"Болашақ" халықаралық стипендиясын іске асыру жөніндегі кейбір шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2008 жылғы 12 маусымдағы N 340 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2008 жылғы 29 шілдедегі N 455 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2008 жылғы 15 тамызда Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 5285 болып енгізілді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2009 жылғы 19 мамырдағы N 224 Бұйрығымен.

       Күші жойылды - ҚР Білім және ғылым министрінің 2009.05.19 N 224 бұйрығымен .

       БҰЙЫРАМЫН :

      1. "Болашақ" халықаралық стипендиясын іске асыру жөніндегі кейбір шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2008 жылғы 12 маусымдағы N 340 (Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2008 жылғы 20 маусымда N 5243 тіркелген, 2008 жылғы 11 шілде N 104 "Заң газетінде" жарияланған) бұйрығына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      1-тармақтың 1) тармақшасындағы екінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
      "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 11 маусымдағы N 573 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Президентінің "Болашақ" халықаралық стипендиясын тағайындау үшін үміткерлерді іріктеу ережесінің 2-тармағында көрсетілген тұлғалар үшін 2008 жылғы 23 маусымнан бастап 30 қыркүйекке дейін;";

      8-тармақта "енгізіледі" деген сөзден кейін "және 2008 жылғы 23 маусымнан бастап туындаған әрекетке таратылады" деген сөздермен толықтырылсын;

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген "Болашақ" халықаралық стипендиясы шеңберінде шетелде оқыту үшін мәндес мамандықтар тізбесінде:
      реттік нөмірі 26-жол мынадай редакцияда жазылсын:

"

26

Неонатология,
балалар
хирургиясы

Клиникалық
ординатура

Денсаулық сақтау және
әлеуметтік қамтамасыз ету:
Медицина.

Докторантура

Шектеу қойылмайды.

Аспирантура

Шектеу қойылмайды.

                                                                  ";
      реттік нөмірі 28-жол мынадай редакцияда жазылсын:

"

28

Онкогинекология

Аспирантура

Шектеу қойылмайды.

Клиникалық ординатура 

Денсаулық сақтау және әлеуметтік қамтамасыз ету: Медицина.

Докторантура

Шектеу қойылмайды.

                                                                  ";
      реттік нөмірі 32-жол мынадай редакцияда жазылсын:

"

32

Трансфузиология

Аспирантура

Шектеу қойылмайды.

Клиникалық ординатура 

Денсаулық сақтау және әлеуметтік қамтамасыз ету: Медицина.

Докторантура

Шектеу қойылмайды.

                                                                  ";
      реттік нөмірі 34-жол мынадай редакцияда жазылсын:

"

34

Аллергология-
иммунология

Аспирантура

Шектеу қойылмайды.

Клиникалық ординатура 

Денсаулық сақтау және әлеуметтік қамтамасыз ету: Медицина.

Докторантура

Шектеу қойылмайды.

                                                                  ".

      2. Дамыту стратегиясы департаменті (С. Ырсалиев):

      1) осы бұйрықтың белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін;

      2) мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін осы бұйрықты бұқаралық ақпарат құралдарында жарияласын.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау вице-министр К.Н. Шәмшидиноваға жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.

      Министрдің міндетін
      атқарушы                                        К. Шәмшидинова