Тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу кезінде қазақстандық мазмұнның көлемі туралы ақпаратты ескере отырып, есептілікті жинау, қорыту және талдау ережесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2008 жылғы 30 желтоқсандағы N 647 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2009 жылғы 8 қаңтарда Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 5480 болып енгізілді

Жаңартылған

      "Мемлекеттік сатып алу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының
14-бабының 6) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қоса берілген Тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу кезінде қазақстандық мазмұнның көлемі туралы ақпаратты ескере отырып, есептілікті жинау, қорыту және талдау ережесі бекітілсін.
      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік активтерді басқару және мемлекеттік сатып алу әдіснамасы департаменті (Тәшенев Б.Х.) белгіленген  тәртіппен осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін және оның кейіннен ресми бұқаралық ақпарат құралдарында жариялануын қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Қаржы вице-министрі Р.Е.Дәленовке жүктелсін.
      4. Осы бұйрық оның бірінші ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.

       Министр                                          Б. Жәмішев

Қазақстан Республикасы  
Қаржы министрінің    
2008 жылғы 30 желтоқсандағы
N 647 бұйрығымен    
бекітілген       

Тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді
сатып алу кезінде қазақстандық мазмұнның көлемі туралы
ақпаратты ескере отырып, есептілікті жинау, қорыту және
талдау ережесін бекіту туралы 1. Жалпы ережелер

      1. Осы Тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу кезінде қазақстандық мазмұнның көлемі туралы ақпаратты ескере отырып, есептілікті жинау, қорыту және талдау ережесін бекіту туралы ереже (бұдан әрі – Ереже) "Мемлекеттік сатып алу туралы" Қазақстан Республикасы заңының 14-бабының 6) қосымшасына сәйкес әзірленді.
      2. Ереже мемлекеттік сатып алу жөніндегі уәкілетті органның мемлекеттік сатып алудың веб-порталы арқылы тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу кезінде қазақстандық мазмұнның көлемі туралы ақпаратты ескере отырып, есептілікті жинау, қорыту және талдау тәртібін анықтайды.
      3. Ережеде мынадай ұғымдар қолданылады:
      1) мемлекеттік сатып алу веб-порталы - электрондық мемлекеттік сатып алудың электрондық қызметтерге қол жеткізудің бірыңғай нүктесін білдіретін мемлекеттік ақпараттық жүйе;
      2) қазақстандық мазмұн – мемлекеттік сатып алу туралы шартты орындау кезінде жұмысқа тартылған кадрлардың жалпы санынан жұмысқа тартылған қазақстандық кадрлардың немесе әлеуетті өнім берушілер тауарларының, жұмыстары мен көрсететін қызметтерінің жалпы құнынан тікелей де, қосалқы мердігерлік шарттарды жасасу арқылы да сатып алынатын отандық берушілердің тауарлары, жұмыстары, көрсететін қызметтері құнының проценттік мазмұны;
      3) мемлекеттік сатып алу жөніндегі уәкілетті орган - мемлекеттік сатып алу жүйесін реттеуді жүзеге асыратын мемлекеттік орган;
      4) мемлекеттік сатып алу жүйесінің субъектілері - мемлекеттік сатып алу саласындағы қызметті жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалар;
      5) электрондық мемлекеттік сатып алу саласындағы бірыңғай оператор – Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылатын, акциялардың (қатысу үлестерінің) жалғыз меншік иесі мемлекет немесе ұлттық холдинг болып табылатын, электрондық мемлекеттік сатып алу саласында бірыңғай техникалық саясатты іске асыруды жүзеге асыратын заңды тұлға.

2. Мемлекеттік сатып алу мәселелері бойынша
есептілікті жинау ережесі

      4. Республикалық және жергілікті (облыстың) бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері, барлық ведомстволық бағыныстағы ұйымдарды ескере отырып, Қазақстан Республикасы Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау агенттігі, еншілес кәсіпорындарды ескере отырып, республикалық мемлекеттік кәсіпорындар (оның ішінде қазыналық), сондай-ақ дауыс беретін акцияларының (үлестерінің) елу және одан астам проценті мемлекетке тиесілі заңды тұлғалар және Заңға сәйкес тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді сатып алуды жүзеге асыратын олармен аффилиирленген заңды тұлғалар веб-порталға:
      есепті тоқсаннан кейінгі айдың 17-сіне дейін осы Ережеге 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша осы Ережеге 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жүргізілген тауарларды, жұмыстарды және қызмет көрсетулерді мемлекеттік сатып алу туралы 1-ГЗ есепті;
      есепті жарты жылдықтан кейінгі айдың 10-ына дейін осы Ережеге 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жасалған шағын кәсіпкерлік субъектілерінен тауарларды, жұмыстарды және қызмет көрсетулерді мемлекеттік сатып алу туралы есепті;
      есепті тоқсаннан кейінгі айдың 20-сына қарсы осы Ережеге 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жасалған тауарларды, жұмыстарды және қызмет көрсетулерді мемлекеттік сатып алу кезінде қазақстандық мазмұн көлемдері туралы ақпаратты ұсынады.
      5. 1-ГЗ есеп және шағын кәсіпкерлік субъектілерінен тауарларды, жұмыстарды және қызмет көрсетулерді мемлекеттік сатып алу туралы есеп Қазақстан Республикасының Президенті анықтайтын тапсырыс берушінің бірінші басшысының не жауапты хатшысының немесе жауапты хатшының өкілетін жүзеге асыратын лауазымды тұлғаның не оның міндетін атқарушы тұлғаның электрондық цифрлық қолтаңбамен куәландырылған электрондық құжат түрінде осы Ереженің 4-тармағында көрсетілген мерзімдерде өспелі қорытындымен беріледі.
      6. Қазақстандық мазмұнның көлемі туралы ақпарат өспелі қорытындысыз мемлекеттік сатып алу туралы атқарушы шарттар бойынша беріледі.
      7. Мемлекеттік құпиядан тұратын мәліметтерді қамтитын тауарларды, жұмыстарды көрсетілетін қызметтерді сатып алу кезінде қазақстандық мазмұнның көлемі туралы ақпарат, сондай-ақ Заңның 4-бабының 1-тармағының 3), 23) және 32) тармақшаларында көзделген ақпарат веб-порталға ұсынылмайды.
      8. Мемлекеттік сатып алу бойынша есептілік пайдаланушы жіберген мемлекеттік сатып алу веб-порталынан тиісті хабарлама алған жағдайда, ұсынылған болып есептеледі.

3. Мемлекеттік сатып алу мәселелері
бойынша есептілікті қорыту

      9. Мемлекеттік сатып алудың веб-порталы арқылы уәкілетті орган мыналар:
      1) барлық ведомстволық бағыныстағы ұйымдарды ескере отырып, республикалық және жергілікті (облыстың) бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері, еншілес кәсіпорындарды ескере отырып, республикалық мемлекеттік кәсіпорындар (оның ішінде қазыналық);
      2) барлық ведомстволық бағыныстағы ұйымдарды ескере отырып, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі мен Қазақстан Республикасы Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау агенттігі;
      3) дауыс беретін акцияларының (үлестерінің) елу және одан астам проценті мемлекетке тиесілі заңды тұлғалар және Заңға сәйкес тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді сатып алуды жүзеге асыратын олармен аффилиирленген заңды тұлғалар ұсынған есептілікті қорытуды жүзеге асырады.
      10. Мемлекеттік сатып алу жүйесінің субъектілері ұсынған есептік деректер автоматты режимде қорытындыланады және мемлекеттік сатып алудың веб-порталында осы Ережеге 1, 2 және 3-қосымшаларға сәйкес жиынтық есеп түрінде қалыптасады.
      11. Техникалық сүйемелдеу бойынша қызметтер көрсетуді веб-портал арқылы мемлекеттік сатып алу саласындағы бірыңғай оператор жүзеге асырады және мемлекеттік сатып алу жүйесінің субъектісі мен басқа да мүдделі тұлға Электрондық қызмет көрсету ережесінде анықтайды.

4. Мемлекеттік сатып алу мәселелері
бойынша есептілікті талдау

      12. Есептілікті талдауды мемлекеттік сатып алудың веб-порталы арқылы уәкілетті орган жүзеге асырады және өзіне:
      ұсынылған есептік деректерді мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспарында көрсетілген жоспарланып отырған мемлекеттік сатып алумен салыстыруды;
      мемлекеттік сатып алудың веб-порталында есептік деректерді мемлекеттік сатып алу саласындағы тізілімдермен салыстыруды;
      тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алу кезінде қазақстандық мазмұн көлемі туралы ақпаратты мемлекеттік сатып алу туралы шарттарда қамтылған мәліметтермен салыстыруды қосады.
      13. Уәкілетті орган жинау, қорыту және талдау жолымен одан әрі мүдделі органдарға ұсыну және Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің статистикалық бюллетенінде жариялау мақсатында 1-ГЗ есебінің шағын кәсіпкерлік субъектілерінен тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алу туралы есептің және қазақстандық мазмұнның көлемі туралы ақпараттың жиынтық деректерін қалыптастырады.

                                                Ережеге 1-қосымша

      Ескерту. 1-қосымшаға өзгерту енгізілді - ҚР Қаржы министрінің м.а. 2009.12.21 № 569 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-т. қараңыз) Бұйрығымен.

      ______________________________________________________
                   (тапсырыс берушінің атауы)

     _____жылғы ___ тоқсан үшін жүргізілген тауарларды,
   жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік
           сатып алу туралы 1-ГЗ есеп нысаны

Сатып алу тәсілі

Жол коды

Саны

Сатып алу үшін бөлінген сома (мың теңге)

Сатып алудың жалпы көлемі (мың теңге)

оның ішінде шетелдік өнім берушіде

Жүргізілген мемлекеттік сатып алудан шартты үнемдеу
(мың теңге)

жүргізілген сатып алу

өнім берушілер-жеңім-паздар

оның ішінде шетелдік өнім берушілер

А

Б

1

2

3

4

5

6

7

Конкурс тәсілімен жүргізілген мемлекеттік сатып алу.
Барлығы

01








оның ішінде
екі сатылы рәсімдерді пайдаланып

02








Баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен жүргізілген мемлекеттік сатып алу

04








Бір көзден алу тәсілімен жүргізілген мемлекеттік сатып алу.
Барлығы

06








Оның ішінде дәрменсіз деп танылған конкурстық тәсілімен мемлекеттік сатып алу бойынша

08








Оның ішінде дәрменсіз деп танылған баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен мемлекеттік сатып алу бойынша

09








Заң нормасының қолданбай жүзеге асырылған мемлекеттік сатып алу

10








Ұйымдасқан электрондық сауда-саттықта жүргізілген мемлекеттік сатып алу

11








Тауар биржасы арқылы өткізілген мемлекеттік сатып алу

12








Сатып алу жүргізілді жиыны:

13








      Қазақстан Республикасының Президенті анықтайтын тапсырыс берушінің бірінші басшысының не жауапты хатшысының немесе жауапты хатшының өкілетін жүзеге асыратын лауазымды тұлғаның не оның міндетін атқарушы тұлғаның аты, тегі, әкесінің аты және электрондық цифрлық қолтаңбасы.

                                                Ережеге 2-қосымша

     ___________________________________________________________
                     (тапсырыс беруші атауы)

  ___ жыл үшін шағын кәсіпкерлік субъектілерінен тауарларды,
  жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып
                    алу туралы есеп нысаны

Nр/с


Барлығы
(мың теңге)

оның ішінде

Тауарлар, барлығы

оның ішінде импорт бойынша тауарлар

Жұмыстар, барлығы

оның ішінде бейрезеденттер орындаған жұмыс

Қызметтер,
барлығы

оның ішінде
ҚР бейрезеденттері көрсеткен қызметтер


1

2

3

4

5

6

7

8

01

Тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді сатып алудың жалпы көлемі








02

оның ішінде шағын кәсіпкерлік субъектілерінен








      Қазақстан Республикасының Президенті анықтайтын тапсырыс берушінің бірінші басшысының не жауапты хатшысының немесе жауапты хатшының өкілетін жүзеге асыратын лауазымды тұлғаның не оның міндетін атқарушы тұлғаның аты, тегі, әкесінің аты және электрондық цифрлық қолтаңбасы.

                                                Ережеге 3-қосымша

    ___________________________________________________________
                       (тапсырыс беруші атауы)

    _____жылғы ___ тоқсан үшін Тауарларды, жұмыстарды және
   көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алу кезінде
       қазақстандық мазмұнның көлемі туралы ақпараты

N р/с

Тапсырыс берушінің атауы

Сатып

алу тәсілі

Шарт

Шарт тізілімінде жазылған нөмір

Шарттың мәні

күні

нөмірі

Тауардың атауы

Жұмыстар атауы

Жұмыстың атауы

Тауардың атауы

1

2

3

4

5

6

7

8

9











Жиыны:








кестенің жалғасы

Шарттың мәні

Қызметтің атауы

Теңге бірлігі үшін баға

Саны

Сома, теңге

тауар сомасы, теңге

жұмыс сомасы теңге

көрсетілетін қызмет сомасы, теңге

жалпы сомасы, теңге

10

11

12

13

14

15

16















Қазақстандық мазмұн

Отандық тауар құны, теңге

Отандық тауардың жалпы құны, теңге

Мердігердің еңбекақы құны

Қосалқы мердігердің, бірлесіп орындаушының еңбекақы бағасы

Еңбектің жалпы бағасы, теңге

Мемлекеттік сатып алу кезінде қазақстандық мазмұн, теңге

Мемлекеттік сатып алу кезінде қазақстандық мазмұн, %

17

18

19

20

21

22

23















кестенің жалғасы

Шарт бойынша берушілер (орындаушылар мердігерлер) туралы ақпарат

Шарт бойынша мердігерлер (бірлесіп орындаушылар) туралы ақпарат

Заңды тұлғаның атауы (жеке тұлғаның тегі, аты-жөні)

СТН

БСН, ЖСН

Мәртебе

Заңды тұлғаның атауы (жеке тұлғаның аты-жөні)

СТН

БСН, ЖСН

Мәртебе

24

25

26

27

28

29

30

31

















кестенің жалғасы

Тауар өндірушілер туралы ақпарат

Импорт бойынша тауар құны, теңге

Импорт бойынша тауардың жалпы құны, теңге

Заңды тұлғаның атауы (жеке тұлғаның аты-жөні)

СТН

БСН, ЖСН

Орналасқан елі

Мәртебе

32

33

34

35

36

37

38















      Қазақстан Республикасының Президенті анықтайтын тапсырыс берушінің бірінші басшысының не жауапты хатшысының немесе жауапты хатшының өкілетін жүзеге асыратын лауазымды тұлғаның не оның міндетін атқарушы тұлғаның аты, тегі, әкесінің аты және электрондық цифрлық қолтаңбасы.

Тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді
мемлекеттік сатып алу кезінде қазақстандық мазмұнның көлемі
туралы ақпараттың электрондық нысанын тапсырыс берушінің
толтыруы бойынша нұсқамалар

      Ескерту. Нұсқамаға өзгерту енгізілді - ҚР Қаржы министрінің м.а. 2009.12.21 № 569 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-т. қараңыз) Бұйрығымен.

      Оператор веб-портал арқылы мемлекеттік сатып алу жүйесінің субъектілеріне ақпараттық жүйеде ол арқылы мемлекеттік сатып алу туралы электрондық есептілікке қатынау жүзеге асырылатын автоматтандырылған жұмыс орнын береді.
      Электрондық нысанда тапсырыс беруші мәліметті былайша енгізеді:
      2 "Тапсырыс берушінің атауы" бағанында тапсырыс берушінің толық атауы көрсетіледі.
      3 "Сатып алу тәсілі" бағынында мынадай мәтін бөлігінің сәйкестігі және код аймағының мәні негізге алына отырып, толтырылады:
      конкурс – 1;
      баға ұсыныстарын сұрату - 2;
      бір көз – 3;
      ұйымдастырылған электрондық сауда-саттықтарда - 4;
      тауар биржалары арқылы - 5;
      ерекше тәртіп – 6;
      арнайы тәртіп – 7;
      Заңның нормаларын қолданбай – 9.
      4 - 5 "Шарт" бағандарында "күні, айы, жылы" форматында шарт жасасу күні (00.00.0000) және шартқа берілген нөмір көрсетіледі.
      6 "Шарт тізілімінде жазба нөмірі" бағанында мемлекеттік сатып алу туралы шарттардың тізіліміндегі жазба нөмірі көрсетіледі.
      7 "Тауардың атауы" бағынында шартқа сәйкес тапсырыс беруші сатып алатын тауардың толық атауы көрсетіледі.
      8 - 9 "Жұмыстың атауы" бағандарында жұмыстарды мемлекеттік сатып алу туралы шартқа сәйкес тапсырыс беруші сатып алатын жұмыстардың және тауардың атауы көрсетіледі.
      10 "Көрсетілетін қызметтердің атауы" бағанында тапсырыс беруші шартқа сәйкес сатып алатын көрсетілетін қызметтердің атауы көрсетіледі.
      11 "Бірлік үшін бағасы" бағанында тауарларды сатып алған кезде де, жұмыстарды сатып алған кезде де тауардың бірлігі үшін теңгемен бағасы көрсетіледі (нүктеден кейін екінші он сандық белгі дәлдігімен).
      12 "Саны" бағанында 11-бағанда аты берілген тауарлардың өлшем бірлігіне сәйкес тауарлардың саны көрсетіледі.
      13, 14, 15, 16 "Сомасы, теңге" бағандарында шартқа сәйкес теңгемен сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің сомасы көрсетіледі (нүктеден кейін екінші он сандық белгі дәлдігімен).
      Жұмыстарды сатып алған кезде жұмыстың (14-баған), тауардың (13-баған) сомасы көрсетіледі.
      17 "Отандық тауардың құны" бағанында тауарларды мемлекеттік сатып алу туралы шартты орындау үшін отандық тауар өндірушілерінде беруші сатып алатын тауарлардың құны көрсетіледі.
      18 "Отандық тауардың жалпы құны" бағанында мемлекеттік сатып алу туралы шартты орындау үшін отандық тауар өндірушілерден сатып алынатын тауарлардың суммарлық мәні көрсетіледі.
      19 "Берушінің еңбекақысын төлеу құны" бағаны бойынша жеке тұлғалардың – беруші жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алу туралы шартты орындау үшін жалдаған Қазақстан Республикасының резиденттерінің құны төленеді.
      20 "Қосалқы мердігердің, бірлесіп атқарушының еңбек ақысын төлеу құны" бағынында жеке тұлғалардың – қосалқы мердігер жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алу туралы шартты орындау үшін жалдаған Қазақстан Республикасының резиденттерінің еңбекақысының құны көрсетіледі.
      21 "Еңбектің жалпы құны" бағанында еңбекақының жалпы сомасы көрсетіледі (нүктеден кейін екінші он сандық белгі дәлдігімен).
      22 "Мемлекеттік сатып алу кезінде қазақстандық мазмұн" бағаны бойынша тауар мен еңбекақы құны анықталатын тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алу кезіндегі қазақстандық мазмұн көрсетіледі.
      23 "Мемлекеттік сатып алу кезінде қазақстандық мазмұн" бағаны бойынша мемлекеттік сатып алу туралы шарттың жалпы құнынан тауар мен еңбекақы төлеу құнының проценттік мазмұны ретінде анықталады.
      Тауарларды мемлекеттік сатып алу кезінде қазақстандық мазмұн шарттың жалпы құнынан мемлекеттік сатып алу туралы шартты орындау үшін отандық тауар өндірушілерден беруші сатып алған тауар құнының проценттік мазмұны ретінде анықталады.
      24 "Заңды тұлғаның атауы (жеке тұлғаның аты-жөні)" бағанында заңды тұлғаның толық атауы немесе шартқа сәйкес жеке тұлғаның – тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді берушінің тегі, аты, әкесінің аты көрсетіледі.
      25 "СТН" бағанында салық төлеушінің – берушінің тіркеу нөмірі (СТН) көрсетіледі.
      26 "БСН, ЖСН" бағанында бизнес-сәйкестендіру нөмірі (БСН) – заңды тұлғалар үшін, жеке сәйкестендіру нөмірі (ЖСН) – жеке тұлғалар үшін көрсетіледі.
      27 "Мәртебе" бағанында мынадай мәтін бөлігінің сәйкестігі және код аймағының мәні негізге алына отырып, толтырылады;
      отандық тауар өндірушілер – 1;
      отандық беруші – 2;
      резидент емес – 3.
      28 "Заңды тұлғаның атауы (жеке тұлғаның аты-жөні)" бағанында заңды тұлғаның толық атауы немесе шартқа сәйкес жеке тұлғаның – тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің қосалқы мердігерінің тегі, аты, әкесінің аты көрсетіледі.
      29 "СТН" бағанында салық төлеушінің – қосалқы мердігердің тіркеу нөмірі (СТН) көрсетіледі.
      30 "БСН, ЖСН" бағанында бизнес-сәйкестендіру нөмірі (БСН) – заңды тұлғалар үшін, жеке сәйкестендіру нөмірі (ЖСН) – жеке кәсіпкерлер үшін көрсетіледі.
      31 "Мәртебе" бағанында мынадай мәтін бөлігінің сәйкестігі және код аймағының мәні негізге алына отырып, толтырылады;
      отандық тауар өндірушілер – 1;
      отандық беруші – 2;
      резидент емес – 3.
      32 "Заңды тұлғаның атауы (жеке тұлғаның аты-жөні)" бағанында заңды тұлғаның толық атауы немесе шартқа сәйкес жеке тұлғаның – тауар өндірушінің тегі, аты, әкесінің аты көрсетіледі.
      33 "СТН" бағанында салық төлеушінің – тауар өндірушінің тіркеу нөмірі (СТН) көрсетіледі.
      34 "БСН, ЖСН" бағанында бизнес-сәйкестендіру нөмірі (БСН) – заңды тұлғалар үшін, жеке сәйкестендіру нөмірі (ЖСН) – жеке кәсіпкерлер үшін көрсетіледі.
      35 "Орналасқан елі" бағанында тауар өндірушінің орналасқан елі көрсетіледі.
      36 "Мәртебе" бағанында мынадай мәтін бөлігінің сәйкестігі және код аймағының мәні негізге алына отырып, толтырылады;
      отандық тауар өндірушілер – 1;
      резидент емес – 2.
      37 "Импорт бойынша тауар құны" бағанында шартты орындау үшін Қазақстан Республикасына әкелінетін теңгемен тауарлардың құны көрсетіледі (нүктеден кейін екінші он сандық белгі дәлдігімен).
      38 "Импорт бойынша тауар құны" бағанында шартты орындау үшін Қазақстан Республикасына әкелінетін тауарлардың жалпы құны көрсетіледі (нүктеден кейін екінші он сандық белгі дәлдігімен).