"Шетелде кадрлар даярлау жөнiндегi республикалық комиссия туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2000 жылғы 12 қазандағы N 470 Жарлығын, "Қазақстан Республикасы Президентінің "Болашақ" халықаралық стипендиясын тағайындау үшін үміткерлерді іріктеу ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 11 маусымдағы N 573 қаулысын іске асыру мақсатында БҰЙЫРАМЫН :
1. Мыналар:
1) Қазақстан Республикасы Президентінің "Болашақ" халықаралық стипендиясын тағайындауға конкурсқа қатысатын үміткерлердің құжаттарын қабылдау және үміткерлерді конкурстық іріктеуден өткізу жөніндегі нұсқаулық (1 қосымша);
2) Үміткерлердің академиялық оқу үшін Қазақстан Республикасы Президентінің "Болашақ" халықаралық стипендиясының конкурсына қатысу үшін сауалнамасының үлгілік нысаны (2 қосымша) ;
3) Үміткерлердің ғылыми тағылымдамадан өтуі үшін Қазақстан Республикасы Президентінің "Болашақ" халықаралық стипендиясын тағайындау конкурсына қатысуға арналған сауалнамасының үлгілік нысаны ( 3 қосымша ) ;
4) Ғылыми тағылымдамадан өту үшін Қазақстан Республикасы Президентінің "Болашақ" халықаралық стипендиясына үміткерлерге арналған жіберуші ұйым (Қазақстан Республикасының мемлекеттік ғылыми ұйымының немесе жоғары оқу орнының) ұсынымының үлгілік нысаны (4-қосымша) ;
5) Ғылыми тағылымдамадан өту үшін Қазақстан Республикасы Президентінің "Болашақ" халықаралық стипендиясына үміткерлерге арналған ғылыми тағылымдамадан өту бағдарламасының жобасына талаптар бекітілсін (5 қосымша).
2 . Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп танылсын (6 қосымша).
3. Дамыту стратегиясы (С. Ырсалиев), жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім (С. Өмірбаев) департаменттері үміткерлердің құжаттарын қарастыру кезінде осы бұйрықты басшылыққа алсын.
4. Дамыту стратегиясы департаменті (С. Ырсалиев):
1) осы бұйрықтың белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін;
2) мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін осы бұйрықты бұқаралық ақпарат құралдарында жарияласын.
5. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау вице-министр К.Н. Шәмшидиноваға жүктелсін.
6. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі .
Министр Ж. Түймебаев
Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
2009 жылғы 19 мамырдағы
N 224 бұйрығымен бекітілген
Қазақстан Республикасы Президентінің "Болашақ" халықаралық стипендиясын тағайындауға конкурсқа қатысатын үміткерлердің құжаттарын қабылдау және үміткерлерді конкурстық іріктеуден өткізу жөніндегі нұсқаулық Жалпы ережелер
1. Осы Нұсқаулық Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 11 маусымдағы N 573 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Президентінің "Болашақ" халықаралық стипендиясын тағайындау үшін үміткерлерді іріктеу ережесіне (бұдан әрі – Ереже) сәйкес Қазақстан Республикасы Президентінің "Болашақ" халықаралық стипендиясына үміткерлердің (бұдан әрі – үміткерлер) құжаттарын қабылдауды және үміткерлердің конкурстық іріктеуді жүргізу тәртібін нақтылайды.
Үміткерлердің құжаттарын қарау
2. Қазақстан Республикасы Президентінің "Болашақ" халықаралық стипендиясын тағайындауға конкурсқа қатысатын үміткерлердің құжаттарын қабылдауды "Халықаралық бағдарламалар орталығы" акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Қоғам) жүзеге асырады.
3. Құжаттарды қабылдау кезінде қабылданған құжаттарды тіркеу журналына және үміткерлердің электрондық базасына тиісті жазба енгізіледі. Үміткерге қабылданған құжаттар тізбесі, парақтар саны мен құжаттарды қабылдау күні көрсетілген қолжазба беріледі.
4. Үміткерлер құжаттарының Ереже талаптарына сәйкес келуін тексеруді Қоғам жүзеге асырады.
5. Үміткердің құжаттары осы Нұсқаулықтың 4-тармағында көрсетілген талаптарға сәйкес келмеген жағдайда:
1) Үміткер электрондық деректер базасына тиісті жазба енгізіле отырып, оның құжаттары қабылданған күннен бастап 15 (он бес) күнтізбелік күннен кешіктірмей үміткерге міндетті жазбаша бас тартылғандығы жөнінде хабарлама беріліп, "Болашақ" халықаралық стипендиясына конкурсқа (бұдан әрі – конкурс) қатысуға жіберілмейді;
2) Үміткер жойылатын сипаттағы сәйкессіздіктерді құжаттар қабылдау мерзімі аяқталғаннан кейін 15 (он бес) күнтізбелік күннен кешіктірмей жояды. Сәйкессіздіктер белгіленген мерзімде жойылған жағдайда, ол конкурсқа қатысуға жіберіледі;
6. Үміткерлердің істерін қарау мен конкурсқа жіберу туралы шешімді Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссияның Жұмыс органы – Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі (бұдан әрі – Жұмыс органы):
1) "Болашақ" халықаралық стипендиясы шеңберінде шетелде оқу үшін мәндес мамандықтар тізбесінде конкурсқа қатысу үшін үміткер ұсынған дипломда көрсетілген мамандықтың атауы болмағанда;
2) Ереженің 8-тармағының 3) тармақшасында, 12-тармағының 2) тармақшасында, 15 және 17-тармақтарында көрсетілген академиялық оқуға тіркелгенін растайтын құжатта көрсетілген мамандық атауы "Болашақ" халықаралық стипендиясын тағайындау үшін басым мамандықтар тізбесінен таңдап алынған мамандық атауына сәйкес келмегенде;
3) Үміткер ұсынған бакалавр/маман/магистр дипломы, немесе ағымдағы үлгерімі туралы анықтама бойынша оқу бағасының жүйесі 1-қосымшадағы Бағалардың баламалығы кестесі бағасының жүйелеріне сәйкес келмегенде;
4) "Болашақ" халықаралық стипендиясы иегерлерін оқыту және ғылыми тағылымдамадан өткізу үшін ұсынылатын шетелдің жетекші жоғары оқу орындары, ғылыми орталықтары мен зертханаларының тізімінде (бұдан әрі – Тізім) шығармашылық, техникалық немесе медициналық мамандықтар бойынша мамандар даярлауды немесе ғылыми тағылымдамадан өтуді жүзеге асыратын мамандандырылған шетелдің жоғары оқу орны болмағанда;
5) Тізімде ғылыми тағылымдамадан өту үшін шетелдің ғылыми орталықтары мен зертханалары болмағанда;
6) Тізімде шетелдің жетекші жоғары оқу орны болмаған жағдайда, бірақ конкурсқа қатысу үшін құжаттар тапсыру сәтінде Times Higher Education – QS World University және Shanghai Jiao Tong University Academic Ranking of World Universities халықаралық рейтингілерінің соңғы жарияланымдарындағы оқу орындарының алғашқы жүздігінде болған жағдайда жеке тәртіппен жүзеге асырады.
7. Үміткер конкурсқа қатысудан бас тартқан жағдайда, құжаттарды қайтаруды тіркеу журналы мен үміткерлердің электрондық деректер базасына жазба енгізіле отырып, үміткердің бас тарту туралы өтініші алынғаннан кейін 3 (үш) күнтізбелік күннен кешіктірмей қайтарылады.
8. Ереженің талаптарына құжаттары сәйкес келетін үміткерлерге конкурсқа қатысуға жіберу туралы шешім қабылданған күннен бастап 15 (он бес) күнтізбелік күн ішінде конкурсқа қатысуға жіберу туралы жазбаша хабарлама жіберіледі.
9. Осы Нұсқаулықтың 6-тармағында көрсетілген Жұмыс органы қарағаннан кейін қарсылық білдірген үміткерлердің құжаттары Қоғамның мұрағатына тапсырылады, немесе құжаттарды қайтаруды тіркеу журналына және үміткерлердің электрондық деректер базасына жазба енгізу арқылы қайтарылады. Үміткерлерге Жұмыс органынан шешім қабылданған күннен бастап 15 (он бес) күнтізбелік күн ішінде жазбаша хабарлама жіберіледі.
10. Жұмыс органымен қайтарылған үміткерлердің құжаттары Қоғамның мұрағатына тапсырылады, немесе құжаттарды қайтаруды тіркеу журналына және үміткерлердің электрондық деректер базасына жазба енгізу арқылы үміткерлерге қайтарылады.
11. Ереженің талаптарына сәйкес келмейтін құжаттар Қоғамның мұрағатына тапсырылады, немесе құжаттарды қайтаруды тіркеу журналына және үміткерлердің электрондық деректер базасына жазба енгізу арқылы үміткерлерге қайтарылады.
Үміткерлерге конкурстық іріктеуді жүргізу
12. Үміткерлерге арналған Конкурстың турлары мен кезеңдері шетелдік және отандық ұйымдардың, Жұмыс органының келісімі бойынша Қоғам бекіткен кестеге сәйкес жүргізіледі.
13. Бірінші тур кезеңдерінің біреуінің қорытындысы бойынша өтпеген үміткерлер Конкурсқа одан әрі қатысуға жіберілмейді.
14. Осы Нұсқаулықтың 13-тармағында көрсетілген үміткерлердің құжаттары Қоғам мұрағатына тапсырылады немесе құжаттарды қайтаруды тіркеу журналына жазба енгізе отырып, үміткерге қайтарылады.
15. Конкурстық іріктеудің бірінші турының нәтижелері Қоғамның ресми веб-сайтында (бұдан әрі – сайт) жарияланады.
16. Конкурстық іріктеудің нәтижелері үміткерлердің электрондық базасына енгізіледі. Шақыртылған, бірақ Конкурстың бірінші тур кезеңдерінің біреуіне келмеген үміткер Конкурсқа одан әрі қатысуға жіберілмейді.
Шет тілін білу деңгейін анықтауға арналған тестілеуді өткізуді
17. Тілдік тестілеуді өткізуді шет тілін білу деңгейін анықтайтын ұйымдар (бұдан әрі – Шет тілі бойынша тестілеу ұйымы) 2-қосымшадағы шет тілін білудің қажетті ең төменгі деңгейіне сәйкес жүзеге асырады.
18. Өткізілетін тілдік тестілеудің түріне сәйкес Қоғам үміткерлердің тізімін қалыптастырады және оны Шет тілі бойынша тестілеу ұйымына жолдайды.
19. Қоғам тілдік тестілеулер өткізілетін орын мен уақытты анықтайды және үміткердің сауалнамасында көрсетілген электрондық пошта арқылы, сондай-ақ сайтта тиісті ақпаратты орналастыру жолымен оны өткізгенге дейінгі 5 (бес) күнтізбелік күннен кешіктірмей үміткерлерге тілдік тестілеу өткізілетін күн мен орны туралы хабарлайды.
20. Шет тілін білу деңгейін анықтау бойынша тестілеуден Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 11 маусымдағы N 573 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Президентінің "Болашақ" халықаралық стипендиясын тағайындау үшін үміткерлерді іріктеу ережесінің 25-тармағында көрсетілген адамдар босатылады.
21. Тілдік тестілеу қорытындылары бойынша Шет тілі бойынша тестілеу ұйымы Қоғамға тестілеудің нәтижелерін ұсынады.
22. Оң нәтижелер алған үміткерлер мемлекеттік тіл бойынша тестілеуге жіберіледі.
Шетелдің жоғары оқу орындарының талаптары бойынша пәндік емтихандарды өткізу
23. Шетелдің жоғары оқу орындарының талаптарына сәйкес шет тілін білу деңгейін анықтау бойынша тестілеудің орнына таңдап алынған оқу мамандығына сәйкес пәндік емтихандар өткізілуі мүмкін.
24. Пәндік емтиханның өткізілуіне 30 (отыз) күнтізбелік күн бұрын құрылатын пәндік емтихандарды өткізуді шетелдің жоғары оқу орындарының (бұдан әрі – шетелдің жоғары оқу орындары) өкілдерінен құрылған Ұжымдық комиссия (бұдан әрі - Комиссия) жүзеге асырады.
25. Қоғам мамандығы және оқу бағдарламасын көрсете отырып, шетелдің жоғары оқу орындарында оқуға үміткерлер тізімін қалыптастырады және оны пәндік емтихандар өткізілетін күнге дейін 20 (жиырма) күнтізбелік күн бұрын Комиссия мүшелеріне жолдайды.
26. Қоғам үміткерлерге пәндік емтихандардың өткізілетін күні мен орны туралы ол өткізілгенге дейін 5 (бес) күнтізбелік күннен кешіктірмей хабарлайды.
27. Пәндік емтихан нәтижелері 2-қосымшадағы пәндік емтихандардың қажетті ең төменгі деңгейі бойынша ең төменгі өту балдарына сәйкес келген үміткерлер мемлекеттік тіл бойынша емтиханға жіберіледі.
Мемлекеттік тілді білу деңгейін анықтауға арналған тестілеуді өткізу
28. Мемлекеттік тіл бойынша тестілеу қызметінің негізгі бағыттарының бірі мемлекеттік тілді білу деңгейін анықтау болып табылатын жеке және заңды тұлғалар (бұдан әрі – Мемлекеттік тілді тестілеуді өткізетін ұйым) 2-қосымшадағы мемлекеттік тілді білудің қажетті ең төменгі деңгейіне сәйкес жүзеге асырады.
29. Қоғам тестілеуден өтуге жіберілген үміткерлердің тізімін қалыптастырады және оны Мемлекеттік тілді тестілеуді өткізетін ұйымға ұсынады.
30. Қоғам мемлекеттік тіл бойынша тестілеуді өткізудің орны мен уақытын белгілейді, үміткерлерге өткізілетін тестілеу туралы үміткердің сауалнамасында көрсетілген электрондық пошта, сондай-ақ тиісті ақпаратты сайтта орналастыру арқылы ол өткізілгенге дейін 5 (бес) күнтізбелік күннен кешіктірмей хабарлайды.
31. Тілдік тестілеу қорытындылары бойынша Мемлекеттік тілді тестілеуді өткізетін ұйымы Қоғамға тестілеу нәтижелерін ұсынады.
32. Мемлекеттік тіл бойынша тестілеуден оң нәтиже алған үміткерлер психологиялық тестілеуге жіберіледі.
Үміткерлердің шетелде оқуға және тұруға қабілеттерінің психологиялық диагностикасын өткізу
33. Үміткерлерді психологиялық тестілеуді қызметінің негізгі бағыттарының бірі психологиялық тестілеуді өткізу болып табылатын жеке немесе заңды тұлға (бұдан әрі – Психологиялық тестілеуді өткізетін ұйым) жүзеге асырады.
34. Психологиялық диагностика үміткерлердің шетелде оқуға және тұруға психологиялық дайындық деңгейін анықтау мақсатында тестілеу арқылы өткізіледі.
35. Қоғам психологиялық тестілеуден өтуге жіберілген үміткерлердің тізімін қалыптастырады, үміткерлерге кодтар белгілейді және оны психологиялық тестілеуді өткізетін ұйымға психологиялық тестілеу өткізуге дейін 1 (бір) күн бұрын ұсынады.
36. Қоғам психологиялық тестілеу жүргізетін орын мен уақытты белгілейді, үміткердің сауалнамасында көрсетілген электрондық пошта, сондай-ақ тиісті ақпаратты сайтта орналастыру арқылы ол өткізілгенге дейін 5 (бес) күнтізбелік күннен кешіктірмей үміткерлерге өткізілетін тестілеу туралы хабарлайды.
37. Психологиялық тестілеуді өткізгеннен кейін Психологиялық тестілеуді өткізетін ұйым әр үміткерге ұсыныспен дербес қорытындылар дайындайды және оны Қоғамға ұсынады.
38. Дербес қорытындылар үміткердің психологиялық диагностикасының нәтижелерін, ақыл-ойының даму деңгейін, коммуникативтік, эмоциялық-еріктік қасиеттерін анықтауды қамтиды.
39. Психологиялық тестілеуді өткізетін тұлға шетелде оқуға және тұруға ұсынған үміткерлер Тәуелсіз сараптама комиссия (бұдан әрі – ТСК) мүшелерімен жеке әңгімелесуге жіберіледі.
Үміткерлердің тәуелсіз сараптама комиссиясының мүшелерімен жеке әңгімелесуін жүргізу және Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссия отырысында материалдардың қаралуы
40. Үміткерлермен жеке әңгімелесуді ТСК мүшелері үміткердің кәсіби дайындық деңгейін, Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан тарихын, мемлекеттік рәміздерді білуін, сондай-ақ үміткердің оқудың және ғылыми тағылымдаманың таңдалған бағыты бойынша дайындығын анықтау үшін жүргізеді.
41. Қоғам жеке әңгімелесуге жіберілетін үміткерлердің тізімін қалыптастырады, үміткердің сауалнамасында көрсетілген электрондық пошта, сондай-ақ тиісті ақпаратты сайтта орналастыру арқылы ол өткізілгенге дейін 5 (бес) күнтізбелік күннен кешіктірмей үміткерлерге өткізілетін жеке әңгімелесу туралы хабарлайды және ТСК отырысына материалдар дайындайды.
42. Әрбір ТСК мүшесі үміткердің сұрақтарға берілген жауаптарын ескере отырып, қойылған сұрақтардың әрбір блогы бойынша 3-қосымшадағы жеке әңгімелесу парағына сәйкес бағалар қояды.
43. Қоғам Конкурстың екінші турының қорытындылары бойынша үміткерлердің материалдарын жинақтап, Жұмыс органына ұсынады.
44. Жұмыс органы үміткерлердің материалдарын Республикалық комиссия отырысына енгізеді.
45. Қоғам конкурс жеңімпаздарының тізімін Қоғам Республикалық комиссия отырысының хаттамасын алған күннен бастап 10 (он) жұмыс күнінен кешіктірмей бұқаралық ақпарат құралдарында жариялайды.
Қазақстан Республикасы Президентінің
"Болашақ" халықаралық стипендиясын
тағайындауға конкурсқа қатысатын
үміткерлердің құжаттарын қабылдау
және үміткерлерді конкурстық
іріктеуден өткізу жөніндегі
нұсқаулықтың 1-қосымшасы
Қазақстан Республикасы Президентінің "Болашақ" халықаралық стипендиясын тағайындау үшін бағалар баламалығының кестесі
Дәстүрлі жүйе бойынша баға | Несиелік жүйе бойынша баға | ||
---|---|---|---|
Бағаның сандық баламалығы | Бағаның әріптік баламалығы | %-дық мазмұны | |
Өте жақсы |
4,0 (4,33) |
A (А+) |
95-100 |
3,67 |
A- |
90-94 |
|
Жақсы |
3,33 |
B+ |
85-89 |
3,0 |
B |
80-84 |
|
2,67 |
B- |
75-79 |
|
Қанағаттанарлық |
2,33 |
C+ |
70-74 |
2,0 |
C |
65-69 |
|
1,67 |
C- |
60-64 |
|
1,33 |
D+ |
55-59 |
|
1,0 |
D |
50-54 |
|
Қанағаттанарлықсыз |
0 |
F |
0-49 |
Осы Бағалар баламалығының кестесіне сәйкес дәстүрлі жүйе бойынша 4,5 балы несиелік жүйе бойынша 3,37 балына сәйкес келеді.
Ескерту: осы тізімге кірмеген орташа бал баламалығын жеке тәртіппен Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі қарастырады.
Қазақстан Республикасы
Президентінің «Болашақ»
халықаралық стипендиясын
тағайындауға конкурсқа
қатысатын үміткерлердің
құжаттарын қабылдау және
үміткерлерді конкурстық
іріктеуден өткізу жөніндегі
нұсқаулықтың 2-қосымшасы
Ескерту. 2-қосымша жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2009.12.24 № 589 бұйрығымен.
Қазақстан Республикасы Президентінің "Болашақ" халықаралық стипендиясын тағайындауға үміткерлер үшін мемлекеттік және шетел тілдерін білуінің ең төменгі деңгейі
Мемлекеттік тілді білуінің қажетті ең төменгі деңгейі:
Тест блоктары |
Тест тапсырмаларының жалпы саны |
Жеткілікті болып табылатын дұрыс жауаптар саны |
Проценттік қатынасы |
Тыңдалым |
150 |
70 |
47% |
Лексико-грамматикалық |
|||
Оқылым |
Шет тілін білудің қажетті ең төменгі деңгейі |
|||||||
1 |
Австралия |
Ғылыми тағылымдамалар |
Ағылшын |
IELTS: 9.0-дан 3.0 |
- |
||
Техникалық, медициналық мамандықтар |
Бакалавриат |
IELTS: 9.0-дан 3.0 |
IELTS: 9.0-ден 6.0 |
||||
Магистратура |
IELTS: 9.0-ден 3.0 |
IELTS: 9.0-дан 6.5 |
|||||
Гуманитарлық мамандықтар |
Магистратура |
IELTS: 9.0-ден 3.0 |
IELTS: 9.0-дан 7.0 |
||||
2 |
Австрия |
Ғылыми тағылымдамалар |
Неміс/Ағылшын |
IELTS: 9.0-дан 3.0 |
- |
Ағылшын тілі бойынша тілдік курстардан өту ағылшын тілі ресми тіл болып табылатын елдерде жүзеге асырылады. |
|
Техникалық, медициналық мамандықтар |
Бакалавриат |
Неміс |
Start Deutsch 1 Гете Институты |
Goethe-Zertifikat С1 |
|||
Магистратура |
Неміс/Ағылшын |
IELTS: 9.0-дан 3.0 |
IELTS: 9.0-дан 6.5 |
||||
Гуманитарлық мамандықтар |
Магистратура |
IELTS: 9.0-дан 3.0 |
IELTS: 9.0-дан 6.5 |
||||
3 |
Бельгия |
Ғылыми тағылымдамалар |
Ағылшын/Француз |
IELTS: 9.0-ден 3.0 |
- |
||
4 |
Ұлыбритания |
Ғылыми тағылымдамалар |
Ағылшын |
IELTS: 9.0-дан 3.0 |
- |
||
Техникалық, медициналық мамандықтар |
Бакалавриат |
IELTS: 9.0-ден 3.0 |
IELTS: 9.0-дан 6.5 |
||||
Магистратура |
IELTS: 9.0-ден 3.0 |
IELTS: 9.0-дан 6.5 |
|||||
Гуманитарлық мамандықтар |
Бакалавриат |
IELTS: |
IELTS: 9.0-дан 6.5 |
||||
Магистратура |
IELTS: 9.0-ден 3.0 |
IELTS: 9.0-дан 7.0 |
|||||
5 |
Германия |
Ғылыми тағылымдамалар |
Неміс/Ағылшын |
IELTS: 9.0-дан 3.0 |
- |
Ағылшын тілі бойынша тілдік курстардан өту ағылшын тілі ресми тіл болып табылатын елдерде жүзеге асырылады. |
|
Техникалық, медициналық мамандықтар |
Бакалавриат |
Неміс |
10-нан 6.5 (Тест DAAD) |
Test-DaF 4 |
|||
Магистратура |
Неміс/Ағылшын |
IELTS: 9.0-дан 3.0 |
IELTS: 9.0-дан 6.5 |
||||
Гуманитарлық мамандықтар |
Бакалавриат |
Неміс |
10-нан 6.5 (Тест DAAD) |
Test-DaF 4 |
|||
Магистратура |
Неміс/Ағылшын |
IELTS: 9.0-дан 3.0 |
IELTS: 9.0-дан 6.5 |
||||
6 |
Израиль |
Ғылыми тағылымдамалар |
Ағылшын |
IELTS: 9.0-ден 3.0 |
- |
"Амир" психометриялық тесті (Израиль мемлекетінде ғана өткізіледі) "Бакалавриат" бағдарламасына түсу кезінде SAT I, SAT II (мамандығына байланысты) емтихандарын тапсыру қажет. "Магистратура" бағдарламасына түсу кезінде GRE, GMAT (мамандығына байланысты) емтихандарын тапсыру қажет. |
|
7 |
Ирландия |
Ғылыми тағылымдамалар |
Ағылшын |
IELTS: 9.0-дан 3.0 |
- |
||
Техникалық мамандықтар |
Бакалавриат |
IELTS: 9.0-ден 3.0 |
IELTS: 9.0-дан 6.5 |
||||
Магистратура |
IELTS: 9.0-ден 3.0 |
IELTS: |
|||||
Гуманитарлық мамандықтар |
Магистратура |
IELTS: 9.0-ден 3.0 |
IELTS: |
||||
8 |
Испания |
Ғылыми тағылымдамалар |
Испан |
DELE деңгей CIE |
- |
||
9 |
Индия |
Ғылыми тағылымдамалар |
Ағылшын |
IELTS: 9.0-ден 3.0 |
- |
||
10 |
Италия |
Ғылыми тағылымдамалар |
Итальян/Ағылшын |
IELTS: 9.0-дан 3.0 |
- |
Ағылшын тілі бойынша тілдік курстардан өту ағылшын тілі ресми тіл болып табылатын елдерде жүзеге асырылады. |
|
Техникалық, медициналық мамандықтар |
Бакалавриат |
Итальян |
CILS І (А2)/CELI 1 |
CILS 2 (B2)/CELI 4 |
|||
Магистратура |
Итальян/Ағылшын |
IELTS: 9.0-ден 3.0 |
IELTS: 9.0-дан 6.5 |
||||
Гуманитарлық мамандықтар |
Магистратура |
IELTS: 9.0-ден 3.0 |
|||||
11 |
Канада |
Ғылыми тағылымдамалар |
Ағылшын/Француз |
IELTS: 9.0-дан 3.0 |
- |
"Магистратура" бағдарламасына түсу кезінде GRE, GMAT немесе SAT I, SAT II (мамандығы мен бағдарламасына қарай) емтихандарын тапсыру қажет. |
|
Техникалық, медициналық мамандықтар |
Бакалавриат |
IELTS: 9.0-дан 3.0 |
IELTS: 9.0-дан 7.0 |
||||
IELTS: 9.0-ден 3.0 |
IELTS: 9.0-дан 7.0 |
||||||
Магистратура |
|||||||
Гуманитарлық мамандықтар |
Магистратура |
IELTS: 9.0-ден 3.0 |
IELTS: 9.0-дан 7.5 |
||||
12 |
Қытай |
Ғылыми тағылымдамалар |
Қытай/Ағылшын |
HSK 11-ден 1-деңгей |
- |
Қытай тілінде (жалпы негізде) Қытайда оқуға үміткерлер HSK сертификаты болған жағдайда ғана конкурсқа қатысуға жіберіледі. |
|
Техникалық, медициналық мамандықтар |
Бакалавриат |
Қытай |
HSK 11-ден 1-деңгей |
HSK 11-ден 6-деңгей |
|||
Магистратура |
HSK 11-ден 6-деңгей |
||||||
Гуманитарлық мамандықтар |
Бакалавриат |
HSK 11-ден 7-деңгей |
|||||
Магистратура |
HSK 11-ден 7-деңгей |
||||||
13 |
Корея (Оңтүстік) |
Ғылыми тағылымдамалар |
Ағылшын/Корея |
IELTS: 9.0-дан 3.0 |
- |
Корея тілінде (жалпы негізде) Кореяда оқуға үміткерлер Test of Korean Language сертификаты болған жағдайда ғана конкурсқа қатысуға жіберіледі. |
|
Техникалық мамандықтар |
Бакалавриат |
Корея |
Test of Korean Language |
Test of Korean Language Proficiency 5 |
|||
Магистратура |
Ағылшын/Корея |
IELTS: 9.0-ден 3.0 |
TOEFL: |
||||
Гуманитарлық мамандықтар |
Магистратура |
IELTS: 9.0-ден 3.0 |
TOEFL: |
||||
14 |
Малайзия |
Ғылыми тағылымдамалар |
Ағылшын |
IELTS: 9.0-дан 3.0 |
- |
||
Медициналық мамандықтар |
Бакалавриат |
IELTS: 9.0-дан 3.0 |
TOEFL: |
||||
Техникалық мамандық |
Бакалавриат |
IELTS: 9.0-ден 3.0 |
|||||
Магистратура |
|||||||
15 |
Нидерланды |
Ғылыми тағылымдамалар |
Ағылшын/Нидерланд |
IELTS: 9.0-дан 3.0 |
- |
Қазақстанда сертификат бере отырып, нидерланд тілін білу деңгейін анықтау бойынша ресми тест жүргізуге уәкілетті ұйымдар жоқ. |
|
Техникалық, медициналық мамандықтар |
Бакалавриат |
Нидерланд |
NT2 program 1 |
NT2 program 2 |
|||
Магистратура |
Ағылшын/Нидерланд |
IELTS: 9.0-ден 3.0 |
IELTS: 9.0-дан 6.5 |
||||
Гуманитарлық мамандықтар |
Бакалавриат |
IELTS: 9.0-дан 3.0 |
IELTS: 9.0-дан 6.5 |
||||
Магистратура |
IELTS: 9.0-ден 3.0 |
IELTS: 9.0-дан 7.0 |
|||||
16 |
Норвегия |
Ғылыми тағылымдамалар |
Норвег/Ағылшын |
IELTS: 9.0-дан 3.0 |
- |
Ағылшын тілі бойынша тілдік курстардан өту ағылшын тілі ресми тіл болып табылатын елдерде жүзеге асырылады. |
|
Техникалық мамандықтар |
Бакалавриат |
Норвег |
Bergenstesten 200 |
Bergenstesten 450 |
|||
Магистратура |
Норвег/Ағылшын |
IELTS: 9.0-ден 3.0 |
IELTS: 9.0-ден 6.0 |
||||
Бакалавриат |
Норвег |
Bergenstesten 200 |
Bergenstesten 450 |
||||
Гуманитарлық мамандықтар |
Магистратура |
Норвег/Ағылшын |
IELTS: 9.0-ден 3.0 |
IELTS: 9.0-ден 6.0 |
|||
17 |
Сингапур |
Ғылыми тағылымдамалар |
Ағылшын |
IELTS: 9.0-дан 3.0 |
- |
"Бакалавриат" бағдарламасына түсу кезінде |
|
Медициналық мамандықтар |
Бакалавриат |
IELTS: 9.0-дан 3.0 |
TOEFL: |
||||
Техникалық мамандықтар |
Бакалавриат |
IELTS: 9.0-ден 3.0 |
|||||
Магистратура |
|||||||
18 |
АҚШ |
Ғылыми тағылымдамалар |
Ағылшын |
IELTS: |
- |
"Бакалавриат" бағдарламасына түсу кезінде SAT I, SAT II (мамандығына қарай) есмиханын тапсыруы қажет. Кейбір университеттер SAT II сертификатын ұсынуды талап етеді. "Бакалавриат" бағдарламасына түсу кезінде университеттегі ағымды үлгерімі туралы анықтаманы ұсыну талап етіледі. "Магистратура" бағдарламасына түсу кезінде GRE, GMAT (мамандығына қарай) емтихандары тапсырылады. |
|
Техникалық, медициналық мамандықтар |
Бакалавриат |
IELTS: 9.0-дан 3.0 |
TOEFL: |
||||
Гуманитарлық мамандықтар |
Магистратура |
IELTS: 9.0-ден 3.0 |
|||||
Бакалавриат |
IELTS: 9.0-дан 3.0 |
||||||
Магистратура |
IELTS: 9.0-ден 3.0 |
||||||
19 |
Франция |
Ғылыми тағылымдамалар |
Француз/Ағылшын |
TCF 699-дан 150 |
- |
||
Техникалық мамандықтар |
Бакалавриат |
Француз |
TCF 699-дан 150 |
TCF 699-дан 320/DALF |
|||
Магистратура |
TCF 699-дан 200 |
TCF 699-дан 350/DALF |
|||||
Гуманитарлық мамандықтар |
Магистратура |
TCF 699-дан 200 |
TCF 699-дан 400/DALF |
||||
20 |
Чехия |
Ғылыми тағылымдамалар |
Ағылшын/Чех |
IELTS: 9.0-дан 3.0 |
- |
Чех тілінен Бірыңғай Еуропалық Тілдік Стандартына сәйкес В2 деңгейдегі емтихан |
|
Техникалық, медициналық мамандықтар |
Бакалавриат |
Чех |
B2 |
||||
Магистратура |
|||||||
21 |
Швейцария |
Ғылыми тағылымдамалар |
Ағылшын/Неміс/Француз |
IELTS: 9.0-дан 3.0 |
— |
Оқу тілін таңдау кезінде "Халықаралық бағдарламалар орталығы" АҚ қызметкерінен консультация алу қажет |
|
Техникалық мамандықтар |
Бакалавриат |
IELTS: |
IELTS: 9.0-дан 6.5 |
||||
Магистратура |
IELTS: 9.0-ден 3.0 |
||||||
Гуманитарлық мамандықтар |
Магистратура |
IELTS: 9.0-ден 3.0 |
IELTS: 9.0-дан 7.0 |
||||
22 |
Швеция |
Ғылыми тағылымдамалар |
Ағылшын/Швед |
IELTS: |
- |
Ағылшын тілі бойынша тілдік курстардан өту ағылшын тілі ресми тіл болып табылатын елдерде жүзеге асырылады. |
|
Техникалық мамандықтар |
Бакалавриат |
IELTS: 9.0-ден 3.0 |
TISUS (godkand) |
||||
Магистратура |
IELTS: 9.0-ден 3.0 |
IELTS: 9.0-ден 6.0 |
|||||
Гуманитарлық мамандықтар |
Бакалавриат |
IELTS: 9.0-ден 3.0 |
TISUS (godkand) |
||||
Магистратура |
IELTS: 9.0-ден 3.0 |
IELTS: 9.0-ден 6.0 |
|||||
23 |
Жапония |
Ғылыми тағылымдамалар |
Ағылшын/Жапон |
IELTS: 9.0-дан 3.0 |
- |
Жапон тілінде Жапонияда оқуға үміткерлер (жалпы негізде) Nouryekushiken сертификаты болған жағдайда ғана конкурсқа қатысуға жіберіледі.Nouryekushiken – жапон тілі бойынша төрт деңгейлі тілдік тест: |
|
Техникалық, медициналық мамандықтар |
Бакалавриат |
Жапон |
Nouryekushiken 4-деңгей |
Nouryekushiken 1-деңгей |
|||
Магистратура |
Ағылшын/Жапон |
IELTS: 9.0-ден 3.0 |
TOEFL: |
||||
Гуманитарлық мамандықтар |
Бакалавриат |
Жапон |
Nouryekushiken 4-деңгей |
Nouryekushiken 1-деңгей |
|||
Магистратура |
Ағылшын/Жапон |
IELTS: |
TOEFL: |
ЕСКЕРТУ:
Осы кестеде жоқ, ғылыми тағылымдамадан өту елінің тілін білудің ең төменгі баспалдақ деңгейін қабылдайтын ел анықтайды, ал осы елде ғылыми тағылымдамадан өту үшін ағылшын тілін білу деңгейі Ұлыбритания үшін анықталған қажетті білім деңгейіне теңестіріледі.
Бірінші баспалдақ деңгейі:
техникалық/медициналық мамандықтар бойынша үміткерлер үшін, сондай-ақ белгіленген квоталар шеңберінде қатысатын үміткерлер үшін - тілдік курстарға бағыттау үшін
Екінші баспалдақ кезең - академиялық оқуға жіберу үшін.
Екінші және одан жоғары баспалдақ деңгейге сәйкес нәтиже алған үміткерлер конкурстың келесі кезеңіне жіберіледі.
Емтихандар атаулары бойынша:
IELTS (International English Language Testing System) - ағылшын тілін білуін тестілеудің халықаралық жүйесі
D.Е.L.Е. (Diplomas de Espanol como Lengua Exnranjera) - шет тіл ретінде испан тілін меңгеру деңгейін растайтын диплом
ТСF (Test de connaissance du francais) - француз тілін білуге тест
ТСF - DАP (Test de connaissance du francais pour la demande d, admission preaIabIe) - француз тілін білуге тест (университетке алдын ала жазылу үшін)
DALF (Diplome Approfondi de Langue Francaise) - француз тілін терең білуі туралы диплом
NT2 (Staatsexamen Nederlands als tweede taal) - екінші ретінде голланд тілінен мемлекеттік емтихан.
Bergensten (Теst i norsk - hoyere niva) - норвеж тілін білу тесті
ҮКI (Yleiset kielitutkinnot) - тіл (Фин, Швед) білуі туралы ұлттық сертификат
TISUS (Test i svenska for universitets-och hogskolestudier) - университетте оқу үшін швед тілін білуіне тест
HSK - бұл ҚХР-ның шетелдіктерді, хуацяо және ұлттық аз халықтарды қоса алғанда, қытай тілін білмейтін адамдардың қытай тілін меңгеру деңгейін сертификаттауға арналған мемлекеттік емтихан. HSK тапсырмалары бірнеше бөлікке бөлінетін мәтіндік нысанда жүргізіледі: аудирлеу, лексика, грамматика, оқылым. НSK тапсырғандар қажетті сан балын жинаған жағдайда белгілі бір деңгейдегі сертификатты алады. Төрт деңгей болады: базалық, бастауыш, орта, жоғарғы. Әрбір деңгей өз ішінде 1-ден 11-ге дейінгі сандармен белгіленетін "кіші деңгейлерге" бөлінеді
Nouryekushiken - жапон тілі деңгейін анықтау бойынша емтихан
Теst of Korean Language Proficiency - корея тілі деңгейін анықтау бойынша емтихан
GRE (Graduate Record Examination) - нақты мамандық бойынша базалық білімді тестілеу
GMAT (General Management Admission Test) - менеджмент саласында білімі мен біліктілігі деңгейін анықтауға электрондық тест
CILS (Certificazione di Italiano come Lingua Straniera) — шет тілі ретінде итальян тілін меңгеру дәрежесін растайтын сертификат
CELI, 1, 2, 3, 4, 5 (Certificatos di Conoscenza della Lingua Italiana ) - 1-ші, 2-ші, 3-ші, 4-ші және 5-ші деңгейлерде итальян тілін білу сертификаты
OEFL (Теst of English as a Foreign Language - шет тілі ретінде ағылшын тілі бойынша тест) мынадай түрлерге бөлшектенеді:
ITP (Institutional Testing Program)- үміткерлердің тілдік дайындық деңгейін алдын ала анықтау үшін ресми емес мәтін
РBT (Paper-based test) — қағаз тасымалдағышындағы ресми мәтін
СВТ (Computer-based test) - компьютер арқылы берілетін ресми мәтін
IВТ (Internet-based test) - Интернет арқылы берілетін ресми мәтін
Қазақстан Республикасы Президентінің
"Болашақ" халықаралық стипендиясын
тағайындауға конкурсқа қатысатын
үміткерлердің құжаттарын қабылдау
және үміткерлерді конкурстық
іріктеуден өткізу жөніндегі
нұсқаулықтың 3-қосымшасы
"БОЛАШАҚ" халықаралық стипендиясын тағайындауға үміткерлермен тәуелсіз сараптама комиссиясының дербес әңгімелесу парағы
I. Ү МІТКЕР ТУРАЛЫ ЖАЛПЫ А Қ ПАРАТ |
II. КОНКУРС БОЙЫНША А Қ ПАРАТ |
III. ДЕРБЕС ӘҢ ГІМЕЛЕСУ Н Ә ТИЖЕСІ |
Әң гімелесу қ орытындылары бойынша Т Ә УЕЛСІЗ САРАПТАМА КОМИССИЯСЫ М Ү ШЕЛЕРІНІ Ң ұ сынымдары
_ | | ОДАН ӘРІ КОНКУРС Қ А Қ АТЫСУ Ү ШІН Ұ СЫНАМЫН | | ОДАН Ә РІ КОНКУРС Қ А Қ АТЫСУ Ү ШІН Ұ СЫНБАЙМЫН ____________________________________________________________ ( қ ыс қ аша т ү сініктеме) ____________________________________________________________ __________________________________________________________________ ____________________________________________ ___________________ Т ә уелсіз сараптама комиссиясыны ң Т.А. Ә . қ олы 2009 ж. "____" ____________ ҮМІТКЕРДІҢ ЖЕКЕ ІСІМЕН ТАНЫСТЫМ ___________________ қолы |
---|
IV. Қ ОРЫТЫНДЫ БА Ғ А _______________ ________________________________ ___________ "_____" ____________ 2009 ж. |
Бағалау саясаты
Өте жақсы "5" |
- Терең теориялық білім (жауаптардың толықтығы мен дұрыстығы); |
Жақсы "4" |
- Теорияны жақсы білуі; |
Қанағаттанарлық "3" |
- Теория бойынша білімінің үзіктілігі; |
Қанағаттанарлықсыз "2" |
- Теорияны білмеуі; |
Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
2009 жылғы 19 мамырдағы
N 224 бұйрығымен бекітілген
Үміткердің академиялық оқу үшін Қазақстан Республикасы Президентінің "Болашақ" халықаралық стипендиясының конкурсына қатысуға арналған сауалнамасы
Анкета претендента для участия в конкурсе на международную стипендию "Болашак" для академического обучения
____________________
| Фотография |
| 3,5 х 4,5 |
| (міндетті түрде) |
| (обязательно) |
|____________________|
______________________________________________________________
Тегі/Фамилия (жеке куәлік бойынша/согласно удостоверения личности)
______________________________________________________________
Аты/Имя Әкесінің аты/Отчество
(жеке куәлік бойынша/согласно удостоверения личности)
Ел |
__________________________________________________ |
|
Оқу тілі |
__________________________________________________ |
|
Оқу бағдарламасы |
__________________________________________________ |
|
Мамандық |
__________________________________________________ |
|
Шетелдегі жоғары оқу орны |
__________________________________________________ |
|
"Болашақ" халықаралық стипендиясы шеңберінде квота алуға үміткер тұлғалар қатысу санатын көрсетулері қажет: |
||
- Ауылдық жерлерде оқыған жастар |
- Мемлекеттік ғылыми-зерттеу ұйымдарының, мемлекеттік білім ұйымдарынның ғылыми немесе педагог қызметкерлері |
Бұл кестені "Халықаралық бағдарламалар орталығы" АҚ қызметкерлері толтырады
Данная таблица заполняется сотрудниками АО "Центр международных программ"
Ескертпелер/ Замечания : |
I. ЖЕКЕ АҚПАРАТ
ЛИЧНАЯ ИНФОРМАЦИЯ
1. Жеке куәліктің деректері |
|
2. Төлқұжат деректері |
|
3. Салық төлеушінің тіркеу нөмірі ___________________________ |
|
4. Ту ғ ан к ү ні/айы/жылы ______________________________________ |
|
7. Байланыс деректері* |
|
Коды, ү й телефоны ______________ |
Ұ ялы телефоны ______________ |
Коды, ж ұ мыс телефоны ___________ |
Қ осымша байланыс телефондары |
e-mail ______________________________________________________ |
8. Тұрғылықты орны (толық мекен-жайы, индексі) |
9. Тіркелген орны (толық мекен-жайы, индексі) |
* Байланыс деректеріңіз өзгерген жағдайда ол туралы 5 күн аралығында "Халықаралық бағдарламалар орталығы" АҚ-ның қызметкерлерін ескерту қажет. * В случае изменения контактных данных в течение 5 дней необходимо оповестить сотрудников АО "Центр международных программ".
10. Жақын туған-туысқандары /ата-аналары, аға-інілері, апалары, жұбайы, балалары, қамқоршылары/ туралы мәліметтер:
Сведения о ближайших родственниках /родители, братья, сестры, супруг/а/, дети, попечители/:
Туысқандық дәрежесі Степень родства |
Аты-жөні, туған жылы ФИО , год рождения |
Жұмыс/оқу орны, қызметі, қызметтік телефоны Место работы/учебы/, должность, служебный телефон |
Мекен-жайы, телефоны, қаланың коды Домашний адрес, телефон, код |
---|---|---|---|
Әкесі |
|||
Анасы |
|||
Аға-інілері |
|||
Апа-сіңлілері |
|||
Жұбайы |
|||
Балалары |
|||
Қамқоршылары |
11. Ата-анаңыздың/қамқоршылардың қызмет саласын көрсетіңіз
Укажите сферу деятельности родителей/попечителей
Туысқандық дәрежесі Степень родства |
Қызмет саласы Сфера деятельности |
|
---|---|---|
Әкесі |
- Әскери қызметші /Военнослужащий |
- Мемлекеттік кәсіпорын қызметкері /Работник государственного предприятия |
Анасы |
- Әскери қызметші /Военнослужащий |
- Мемлекеттік кәсіпорын қызметкері /Работник государственного предприятия |
Қамқоршылар Попечители |
- Әскери қызметші /Военнослужащий |
- Мемлекеттік кәсіпорын қызметкері /Работник государственного предприятия |
II. БІЛІМІ
ОБРАЗОВАНИЕ
12. Жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта оқу орнынан кейінгі білімі |
|
Сіз аяқтаған мектептің, гимназияның, колледждің және т.с.с. нөмірі/атауы |
|
13. Жоғары және жоғарыдан кейінгі білім |
|
Жоғары оқу орнының атауы, орналасқан жері ____________________ |
|
Студент толтырады Заполняется студентом |
Жоғары оқу орнының түлегі толтырады Заполняется выпускником вуза |
---|---|
Курс _________________________ |
Жо ғ ары о қ у орнын бітірген жыл |
III. КӘСІБИ ҚЫЗМЕТІ
ПРОФЕССИОНАЛЬНАЯ ДЕЯТЕЛЬНОСТЬ
14. Еңбек ету қызметі
Трудовая деятельность
Айы және жылы Месяц и год |
Жұмыс орнының атауы, орналасқан жері Наименование и адрес места работы |
Лауазымы Должность |
|
---|---|---|---|
Келген Приема |
Кеткен Ухода |
||
15. Бар болған жағдайда ғылыми жарияланымдарыңыз бен еңбектеріңізді атап көрсетіңіз
Перечислите научные публикации и труды, в случае наличия
Тақырыбы Тема |
Баспаның атауы Наименование издания |
Шыққан жылы Год выпуска |
---|---|---|
IV. КОНКУРСҚА ҚАТЫСУ ТУРАЛЫ АҚПАРАТ
ИНФОРМАЦИЯ ПО УЧАСТИЮ В КОНКУРСЕ
16. Шетел тілі бойынша бұдан бұрын Сіз арнайы емтихан немесе тест (TOEFL, IELTS, GMAT, GRE, DSH, DELF және т.б.) тапсырдыңыз ба? ____ Иә /Да |
17. Егер тапсырсаңыз, онда келесі кестені толтырыңыз:
Если сдавали, то заполните следующую таблицу:
Тесттің ресми атауы Официальное наименование теста |
Нәтижесі Результат |
Тапсырған күні Дата сдачи |
---|---|---|
18. Конкурс бойынша тілдік тестілеуден өтуге ниет білдірілген орын ___ Астана |
19. Мен _____________________________, "Болашақ" халықаралық |
_____________________________________
үміткердің қолы/подпись претендента
Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
2009 жылғы 19 мамырдағы
N 224 бұйрығымен бекітілген
Ғ ылыми та ғ лымдамадан ө ту ү шін "Болаша қ" халы қ аралы қ стипендиясын та ғ айындау конкурсына қ атысу ғ а арнал ғ ан ү міткер сауалнамасы
Анкета претендента для участия в конкурсе на международную стипендию Президента Республики Казахстан "Болашак" для прохождения научной стажировки
____________________
| Фотография |
| 3,5 х 4,5 |
| (міндетті түрде) |
| (обязательно) |
|____________________|
______________________________________________________________
Тегі/Фамилия (жеке куәлік бойынша/согласно удостоверения личности)
______________________________________________________________
Аты/Имя Әкесінің аты/Отчество
(жеке куәлік бойынша/согласно удостоверения личности)
Ел |
_________________________________________________ |
Мамандық |
__________________________________________________ |
Шетелдік мекеме |
__________________________________________________ |
*Назар аударыңыз! "Халықаралық бағдарламалар орталығы" АҚ қызметкерлері құжаттарды қабылдаған сәттен бастап ғылыми тағлымдамадан өтетін елді, мамандықты өзгертуге болмайды.
*Внимание! Смена страны, специальности с момента приема документов сотрудниками АО "Центр международных программ" не допускается.
Бұл кестені "Халықаралық бағдарламалар орталығы" АҚ қызметкерлері толтырады
Данная таблица заполняется сотрудниками АО "Центр международных программ"
Ескертпелер/ Замечания : |
I. ЖЕКЕ АҚПАРАТ
ЛИЧНАЯ ИНФОРМАЦИЯ
1. Жеке куәліктің деректері |
|
2. Төлқұжат деректері |
|
3. Салық төлеушінің тіркеу нөмірі ___________________________ |
|
4. Туған күні/айы/жылы ______________________________________ |
|
7. Байланыс деректері* |
|
Коды, үй телефоны ______________ |
Ұялы телефоны ______________ |
Коды, жұмыс телефоны ___________ |
Қосымша байланыс телефондары |
e-mail ______________________________________________________ |
8. Тұрғылықты орны (толық мекен-жайы, индексі) |
9. Тіркелген орны (толық мекен-жайы, индексі) |
* Байланыс деректеріңіз өзгерген жағдайда ол туралы 5 күн аралығында "Халықаралық бағдарламалар орталығы" АҚ-ның қызметкерлерін ескерту қажет. * В случае изменения контактных данных в течение 5 дней необходимо оповестить сотрудников АО "Центр международных программ".
10. Жақын туған-туысқандары /ата-аналары, аға-інілері, апалары, жұбайы, балалары/ туралы мәліметтер:
Сведения о ближайших родственниках /родители, братья, сестры, супруг/а/, дети, попечители/:
Туысқандық дәрежесі Степень родства |
Аты-жөні, туған жылы ФИО, год рождения |
Жұмыс/оқу орны, қызметі, қызметтік телефоны Место работы/учебы/, должность, служебный телефон |
Мекен-жайы, телефоны, қаланың коды Домашний адрес, телефон, код |
---|---|---|---|
Әкесі |
|||
Анасы |
|||
Аға-інілері |
|||
Апа-сіңлілері |
|||
Жұбайы |
|||
Балалары |
11. Ата-анаңыздың/қамқоршылардың қызмет саласын көрсетіңіз
Укажите сферу деятельности родителей/попечителей
Туысқандық дәрежесі Степень родства |
Қызмет саласы Сфера деятельности |
|
---|---|---|
Әкесі |
- Әскери қызметші /Военнослужащий |
- Мемлекеттік кәсіпорын қызметкері /Работник государственного предприятия |
Анасы |
- Әскери қызметші /Военнослужащий |
- Мемлекеттік кәсіпорын қызметкері /Работник государственного предприятия |
II. БІЛІМІ
ОБРАЗОВАНИЕ
12. Жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта оқу орнынан кейінгі білімі |
Сіз аяқтаған мектептің, гимназияның, колледждің және т.с.с. нөмірі/атауы |
13. Жоғары және жоғарыдан кейінгі білім |
Жоғары оқу орнының атауы, орналасқан жері (облыс, қала, ел) |
14. Жоғарыдан кейінгі білім |
Жоғарыдан кейінгі білім бағдарламаларын (магистратура, аспирантура, ізденуші, докторантура және басқа да) аяқтасаңыз, оларды атаңыз: |
III. КӘСІБИ ҚЫЗМЕТІ
ПРОФЕССИОНАЛЬНАЯ ДЕЯТЕЛЬНОСТЬ
15. Еңбек ету қызметі
Трудовая деятельность
Айы және жылы Месяц и год |
Жұмыс орнының атауы, орналасқан жері Наименование и адрес места работы |
Лауазымы Должность |
|
---|---|---|---|
Келген Приема |
Кеткен Ухода |
||
16. Ғылыми дәрежеңіз, ғылыми атағыңыз/ ______________________
Ученая степень, ученое звание
17. Мамандық шифры және атауы/ ______________________________
Шифр и наименование специальности
18. Диссертация жұмысының тақырыбы/ _________________________
Тема диссертационной работы
19. Бар болған жағдайда ғылыми әзірлемелеріңізді атап көрсетіңіз/__________________________________________________
Перечислите научные разработки, в случае наличия
Ғылыми әзірлемелердің атаулары/ Наименования научных разработок |
Қолдану нәтижесі (патент, лицензия, т.б. және берген мекеме)/ Результат внедрения (патент, лицензия, др., кем выдан) |
---|---|
20. Бар болған жағдайда кәсіби наградаларды, гранттарды, атаулы стипендияларды атап көрсетіңіз/
Перечислите профессиональные награды, гранты и именные стипендии, в случае наличия
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
21. Қатысқан жағдайда шетелдік тағлымдамалар мен конференцияларды атап көрсетіңіз/
Перечислите зарубежные стажировки и конференции, в случае участия
Ел Страна |
Шараның түрі Вид мероприятия |
Баяндама тақырыбы Тема выступления |
Қатысқан мерзімі Период участия |
---|---|---|---|
IV. КОНКУРСҚА ҚАТЫСУ ТУРАЛЫ АҚПАРАТ
ИНФОРМАЦИЯ ПО УЧАСТИЮ В КОНКУРСЕ
22. Шетелдік мекемеге қандай шартпен қабылдандыңыз?/
С каким условием Вы были приняты в зарубежную организацию?
____________________________________________________________
____________________________________________________________
23. Ғылыми тағлымдамадан өту мерзімі/ ________________
Сроки прохождения научной стажировки
24. Ғылыми зерттеудің тақырыбы/ Тема научного исследования
____________________________________________________________
____________________________________________________________
25. Қандай шет тілдерін және қандай деңгейде білетініңізді көрсетіңіз (бастапқы, жалғастырушы, жоғары, кәсіби) /Перечислите все иностранные языки, которыми Вы владеете и в каком объеме (начальный, продолжающий, продвинутый, профессиональный)
Шет тілі Иностранный язык |
Білу деңгейі Уровень знания |
---|---|
26. Шетел тілі бойынша бұдан бұрын Сіз арнайы емтихан немесе тест (TOEFL, IELTS, GMAT, GRE, DSH, DELF ж?не т.б.) тапсырдыңыз ба? ____ Иә /Да |
27. Егер тапсырсаңыз, онда келесі кестені толтырыңыз:
Если сдавали, то заполните следующую таблицу:
Тесттің ресми атауы Официальное наименование теста |
Нәтижесі Результат |
Тапсырған күні Дата сдачи |
---|---|---|
28. Мен _____________________________, "Болашақ" халықаралық стипендиясына үміткер, осы сауалнамада көрсетілген барлық ақпараттың толық және нақты болып табылатынын растаймын. |
_____________________________________
үміткердің қолы/подпись претендента
Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
2009 жылғы 19 мамырдағы
N 224 бұйрығымен бекітілген
Ғылыми тағылымдамадан өту үшін "Болашақ" халықаралық стипендиясына үміткерлерге арналған ұсыным хат
Осы ұсынымдық нысанды тек ұсынушы ұйымның бірінші басшысы ғана мемлекеттік немесе орыс тілдерінде, баспа әріпімен толтырады. Ұсынымдық нысанға бірінші басшы қол қояды және ұсынушы ұйымның ресми мөрімен куәландырылады.
Үміткердің Т.А.Ә.: _______________________________________________ |
1. Үміткерді қашаннан білесіз? ________________________________
2. Төменде келтірілген бағалау деңгейіне сәйкес үміткердің мынадай қасиеттеріне баға беріңіз:
Жоғары Орта Төмен Білмеймін
_ _ _ _
Кәсіптік дамуы |_| |_| |_| |_|
_ _ _ _
Проблемаларды шешуге |_| |_| |_| |_|
икемділігі
_ _ _ _
Бейімделу қабілеті |_| |_| |_| |_|
_ _ _ _
Талдау жасау қабілеті |_| |_| |_| |_|
_ _ _ _
Көшбасшылық әлеует |_| |_| |_| |_|
_ _ _ _
Тіл табыса алуы |_| |_| |_| |_|
_ _ _ _
Шығармашылық ойлау |_| |_| |_| |_|
_ _ _ _
Конкурсқа қатысу уәждемесі |_| |_| |_| |_|
3. Төменде келтірілген бағалау деңгейіне сәйкес үміткердің ғылыми тағылымдамасының бағдарламасына баға беріңіз:
Жоғары Орта Төмен Білмеймін
_ _ _ _
Өзектілігі |_| |_| |_| |_|
_ _ _ _
Жаңашылдығы |_| |_| |_| |_|
_ _ _ _
Ғылыми және тәжірибелік |_| |_| |_| |_|
маңыздылығы
4. Мамандығы, ғылыми-зерттеу дағдылары шеңберінде үміткердің кәсіби және санаткерлік дайындығы деңгейіне сондай-ақ басқа елдердің жағдайында үміткердің жұмыс істеу қабілетіне баға беріңіз.
5. Үміткердің конкурстық іріктеуден өтуге әсер ететін, қандай да бір қосымша ақпаратыңыз бар ма?
_______ ______________________________ _________________
(жетекшінің Т.А.Ә.) қолы (М.О.)
___________
Күні
Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
2009 жылғы 19 мамырдағы
N 224 бұйрығымен бекітілген
Бекітемін
____________________________
(басшының лауазымы және Т.А.Ә.)
2009 жылғы "___"___________
N ____
Ғылыми тағылымдамадан өту үшін Қазақстан Республикасы Президентінің "Болашақ" халықаралық стипендиясына үміткерлерге арналған ғылыми тағылымдамадан өту бағдарламасының жобасына талаптар
1. Ғылыми тағылымдамадан өту бағдарламасының жобасында мынадай тармақтар көзделуі тиіс:
1. Ғылыми тағылымдамадан өтетін елі
2. Шетелдік ұйым
3. Ұзақтығы
4. "Болашақ" халықаралық стипендиясын тағайындау үшін Басым мамандықтар тізбесіне сәйкес мамандығы
5. Тақырыбы
6. Өзектілігі мен жаңашылдығы
7. Мақсаты
8. Міндеттері
9. Өту кезеңдері
10. Зерттеу объектісі
11. Пайдаланылатын зерттеу әдістері
12. Қажетті материалдық-техникалық құралдар
13. Күтілетін нәтижелер
14. Күтілетін нәтижелерге жету бағасының өлшемдері
Ғылыми тағылымдамадан өтудің жоспар-кестесі:
N | Іс-шаралар атауы | Іс-шаралар өткізу мерзімдері | Пайдаланылатын технологиялар мен зерттеу әдістері | Есептілік нысаны |
---|---|---|---|---|
Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
2009 жылғы 19 мамырдағы
N 224 бұйрығына қосымша
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің күші жойылды деп танылған кейбір бұйрықтарының тізбесі
1. "Болашақ" халықаралық стипендиясын іске асыру жөніндегі кейбір шаралар туралы" Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрі міндетін атқарушының 2008 жылғы 12 маусымдағы N 340 бұйрығы ( Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2008 жылғы 11 шілдеде N 5243 тіркелген, 2008 жылғы 11 шілдеде N 104 және 2008 жылғы 18 шілдеде N 108 "Заң газетінде" жарияланған).
2. "Болашақ" халықаралық стипендиясын іске асыру жөніндегі кейбір шаралар туралы" Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрі міндетін атқарушының 2008 жылғы 18 шілдедегі N 424 бұйрығы (Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 5288 тіркелген. 2008 жылғы 22 қазанда N 161 "Заң газетінде" жарияланған).
3. "Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрінің 2008 жылғы 12 маусымдағы N 340 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2008 жылғы 18 шілдедегі N 455 бұйрығы (Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 5285 тіркелген. 2008 жылғы 15 қазанда N 10 Қазақстан Республикасының орталық атқарушы және басқа орталық мемлекеттік органдары актілерінің жинағында және 2009 жылғы 18 ақпанда N 25 "Заң газетінде" жарияланған).
4. "Болашақ" халықаралық стипендиясын іске асыру жөніндегі кейбір шаралар туралы" Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрі міндетін атқарушының 2008 жылғы 12 маусымдағы N 340 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2009 жылғы 14 қаңтардағы N 7 бұйрығы ( Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 5513 тіркелген. 2009 жылғы 17 ақпанда N 57 "Заң газетінде" жарияланған).
5. "Болашақ" халықаралық стипендиясын іске асыру жөніндегі кейбір шаралар туралы" Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрі міндетін атқарушының 2008 жылғы 18 маусымдағы N 424 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2009 жылғы 23 қаңтардағы N 21 бұйрығы ( Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 5511 тіркелген. 2009 жылғы 18 ақпанда N 25 "Заң газетінде" жарияланған).