Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің кейбір нормативтік құқықтық актілеріне бағалы қағаздар нарығындағы қызметті лицензиялау және басшы қызметкерлерді келісу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2008 жылғы 29 желтоқсандағы N 232 Қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2009 жылғы 30 қаңтарда Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 5523 болып енгізілді.

Жаңартылған

      "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қаржы жүйесінің тұрақтылығы мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 23 қазандағы Заңын және "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ұжымдық инвестициялау және жинақтаушы зейнетақы қорлары қызметінің мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 20 қарашадағы Заңын іске асыру мақсатында, Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің Басқармасы (бұдан әрі – Агенттік) ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :
      1. <*>
      Ескерту. 1-тармақтың күші жойылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2012.02.24 № 95 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
      2. <*>
      Ескерту. 2-тармақтың күші жойылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2012.02.24 № 87 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік 21 күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
      3. Күші жойылды деп танылсын:
      1) Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының "Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының қызметін реттеу жөнінде уәкілетті мемлекеттік орган тіркеген заңды тұлғаларға брокерлік және (немесе) дилерлік қызметті жүзеге асыру жөнінде лицензияларды беру және олардың басшы қызметкерлерін келісу ережесін бекіту туралы" 2006 жылғы 12 тамыздағы N 146 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 4419 тіркелген, "Заң газеті" газетінде 2006 жыл 17 қарашада N 197 (1003) жарияланған);
      2) Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының "Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының "Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының қызметін реттеу жөнінде уәкілетті мемлекеттік орган тіркеген заңды тұлғаларға брокерлік және (немесе) дилерлік қызметті жүзеге асыру жөнінде лицензияларды беру және олардың басшы қызметкерлерін келісу ережесін бекіту туралы" 2006 жылғы 12 тамыздағы N 146 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2007 жылғы 30 сәуірдегі N 118 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 4709 тіркелген).
      4. Осы қаулы оны ресми жариялағаннан кейін жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      5. Лицензиялау департаменті (Н.Қ.Қасқаманова):
      1) Заң департаментімен (Н.В.Сәрсенова) бірлесіп, осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізу шараларын қолға алсын;
      2) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап он күндік мерзімде осы қаулыны Агенттіктің мүдделі бөлімшелеріне, Қазақстан Республикасы Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының қызметін реттеу жөніндегі агенттігіне, "Қазақстан қаржыгерлерінің қауымдастығы" заңды тұлғалар бірлестігіне мәлімет үшін жіберсін.
      6. Агенттік Төрайымының қызметі (А.Ә. Кенже) осы қаулыны Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау шараларын қолға алсын.
      7. Осы қаулының орындалуын бақылау Агенттік Төрайымының орынбасары М.Б. Байсыновқа жүктелсін.

       Төрайым                                       Е. Бахмутова

      "КЕЛІСІЛДІ"
      Қазақстан Республикасы
      Алматы қаласының өңірлік
      қаржы орталығының қызметін
      реттеу жөніндегі агенттігінің
      Төрағасы
      ___________________ А. Арыстанов
      2009 жылғы 9 қаңтар
      (күні, айы, елтаңбалы мөр)