Ескерту. Қаулының күші жойылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 22.10.2014 № 196 (қабылданған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
Қолданушылардың назарына!!!
Қаулының қолданысқа енгізілу тәртібін 2-т. және 3-т. қараңыз.
Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 20 маусымдағы "Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы", Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 4 шілдедегі "Қаржы рыногы мен қаржылық ұйымдарды мемлекеттік реттеу және қадағалау туралы" Заңдарына сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің (бұдан әрі – Агенттік) Басқармасы
ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :
1. Қоса берілген Жинақтаушы зейнетақы қорларынан жинақталған зейнетақы қаражатын аудару ережесі бекітілсін.
2. Осы қаулы, оны бірінші рет ресми жариялаған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2009 жылғы 1 сәуірден бастап туындаған қатынастарға таралады.
3. Осы қаулының қосымшасына сәйкес нормативтік құқықтық актілерінің 2009 жылғы 1 сәуірден бастап күші жойылды деп танылсын.
4. Бағалы қағаздар нарығының субъектілерін және жинақтаушы зейнетақы қорларын қадағалау департаменті (М.Ж. Хаджиева):
1) Заң департаментімен (Н.В. Сәрсенова) бірлесіп, осы қаулыны Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізу шараларын қолға алсын;
2) осы қаулы Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап он күндік мерзімде оны Агенттіктің мүдделі бөлімшелеріне, "Қазақстан қаржыгерлерінің қауымдастығы" заңды тұлғалар бірлестігіне мәлімет үшін жеткізсін.
5. Агенттіктің Төрайым қызметі (А.Ә. Кенже) осы қаулыны Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау шараларын қолға алсын.
6. Осы қаулының орындалуын бақылау Агенттік Төрайымының орынбасары А.Ө. Алдамбергенге жүктелсін.
Төрайым Е. Бахмутова
Қазақстан Республикасы
Қаржы нарығын және қаржы
ұйымдарын реттеу мен қадағалау
агенттігі Басқармасының
2008 жылғы 29 желтоқсандағы
N 240 қаулысына қосымша
Күші жойылды деп танылған нормативтік
құқықтық актілер тізбесі
1. Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының "Жинақтаушы зейнетақы қорларындағы жинақталған зейнетақы қаражаттарын аударым жасау туралы ережені бекіту туралы" 2006 жылғы 23 қыркүйектегі N 217 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 4446 тіркелген, "Заң газеті" газетінде 2006 жылғы 17 қарашадағы N 201 (1007) жарияланған).
2. Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының "Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының Жинақтаушы зейнетақы қорларындағы жинақталған зейнетақы қаражаттарын аударым жасау туралы ережені бекіту туралы 2006 жылғы 23 қыркүйектегі N 217 қаулысына өзгеріс енгізу туралы" 2007 жылғы 30 наурыздағы N 78 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 4666 тіркелген, 2007 жылғы мамыр-маусымда Қазақстан Республикасының орталық атқарушы және өзге мемлекеттік органдарының актілер жинағында жарияланған).
3. Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының "Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне сәйкестендіру нөмірлері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2007 жылғы 28 мамырдағы N 155 қаулысының 24 тармағы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 4803 тіркелген, 2007 жылдың шілде-тамызда Қазақстан Республикасының Орталық атқарушы және өзге де орталық мемлекеттік органдардың актілер жинағында жарияланған).
4. Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының "Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының "Жинақтаушы зейнетақы қорларындағы жинақталған зейнетақы қаражаттарын аударым жасау туралы ережені бекіту туралы" 2006 жылғы 23 қыркүйектегі N 217 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2008 жылғы 26 мамырдағы N 82 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 5258 тіркелген, "Заң газеті" газетінде 2008 жылғы 31 шілдедегі N 115 (1515), Қазақстан Республикасының орталық атқарушы және өзге мемлекеттік органдарының актілер жинағында 2008 жылғы 15 қыркүйектегі N 9 жарияланған).
Қазақстан Республикасы Қаржы
нарығын және қаржы ұйымдарын
реттеу мен қадағалау агенттігі
Басқармасының 2008 жылғы
29 желтоқсандағы N 240 қаулысымен
бекітілген
Жинақтаушы зейнетақы қорларындағы жинақталған зейнетақы
қаражаттарын аударым жасау ережесі
Осы Ереже "Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы" 1997 жылғы 20 маусымдағы, "Қаржы рыногы мен қаржылық ұйымдарды мемлекеттік реттеу және қадағалау туралы" 2003 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңдарына (бұдан әрі - Заң) сәйкес әзірленді және салымшылардың (алушылардың) жинақталған зейнетақы қаражатын екінші жинақтаушы зейнетақы қорына немесе сақтандыру ұйымына аудару тәртібін анықтайды.
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Ережелерде мынадай ұғымдар пайдаланылады:
1) жинақталған зейнетақы қаражатын аударым жасау туралы өтініш – сақтандыру ұйымымен зейнетақылық аннуитет шартының жасалуына байланысты жинақталған зейнетақы қаражатын сақтандыру ұйымына аудару туралы немесе ерікті және ерікті кәсіби зейнетақы жарналарының және жинақталған зейнетақы қаражатын басқа жинақтаушы зейнетақы қорына аудару есебінен зейнетақымен қамсыздандыру жөніндегі шартты бұзу туралы өтініш;
2) сақтандыру ұйымы - салымшымен (алушымен) зейнетақылық аннуитет шартын жасаған, "өмірді сақтандыру" саласы бойынша сақтандыру қызметін жүзеге асыруға қаржы рыногын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі уәкілетті органның лицензиясы бар сақтандыру ұйымы;
3) Жөнелтуші қор - салымшының (алушының) жинақталған зейнетақы қаражаты басқа жинақтаушы зейнетақы қорына немесе сақтандыру ұйымына аударылатын жинақтаушы зейнетақы қоры;
4) Қабылдаушы қор - салымшы (алушы) жинақталған зейнетақы қаражатын осы жинақтаушы зейнетақы қорымен жасалған зейнетақы шарты негізінде аударып жатқан жинақтаушы зейнетақы қоры;
5) жинақталған зейнетақы қаражатын аударым жасау - Жөнелтуші қордың, кастодиан банктің, Орталықтың (міндетті зейнетақы жарналары есебінен қалыптасқан жинақталған зейнетақы қаражатын аударым жасау кезінде) салымшының (алушының) Қабылдаушы қордағы жеке зейнетақы шотына не сақтандыру ұйымына аударым жасалып отырған жинақталған зейнетақы қаражатын есептеу үшін қажетті жинақталған іс-қимыл;
6) Орталық - Қазақстан Республикасының Үкіметі өкілеттік берген Заңға сәйкес салымшылардың міндетті жинақталған зейнетақы қаражатын Жөнелтуші қордан Қабылдаушы қорға аударым жасау жұмыстарын жүзеге асыратын заңды тұлға.
2-тарау. Міндетті зейнетақы жарналарының есебінен
қалыптастырылған жинақталған зейнетақы
қаражатын аударым жасау тәртібі
2. Қабылдаушы қор салымшымен (алушымен) міндетті зейнетақы жарналарының есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарт жасағаннан кейін Орталыққа Қазақстан Республикасы заңнамасымен белгіленген тәртіпте жасалған шарт туралы мәліметті береді.
3. Орталық салымшымен (алушымен) жасалған шарт туралы мәліметтерді қабылдаушы қордан бір күннен кешіктірмей, келесісін алған күннен кейін:
1) оның Заңның 27-бабы 1-тармағы 6) тармақшасымен белгіленген талаптарды сақтауын тексеруді жүзеге асырады;
2) Қабылдаушы қормен берілген, міндетті зейнетақы жарналарының есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарт жасасқан, жеке тұлғалардың бірыңғай тізіміне мәлімет енгізеді немесе егер салымшы (алушы) бір жыл ішінде міндетті зейнетақы жарналарының есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шартты екі рет жасаған жағдайда немесе егер ертерек басталған зейнетақы активтерін аударым жасау рәсімі аяқталмаған жағдайда көрсетілген мәліметтерді енгізуден бас тартады;
3) міндетті зейнетақы жарналарының есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарт жасасқан, жеке тұлғалардың бірыңғай тізіміне жасалған шарт туралы мәліметтерді енгізуге бас тарту үшін негіздеменің болмауы:
осы салымшы (алушы) атына ашылған жеке зейнетақы шоттарының жабылу қажеттілігін және онымен енгізілген міндетті зейнетақы жарналарының есебі үшін белгіленген және салымшының (алушының) міндетті зейнетақы жарналарының есебінен қалыптасқан, жинақталған зейнетақы қаражатын Қабылдаушы қорға аударым жасауды жүзеге асыру туралы Қабылдаушы қорды қоспағанда, барлық жинақтаушы зейнетақы қорларына электронды хабарлама жібереді;
міндетті зейнетақы жарналарының есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарт жасасқан жеке тұлғаның бірыңғай тізіміне қабылдаушы қормен берілген, салымшымен (алушымен) жасалған шарт жөнінде мәліметтерді енгізу туралы қабылдаушы қорға электронды хабарлама жібереді.
4. Орталықтың электронды хабарламалар нысаны, Орталық және жинақтаушы зейнетақы қоры арасындағы шартпен анықталады.
5. Орталықтың міндетті зейнетақы жарналарының есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарт жасасқан жеке тұлғалардың бірыңғай тізіміне салымшымен (алушымен) жасалған шарт туралы мәліметтерді енгізуге бас тарту жөнінде электронды хабарламаны алған күнде, Қабылдаушы қор себебін көрсете отырып, салымшыны (алушыны) міндетті зейнетақы жарналарының есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарттың күшіне енбегені туралы хабарлайды.
6. Орталықтың қабылдау қормен берілген міндетті зейнетақы жарналарының есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарт жасасқан жеке тұлғалардың бірыңғай тізіміне салымшымен (алушымен) жасалған шарт туралы мәліметтерді енгізу жөнінде электронды хабарламаны алған күнінде, қабылдаушы қор автоматтандырылған ақпараттық жүйенің деректер базасына міндетті зейнетақы жарналарының есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарттың күшіне енгендігі туралы мәліметтерді енгізеді және салымшыға (алушыға) жеке зейнетақы шотын ашады.
7. Жөнелтуші қор орталықтың электронды (электронды) хабарламаны (хабарламаларды) алған күннен бастап сегіз жұмыс күн ішінде жинақталған зейнетақы қаражатын аударым жасау туралы салымшының (салымшылардың) (алушының (алушылардың) жеке (жеке) зейнетақы (зейнетақы) шотын (шоттарын) жабады, оның (олардың) жинақталған зейнетақы қаражаты қабылдаушы қорына аударым жасауға жатады, олардың жинақталған зейнетақы қаражаты қабылдаушы қорына аударылатын жеке тұлғалар тізімінің қосымшасымен, 014 төлем тағайындау кодымен МТ102 хабарлама форматында (бұдан әрі – МТ102 төлем тапсырмасы) электронды төлем тапсырмасын қалыптастырады және өз кастодиан-банкіне береді.
Жеке тұлғалар тiзiмiнде фамилиясы, аты, бар болса әкесiнiң аты, туған күні, салымшының (алушының) жеке сәйкестендiру нөмiрi туралы, сондай-ақ Жөнелтушi қордың зейнетақы ережелерiмен көзделген аударым жасау сомасы мен мәлiметтерi туралы мәлiметтер болады.
Ескерту. 7-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2010.03.29 № 50 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-т. қараңыз) Қаулысымен.
8. Салымшының (алушының) жеке зейнетақы шоты:
1) хабарлама алған жинақтаушы зейнетақы қорында салымшының (алушының) жеке зейнетақы шотында жинақталған зейнетақы қаражаты болмаған жағдайда Орталықтың жинақталған зейнетақы қаражатын аударым жасағаны туралы электронды хабарламасын алған күні;
2) жіберуші Қор жинақталған зейнетақы қаражатын аударым жасауды аяқтағаннан кейін аударым жасау күнінен кейінгі күннен кешіктірмей жабылады;
9. Осы Ереженің 8-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген жағдайда, сондай-ақ осы Ереженің 3-тармағының 3) тармақшасының екінші абзацына сәйкес жіберілген Орталықтың хабарламасын алған жинақтаушы зейнетақы қорында осы салымшыға (алушыға) ашылған жеке зейнетақы шоты болмаған кезде жинақтаушы зейнетақы қоры бұл туралы Орталыққа Орталықтың тиісті электронды хабарламасын алған күннен кейінгі күннен кешіктірмей хабарлайды.
10. Қабылдаушы қор міндетті зейнетақы жарналарының есебінен қалыптастырылған жинақталған зейнетақы қаражатының аударым жасалған сомасы түскеннен кейін:
1) салымшының (алушының) жеке зейнетақы шотына жинақталған зейнетақы қаражатының аударым жасаудан келіп түскен сомасын қосады;
2) салымшыны (алушыны) Орталықтың электронды хабарлама алғаннан күннен кейін он бес жұмыс күннен аспайтын мерзімде жинақталған зейнетақы қаражатының түскендігі туралы міндетті зейнетақы жарналарының есебінен зейнетақымен қамтамасыз ету туралы шарт жасалған жеке тұлғалардың бірыңғай тізіміне салымшымен (алушымен) жасалған шарт жөнінде мәліметті енгізу туралы хабарлайды.
11. Міндетті зейнетақы жарналарының есебінен жинақталған зейнетақы қаражатын Жөнелтуші қордан Қабылдаушы қорға аударым жасау кезеңінде жол берілмейді:
1) салымшымен (алушымен) міндетті зейнетақы жарналарының есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы жаңа шарт жасау;
2) салымшының (алушының) жинақталған зейнетақы қаражатын бір жинақтаушы зейнетақы қорынан басқа зейнетақы қорына аударудан бас тарту.
12. Қабылдаушы қор Орталықпен міндетті зейнетақы жарналарының есебінен қалыптастырылған жинақтаушы зейнетақы қаражатын жөнелтуші қормен аударым жасағанды уақтылы орындағанына бақылауды күн сайын жүзеге асырады.
13. Жіберуші Қор мәліметтері осы Ереженің 3-тармағының 3) тармақшасының екінші абзацына сәйкес жіберілген Орталықтың электронды хабарламасында көрсетілген салымшының (алушының) міндетті зейнетақы жарналары есебінен жинақталған зейнетақы қаражатын аударым жасауды жүзеге асырмаған кезде Орталық міндетті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамтамасыз ету туралы шарттың қолданысы тоқтатылғаны және Орталықтың тиісті электронды хабарламасында көрсетілген салымшының (алушының) жеке зейнетақы шотының жабылғаны туралы мәліметтердің бар болуын, не осы салымшымен (алушымен) жасалған қолданыстағы шарттың жоқтығын тексереді.
14. Орталық анықталған бұзушылықтардың барлық жағдайында (электронды хабарлама бойынша жинақталған зейнетақы қаражатын уақытылы емес орындағаны немесе орындамағаны, салымшылармен (алушылармен) жасалған және міндетті зейнетақы жарналарының есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарттардың қолданылуы тоқтатылған жөнінде мәліметтерді уақытылы емес табыстау) қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау бойынша уәкілетті органға (бұдан әрі – уәкілетті орган) сондай-ақ қабылдаушы қорға Қазақстан Республикасы заңнамасымен белгіленген мерзімде хабарлайды.
3-тарау. Сақтандыру ұйымына жинақталған зейнетақы
қаражатын аударым жасау, сондай-ақ ерікті және ерікті
кәсіби зейнетақы жарналарының есебінен қалыптастырылған
жинақталған зейнетақы қаражатын басқа жинақтаушы зейнетақы
қорына аударым жасау тәртібі
РҚАО-ның ескертпесі!
15, 16, 17, 18, 19, 20, 21, 22-тармақтардың қолданысы тоқтатыла тұрған - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 25.02.2013 № 77 қаулысымен.
15. Салымшы (алушы) жинақталған зейнетақы қаражатын аударым жасау үшін жөнелтуші қорға мынадай құжаттарды ұсынады:
1) осы Ереженің 1 немесе 2 қосымшасына сәйкес жинақталған зейнетақы қаражатын аударым жасау жөніндегі өтініш;
2) салымшының (алушының) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін және куәлік түпнұсқасын қарау үшін;
3) салымшының (алушының) фамилиясы, аты-жөні (бар болса) өзгерген жағдайда - осы өзгерістерді растайтын құжаттың көшірмесін (неке туралы, некенің бұзылғаны туралы куәліктер және Жөнелтуші қордың зейнетақы ережелерімен көзделген өзге де құжаттар) және қарау үшін олардың түпнұсқаларын;
4) ерікті, ерікті кәсіби зейнетақы жарналарының есебінен қалыптасқан жинақталған зейнетақы қаражатын аударған жағдайда – Қабылдаушы қормен жасалған ерікті, ерікті кәсіби зейнетақы жарналарының есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарттың көшірмесін;
5) сақтандыру ұйымына міндетті, ерікті, ерікті кәсіби зейнетақы жарналарының есебінен қалыптасқан жинақталған зейнетақы қаражатын аударған жағдайда - зейнетақы аннуитет шартының түпнұсқасын.
16. Салымшының (алушының) жинақталған зейнетақы қаражатын аударым жасау үшін жөнелтуші қорға өтініш беруге мүмкіндігі болмаған жағдайда, салымшы (алушы) жинақталған зейнетақы қаражатын аударым жасауды жүзеге асыру үшін жинақталған зейнетақы қаражатын аударым жасайтын жинақтаушы зейнетақы қорының сенімхатында жинақталған зейнетақы қаражатын аударым жасау туралы өтінішін, қабылдаушы қордың атауын көрсетіп, нотариатта куәландырылған сенімхатты жеке немесе заңды тұлғаға береді.
Сенім білдірілген адам жөнелтуші қорға мынадай құжаттарды ұсынады:
1) осы Ереженің 3 немесе 4 қосымшасына сәйкес жинақталған зейнетақы қаражатын аударым жасау туралы өтінішті;
2) жинақталған зейнетақы қаражатын аударым жасау туралы өтінішке байланысты нотариатта куәландырылған сенімхатты және қарау үшін оның түпнұсқасын;
3) салымшының (алушының) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін;
4) салымшының (алушының) фамилиясы, аты-жөні (бар болса) өзгерген жағдайда - осы өзгерістерді растайтын құжаттың нотариатта куәландырылған көшірмесін (неке туралы, некенің бұзылғаны туралы куәліктер және өзге де құжаттар) және қарау үшін куәлік түпнұсқасын;
5) ерікті, ерікті кәсіби зейнетақы жарналарының есебінен қалыптасқан жинақталған зейнетақы қаражатын аударған жағдайда - қабылдаушы қормен ерікті, ерікті кәсіби зейнетақы жарналарының есебінен жасалған зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарттың көшірмесін;
6) сақтандыру ұйымына міндетті, ерікті, ерікті кәсіби жарналарының есебінен қалыптасқан жинақталған зейнетақы қаражатын аударған жағдайда - зейнетақы аннуитет шартының түпнұсқасын;
7) сенім білдірілген адамның жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін және қарау үшін куәлік түпнұсқасын.
17. Жөнелтуші қор жинақталған зейнетақы қаражатын аударым жасау туралы өтініште толтырылуға тиіс мәліметтердің дұрыс көрсетілуін тексереді және салымшыға (алушыға) немесе сенім білдірілген адамға берілген құжаттардың толық тізбесін және оларды қабылдаған күнін көрсетіп анықтаманы және өзге құжатты береді.
18. Жөнелтуші қор салымшыға (алушыға) немесе сенім білдірілген адамға жинақталған зейнетақы қаражатын аударым жасау туралы өтінішін орындай алмайтындығының себебін көрсетіп, жазбаша нысанда дәлелі көрсетілген жауапты оның жинақталған зейнетақы қаражатын аударым жасау туралы өтінішін алған күннен бастап он бес жұмыс күні ішінде, мына жағдайларда береді:
1) осы Ереженің 15 немесе 16 тармақтарында көзделген құжаттардың толық емес пакетін беру;
2) алынып тасталды
3) салымшының (алушының) жеке зейнетақы шотында жинақталған зейнетақы қаражаты болмаса немесе салымшының (алушының) атына ашылған жеке зейнетақы шоты болмаса;
4) жинақталған зейнетақы қаражатын аударым жасау туралы өтінішті берген сәтте салымшының (алушының) немесе сенім білдірілген адамның жеке басын куәландыратын құжаттың қолданылу мерзімі өтіп кетсе;
5) жинақталған зейнетақы қаражатын аударым жасау туралы өтінішке байланысты берілген сенімхаттың қолданылу мерзімі өтіп кетсе не оны берген күн көрсетілмесе;
6) осы салымшымен (алушымен) жөнелтуші қормен жасаған зейнетақымен қамсыздандыру туралы шартының болмауы.
Ескерту. 18-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2010.03.29 № 50 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-т. қараңыз) Қаулысымен.
19. Жөнелтуші қор ерікті, ерікті кәсіби зейнетақы жарналарының есебінен қалыптастырылған жинақталған зейнетақы қаражатын аударым жасау кезінде сегіз жұмыс күнінен және олардың осы ереженің 15 және 16 тармақтарымен көзделген құжаттарды алған күннен бастап, жинақталған зейнетақы қаражатын сақтандыру ұйымына аударым жасау кезінде жиырма бес күнтізбелік күннен аспайтын мерзімде:
1) жинақталған зейнетақы қаражаты басқа жинақтаушы зейнетақы қорларына немесе сақтандыру ұйымдарына аударылатын жеке тұлғалардың тізімі қосымша берілген МТ102 электронды төлем тапсырмасын қалыптастырады. Жеке тұлғалар тiзiмiнде фамилиясы, аты, бар болса әкесiнiң аты, туған күні, салымшының (алушының) жеке сәйкестендiру нөмiрi туралы, сондай-ақ Жөнелтушi қордың зейнетақы ережелерiмен көзделген аударым жасау сомасы мен мәлiметтерi туралы мәлiметтер болады;
2) МТ102 төлем тапсырмасын өз кастодиан-банкіне жинақталған зейнетақы қаражатын аударым жасау үшін береді.
Ескерту. 19-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2010.03.29 № 50 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-т. қараңыз) Қаулысымен.
20. Салымшының (алушының) жеке зейнетақы шотында жинақталған зейнетақы қаражатының сомасы сақтандыру ұйымына жинақталған зейнетақы қаражатын аударым жасау туралы өтінішінде көрсетілген жинақталған зейнетақы қаражатының сомасынан кем болған жағдайда, бірақ Жөнелтуші қор сақтандыру ұйымымен зейнетақы аннуитетінің шартын жасау үшін жеткілікті, сақтандыру ұйымына жеке зейнетақы шотында қалдық шегіндегі жинақтаушы зейнетақы қаражатының сомасын аударады.
21. Салымшының (алушының) Жөнелтуші қорда жеке зейнетақы шотының жинақталған зейнетақы қаражаты болмаған жағдайда, ерікті және ерікті кәсіби зейнетақы жарналарының есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарт бұзылады және жинақталған зейнетақы қаражатының аударым жасалғаны туралы өтініш келіп түскен күні жеке зейнетақы шот жабылады.
22. Қабылдаушы қор не сақтандыру ұйымы жинақталған зейнетақы қаражатының түскендігі туралы жазбаша немесе тараптардың шартпен келісуі арқылы белгіленген өзге тәсілмен салымшыны (алушыны) оның салымшының (алушының) жеке зейнетақы шотына немесе сақтандыру ұйымының шотына аударылған күннен бастап жеті жұмыс күні ішінде хабардар етеді.
4-тарау. МТ 102 төлем тапсырмасын алғаннан кейін
кастодиан-банкі мен Орталықтың әрекеті
РҚАО-ның ескертпесі!
23, 24-тармақтардың қолданысы тоқтатыла тұрған - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 25.02.2013 № 77 қаулысымен.
23. Кастодиан-банкі Жөнелтуші қордың төлем тапсырмасын алған кезде салымшының (алушының) міндетті, ерікті, ерікті кәсіби зейнетақы жарналарының есебінен жинақталған зейнетақы қаражатын Қабылдаушы қорға немесе сақтандыру ұйымына аударым жасауға екі жұмыс күн ішінде мынадай әрекеттер жүзеге асырылады:
1) салымшының (алушының) 014 төлем тағайындау кодымен міндетті зейнетақы жарналарының есебінен қалыптастырылған жинақталған зейнетақы қаражатын - Орталыққа аударым жасау;
2) салымшының (алушының) 024 және 025 төлем тағайындау кодтарымен ерікті зейнетақы жарналары және ерікті кәсіби зейнетақы жарналарының есебінен қалыптастырылған жинақталған зейнетақы қаражатын – Қабылдаушы қорға аударым жасау;
3) салымшының (алушының) 831 төлем тағайындау кодымен міндетті зейнетақы жарналарының, ерікті зейнетақы жарналарының және ерікті кәсіби зейнетақы жарналарының есебінен қалыптастырылған жинақталған зейнетақы қаражатын – сақтандыру ұйымына аударым жасау.
24. Орталық салымшылардың (алушылардың) міндетті зейнетақы жарналарының есебінен қалыптастырылған жинақталған зейнетақы қаражатының аударым жасалғанын алып, Қабылдаушы қорға 014 төлем тағайындау кодымен және Жөнелтуші қорды көрсете отырып, үш жұмыс күн ішінде жинақтаушы зейнетақы қаражатын аударым жасауды жүргізеді.
5-тарау. Жөнелтуші қордың жинақталған зейнетақы қаражатын
қайтару кезіндегі әрекеті
25. ерікті және ерікті кәсіби зейнетақы жарналарының есебінен қалыптастырылған жинақталған зейнетақы қаражатын қайтарған жағдайда, оларға қатысты осы Ереженің 3-тарауында көзделген тәртіпте аударым жасау жүзеге асырылды, Жөнелтуші қор салымшыны (алушыны) немесе сенім білдірушіні зейнетақы қаражатын қайтарған күннен бастап бес жұмыс күн ішінде салымшының (алушының) Жөнелтуші қормен жасалған зейнетақымен қамтамасыз ету туралы шартының қолданылуы оның жинақталған зейнетақы қаражатының қайтарылуына байланысты тоқтатылмағанын хабарлайды.
26. Егер Орталыққа міндетті зейнетақы жарналарының есебінен қалыптастырылған жинақталған зейнетақы қаражатын аударым жасауда қателіктерге жол берілген болса (салымшының (алушының) деректемелерінде салымшылардың (алушылардың) тізімінде аудару сомасына екі еселенген төлем жүзеге асырылған, теріс деректемелер көрсетілген жинақталған зейнетақы қаражаты Қабылдаушы қорға аударым жасауға жатады), Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте қате аударылған соманы қайтару жүзеге асырылады.
6-тарау. Қабылдаушы қорға немесе сақтандыру ұйымына
жинақталған зейнетақы қаражатын аударым жасау кезде
зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарттарының қолданылуын
тоқтату талаптары
27. Салымшының (алушының) зейнетақымен қамсыздандыру туралы шартының қолданылуы мына жағдайларда тоқтатылады:
1) міндетті зейнетақы жарналарының есебінен қалыптастырылған жинақталған зейнетақы қаражатын қабылдаушы қорға аударым жасау кезінде - салымшының (алушының) жеке зейнетақы шотының жабылған күнінде;
2) ерікті зейнетақы жарналарының және ерікті кәсіби зейнетақы жарналарының жинақталған зейнетақы қаражатын қабылдаушы қорға аударым жасау кезінде – осы Ереженің 15 немесе 16 тармақтарында көзделген құжаттарды алған күннен бастап он бес жұмыс күнінің аяқталуы бойынша, аударым жасалған жинақталған зейнетақы қаражатын және зейнетақы жарналарының түсімдерін қайтару қажет болмаған жағдайда;
3) сақтандыру ұйымына жинақталған зейнетақы қаражатын аударым жасау кезінде - жинақталған зейнетақы қаражатын аударым жасаған күннен бастап он екі күнтізбелік айдың аяқталуы, салымшының (алушының) жеке зейнетақы шотында ақша болмаған жағдайда.
7-тарау. Қорытынды ережелер
28. Жөнелтуші қор Орталыққа жинақталған зейнетақы қаражатын аударым жасағандығын растап, қабылдаушы қор немесе сақтандырушы ұйым салымшыға (алушыға) оның сұратуының негізінде жинақталған зейнетақы қаражатының сомасын көрсете отырып үзінді көшірме береді:
1) үзінді көшірмені берген күнді және аударылған жинақталған зейнетақы қаражатының түрлерін (міндетті, ерікті немесе ерікті кәсіби зейнетақы жарналары есебінен қалыптасқан);
2) зейнетақы жарналары сомасы мен есептелген инвестициялық кірісті көрсеткендегі ағымдағы күнтізбелік жылдың басындағы жинақталған зейнетақы қаражаты сомасының қалдығы;
3) нақты түскен күнін көрсеткендегі ағымдағы күнтізбелік жылғы келіп түскен зейнетақы жарналарының сомасы;
4) әр айдағы нақты есептеу күнін көрсеткендегі ағымдағы күнтізбелік жылғы инвестициялық кіріс сомасы;
5) жеке зейнетақы шотына нақты түсу күнін көрсете отырып, өткен жылы басқа жинақтаушы зейнетақы қорларынан келіп түскен жинақталған зейнетақы қаражатының аударымдарының сомасы;
6) қордың ағымдағы жылғы өндіртіп алған комиссиялық сыйақы сомасы;
7) Жөнелтуші қормен күнтізбелік жылдың соңына есептелінетін зейнетақы активтері бойынша Жөнелтуші қордың номиналды кіріс көрсеткіші мен Қазақстан Республикасы заңнамасымен белгіленген Жөнелтуші қордың меншікті капитал есебінен кірістіліктің ең төмен мәні арасындағы айырмашылықтар ағымдағы күнтізбелік жылда қалпына келтірілді;
8) нақты төлемдер мен ұсталған табыс салығының сомасы көрсетілген ағымдағы жылғы жүзеге асырылған зейнетақы төлемдерінің сомасы;
9) аударым жасалған жинақталған зейнетақы қаражатының нақты сомасы;
10) келіп түскен зейнетақы жарналары және инвестициялық кіріс көрсетілген, жеке зейнетақы шотындағы жинақталған зейнетақы қаражатының қалдық сомасы.
29. Салымшының (алушының) жинақталған зейнетақы қаражатын жөнелтуші қордан Орталыққа, тікелей қабылдаушы қорға және сақтандыру ұйымына аударуға байланысты шығыстар жөнелтуші қордың өз қаражаты есебінен жүзеге асырылады.
30. Салымшының (алушының) жинақталған зейнетақы қаражатын Орталықтан қабылдаушы қорға аударуға байланысты шығыстары Орталықтың қаражаты есебінен жүзеге асырылады.
31. Осы Ереже реттемейтін мәселелер Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес шешуге жатқызылады.
Жинақтаушы зейнетақы қорларындағы
жинақталған зейнетақы қаражаттарын
аударым жасау туралы ережеге
1-қосымша
Кімге:
_ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _
|_|_|_|_|_|_|_|_|_|_|_|_|_|_|_|_|_|_|_|_|_|_|_|_|_|_|_|_|_|_|_|_|_|_|
(жөнелтуші қордың толық немесе қысқартылған атауы)
Жинақтаушы зейнетақы қорларындағы жинақталған зейнетақы
қаражаттарын аударым жасау туралы салымшының (алушының)
Өтiнiшi
Мен, салымшы (алушы):
Фамилиясы
_ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _
|_|_|_|_|_|_|_|_|_|_|_|_|_|_|_|_|_|_|_|_|_|_|_|_|_|_|_|_|_|_|_|_|_|_|
Аты
_ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _
|_|_|_|_|_|_|_|_|_|_|_|_|_|_|_|_|_|_|_|_|_|_|_|_|_|_|_|_|_|_|_|_|_|_|
Әкесінің аты (бар болса)
_ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _
|_|_|_|_|_|_|_|_|_|_|_|_|_|_|_|_|_|_|_|_|_|_|_|_|_|_|_|_|_|_|_|_|_|_|
Туған күні:
_ _ _ _ _ _ _ _
|_|_| |_|_| |_|_|_|_|
(күні, айы, жылы санмен)
Құжат түрі: (тиісті ұяда х көрсетіңіз)
_ _
|_| Жеке куәлік |_| Төлқұжат
_
|_| Азаматтығы жоқ тұлғаның жеке куәлігі
_ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _
Нөмір |_|_|_|_|_|_|_|_|_| Берілді |_|_| |_|_| |_|_|_|_|
(күні, айы, жылы санмен)
_ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _
|_|_|_|_|_|_|_|_|_|_|_|_|_|_|_|_|_|_|_|_|_|_|_|_|_|_|_|_|_|_|_|_|_|_|
(кім берді)
Мыналар есебінен (керектісінің астын сызу) қалыптасқан менің жинақталған зейнетақы қаражатымды аударым жасауды сұраймын:
Ерікті, ерікті кәсіби зейнетақы жарналарын
_ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _
|_|_|_|_|_|_|_|_|_|_|_|_|_|_|_|_|_|_|_|_|_|_|_|_|_|_|_|_|_|_|_|_|_|_|
(қабылдаушы қордың толық немесе қысқартылған атауы)
Мен осы өтінішке қол қойылған күннен бастап:
1) уәкілетті орган бекіткен қолданыстағы Жинақтаушы зейнетақы қорларындағы жинақталған зейнетақы қаражаттарын аударым жасау туралы ережесімен таныстым;
2) Менің
_ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _
|_|_|_|_|_|_|_|_|_|_|_|_|_|_|_|_|_|_|_|_|_|_|_|_|_|_|_|_|_|_|_|_|_|_|
(жөнелтуші қордың толық немесе қысқартылған атауы)
жасалған 2006 жылғы ________ "__" N____ зейнетақымен қамсыздандыру жөніндегі шартымның жинақталған зейнетақы қаражатын аударым жасау сәтіндегі қолданылуы менің өтінішімді жөнелтуші қор алған күннен бастап отыз жұмыс күні аяқталған соң аударым жасалған жинақталған зейнетақы қаражаты қайтарылмаған жағдайда тоқтатылатындығы және осыған байланысты менің жеке зейнетақы шотым жабылатындығы туралы хабардармын.
Салымшының (алушының) қолы: _________________________________
_ _ _ _ _ _ _ _
Өтініш жасалған күн: |_|_| |_|_| |_|_|_|_|
(күні, айы, жылы санмен)
_ _ _ _ _ _ _ _
Өтінішті жөнелтуші қор қабылдады |_|_| |_|_| |_|_|_|_|
(күні, айы, жылы санмен)
Өтінішті қабылдаған адамның фамилиясы, аты-жөні және қызметі:
_ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _
|_|_|_|_|_|_|_|_|_|_|_|_|_|_|_|_|_|_|_|_|_|_|_|_|_|_|_|_|_|_|_|_|_|_|
_ _ _ _ _
|_|_|_|_|_|
_ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _
|_|_|_|_|_|_|_|_|_|_|_|_|_|_|_|_|_|_|_|_|_|_|_|_|_|_|
_ _ _ _ _ _ _ _
Жөнелтуші қорда тіркелді: |_|_| |_|_| |_|_|_|_|
(күні, айы, жылы санмен)
_ _ _ _ _
Кіріс нөмірі |_|_|_|_|_|
Ескерту:
1. Өтініш баспа әріптермен таратылып жазылады.
2. Барлық бос жолдар толтырылуы міндетті.
Жинақтаушы зейнетақы
қорларындағы жинақталған
зейнетақы қаражаттарын
аударым жасау туралы ережеге
2-қосымша
РҚАО-ның ескертпесі!
2-қосымшаның қолданысы тоқтатыла тұрған - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 25.02.2013 № 77 қаулысымен.
Кімге:
_ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _
|_|_|_|_|_|_|_|_|_|_|_|_|_|_|_|_|_|_|_|_|_|_|_|_|_|_|_|_|_|_|_|_|_|_|
(жөнелтуші қордың толық немесе қысқартылған атауы)
Жинақтаушы зейнетақы қорларындағы жинақталған зейнетақы
қаражаттарын сақтандыру ұйымына аударым жасау туралы
салымшының (алушының)
Өтiнiшi
Мен, салымшы (алушы):
Фамилиясы
_ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _
|_|_|_|_|_|_|_|_|_|_|_|_|_|_|_|_|_|_|_|_|_|_|_|_|_|_|_|_|_|_|_|_|_|_|
Аты
_ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _
|_|_|_|_|_|_|_|_|_|_|_|_|_|_|_|_|_|_|_|_|_|_|_|_|_|_|_|_|_|_|_|_|_|_|
Әкесінің аты (бар болса)
_ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _
|_|_|_|_|_|_|_|_|_|_|_|_|_|_|_|_|_|_|_|_|_|_|_|_|_|_|_|_|_|_|_|_|_|_|
Туған күні:
_ _ _ _ _ _ _ _
|_|_| |_|_| |_|_|_|_|
(күні, айы, жылы санмен)
Құжат түрі: (тиісті ұяда х көрсетіңіз)
_ _
|_| Жеке куәлік |_| Төлқұжат
_
|_| Азаматтығы жоқ тұлғаның жеке куәлігі
_ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _
Нөмір |_|_|_|_|_|_|_|_|_| Берілді |_|_| |_|_| |_|_|_|_|
(күні, айы, жылы санмен)
_ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _
|_|_|_|_|_|_|_|_|_|_|_|_|_|_|_|_|_|_|_|_|_|_|_|_|_|_|_|_|_|_|_|_|_|_|
(кім берді)
Міндетті зейнетақы жарналары (ерікті, ерікті кәсіби) есебінен (керектісінің астын сызу) қалыптасқан менің жинақталған зейнетақы қаражатымды аударым жасауды сұраймын:
__________________________________________________________________
(аударылатын жинақталған зейнетақы қаражатының сомасы жазумен)
Мен осы өтінішке қол қойылған күннен бастап:
1) уәкілетті орган бекіткен қолданыстағы Жинақтаушы зейнетақы қорларындағы жинақталған зейнетақы қаражаттарын аударым жасау туралы ережесімен таныстым;
2) Менің
_ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _
|_|_|_|_|_|_|_|_|_|_|_|_|_|_|_|_|_|_|_|_|_|_|_|_|_|_|_|_|_|_|_|_|_|_|
(сақтандыру ұйымының толық немесе қысқартылған атауы)
жасалған 2006 жылғы _______"__" N____ зейнетақымен қамсыздандыру жөніндегі жөнелтуші қормен жасалған шартымның жинақталған зейнетақы қаражатын аударым жасау сәтіндегі қолданылуы менің өтінішімді сақтандыру ұйымы алған күннен бастап жиырма күнтізбелік ай аяқталған соң аударым жасалған жинақталған зейнетақы қаражаты қайтарылмаған жағдайда тоқтатылатындығы және осыған байланысты менің жеке зейнетақы шотым жабылатындығы туралы хабардармын.
Салымшының (алушының) қолы: _________________________________
_ _ _ _ _ _ _ _
Өтініш жасалған күн: |_|_| |_|_| |_|_|_|_|
(күні, айы, жылы санмен)
_ _ _ _ _ _ _ _
Өтінішті жөнелтуші қор қабылдады |_|_| |_|_| |_|_|_|_|
(күні, айы, жылы санмен)
Өтінішті қабылдаған адамның фамилиясы, аты-жөні және қызметі:
_ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _
|_|_|_|_|_|_|_|_|_|_|_|_|_|_|_|_|_|_|_|_|_|_|_|_|_|_|_|_|_|_|_|_|_|_|
_ _ _ _ _
|_|_|_|_|_|
_ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _
|_|_|_|_|_|_|_|_|_|_|_|_|_|_|_|_|_|_|_|_|_|_|_|_|_|_|
_ _ _ _ _ _ _ _
Жөнелтуші қорда тіркелді: |_|_| |_|_| |_|_|_|_|
(күні, айы, жылы санмен)
_ _ _ _ _
Кіріс нөмірі |_|_|_|_|_|
Ескерту:
1. Өтініш баспа әріптермен таратылып жазылады.
2. Барлық бос жолдар толтырылуы міндетті.
Жинақтаушы зейнетақы
қорларындағы жинақталған
зейнетақы қаражаттарын
аударым жасау туралы ережеге
3-қосымша
Кімге:
_ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _
|_|_|_|_|_|_|_|_|_|_|_|_|_|_|_|_|_|_|_|_|_|_|_|_|_|_|_|_|_|_|_|_|_|_|
(жөнелтуші қордың толық немесе қысқартылған атауы)
Салымшының (алушының) жинақталған зейнетақы қаражатын
бір жинақтаушы зейнетақы қорынан екінші жинақтаушы зейнетақы
қорына аударым жасауға сенім білдірген адамның
Өтiнiшi
Мен, сенім білдіруші:
Фамилиясы
_ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _
|_|_|_|_|_|_|_|_|_|_|_|_|_|_|_|_|_|_|_|_|_|_|_|_|_|_|_|_|_|_|_|_|_|_|
Аты
_ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _
|_|_|_|_|_|_|_|_|_|_|_|_|_|_|_|_|_|_|_|_|_|_|_|_|_|_|_|_|_|_|_|_|_|_|
Әкесінің аты (бар болса)
_ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _
|_|_|_|_|_|_|_|_|_|_|_|_|_|_|_|_|_|_|_|_|_|_|_|_|_|_|_|_|_|_|_|_|_|_|
Туған күні:
_ _ _ _ _ _ _ _
|_|_| |_|_| |_|_|_|_|
(күні, айы, жылы санмен)
Құжат түрі: (тиісті ұяда х көрсетіңіз)
_ _
|_| Жеке куәлік |_| Төлқұжат
_
|_| Азаматтығы жоқ тұлғаның жеке куәлігі
_ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _
Нөмір |_|_|_|_|_|_|_|_|_| Берілді |_|_| |_|_| |_|_|_|_|
(күні, айы, жылы санмен)
_ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _
|_|_|_|_|_|_|_|_|_|_|_|_|_|_|_|_|_|_|_|_|_|_|_|_|_|_|_|_|_|_|_|_|_|_|
(кім берді)
Сенімхат негізінде іс-қимыл жасай отырып:
_ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _
|_|_| |_|_| |_|_|_|_| бастап тізілім N |_|_|_|_|
(күні, айы, жылы санмен)
салымшының (алушының) мүддесі үшін

Салымшының (алушының) жинақталған зейнетақы қаражатын мыналар есебінен қалыптасқан (керектісінің астын сызу) аударым жасау күніне толық көлемде аударым жасауды сұраймын:
Ерікті, ерікті кәсіби зейнетақы жарналарын -
_ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _
|_|_|_|_|_|_|_|_|_|_|_|_|_|_|_|_|_|_|_|_|_|_|_|_|_|_|_|_|_|_|_|_|_|_|
(қабылдаушы қордың толық немесе қысқартылған атауы)
Мен, салымшының (алушының) сенім білдірген адамы осы өтінішке қол қойылған күннен бастап:
1) уәкілетті орган бекіткен қолданыстағы Жинақтаушы зейнетақы қорларындағы жинақталған зейнетақы қаражаттарын аударым жасау туралы ережесімен таныстым;
2) ____________________________________________________________
(жөнелтуші қордың толық атауы)
жасалған 2006 жылғы _______"__" N ____ зейнетақымен қамсыздандыру жөніндегі жөнелтуші қормен жасалған шарттың қолданылуы жинақталған зейнетақы қаражатын аударым жасау жөніндегі өтініш түскен күннен бастап отыз жұмыс күні аяқталған соң тоқтатылатындығы және жеке зейнетақы шотының жабылатындығы туралы хабардармын.
Сенім білдірілген адамның қолы: _______________________________
_ _ _ _ _ _ _ _
Өтініш жасалған күн: |_|_| |_|_| |_|_|_|_|
(күні, айы, жылы санмен)
_ _ _ _ _ _ _ _
Өтінішті жөнелтуші қор қабылдады |_|_| |_|_| |_|_|_|_|
(күні, айы, жылы санмен)
Өтінішті қабылдаған адамның фамилиясы, аты-жөні және қызметі:
_ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _
|_|_|_|_|_|_|_|_|_|_|_|_|_|_|_|_|_|_|_|_|_|_|_|_|_|_|_|_|_|_|_|_|_|_|
_ _ _ _ _
|_|_|_|_|_|
_ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _
|_|_|_|_|_|_|_|_|_|_|_|_|_|_|_|_|_|_|_|_|_|_|_|_|_|_|
_ _ _ _ _ _ _ _
Жөнелтуші қорда тіркелді: |_|_| |_|_| |_|_|_|_|
(күні, айы, жылы санмен)
_ _ _ _ _
Кіріс нөмірі |_|_|_|_|_|
Ескерту:
1. Өтініш баспа әріптермен таратылып жазылады.
2. Барлық бос жолдар толтырылуы міндетті.
Жинақтаушы зейнетақы
қорларындағы жинақталған
зейнетақы қаражаттарын
аударым жасау туралы ережеге
4-қосымша
РҚАО-ның ескертпесі!
4-қосымшаның қолданысы тоқтатыла тұрған - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 25.02.2013 № 77 қаулысымен.
Кімге:
_ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _
|_|_|_|_|_|_|_|_|_|_|_|_|_|_|_|_|_|_|_|_|_|_|_|_|_|_|_|_|_|_|_|_|_|_|
(жөнелтуші қордың толық немесе қысқартылған атауы)
Салымшының (алушының) жинақталған зейнетақы қаражатын
бір жинақтаушы зейнетақы қорынан сақтандыру ұйымына аударым
жасауға сенім білдірген адамның
Өтiнiшi
Мен, сенім білдіруші:
Фамилиясы
_ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _
|_|_|_|_|_|_|_|_|_|_|_|_|_|_|_|_|_|_|_|_|_|_|_|_|_|_|_|_|_|_|_|_|_|_|
Аты
_ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _
|_|_|_|_|_|_|_|_|_|_|_|_|_|_|_|_|_|_|_|_|_|_|_|_|_|_|_|_|_|_|_|_|_|_|
Әкесінің аты (бар болса)
_ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _
|_|_|_|_|_|_|_|_|_|_|_|_|_|_|_|_|_|_|_|_|_|_|_|_|_|_|_|_|_|_|_|_|_|_|
Туған күні:
_ _ _ _ _ _ _ _
|_|_| |_|_| |_|_|_|_|
(күні, айы, жылы санмен)
Құжат түрі: (тиісті ұяда х көрсетіңіз)
_ _
|_| Жеке куәлік |_| Төлқұжат
_
|_| Азаматтығы жоқ тұлғаның жеке куәлігі
_ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _
Нөмір |_|_|_|_|_|_|_|_|_| Берілді |_|_| |_|_| |_|_|_|_|
(күні, айы, жылы санмен)
_ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _
|_|_|_|_|_|_|_|_|_|_|_|_|_|_|_|_|_|_|_|_|_|_|_|_|_|_|_|_|_|_|_|_|_|_|
(кім берді)
Сенімхат негізінде іс-қимыл жасай отырып:
_ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _
|_|_| |_|_| |_|_|_|_| бастап тізілім N |_|_|_|_|
(күні, айы, жылы санмен)
салымшының (алушының) мүддесі үшін
Фамилиясы
_ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _
|_|_|_|_|_|_|_|_|_|_|_|_|_|_|_|_|_|_|_|_|_|_|_|_|_|_|_|_|_|_|_|_|_|_|
(қабылдаушы қордың толық немесе қысқартылған атауы)
Аты
_ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _
|_|_|_|_|_|_|_|_|_|_|_|_|_|_|_|_|_|_|_|_|_|_|_|_|_|_|_|_|_|_|_|_|_|_|
Әкесінің аты (бар болса)
_ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _
|_|_|_|_|_|_|_|_|_|_|_|_|_|_|_|_|_|_|_|_|_|_|_|_|_|_|_|_|_|_|_|_|_|_|
Туған күні:
_ _ _ _ _ _ _ _
|_|_| |_|_| |_|_|_|_|
(күні, айы, жылы санмен)
Құжат түрі: (тиісті ұяда х көрсетіңіз)
_ _
|_| Жеке куәлік |_| Төлқұжат
_
|_| Азаматтығы жоқ тұлғаның жеке куәлігі
_ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _
Нөмір |_|_|_|_|_|_|_|_|_| Берілді |_|_| |_|_| |_|_|_|_|
(күні, айы, жылы санмен)
_ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _
|_|_|_|_|_|_|_|_|_|_|_|_|_|_|_|_|_|_|_|_|_|_|_|_|_|_|_|_|_|_|_|_|_|_|
(кім берді)
Міндетті зейнетақы жарналары (ерікті, ерікті кәсіби) есебінен (керектісінің астын сызу) қалыптасқан салымшының (алушының) мына сомадағы жинақталған зейнетақы қаражатын аударым жасауды сұраймын:
__________________________________________________________________
(аударылатын жинақталған зейнетақы қаражатының сомасы жазумен)
_ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _
|_|_|_|_|_|_|_|_|_|_|_|_|_|_|_|_|_|_|_|_|_|_|_|_|_|_|_|_|_|_|_|_|_|_|
(сақтандыру ұйымының толық немесе қысқартылған атауы)
Міндетті зейнетақы жарналары (ерікті, ерікті кәсіби) есебінен (керектісінің астын сызу) қалыптасқан салымшының (алушының) мына сомадағы жинақталған зейнетақы қаражатын аударым жасауды сұраймын:
_ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _
|_|_|_|_|_|_|_|_|_|_|_|_|_|_|_|_|_|_|_|_|_|_|_|_|_|_|_|_|_|_|_|_|_|_|
(жөнелтуші қордың толық немесе қысқартылған атауы)
Мен, салымшының (алушының) сенім білдірген адамы осы өтінішке қол қойылған сәттен бастап:
1) уәкілетті орган бекіткен қолданыстағы Жинақтаушы зейнетақы қорларындағы жинақталған зейнетақы қаражаттарын аударым жасау туралы ережесімен таныстым;
2) жасалған 2006 жылғы _______"__" N____ зейнетақымен қамсыздандыру жөніндегі салымшымен (алушымен) жасалған шарттың қолданылуы жинақталған зейнетақы қаражатын сақтандыру ұйымына аударғаннан кейін он екі күнтізбелік ай ішінде жеке зейнетақы шотында ақша болмаған жағдайда жеке зейнетақы шотының жабылатындығы туралы хабардармын.
Сенім білдірілген адамның қолы: __________________________________