Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің кейбір нормативтік құқықтық актілеріне бағалы қағаздар нарығындағы қызметті лицензиялау және басшы қызметкерлерді келісу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2008 жылғы 29 желтоқсандағы N 232 Қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2009 жылғы 30 қаңтарда Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 5523 болып енгізілді.

Қолданыстағы

      "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қаржы жүйесінің тұрақтылығы мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 23 қазандағы Заңын және "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ұжымдық инвестициялау және жинақтаушы зейнетақы қорлары қызметінің мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 20 қарашадағы Заңын іске асыру мақсатында, Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің Басқармасы (бұдан әрі – Агенттік) ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :
      1. Агенттік Басқармасының "Қаржы ұйымдарының басшы қызметкерлерін тағайындауға (сайлауға) келісім беру ережесін бекіту туралы" 2004 жылғы 12 маусымдағы N 157 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 2952 тіркелген), Агенттік Басқармасының "Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі Басқармасының "Қаржы ұйымдарының басшы қызметкерлері қызметіне кандидаттарды келісу ережесін бекіту туралы" 2004 жылғы 12 маусымдағы N 157 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2005 жылғы 19 ақпандағы N 35 қаулысымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 3509 тіркелген, Қазақстан Республикасындағы орталық атқарушы және өзге мемлекеттік органдарының нормативтік құқықтық актілерінің бюллетенінде, 2005 жылғы N 15, 111-құжатында жарияланған), Агенттік Басқармасының "Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының "Қаржы ұйымдарының басшы қызметкерлері қызметіне кандидаттарды келісу ережесін бекіту туралы" 2004 жылғы 12 маусымдағы N 157 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2006 жылғы 25 ақпандағы N 35 қаулысымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 4168 тіркелген), Агенттік Басқармасының "Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінде құжаттарды ұсыну мәселелері бойынша кейбір нормативтік құқықтық кесімдерге толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы" 2007 жылғы 30 наурыздағы N 76 қаулысымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 4670 тіркелген), Агенттік Басқармасының "Қазақстан Республикасының Қаржы рыногын және қаржылық ұйымдарды реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі Басқармасының "Қаржы ұйымдарының басшы қызметкерлерін тағайындауға (сайлауға) келісім беру ережесін бекіту туралы" 2004 жылғы 12 маусымдағы N 157 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2007 жылғы 30 сәуірдегі N 120 қаулысымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 4708 тіркелген), Агенттік Басқармасының "Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының "Қаржы ұйымдарының басшы қызметкерлерін тағайындауға (сайлауға) келісім беру ережесін бекіту туралы" 2004 жылғы 12 маусымдағы N 157 қаулысына өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы" 2007 жылғы 25 маусымдағы N 169 қаулысымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 4839 тіркелген), Агенттік Басқармасының "Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының "Қаржы ұйымдарының басшы қызметкерлерін тағайындауға (сайлауға) келісім беру ережесін бекіту туралы" 2004 жылғы 12 маусымдағы N 157 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2007 жылғы 24 желтоқсандағы N 273 қаулысымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 5123 тіркелген), Агенттік Басқармасының "Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының "Қаржы ұйымдарының басшы қызметкерлерін тағайындауға (сайлауға) келісім беру ережесін бекіту туралы" 2004 жылғы 12 маусымдағы N 157 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2008 жылғы 29 қазандағы N 160 қаулысымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 5408 тіркелген) енгізілген өзгерістер мен толықтырулармен бірге мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген Қаржы ұйымдары басшы қызметкерлерін тағайындауға (сайлауға) келісім беру ережесінде:
      кіріспесі мынадай редакцияда жазылсын:
      "Осы Ереже " Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы " 1995 жылғы 31 тамыздағы, " Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы " 1997 жылғы 20 маусымдағы, " Сақтандыру қызметі туралы " 2000 жылғы 18 желтоқсандағы, " Бағалы қағаздар рыногы туралы " 2003 жылғы 2 шілдедегі, "Қаржы рыногын және қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеу мен қадағалау туралы" 2003 жылғы 4 шілдедегі, " Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығы туралы " 2006 жылғы 5 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңдарына сәйкес әзірленді және қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалауды жүзеге асыратын уәкілетті органның (бұдан әрі - уәкілетті орган) банктердің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының, сақтандыру брокерлерінің, жинақтаушы зейнетақы қорларының, бағалы қағаздар рыногында қызметті жүзеге асыру үшін лицензия алуға үміткер немесе лицензиялары бар заңды тұлғалардың (оның ішінде Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығы қатысушыларының), (бұдан әрі - қаржы ұйымы) басшы қызметкерлерін тағайындауға (сайлауға) келісім беру тәртібін, сондай-ақ келісім алуға қажетті құжаттардың тізбесін белгілейді.";
      мынадай мазмұндағы 1-2-тармақпен толықтырылсын:
      "1-2. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қаржы ұйымының басшы қызметкері лауазымына тағайындау (сайлау) үшін қажетті стажына үміткердің қаржылық қызмет көрсету және (немесе) реттеу, және (немесе) қаржы ұйымдарының аудитін жүргізу жөніндегі қызметтер саласында, және (немесе) үміткердің мынадай халықаралық ұйымдарда істеген жұмысы кіреді:
      Халықаралық валюталық қор;
      Халықаралық қайта құру және даму қоры;
      Халықаралық қаржы корпорациясы;
      Халықаралық даму қауымдастығы;
      Көп салалы инвестицияларға кепілдік беру агенттігі;
      Инвестициялық дауларды реттеу жөніндегі халықаралық орталығы;
      Еуропа қайта құру және даму банкi;
      Азия даму банкі;
      Ислам даму банкі.";
      4-2-тармақта:
      4) тармақшада "." деген тыныс белгісі ";" деген тыныс белгісімен ауыстырылсын;
      мынадай мазмұндағы 5) тармақшамен толықтырылсын:
      "5) өкілдіктердің басшылары, тізбесі осы Ереженің 1-2-тармағында белгіленген халықаралық қаржы ұйымдарының басшылары.";
      жетінші абзацта "құрылтайшысының (акционерінің)" деген сөздерден кейін ", еншілес ұйымының" деген сөздермен толықтырылсын";
      5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "5. Осы Ереженің 4, 4-4-тармақтарында көрсетілген құжаттарды уәкілетті орган олар ұсынылған күннен бастап 30 күнтізбелік күн ішінде қарайды.
      Осы Ереженің 4, 4-4-тармақтарында көрсетілген және Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының қызметін реттеу жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органымен тіркелген заңды тұлғалардың басшы қызметкерлері лауазымдарына кандидаттарды келісуге ұсынылған құжаттар уәкілетті органмен олар ұсынылған күннен бастап 15 жұмыс күн ішінде қаралады.
      Осы Ереженің 4, 4-4-тармақтарында көзделген құжаттардың толық емес пакеті ұсынылған жағдайда не ұсынылған құжаттар Қазақстан Республикасы заңнамасының және (немесе) қаржы ұйымы жарғысының талаптарына сәйкес келмеген жағдайда, уәкілетті орган қаржы ұйымына ескертулерді және оларды жою мерзімін көрсете отырып, жазбаша жауап қайтарады.";
      12-тармақта:
      3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      "3) директорлар кеңесі мүшелерінің (директорлар кеңесінің төрағасын қоспағанда) және тек қаржы ұйымдарының қауіпсіздік мәселелерін, әкімшілік-шаруашылық мәселелерін ғана жетекшілік ететін басқарма мүшелері лауазымдарына кандидаттар;";
      4) тармақшада:
      "бірінші басшысы" деген сөздер "не осы Ереженің 1-2-тармағында көрсетілген халықаралық қаржы ұйымдардың бірінің бірінші басшысы," деген сөздермен ауыстырылсын;
      "директорлар кеңесінің мүшесі," деген сөздерден кейін "қаржылық қызмет көрсетумен байланысты мәселелерді жетекшілік ететін басқарма мүшесі," деген сөздермен толықтырылсын;
      мынадай мазмұндағы 4-1) тармақшамен толықтырылсын:
      "4-1) қаржы ұйымының директорлар кеңесінің бірінші басшысы лауазымына кандидат - осы секторда (банкте, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымында немесе сақтандыру брокері қызметін жүзеге асыратын ұйымда, жинақтаушы зейнетақы қорында немесе жинақтаушы зейнетақы қорларының зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асырушы ұйымда, тиісінше бағалы қағаздар нарығында) немесе осы Ереженің 1-2-тармағында көрсетілген халықаралық қаржы ұйымдарының бірінің бірінші басшысы директорлар кеңесінің мүшесі, қаржылық қызмет көрсетулермен байланысты мәселелерді жетекшілік ететін Басқарма мүшесі, бас бухгалтер немесе бас бухгалтердің орынбасары, қызметі қаржылық қызмет көрсетумен байланысты қаржы ұйымының дербес құрылымдық бөлімшесінің (департаменттің, басқарманың) басшысы немесе басшының орынбасары, не қаржылық қызметтерді реттеуді жүзеге асыратын (асырған) мемлекеттік органның басқарма мүшесі ретінде кемінде екі жыл еңбек стажы бар болса;";
      5) және 6) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
      "5) сақтандыру брокердің бірінші басшысының орынбасары, қаржы ұйымының басқарма мүшесі лауазымына кандидат – бірінші басшы, директорлар кеңесінің мүшесі, қаржылық қызмет көрсетулермен байланысты мәселелерді жетекшілік еткен басқарма мүшесі, бас бухгалтер немесе бас бухгалтердің орынбасары, қызметі қаржылық қызмет көрсетулермен немесе әкімшілік, ақпараттық-технологиялық функцияларды жүзеге асырумен байланысты, сондай-ақ қаржы ұйымының қауіпсіздігін қамтамасыз етумен байланысты дербес құрылымдық бөлімшенің (департаменттің, басқарманың) басшысы немесе басшының орынбасары, не уәкілетті орган бөлімшесінің басшысы не осы Ереженің 1-2-тармағында көрсетілген халықаралық қаржы ұйымдарының бірінің бірінші басшысы, қаржылық қызмет көрсетулермен байланысты мәселелерді жетекшілік еткен Басқарма мүшесі, директорлар кеңесінің мүшесі, қызметі қаржылық қызмет көрсетулермен байланысты бөлімшенің басшысы ретінде кемінде екі жыл еңбек стажы бар болса;
      6) қаржы ұйымының өзге басшы қызметкері лауазымына кандидат – бірінші басшы, директорлар кеңесінің мүшесі, қаржылық қызмет көрсетумен байланысты мәселелерді жетекшілік еткен Басқарма мүшесі, бас бухгалтер немесе бас бухгалтердің орынбасары, қызметі қаржылық қызмет көрсетумен байланысты дербес құрылымдық бөлімшенің (департаменттің, басқарманың) басшысы немесе басшының орынбасары, не уәкілетті орган бөлімшесінің басшысы не осы Ереженің 1-2-тармағында көрсетілген халықаралық қаржы ұйымдарының бірінің бірінші басшысы, қаржылық қызмет көрсетумен байланысты мәселелерді жетекшілік еткен Басқарма мүшесі, директорлар кеңесінің мүшесі, қызметі қаржылық қызмет көрсетумен байланысты бөлімшенің басшысы ретінде кемінде бір жыл стажы бар болса;";
      1-қосымшаның 6-тармағы алынып тасталсын;
      1-1-қосымшаның 8-тармағы алынып тасталсын.
      2. Агенттік Басқармасының "Қазақстан Республикасы бағалы қағаздар рыногындағы қызметті лицензиялау ережесін бекіту туралы" 2007 жылғы 30 сәуірдегі N 117 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 4696 тіркелген, Қазақстан Республикасындағы орталық атқарушы және өзге мемлекеттік органдарының нормативтік құқықтық актілерінің бюллетенінде, 2007 жылғы шілдеде N 7, 268-құжатында жарияланған), Агенттік Басқармасының "Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының "Қазақстан Республикасы бағалы қағаздар рыногындағы қызметті лицензиялау ережесін бекіту туралы" 2007 жылғы 30 сәуірдегі N 117 қаулысына өзгеріс енгізу туралы" 2007 жылғы 16 шілдедегі N 212 қаулысымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 4890 тіркелген) енгізілген өзгеріспен бірге мынадай толықтырулар мен өзгерістер енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы бағалы қағаздар рыногындағы қызметті лицензиялау ережесінде:
      кіріспеде:
      " Бағалы қағаздар рыногы туралы " 2003 жылғы 2 шілдедегі" деген сөздер мен цифрлардан кейін "(бұдан әрі – Заң)" деген сөздермен толықтырылсын;
      "2003 жылғы 4 шілдедегі," деген цифрлар мен сөздерден кейін "Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығы туралы" 2006 жылғы 5 маусымдағы," деген сөздермен толықтырылсын;
      1-тармақта:
      3) тармақша "куәліктің және жарғының" деген сөздерден кейін ", сондай-ақ статистикалық карточканың" деген сөздермен толықтырылсын;
      4) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      "4) салық төлеуші куәлігінің көшірмесін;";
      мынадай мазмұндағы 4-1) тармақшамен толықтырылсын:
      "4-1) өтініш берушінің жарғылық капиталының барынша төмен мөлшерін төлегенін растайтын құжаттар;";
      6) тармақша "акционерлер" деген сөзден кейін "(қатысушылар)" деген сөзбен толықтырылсын;
      мынадай мазмұндағы 6-1), 6-2) тармақшалармен толықтырылсын:
      "6-1) өтініш берушінің Қазақстан Республикасының резиденті емес қатысушысы шетел мемлекетінің заңнамасы бойынша заңды тұлға болып табылатынын растайтын және резидент емес заңды тұлғаны тіркеген орган, тіркеу нөмірі, күні және тіркелу орны туралы ақпараты бар, нотариалды куәландырылған мемлекеттік және орыс тілдерінде аудармасы бар сауда тізілімінен заңдастырылған көшірме немесе басқа заңдастырылған құжат;
      6-2) өтініш берушінің акционері болып табылатын, зейнетақы активтерін инвестициялық басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыруға ниет білдірген Қазақстан Республикасының резиденті емес заңды тұлға - қаржы ұйымы үшін – тізбесі Агенттік Басқармасының "Болу қажеттілігі қаржы ұйымдарының қызметін реттейтін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес талап етілетін Қазақстан Республикасының резиденті емес - заңды тұлғалар үшін ең аз рейтингті, осы рейтингті беретін рейтинг агенттіктерінің тізбесін белгілеу, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2004 жылғы 25 қазандағы N 304 қаулысына өзгеріс енгізу туралы" 2006 жылғы 25 ақпандағы N 55 қаулысымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 4139 тіркелген) – (бұдан әрі - N 55 қаулы), белгіленген халықаралық рейтинг агенттіктерінің бірімен тағайындалған барынша төмен талап етілетін рейтінгінің болуы туралы мәліметтер;";
      7) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      "7) бухгалтерлік балансты, пайдалар мен залалдар туралы есепті, ақша қаражаттарының қозғалысы туралы есепті, өтініш берушінің акцияларын төлеуге ақша салар алдындағы соңғы тоқсанның аяғындағы өтініш берушінің акционерлер - заңды тұлғаларының капиталындағы өзгерістер туралы есепті (көрсетілген талап мемлекет және ұлттық басқарушы холдингі, сондай-ақ клиенттердің шоттарын жүргізуге құқығы жоқ брокердің және (немесе) дилердің, тіркеушінің, акционерлік қоғамнан өзге ұйымдық-құқықтық нысанда жұмыс істейтін трансфер-агенттің атынан акционерлерге қолданылмайды).
      Өтініш берушінің акционері болып, тізбесі N 55 қаулысында белгіленген рейтинг агенттіктерінің бірімен тағайындалған ВВ+ төмен емес шетел валютасындағы ұзақ мерзімді кредиттік рейтингі бар Қазақстан Республикасының резиденті емес заңды тұлға акционері табылған жағдайда өтініш берушінің акцияларын төлеуге ақша салар алдындағы соңғы қаржылық жылына аудиторлық ұйымымен расталған қаржылық есебі мемлекеттік немесе орыс тілінде ұсынылады;";
      11) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      "11) тексерулерді жүргізу тәртібін, кезеңділігін және бақылау органының есеп жасау мерзімдерін анықтайтын өтініш берушінің бақылау органы туралы ереже (бағалы қағаздар ұстаушыларының тізілімдері жүйесін жүргізу жөніндегі қызметті, трансфер-агенттік қызметті жүзеге асыруға лицензия алу үшін құжаттарын ұсынған өтініш берушілерді қоспағанда);";
      13) тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "13) өтініш берушінің Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бағалы қағаздар нарығында қызметті жүзеге асыру үшін қажетті программалық-техникалық құралдарының және өзге жабдықтарының болуын растайтын мынадай құжаттардың көшірмелері:
      жабдықтарды жеткізу шарты;
      жабдықтарды қабылдау-тапсыру актісі;
      лицензиялардың санын көрсете отырып, программалық қамтамасыз етуді әзірлеу және (немесе) жеткізу шарты;
      программалық қамтамасыз етуді қабылдау-тапсыру актісі;
      қорғауды және қауіпсіздікті ұйымдастыру жөніндегі құжаттар (ақпаратты резервілеу тәртібінің сипаттамасы, деректерге қол жетімділігін бөлу механизмінің сипаттамасы, қалпына келтіру жоспары, ішкі бақылау механизмдері).
      Программалық өнімді дербес әзірлеген жағдайда не программалық өнімді басқа тұлғамен өтініш берушіге өтеусіз тапсырған жағдайда осы тармақшаның екінші, үшінші, төртінші, бесінші абзацтарында көрсетілген құжаттар ұсынылмайды.
      Сондай-ақ, ұсынылған құжаттарда мынадай ақпарат көрсетіледі: пайдаланылатын программалық қамтамасыз етудің атауы (серверлік операциялық жүйелер, деректер базаларын басқару жүйелері), версиялар, лицензияның болуы туралы мәліметтер.
      Құжаттардың көшірмелері бірінші басшының қолымен және өтініш берушінің мөр таңбасымен расталады;";
      16) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      "16) директорлар кеңесімен бекітілген жақын арадағы үш жылға арналған және Заңның 48-бабының 1-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген мәліметтерін қамтыған бизнес-жоспар.";
      5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "5. Лицензия алу үшін ұсынылған құжаттар уәкілетті органмен құжаттардың толық пакетін ұсынған күннен бастап отыз жұмыс күн ішінде қаралады.
      Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының қызметін реттеу жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органында тіркелген заңды тұлғалардың лицензия алу үшін ұсынылған құжаттарды уәкілетті орган құжаттардың толық пакетін ұсынған күннен бастап он бес жұмыс күн ішінде қарайды.";
      9-тармақта "5)-13)" деген цифрлар "4), 5), 6), 9), 10), 11), 12), 13)" деген цифрлармен ауыстырылсын;
      10-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      "10. Заңды тұлғаның бағалы қағаздар нарығында қызмет түрлерін жүзеге асыруға берілген лицензияны ерікті қайтаруы заңды тұлғаның өтініші негізінде тек заңды тұлға тиісті қызмет түрлері бойынша міндеттемелері жоқ екендігі туралы кепілдік-хатты бергеннен кейін, сондай-ақ көрсетілген қызмет түрлері бойынша қолданыстағы шарттар болмаған жағдайда ғана іске асырылады.";
      1-қосымшаның 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      "3. Салық төлеуші куәлігінің нөмірі мен күні:
___________________________________________________________";
      2 және 3-қосымшалардың 5-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      "5. Өтініш берушінің акционерінің (қатысушының) қатысушы, акционер ретінде өзге заңды тұлғалардың құруына және қызметіне қатысуы туралы мәліметтер (тізбесі N 55 қаулысымен белгіленген рейтинг агенттіктерінің бірімен тағайындалған ВВ+ төмен емес шетел валютасындағы ұзақ мерзімді кредиттік рейтингі бар резидент емес заңды тұлға акционері болып табылатын жағдайда көрсетілген мәліметтер ұсынылмайды):

Толық атауы/ тегі, аты, (бар болса - әкесінің аты)

Орналасқан орны/тұрғылықты орны (Қазақстан Республикасының резиденті/ резидент емесі)

Дауыс беретін акцияларының пайызы немесе жарғылық капиталдағы үлесі

Қызметтің негізгі түрі





".
      3. Күші жойылды деп танылсын:
      1) Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының "Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының қызметін реттеу жөнінде уәкілетті мемлекеттік орган тіркеген заңды тұлғаларға брокерлік және (немесе) дилерлік қызметті жүзеге асыру жөнінде лицензияларды беру және олардың басшы қызметкерлерін келісу ережесін бекіту туралы" 2006 жылғы 12 тамыздағы N 146 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 4419 тіркелген, "Заң газеті" газетінде 2006 жыл 17 қарашада N 197 (1003) жарияланған);
      2) Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының "Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының "Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының қызметін реттеу жөнінде уәкілетті мемлекеттік орган тіркеген заңды тұлғаларға брокерлік және (немесе) дилерлік қызметті жүзеге асыру жөнінде лицензияларды беру және олардың басшы қызметкерлерін келісу ережесін бекіту туралы" 2006 жылғы 12 тамыздағы N 146 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2007 жылғы 30 сәуірдегі N 118 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 4709 тіркелген).
      4. Осы қаулы оны ресми жариялағаннан кейін жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      5. Лицензиялау департаменті (Н.Қ.Қасқаманова):
      1) Заң департаментімен (Н.В.Сәрсенова) бірлесіп, осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізу шараларын қолға алсын;
      2) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап он күндік мерзімде осы қаулыны Агенттіктің мүдделі бөлімшелеріне, Қазақстан Республикасы Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының қызметін реттеу жөніндегі агенттігіне, "Қазақстан қаржыгерлерінің қауымдастығы" заңды тұлғалар бірлестігіне мәлімет үшін жіберсін.
      6. Агенттік Төрайымының қызметі (А.Ә. Кенже) осы қаулыны Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау шараларын қолға алсын.
      7. Осы қаулының орындалуын бақылау Агенттік Төрайымының орынбасары М.Б. Байсыновқа жүктелсін.

       Төрайым                                       Е. Бахмутова

      "КЕЛІСІЛДІ"
      Қазақстан Республикасы
      Алматы қаласының өңірлік
      қаржы орталығының қызметін
      реттеу жөніндегі агенттігінің
      Төрағасы
      ___________________ А. Арыстанов
      2009 жылғы 9 қаңтар
      (күні, айы, елтаңбалы мөр)