы мәліметінің дұрыстығын және дәлдігін қамтамасыз ету аясындағы рәсімдерін бағалау;
6) Қордың (Ұйымның) ішкі құжаттарымен көзделген өзге функциялар болып табылады.
73. Ішкі аудит қызметі жүргізетін тексерулер барысында мынадай мәселелер қаралуы тиіс:
1) ішкі бақылаудың процесстері мен рәсімдерін тексеру, олардың тиімділігін бағалау;
2) тәуекелдерді бағалау методологиясы мен тәуекелдерді басқару рәсімдерін (операцияларды жасаудың әдістерін, бағдарламаларын, ережелерін, тәртіптерін және рәсімдерін) қолдануының және тиімділігінің толықтығын тексеру;
3) деректер базасының тұтастығына және оларды рұқсатсыз қол жеткізуден қорғауға, күтпеген жағдайларда іс-қимыл жоспарларының болуына бақылау жасаумен қатар, автоматтандырылған ақпараттық жүйелердің жұмыс істеуінің тиімділігін тексеру;
4) бухгалтерлік есеп пен есептіліктің шынайылығын, толықтығын, әділдігін және уақтылығын, сондай-ақ ақпарат пен есептілікті жинаудың және берудің сенімділігін және уақтылығын тексеру;
5) Қордың (Ұйымның) Қор (Ұйым) қызметінің лицензияланатын түрінің шеңберінде кез келген мәліметтер мен ақпараттарды беру шынайылығын, толықтығын, әділдігін және уақтылығын тексеру;
6) Қор (Ұйым) мүлкінің сақталуын қамтамасыз ету үшін қолданылатын тәсілдерді (әдістерді) тексеру;
7) Қор (Ұйым) қызметінің лицензияланатын түрінің шеңберінде жасалатын операциялардың барлық түрлерінің мақсатқа лайықтылығын және тиімділігін бағалау;
8) Қазақстан Республикасының заңнама талаптарын сақтау мақсатында құрылған жүйелерді тексеру;
9) Қордың (Ұйымның) қызметкерлерін басқару қызметінің жұмысын бағалау;
10) күнделікті балансты өңдеудің дұрыстығы;
11) есеп саясатының қаржылық есептіліктің халықаралық стандарттарына сәйкес келуі;
12) Қордың (Ұйымның) зейнетақы және (немесе) меншікті активтерімен заңсыз айла-әрекет жасау фактілерінің болуы;
13)
Қордың (Ұйымның) меншікті және зейнетақы активтерінің есебінің дұрыстығы
;
14)
өзге мәселелер.
74. Ішкі аудит жүргізу барысында пайдаланылуға міндетті бағалау жүйесі бағалаудың мынадай нұсқаларын қамтиды:
1) "Маңызды жағдай":
ішкі аудит қорытындысы бойынша ішкі рәсімдердің, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнама талаптарының өрескел бұзушылықтары анықталады;
процесс тұтастығына зиян келтіруі мүмкін жоғары тәуекелді жою жөнінде жедел және тиімді түзету шарасы талап етіледі;
бөлімшелерді қайта құрылымдау талап етілуі мүмкін;
2) "Тәуекелдің орнын жеткіліксіз түрде толтыру":
ішкі аудит қорытындысы бойынша ішкі рәсімдердің, сондай-ақ қолданыстағы заңнама талаптарының бұзушылықтары анықталды;
анықталған бұзушылықтарды ішкі аудит қызметі белгілеген түзету іс-шараларын міндетті орындау арқылы жоюға болады;
3) "Жалпы бақылауда":
нәтижелер әдеттегі іскерлік операциялар барысында жойылуы мүмкін шамалы кемшіліктерді көрсетеді;
кейбір кейінгі түзету іс-шаралары ұсынылады;
4) "Барлық аспектілер бойынша жақсы":
тәуекел мен орнын толтыру арасындағы дұрыс тепе-теңдік;
нәтижелер тек шамалы кемшіліктерді немесе олардың толық жоқтығын көрсетеді;
шамалы түзету іс-шаралары талап етіледі немесе мүлдем талап етілмейді.
75. Директорлар кеңесі мен Қор (Ұйым) басқармасы ішкі аудит қызметінің есептерін талдайды және ішкі аудит қызметінің Қордың (Ұйымның) кейінгі қызметінде анықталған бұзушылықтарға жол бермеу жөніндегі шараларды қабылдайды.
Нұсқаулықтың осы тармағының бірінші абзацында көрсетілген шаралар Қордың (Ұйымның) директорлар кеңесі және басқармасының шешімі (қаулысы) түрінде рәсімделеді.
76. Қор (Ұйым) басқармасы ішкі аудит қызметінің ұсынымдарды орындауына жедел бақылау жасауды жүзеге асырады және Қордың (Ұйымның) директорлар кеңесінің алдында осындай бақылау нәтижелері туралы есеп береді.
77. Қордың (Ұйымның) ішкі аудит қызметінің есептері уәкілетті органға оның сұратуы бойынша беріледі.
9-тарау. Ақпараттық алмасу жүйесін ұйымдастыруға қойылатын талаптар
78. Қордың (Ұйымның) директорлар кеңесі өз функцияларын жүзеге асыру үшін:
1) Қордың (Ұйымның) зейнетақы және (немесе) меншікті активтермен инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын бөлімшелерінен:
тоқсан сайынғы негізде - Қордың (Ұйымның) инвестициялық қызметтін жүзеге асыру кезінде пайдаланылатын ақпараттың талдау нәтижесі туралы жиынтық есеп;
жарты жыл ішінде бір реттен кем емес – қабылданған инвестициялық шешімдер туралы есеп алады;
2) тәуекелдерді басқаруды жүзеге асыратын Қордың (Ұйымның) бөлімшелерінен:
белгіленген лимиттерді және шығындардың жол берілетін барынша жоғары мөлшерін сақтау (пайдалану) туралы ақпаратты – осы Нұқсаулыққа
3-қосымшаға
сәйкес тоқсан сайынғы негізде;
осы Нұқсаулыққа
2-қосымшаға
сәйкес стресс-тентинг және бэк-тестинг қорытындыларын - әр екі ай сайын;
3) Қордың (Ұйымның) бухгалтерлік есепті жүзеге асыратын бөлімшелерінен - өткен есепті кезеңнің осы кезеңмен және жоспарланған қызметтің көрсеткіштерімен салыстырып, Қордың (Ұйымның) ағымдағы қаржылық-шаруашылық қорытындылары туралы есепті – тоқсан сайынғы негізде алады
;
4) ішкі аудит қызметінен - Қордың (Ұйымның) қызметін жақсарту бойынша бар кемшіліктер мен ұсынымдар туралы тұжырымы бар тексерулер нәтижелері бойынша есептер – есептерді дайындау шамасына қарай;
5) Қордың (Ұйымның) басқармасынан - Қордың (Ұйымның) қызметін жақсарту бойынша ішкі аудит қызметінің ұсынымдарын орындауына бақылау жүргізуді жүзеге асыру қорытындылары туралы есепті тоқсан сайынғы негізде алады.
Директорлар кеңесіне берілетін ақпарат директорлар кеңесінің отырыс тізіміне қосылады немесе директорлар кеңесінің мүшелеріне Қордың (Ұйымның) бірінші басшысының немесе оның орын алмастыратын тұлғаның қолымен және Қордың (Ұйымның) мөрімен куәландырылған ілеспе хатпен жіберіледі.
79. Қордың (Ұйымның) басқармасы өз функцияларын жүзеге асыру үшін:
1) Қордың (Ұйымның) аналитикалық қызметтерді жүзеге асыратын бөлімшелерінен - Қордың (Ұйымның) меншікті активтерінің есебінен Қордың (Ұйымның) инвестициялық қызметін жүзеге асыру кезінде пайдаланатын ақпараттың талдау қорытындысы туралы жиынтық есепті – тоқсан сайынғы негізде;
2) Қордың (Ұйымның) тәуекелдерді басқаруды жүзеге асыратын бөлімшелерінен - Қордың (Ұйымның) меншікті активтерінің есебінен Қордың (Ұйымның) инвестициялық қызметін жүзеге асыру кезінде белгіленген лимитерді және шығындардың жол берілетін барынша жоғары мөлшерін сақтау (пайдалану) туралы ақпаратты – осы Нұсқаулықтың
3-қосымшасына
сәйкес тоқсан сайынғы негізде;
3) Қордың (Ұйымның) бухгалтерлік есепті жүзеге асыратын бөлімшелерінен - өткен есепті кезеңнің осы кезеңмен және жоспарланған қызметтің көрсеткіштерімен салыстырып, Қордың (Ұйымның) ағымдағы қаржылық-шаруашылық қорытындылары туралы есепті – тоқсан сайынғы негізде;
4) Қордың (Ұйымның) кірістерін (шығыстарын) - аумақтық және қызметтік бөлімшелеріне қызмет түрлері бойынша динамиканы қоса, қаржы көрсеткішінің жоспарлы қосымшасымен Қордың (Ұйымның) кірістері (шығыстары) туралы ай сайынғы есептерін – тоқсан сайынғы негізде;
5) ішкі аудит қызметінен - Қордың (Ұйымның) қызметтін жақсарту бойынша бар кемшіліктер мен ұсынымдар туралы тұжырымы бар тексерулер нәтижелері бойынша есептерді – есептерді дайындау шегі бойынша;
6) зейнетақы және (немесе) меншікті активтермен инвестициялық басқаруды және тәуекелдерді басқаруды жүзеге асыратын ұйымдардан - қарсы әріптестердің қызметі туралы жағымсыз ақпаратты табу туралы есепті - қарсы әріптестердің қызметі туралы жағымсыз ақпаратты табу шегі бойынша алады;
7) Қордың (Ұйымның) ақпараттық қамтамасыз ету бөлімшесінен тоқсанда бір рет мынадай ақпараттарды алады:
аппараттық-бағдарламалық техникалық кешендердің жағдайы;
есепті кезең ішінде анықталған техникалық проблемалар;
Қордың (Ұйымның) ішкі рәсімдеріне анықталған сәйкессіздіктер;
проблемалар мен сәйкессіздіктердің қайталап туындауын жою және болдырмау үшін қабылданған шаралар;
8) Қордың (Ұйымның) инвестициялық қызметті және тәуекелдерді басқаруды жүзеге асыратын бөлімшелерінен – инвестициялаудың белгіленген лимиттерін бөлімшелермен не қызметкерлермен бұзуы туралы ақпарат;
9) Қордың (Ұйымның) барлық бөлімшелерінен:
бөлімшелердің не қызметкерлердің белгіленген Қазақстан Республикасының заңнама талаптарын және Қордың (Ұйымның) ішкі құжаттарын бұзуы туралы ақпаратты – ақпараттың туындау шегі бойынша; анықталған бұзушылықтарды жою бойынша бұзушылықтарды өз бетімен анықтау және қолданған шаралар туралы есептер;
10) Қордың (Ұйымның) зейнетақы және (немесе) меншікті активтерімен инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын бөлімшеден – қабылданған инвестициялық шешімдер туралы есепті – жылында кем дегенде бір рет алады;
80. Қордың (Ұйымның) инвестициялық комитеті өз функцияларын жүзеге асыру үшін:
1) зейнетақы және (немесе) меншікті активтермен инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын бөлімшеден:
туындайтын геосаясаттық жағдайдан, инвестициялау валютасы мен экономика секторынан тәуелді инвестициялау нарығын тарту деңгейі бойынша мароэкономикалық талдауды – тоқсанда кем дегенде бір рет;
эмитенттерді және олардың шығарған (берілген) қаржы құралдарын, эмитенттің қаржы жағдайын, оның активтері құнының одан әрі өсу әлеуетін талдауды, қабылданған міндеттемелер, осы эмитентті қаржы құралдарына инвестициялаумен байланысты тәуекелдер бойынша жауап беру мүмкіндігін қосқанда – тоқсанда кем дегенде бір рет;
портфельдің құрылымы, кірістіліктің өзгеру динамикасы, шығындылық позицияларын талдау және портфельдің құрылымын оңтайландыру бойынша ұсынымдар туралы мәліметтерді қамтитын инвестициялық портфельдің талдауын - тоқсанда кем дегенде бір рет;
салымшының жынысы, жасы, саны және салымшылардың санаттары бойынша бөлу арқылы зейнетақы төлемдерінің сомасы туралы ақпаратты қамтитын салымшылар құрылымының талдауын, оның ішінде - тоқсанда кем дегенде бір рет;
зейнетақы жарналары мен төлемдерінің, сондай-ақ Қор міндеттемелерінің құрылымы оларды іске асыру мерзімдері бойынша болжам жасалынған талдауды - тоқсанда кем дегенде бір рет;
өтімді активтерді жұмылдыру мүмкіндігінің өзгеруін, оның ішінде міндеттемелерді шетел валютасында өтеу үшін қажетті өтімді активтерді шетел валютасында қалыптастыру мүмкіндігінің мониторингін ескере отырып, қолма-қол ақшалардың гэп-позициялары бойынша лимиттерді шолу оның ішінде гэп-талдауды – күн сайынғы негізде;
қарсы әріптестердің қызметі туралы жағымсыз ақпаратты анықтау туралы есепті - қарсы әріптестердің қызметі туралы жағымсыз ақпаратты анықтау шегі бойынша;
эмитенттің қаржылық жағдайының мониторингі, сондай-ақ эмитенттің қаржылық жағдайының құнына немесе олардың өз міндеттемелерін орындау мүмкіндігіне әсер ететін ақпараттың пайда болуы туралы есептерді - тоқсанда кем дегенде бір рет;
2) аналитикалық
функцияларды
жүзеге асыратын бөлімшелерден – ұсынымдарды, және де тәуекелдерді басқаруды жүзеге асыратын бөлімшелерден – қаржы құралдарымен жасалынған операциялар бойынша мынадай лимиттерді орнату/қайта қарау бойынша қорытындыларды:
инвестициялық портфель бойынша (Қордың (Ұйымның) зейнетақы активтерінің немесе меншікті активтерінің есебінен) шығындардың жиынтық жол берілетін барынша жоғары мөлшері шегінде анықталатын шығындардың жол берілетін барынша жоғары мөлшері (ел, валюта, экономика секторы, қаржы құралының түрлері бойынша) –
тоқсанда кем дегенде бір рет
;
бір эмитентті қаржы құралдарына инвестициялау көлемі бойынша, сондай-ақ осы эмитенттің қаржы құралдары түрлері бойынша лимиттерді, осы эмитентті қаржы құралдарына инвестициялаумен байланысты тәуекелдерді көрсетіп және бұл тәуекелдердің уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерімен белгіленген пруденциалды нормативтердің мағынасына ықпалын, директорлар кеңесімен бекітілген қаржы құралдарымен операцияларды жасауға бөлінген лимиттер шегінде, сондай-ақ, уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерімен белгіленген лимиттерді -
тоқсанда кем дегенде бір рет
;
"stop – loss" және "take - profit" лимиттері -
айына кем дегенде бір рет
;
өтімді активтерді жұмылдыру мүмкіндігін ескере отырып, жоғары өтімді активтер бойынша гэп-позицияларға лиммиттер -
аптасына кем дегенде бір рет
;
3) Қордың (Ұйымның) тәуекелдерді басқаруды жүзеге асыратын бөлімшелерінен:
белгіленген лимиттерді және шығындардың жол берілетін барынша жоғары мөлшерлерін сақтау (орындау) туралы ақпаратты – осы Нұсқаулыққа
3-қосымшаға
сәйкес апта сайынғы негізде;
зейнетақы активтері және (немесе) меншікті активтер бойынша инвестициялық портфельдің өтімділігін жоғалту тәуекелі бойынша кредиттік, пайыздық, валюталық, қор тәуекелдері туралы қорытынды – ай сайынғы негізде;
осы Нұсқаулыққа
2-қосымшаға
сәйкес стресс-тестинг және бэк-тестинг нәтижелері – әрбір екі ай сайын;
қарсы әріптестердің қызметтері туралы жағымсыз ақпараттың табылуы туралы есеп – қарсы әріптестердің қызметтері туралы жағымсыз ақпараттың табылу шамасы бойынша.
4) қаржы құралдарымен мәмілелерді жасауды жүзеге асыратын бөлімшелерден – инвестициялық шешімдерді орындау туралы ақпаратты – апта сайынғы негізде.
81. Ішкі аудит қызметі Қордың (Ұйымның) барлық бөлімшелерінен, филиалдарынан, өкілдіктерінен, инвестициялық комитетінен және қызметкерлерінен өз қызметтерін ішкі аудит қызметінің сұратуларында көрсетілген мерзімде жүзеге асыруға қажетті кез келген құжат және ақпарат алады.
82.
Қордың (Ұйымның)
тәуекелдерді басқаруды жүзеге асыратын
бөлімшелері өз
функцияларын
іске асыру үшін Қордың (Ұйымның) барлық бөлімшелерінен және қызметкерлерінен өз қызметтерін тәуекелдерді басқаруды жүзеге асыратын бөлімшелердің сұратуларында көрсетілген мерзімде іске асыруға қажетті құжаттар мен ақпаратты алады, сондай-ақ
тұрақты негізде:
1) инвестиция портфелі құрылымын талдауға жауапты бөлімшеден:
белгіленген лимиттерді және шығындардың жол берілетін барынша жоғары мөлшерін сақтау (қолдану) туралы ақпаратты – осы Нұсқаулыққа
3-қосымшаға
сәйкес күн сайынғы негізде;
портфель құрылымы туралы ақпаратты – күн сайынғы негізде алады;
2) Қордың (Ұйымның) зейнетақы және (немесе) меншікті активтерді инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын бөлімшесінен:
Қордың (Ұйымның) инвестициялық қызметті жүзеге асыруы кезінде пайдаланылатын ақпараттың талдау қорытындылары туралы жиынтық есеп - тоқсанда кем дегенде бір рет;
инвестициялық портфельдің зейнетақы және (немесе) меншікті активтер бойынша кредиттік, пайыздық, валюталық және қаржы тәуекелдеріне ұшырауы туралы қорытындыны дайындауға қажетті мәліметтер;
3) Қордың (Ұйымның) зейнетақы және (немесе) меншікті активтердің есебінен сатып алынған қаржы құралдарын есептеуге жауапты бөлімшелерінен:
тоқсан сайынғы қаржы есептілігін;
зейнетақы және (немесе) меншікті активтердің есебінен инвестициялық қызметтің нәтижесінде алынған кірістер мен шығындарды ай сайынғы есептеу.
83. Қордың (Ұйымның) бөлімшелері арасындағы ақпараттық алмасу Қордың (Ұйымның) ішкі құжаттарына сәйкес жүзеге асырылады.
84. Қор және Қордың өз зейнетақы және (немесе) меншікті активтерін инвестициялық басқаруға берген Ұйым екеуі арасындағы ақпарат алмасуы зейнетақы және (немесе) меншікті активтерді инвестициялық басқару жөніндегі шартқа сәйкес жүзеге асырылады.
10-тарау. Тәуекелдерді басқару жүйелерін қолдау үшін пайдаланылатын бағдарламалық-техникалық қамтамасыз етуге қойылатын талаптар
85. Қордың (Ұйымның) қызметінің мынадай түрлері автоматтандырылуы тиіс:
1) бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілікті жасау;
2) зейнетақы активтерінің есебінен инвестициялық портфельді басқару (қаржы құралдарымен операциялар жүргізу, жүргізілген операциялар бойынша есеп айырысуларды жүзеге асыру, инвестициялау лимиттерін бақылау, ішкі есеп жүйесінің журналдарын жүргізу);
3) тәуекелдерді басқару жүйесінің жұмыс істеуіне қажетті ақпараттарды жинау;
4) нақты уақыт режиміндегі тәуекелдерді бақылау мүмкіндігін қамтамасыз ету арқылы инвестициялық портфель ұшыраған тәуекелдерді басқару.
86. Қордың (Ұйымның) ақпараттық қамтамасыз ету бөлімшесі нақты жүйелік проблемаларды есепке алуды жүргізеді, оларды ескерумен проблемалардың қайталап пайда болуының алдын алу мақсатында мынадай іс-шараларды өткізу арқылы қауіпсіздік шараларын әзірлеу бойынша шұғыл шаралар қолданылады:
1) техникалық проблемаларды есепке алу парағын толтыру және ол бойынша есептілікті жүргізу;
2) проблемалардың туындау себептерін қадағалау, ол туралы ақпараттық жүйенің дайындаушысына хабардар ету және олардың қайтадан туындауын алдын ала ескерту үшін түзету шараларын қабылдау;
3) автоматтандырылған деректер базасының жұмыс істеуін қамтамасыз ететін техникалық кешендерді тоқсанында кем дегенде бір рет тексеру жүргізу;
4) автоматтандырылған деректер базасын басқару терминалдарын пайдаланушыларға мониторинг жасауды және оларды бірегейлендіруді, оның ішінде пайдаланушының қызметтік міндеттеріне олардың сәйкес келу мәніне жүргізілген операциялардың түрлерін және көлемін бақылауды жүзеге асыру.
Жинақтаушы зейнетақы қорларына
және зейнетақы активтерін
инвестициялық басқаруды жүзеге
асыратын ұйымдарға арналған
тәуекелдерді басқару жүйесінің
болуына қойылатын талаптар
туралы нұсқаулыққа 1-қосымша
Тәуекелдерді басқару жүйелеріне қойылатын талаптардың орындалуын бағалау бойынша есеп
"____________________________________"
(ұйымның атауы)
"_____" жыл
N |
Нұсқаулықтың тиісті абзацының, тармақшасының, тармағының нұсқауы |
Талапқа сәйкестігін бағалау |
Анықталған кемшіліктер |
Кемшіліктерді жою бойынша қажетті іс-шаралар, жауапты тұлғалар мен іс-шаралардың орындалу мерзімі |
Жауапты орындаушылар |
1 |
|
|
|
|
|
Тәуекелдерді басқару жүйелеріне қойылатын талаптардың сәйкестігін бағалау: _________
Кестені толтыруға түсініктеме:
Тәуекелдерді басқару жүйелеріне қойылатын талаптардың сәйкестігін бағалау мынадай белгілердің үш балдық жүйесі бойынша жүзеге асыру қажет: талапқа сай, ішінара талапқа сай, талапқа сай емес.
1. "талапқа сай" бағалау ұйымның тәуекелдерді басқару жүйелеріне қойылатын талаптардың белгілерін қандай да бір маңызды кемшіліктерсіз орындауы кезінде шығарылады.
2. "ішінара талапқа сай" бағалау ұйымның тәуекелдерді басқару жүйелеріне қойылатын талаптардың белгілерін қандай да бір елеулі кемшіліктерсіз орындауы кезінде шығарылады.
3. "талапқа сай емес" бағалау ұйыммен тәуекелдерді басқару жүйелеріне қойылатын талаптардың белгілерін орындамаған кезде шығарылады.
4. Егер тәуекелдерді басқару жүйелеріне қойылатын жеке талаптар ұйымға қатысты қолданылмайтын жағдайда, осы белгілерге талаптардың сәйкестігі жүзеге асырылмайды және тиісті жазбамен "қолданылмайды" белгіленеді.
Ұйымның бірінші басшысы (не оның орнындағы тұлға)
____________ _________________
қолы күні
Тәуекелдерді басқаруды жүзеге асыратын ұйымның басшысы
____________ __________________
қолы күні
Ішкі аудит қызметінің басшысы
____________ __________________
қолы күні
Жинақтаушы зейнетақы қорларына
және зейнетақы активтерін
инвестициялық басқаруды жүзеге
асыратын ұйымдарға арналған
тәуекелдерді басқару жүйесінің
болуына қойылатын талаптар
туралы нұсқаулыққа 2-қосымша
1-форма
Баға тәуекелі бойынша стресс-тестинг
Қаржы құралдарының санаты |
Қаржы құралының ағымдағы құны (теңгемен) |
Қаржы құралының ағымдағы құнының төмендеу сценарийі |
Таңдалған сценарий бойынша шығын (теңгемен) |
||||
0%-5% |
5%-10% |
10%-20% |
20%-30% |
30% астам |
|||
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
7 |
8 |
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
Барлығы шығын |
|
1-бағандағы нарықтың бағасы бар қаржы құралдары көрсетіледі. Бұл ретте қаржы құралдары қаржы құралдарының түрлері бойынша және экономика секторы бойынша топтастырылады.
3, 4, 5, 6, 7-бағандардағы
қаржы құралдарының әр санаты бойынша тек бір жорамалданған сценарий таңдалады.
Таңдалған сценарийдің қысқаша негіздемесі:
Қордың (Ұйымның) бірінші басшысы (не оның орнындағы тұлға)
________________ ______________
қолы күні
Баға тәуекелі бойынша стресс-тестинг
Борыштық бағалы қағазды өтеуге дейінгі мерзім |
Қаржы құралының ағымдағы құны |
Купонды сыйақы пайыздық ставкасының төмендеу сценарийі |
Таңдалған сценарий бойынша шығын (теңгемен) |
|||
0%-2% |
2%-4% |
4%-6% |
6% астам |
|||
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
7 |
6 айдан кем емес |
|
|
|
|
|
|
6-12 ай |
|
|
|
|
|
|
12-18 ай |
|
|
|
|
|
|
18-24 ай |
|
|
|
|
|
|
24 айдан аса |
|
|
|
|
|
|
Борыштық бағалы қағазды өтеуге дейінгі мерзім |
|
3, 4, 5, 6-бағандардағы бір санаттың қаржы құралдары бірнеше сценарийлерге ұшырауы мүмкін.
Таңдалған сценарийдің қысқаша негіздемесі:
Қордың (Ұйымның) бірінші басшысы (не оның орнындағы тұлға)
________________ ______________
қолы күні
Валюталық тәуекел бойынша стресс-тестинг
Шетел валютасы |
Осы шетел валютасына номинирленген қаржы құралдарының ағымдағы құны (теңгемен) |
Шетел валютасына қатысты теңгені нығайту сценарийі |
Таңдалған сценарий бойынша шығын (теңгемен) |
|||||
1%-3% |
3%-5% |
5%-7% |
7%-13% |
13%-20% |
20% астам |
|||
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
Барлығы шығын |
|
Таңдалған сценарийдің қысқаша негіздемесі:
Қордың (Ұйымның) бірінші басшысы (не оның орнындағы тұлға)
________________ ______________
қолы күні
Өтімділік тәуекелі бойынша стресс-тестинг
Өтімді активтің атауы |
Активтерден түскен түсімді қоспағанда төлемдер, аударымдар, өсімпұл мен айыппұлдар % |
||||||||
0%-1% |
1%-2% |
2%-3% |
3%-4% |
4%-5% |
5%-6% |
6%-7% |
7%-8% |
8%-10% |
|
Өтімді активтердің жеткіліктілігі |
|
|
|
|
|
|
|
|
|
Қордың (Ұйымның) меншікті активтері бойынша өтімділік тәуекелі бойынша стресс-тестингті жүзеге асыру кезінде Қордың (Ұйымның) өтімді активтерінің тізімі
N 117
қаулымен және
N 118
қаулымен
белгіленген
.
Зейнетақы активтері бойынша өтімділік тәуекелі бойынша стресс-тестингті жүзеге асыру кезінде өтімді активтердің есебіне мыналар енгізіледі:
1) банктердегі инвестициялық және ағымдағы шоттардағы ақшалар;
2) өтеуге дейінгі мерзімі екі жылдан аса Қазақстан Республикасының мемлекеттік бағалы қағаздары;
3) "ВВВ-"-тен төмен емес рейтингі бар шетел мемлекеттерінің мемлекеттік бағалы қағаздары;
4)
"ВВВ-"-тен төмен емес рейтингі бар халықаралық қаржы ұйымдарының бағалы қағаздары
;
5) "Кері РЕПО" операциясы өтеуге дейінгі мерзімі 7 күннен кем Қазақстан Республикасының мемлекеттік бағалы қағаздарының кепілдігімен;
6) тазартылған қымбат металлдар;
7) екінші деңгейдегі банктердегі салымдар;
8) қазақстандық эмитенттерінің акцияларына GDR;
9) "Standard & Poor's" агенттігінің халықаралық шәкілі бойынша "ВВВ-"-тен төмен емес рейтингтік бағасы бар немесе басқа рейтинг агенттіктерінің төмен емес бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингімен шетел эмитенттерінің акцияларына GDR және ADR;
10) "Standard & Poor's" агенттігінің халықаралық шәкілі бойынша "ВВ-"-тен төмен емес рейтингтік бағасы бар немесе басқа рейтинг агенттіктерінің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар Қазақстан Республикасының эмитент-резиденттерінің бағалы қағаздары;
11) "Standard & Poor's" агенттігінің халықаралық шәкілі бойынша "А-"-тен төмен емес рейтингтік бағасы бар немесе басқа рейтинг агенттіктерінің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар Қазақстан Республикасының эмитент-резиденттерінің бағалы қағаздары.
Таңдалған сценарий негіздемесінің қысқаша талдауы:
Қордың (Ұйымның) бірінші басшысы (не оның орнындағы тұлға)
____________ __________________
қолы күні
Ескерту:
Стресс-тестинг Қордың зейнетақы активтері бойынша және Қордың және (немесе) Ұйымның меншікті активтері бойынша жеке жүргізіледі.
Жинақтаушы зейнетақы қорларына
және зейнетақы активтерін
инвестициялық басқаруды жүзеге
асыратын ұйымдарға арналған
тәуекелдерді басқару жүйесінің
болуына қойылатын талаптар
туралы нұсқаулыққа 3-қосымша
Инвестициялаудың белгіленген лимиттерін сақтау (орындау) және зейнетақы және меншікті активтер бойынша шығындардың жол берілетін барынша жоғары мөлшері туралы есеп
"____________________________________"
(ұйымның атауы)
__________________ бастап ____________ дейінгі кезең
Шығындардың жол берілетін барынша жоғары мөлшерінің лимиттері бойынша
Шығынның жол берілетін барынша жоғары мөлшерінің түрі (ШЖБЖМ) |
Жиынтық ШЖБЖМ |
ШЖБЖМ мәні |
|
Белгіленген ШЖБЖМ |
Нақты келітірген шығындар |
||
Ел бойынша |
|
|
|
Валюта бойынша |
|
|
|
Экономика секторы бойынша |
|
|
|
Эмитент бойынша |
|
|
|
Қаржы құралының түрі бойынша |
|
|
|
Барлығы: |
|
|
|
"stop – loss" және "take – profit" лимиттері бойынша
Қаржы құралы |
Белгіленген лимит "stop – loss" |
Белгіленген лимит "take – profit" |
Лимиттен асып түсу жағдайында келтірілген зияндар |
Лимиттен асып түсу жағдайында қолданған шаралар |
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
Барлығы: |
|
|
|
|
Ұйымның бірінші басшысы (не оның орнындағы тұлға)
_____________ _________________
қолы күні
Тәуекелдерді басқаруды жүзеге асыратын ұйымның басшысы
_____________ _________________
қолы күні
Ішкі аудит қызметінің басшысы
_____________ _________________
қолы күні
Ескерту: есеп меншікті және зейнетақы активтері бойынша жеке беріледі.