Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының "Зейнетақы активтерін инвестициялық басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыру ережесін бекіту туралы" 2006 жылғы 27 қазандағы N 225 қаулысына өзгерістер м

Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2009 жылғы 26 қаңтардағы N 17 Қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2009 жылғы 3 наурызда Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 5571 болып енгізілді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2009 жылғы 5 тамыздағы N 189 Қаулысымен

      Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 198-бабына сәйкес
БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қоса беріліп отырған Бюджет кредиттерін тіркеу, есепке алу және мониторингі ережесі бекітілсін.
      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік қарыз алу департаменті осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін және кейіннен оның бұқаралық ақпарат құралдарында жариялануын қамтамасыз етсін.
      3. "Бюджет кредиттерін тіркеу, есепке алу және мониторингі ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2004 жылғы 11 желтоқсандағы N 437 (Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тізілімінде N 3349 тіркелген) бұйрығы күшін жойды деп танылсын.
      4. Осы бұйрық 2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

       Министр                                 Б. Жәмішев

Қазақстан Республикасы 
Қаржы министрінің   
2009 жылғы 26 қаңтардағы
N 30 бұйрығымен бекітілді

Бюджет кредиттерін тіркеу, есепке алу және мониторингі ережесі 1. Жалпы ереже

      1. Осы Бюджет кредиттерін тіркеу, есепке алу және мониторингі ережесі (бұдан әрі - Ереже) бюджет кредиттерін тіркеу, есепке алу және мониторингі, бюджет кредиттерін пайдалану, өтеу және қызмет көрсету, бюджет кредиттерін пайдаланудың тиімділігін бағалауды жүзеге асыру барысы туралы ақпаратты жинау, өңдеу және талдау тәртібін белгілейді.

2.Бюджет кредиттерін тіркеу

      2. Бюджет кредиттерін тіркеуді:
      1) кредит шартына тіркеу нөмірін беру және тіркеу кітабына жазу арқылы республикалық бюджет ақшасының есебінен бюджеттік кредиттер бойынша бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган;
      2) кредит шартына тіркеу нөмірін беру және тіркеу кітабына жазу арқылы жергілікті бюджет ақшасының есебінен бюджеттік кредиттер бойынша жергілікті атқарушы органдар жүзеге асырады.
      3. Осы Ереженің N 1 қосымшасына сәйкес нысан бойынша тіркеу кітабы нөмірленген, бауланған және мынадай:
      1) республикалық бюджет ақшасының есебінен бюджеттік кредиттер бойынша - бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органның құрылымдық бөлімшесі басшысының;
      2) жергілікті бюджет ақшасының есебінен бюджеттік кредиттер бойынша - бюджетті атқару жөніндегі жергілікті уәкілетті орган басшысының мөрімен және қолымен куәландырылған болуы тиіс.
      4. Бюджет кредиттерін қайта құрылымдау немесе кредит шарттарына өзгерістер енгізу кезінде бюджет кредиттерін тіркеу осы Ереженің 2-тармағында көзделген тәртіппен кредит шартына жасалған қосымша келісімдердің негізінде жүзеге асырылады.

3. Бюджет кредиттерін есепке алу

      5. Бюджеттен берілген кредиттерді есепке алу бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган мен республикалық бюджеттен қаражат алушының арасында, жергілікті атқарушы органдар мен тиісті жергілікті бюджет қаражатын алушының арасында кредит шарты талаптарының сақталуын бақылау мақсатында тіркелген кредит шартының негізінде жүргізіледі.
      6. Осы Ереженің Бюджеттен берілген кредиттерді есепке алу N 2 қосымшаға сәйкес қарыз алушылар мен сенімгердің (агенттердің) бөлінісінде кредит шартының негізгі есептік сипаттамалары деректерінің тізілімін жүргізу арқылы жүзеге асырылады.
      7. Кредит көлемдерін есепке алу төлем құжаттарының негізінде жүргізіледі.
      8. Республикалық бюджеттен берілген бюджет кредиттері жасалған кредит шарттарының, республикалық бюджеттен қаражат алушылардың бюджет кредиттерін игеру, өтеу және оларға қызмет көрсету жөніндегі есептілігінің негізінде бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органның есепке алуына жатады.
      Жергілікті бюджеттерден берілген бюджет кредиттері жасалған кредит шарттарының, тиісті жергілікті бюджеттерден қаражат алушылардың бюджет кредиттерін игеру, өтеу және оларға қызмет көрсету жөніндегі есептілігінің негізінде бюджетті атқару жөніндегі жергілікті уәкілетті органның есепке алуына жатады.

4. Бюджет кредиттерінің мониторингі

      9. Бюджет кредиттерінің мониторингін жүргізу мыналарды:
      1) осы Ереженің N 3 қосымшасына сәйкес бюджет кредиттерін пайдалану, өтеу және қызмет көрсету барысы туралы кредиттерді, банк-қарыз алушыларды, түпкілікті қарыз алушыларды, сенімгер (агенттер) және қаржылық агенттіктерді меңгеру жөнінде бюджеттік бағдарламалар әкімшілері беретін ақпаратты жинауды, өңдеуді және талдауды;
      2) бюджет кредиттерінің уақытылы өтелуін және оған қызмет көрсетуді, сондай-ақ мерзімі өткен берешекке өсімді есептеуді және ақы төлеуді бақылауды;
      3) бюджет кредиттері бойынша мерзімі ұзартылған берешекті қадағалауды және есепке алуды;
      4) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі белгілеген шетел валютасына теңгенің ресми бағамын есепке алуды және Қазақстан Республикасы Үкіметінің сыртқы қарыздарын қайта кредиттеу кезінде қарыз алудың құбылмалы мөлшерлемесін өзгертуді есепке алуды;
      5) бюджет кредиттерін басқарудың мақсаттары үшін талдамалы, жоспарлы және болжамды есеп айырысуларын орындауды;
      6) есепті деректер мен есептілікті талдау және салыстыру арқылы бюджет кредиттерін пайдаланудың тиімділігін бағалауды жүзеге асыруды қамтиды.
      10. Бюджет кредиттері мониторингінің нәтижелері бюджет кредиттерін алу, қызмет көрсету мен өтеу және қағаз тасушыдағы да және ақпаратты жинаудың, өңдеудің және сақтаудың электрондық жүйесін пайдалана отырып та ағымдағы кредиторлық берешектің жағдайы туралы есептер, кестелер, диаграммалар түрінде ресімделеді.
      11. Бюджет кредиттері мониторингінің нәтижелері бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жойылған кәсіпорындарға-қарыз алушыларға қойылатын талаптардың тоқтатуын ескере отырып бюджеттік кредиттер бойынша үкіметтік талаптардың сомалары түзетуге жатады.

Бюджет кредиттерін тіркеу,
есепке алу және мониторингі
ережесіне 1 қосымша   

Кредит шарттарын тіркеу кітабы   

Тіркеу
күні

Тіркеу
N

Кредит шартының атауы

Жауапты
орындаушының
аты-жөні,тегі және қолы

1

2

3

4

Бюджет кредиттерін тіркеу,
есепке алу және мониторингі
ережесіне 2 қосымша    

Кредит шартының негізгі есептік сипаттамалары деректерінің тізілімі

Кредит
ті ресімд
еудің N және күні

Банк-қа
рыз алушылар
дың шотына бюджеттік бағдарла
малар әкімшіле
рінің бюджет шоттары
нан кредитті есептеу
күні

Кредиттің мақсаты

Валютасы

Кредит
тің мөлшері

Сыйақы став
касы

Кредитті игеру кезеңі

Кредиттің мерзімі

Кредитті өтеу

1

2

3

4

5

6

7

8

9

 Бюджет кредиттерін тіркеу,
есепке ішу және мониторингі
ережесіне 3 қосымша  

Бюджет кредиттерін пайдалану, ө теу және қ ызмет көрсету барысы
туралы мәліметтер


Бюджет кредитінің
сомасы

Есеп беру
мерзімінің
басына
негізгі
борыштың қалдығы

Есеп беру
мерзіміндебюджет кредитінің меңгерілуі

Есеп беру
мерзімін
де бюджет
кредиті
нің өтелуі

Есеп беру
мерзімінің
соңына
негізгі
борыш тың
қалдығы

Негізгі
борыш
бойынша
мерзімі
өткен
берешек

Қарыз
алушы
(соңғы
қарыз
алушы,
сенім
білдіріл
ген
өкілдер)







1

2

3

4

5

6

7