"Мемлекеттік сатып алу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының
14-бабының 6) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса берілген Тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу кезінде қазақстандық мазмұнның көлемі туралы ақпаратты ескере отырып, есептілікті жинау, қорыту және талдау ережесі бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік активтерді басқару және мемлекеттік сатып алу әдіснамасы департаменті (Тәшенев Б.Х.) белгіленген тәртіппен осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін және оның кейіннен ресми бұқаралық ақпарат құралдарында жариялануын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Қаржы вице-министрі Р.Е.Дәленовке жүктелсін.
4. Осы бұйрық оның бірінші ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.
Министр Б. Жәмішев
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2008 жылғы 30 желтоқсандағы
N 647 бұйрығымен
бекітілген
Тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді
сатып алу кезінде қазақстандық мазмұнның көлемі туралы
ақпаратты ескере отырып, есептілікті жинау, қорыту және
талдау ережесін бекіту туралы 1. Жалпы ережелер
1. Осы Тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу кезінде қазақстандық мазмұнның көлемі туралы ақпаратты ескере отырып, есептілікті жинау, қорыту және талдау ережесін бекіту туралы ереже (бұдан әрі – Ереже) "Мемлекеттік сатып алу туралы" Қазақстан Республикасы заңының 14-бабының 6) қосымшасына сәйкес әзірленді.
2. Ереже мемлекеттік сатып алу жөніндегі уәкілетті органның мемлекеттік сатып алудың веб-порталы арқылы тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу кезінде қазақстандық мазмұнның көлемі туралы ақпаратты ескере отырып, есептілікті жинау, қорыту және талдау тәртібін анықтайды.
3. Ережеде мынадай ұғымдар қолданылады:
1) мемлекеттік сатып алу веб-порталы - электрондық мемлекеттік сатып алудың электрондық қызметтерге қол жеткізудің бірыңғай нүктесін білдіретін мемлекеттік ақпараттық жүйе;
2) қазақстандық мазмұн – мемлекеттік сатып алу туралы шартты орындауға жұмысқа тартылған Қазақстан Республикасының азаматтарының еңбегіне ақы төлеу құнының осы шарт бойынша еңбекке ақы төлеудің жалпы қорындағы және (немесе) Қазақстан Республикасы резиденттерінің жеткілікті дәрежеде қайта өңдеу немесе толық өндіру критерийлеріне сәйкес тауарда (тауарларда) белгіленген қазақстандық шығарылым үлесі (үлестері) құнының мемлекеттік сатып алу туралы шарт бойынша тауардың (тауарлардың) жалпы құнындағы пайыздық қамтылуы;
3) мемлекеттік сатып алу жөніндегі уәкілетті орган - мемлекеттік сатып алу жүйесін реттеуді жүзеге асыратын мемлекеттік орган;
4) мемлекеттік сатып алу жүйесінің субъектілері - мемлекеттік сатып алу саласындағы қызметті жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалар;
5) электрондық мемлекеттік сатып алу саласындағы бірыңғай оператор – Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылатын, акциялардың (қатысу үлестерінің) жалғыз меншік иесі мемлекет немесе ұлттық холдинг болып табылатын, электрондық мемлекеттік сатып алу саласында бірыңғай техникалық саясатты іске асыруды жүзеге асыратын заңды тұлға.
Ескерту. 3-тармаққа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2010.04.06 N 155 Бұйрығымен.
2. Мемлекеттік сатып алу мәселелері бойынша
есептілікті жинау ережесі
4. Республикалық және жергілікті (облыстың) бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері, барлық ведомстволық бағыныстағы ұйымдарды, оның ішінде республикалық мемлекеттік (сондай-ақ қазыналық) кәсіпорындарды ескере отырып, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Қазақстан Республикасы Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау агенттігі, еншілес кәсіпорындарды ескере отырып, сондай-ақ дауыс беретін акцияларының (үлестерінің) елу және одан астам проценті мемлекетке тиесілі заңды тұлғалар және Заңға сәйкес тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді сатып алуды жүзеге асыратын олармен аффилиирленген заңды тұлғалар веб-порталға:
есепті тоқсаннан кейінгі айдың 17-сіне дейін осы Ережеге 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша осы Ережеге 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жүргізілген тауарларды, жұмыстарды және қызмет көрсетулерді мемлекеттік сатып алу туралы 1-ГЗ есепті;
есепті жарты жылдықтан кейінгі айдың 10-ына дейін осы Ережеге 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жасалған шағын кәсіпкерлік субъектілерінен тауарларды, жұмыстарды және қызмет көрсетулерді мемлекеттік сатып алу туралы есепті;
есепті айдан кейінгі айдың 20-сына қарсы осы Ережеге 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жасалған тауарларды, жұмыстарды және қызмет көрсетулерді мемлекеттік сатып алу кезінде қазақстандық мазмұн көлемдері туралы ақпаратты ұсынады.
Ескерту. 4-тармаққа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2010.04.06 N 155 Бұйрығымен.
5. 1-ГЗ есеп және шағын кәсіпкерлік субъектілерінен тауарларды, жұмыстарды және қызмет көрсетулерді мемлекеттік сатып алу туралы есеп Қазақстан Республикасының Президенті анықтайтын тапсырыс берушінің бірінші басшысының не жауапты хатшысының немесе жауапты хатшының өкілетін жүзеге асыратын лауазымды тұлғаның не оның міндетін атқарушы тұлғаның электрондық цифрлық қолтаңбамен куәландырылған электрондық құжат түрінде осы Ереженің 4-тармағында көрсетілген мерзімдерде өспелі қорытындымен беріледі.
6. Қазақстандық мазмұнның көлемі туралы ақпарат өспелі қорытындысыз мемлекеттік сатып алу туралы атқарушы шарттар бойынша беріледі.
Бюджеттік инвестициялық жобаларды іске асыруға бағытталған, сондай-ақ Заңның 37-бабының 6 және 7-тармақтарында тиісті жылы жүргізілетін төлеу бөлігінде көзделген қазақстандық мазмұнның көлемі туралы ақпарат әрбір жылдың қорытындысы бойынша беріледі.
Ескерту. 6-тармаққа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2010.04.06 N 155 Бұйрығымен.
7. Мемлекеттік құпиядан тұратын мәліметтерді қамтитын тауарларды, жұмыстарды көрсетілетін қызметтерді сатып алу кезінде қазақстандық мазмұнның көлемі туралы ақпарат, сондай-ақ Заңның 4-бабының 1-тармағының 3), 23) және 32) тармақшаларында көзделген ақпарат веб-порталға ұсынылмайды.
8. Мемлекеттік сатып алу бойынша есептілік пайдаланушы жіберген мемлекеттік сатып алу веб-порталынан тиісті хабарлама алған жағдайда, ұсынылған болып есептеледі.
3. Мемлекеттік сатып алу мәселелері
бойынша есептілікті қорыту
9. Мемлекеттік сатып алудың веб-порталы арқылы уәкілетті орган мыналар:
1) барлық ведомстволық бағыныстағы ұйымдарды ескере отырып, республикалық және жергілікті (облыстың) бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері, еншілес кәсіпорындарды ескере отырып, республикалық мемлекеттік кәсіпорындар (оның ішінде қазыналық);
2) барлық ведомстволық бағыныстағы ұйымдарды ескере отырып, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі мен Қазақстан Республикасы Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау агенттігі;
3) дауыс беретін акцияларының (үлестерінің) елу және одан астам проценті мемлекетке тиесілі заңды тұлғалар және Заңға сәйкес тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді сатып алуды жүзеге асыратын олармен аффилиирленген заңды тұлғалар ұсынған есептілікті қорытуды жүзеге асырады.
10. Мемлекеттік сатып алу жүйесінің субъектілері ұсынған есептік деректер автоматты режимде қорытындыланады және мемлекеттік сатып алудың веб-порталында осы Ережеге 1, 2 және 3-қосымшаларға сәйкес жиынтық есеп түрінде қалыптасады.
11. Техникалық сүйемелдеу бойынша қызметтер көрсетуді веб-портал арқылы мемлекеттік сатып алу саласындағы бірыңғай оператор жүзеге асырады және мемлекеттік сатып алу жүйесінің субъектісі мен басқа да мүдделі тұлға Электрондық қызмет көрсету ережесінде анықтайды.
4. Мемлекеттік сатып алу мәселелері
бойынша есептілікті талдау
12. Есептілікті талдауды мемлекеттік сатып алудың веб-порталы арқылы уәкілетті орган жүзеге асырады және өзіне:
ұсынылған есептік деректерді мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспарында көрсетілген жоспарланып отырған мемлекеттік сатып алумен салыстыруды;
мемлекеттік сатып алудың веб-порталында есептік деректерді мемлекеттік сатып алу саласындағы тізілімдермен салыстыруды;
тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алу кезінде қазақстандық мазмұн көлемі туралы ақпаратты мемлекеттік сатып алу туралы шарттарда қамтылған мәліметтермен салыстыруды қосады.
13. Уәкілетті орган жинау, қорыту және талдау жолымен одан әрі мүдделі органдарға ұсыну және Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің статистикалық бюллетенінде жариялау мақсатында 1-ГЗ есебінің шағын кәсіпкерлік субъектілерінен тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алу туралы есептің және қазақстандық мазмұнның көлемі туралы ақпараттың жиынтық деректерін қалыптастырады.
Ережеге 1-қосымша
Ескерту. 1-қосымшаға өзгерту енгізілді - ҚР Қаржы министрінің м.а. 2009.12.21 № 569 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-т. қараңыз), 2010.04.06 N 155 Бұйрықтарымен.
______________________________________________________
(тапсырыс берушінің атауы)
_____жылғы ___ тоқсан үшін жүргізілген тауарларды,
жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік
сатып алу туралы 1-ГЗ есеп нысаны
Сатып алу тәсілі |
Жол коды |
Саны |
Сатып алу үшін бөлінген сома ( теңге) |
Сатып алудың жалпы көлемі (теңге) |
оның ішінде шетелдік өнім берушіде |
Жүргізілген мемлекеттік сатып алудан шартты үнемдеу (теңге) |
||
жүргізілген сатып алу |
өнім берушілер-жеңім-паздар |
оның ішінде шетелдік өнім берушілер |
||||||
А |
Б |
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
7 |
Конкурс тәсілімен жүргізілген мемлекеттік сатып алу. |
01 |
|||||||
оның ішінде |
02 |
|||||||
Баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен жүргізілген мемлекеттік сатып алу |
04 |
|||||||
Бір көзден алу тәсілімен жүргізілген мемлекеттік сатып алу. |
06 |
|||||||
Оның ішінде дәрменсіз деп танылған конкурстық тәсілімен мемлекеттік сатып алу бойынша |
08 |
|||||||
Оның ішінде дәрменсіз деп танылған баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен мемлекеттік сатып алу бойынша |
09 |
|||||||
Заң нормасының қолданбай жүзеге асырылған мемлекеттік сатып алу |
10 |
|||||||
Ұйымдасқан электрондық сауда-саттықта жүргізілген мемлекеттік сатып алу |
11 |
|||||||
Тауар биржасы арқылы өткізілген мемлекеттік сатып алу |
12 |
|||||||
Сатып алу жүргізілді жиыны: |
13 |
Қазақстан Республикасының Президенті анықтайтын тапсырыс берушінің бірінші басшысының не жауапты хатшысының немесе жауапты хатшының өкілетін жүзеге асыратын лауазымды тұлғаның не оның міндетін атқарушы тұлғаның аты, тегі, әкесінің аты және электрондық цифрлық қолтаңбасы.
Ережеге 2-қосымша
Ескерту. 2-қосымшаға өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2010.04.06 N 155 Бұйрығымен.
___________________________________________________________
(тапсырыс беруші атауы)
___ жыл үшін шағын кәсіпкерлік субъектілерінен тауарларды,
жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып
алу туралы есеп нысаны
N р/с |
Барлығы (теңге) |
оның ішінде |
||||||
Тауарлар, барлығы |
оның ішінде импорт бойынша тауарлар |
Жұмыстар, барлығы |
оның ішінде бейрезеденттер орындаған жұмыс |
Қызметтер, барлығы |
оның ішінде |
|||
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
7 |
8 |
|
01 |
Тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді сатып алудың жалпы көлемі |
|||||||
02 |
оның ішінде шағын кәсіпкерлік субъектілерінен |
Қазақстан Республикасының Президенті анықтайтын тапсырыс берушінің бірінші басшысының не жауапты хатшысының немесе жауапты хатшының өкілетін жүзеге асыратын лауазымды тұлғаның не оның міндетін атқарушы тұлғаның аты, тегі, әкесінің аты және электрондық цифрлық қолтаңбасы.
Тауарларды, жұмыстарды,
көрсетілетін қызметтерді
сатып алу кезінде
қазақстандық мазмұнның көлемі
туралы ақпаратты ескере отырып,
есептілікті жинау, қорыту және
талдау ережесін бекіту туралы
ережеге 3-қосымша
Ескерту. 3-қосымша жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2010.04.06 N 155 Бұйрығымен.
___________________________________________________
(тапсырыс беруші атауы)
_____жылғы ___ ай бойынша
тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алу кезінде қазақстандық мазмұнның
көлемі туралы ақпарат
№ р/р |
Тапсырыс берушінің атауы |
Сатып алу тәсілі |
Шарт |
Шарт тізілімінде жазылған нөмір |
шарттың мәні |
||||||||||
күні |
нөмірі |
Тауардың атауы |
жұмыстың атауы |
көрсетілетін қызметтің атауы |
бірлік үшін бағасы, теңге |
саны |
сома, теңге |
||||||||
жұмыстың атауы |
тауардың атауы |
тауар сомасы, теңге |
жұмыс сомасы, теңге |
көрсетілетін қызметтің сомасы, теңге |
жалпы сома, теңге |
||||||||||
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
7 |
8 |
9 |
10 |
11 |
12 |
13 |
14 |
15 |
16 |
Жиыны: |
кестенің жалғасы
Қазақстандық мазмұн |
||||||||||
СТ-KZ сертификаты |
Тауар (лар) дағы қазақстандық мазмұн үлес (тер)інің жалпы құны, теңге |
Өнім берушінің еңбекақысын төлеу құны |
Қосалқы мердігердің, бірлесіп атқарушының еңбекақысын төлеу құны |
Еңбектің жалпы құны, теңге |
Мемлекеттік сатып алу кезіндегі қазақстандық мазмұн, теңге |
Мемлекеттік сатып алу кезіндегі қазақстандық мазмұн, % |
||||
СТ-KZ сертификатында көрсетілген тауардағы қазақстандық мазмұнның үлесі |
Қазақстандық мазмұн, теңге |
№ |
серия |
берілген күні |
||||||
17 |
17-1 |
17-2 |
17-3 |
17-4 |
18 |
19 |
20 |
21 |
22 |
23 |
кестенің жалғасы
Шарт бойынша өнім беруші (орындаушылар, мердігерлер) туралы ақпарат |
|||||||
Заңды тұлғаның атауы (жеке тұлғаның аты-жөні) |
СТН |
БСН, ЖСН |
Мәртебе |
Заңды тұлғаның атауы (жеке тұлғаның аты-жөні) |
СТН |
БСН, ЖСН |
Мәртебе |
24 |
25 |
26 |
27 |
28 |
29 |
30 |
31 |
кестенің жалғасы
Тауар өндірушілер туралы ақпарат |
Импорт бойынша тауардың құны, теңге |
Импорт бойынша тауардың жалпы құны, теңге |
||||
Заңды тұлғаның атауы (жеке тұлғаның аты-жөні) |
СТН |
БСН, ЖСН |
Орналасқан елі |
Мәртебесі |
||
32 |
33 |
34 |
35 |
36 |
37 |
38 |
Қазақстан Республикасының Президенті анықтайтын тапсырыс берушінің бірінші басшысының не жауапты хатшысының немесе жауапты хатшының өкілетін жүзеге асыратын лауазымды тұлғаның не оның міндетін атқарушы тұлғаның аты, тегі, әкесінің аты және электрондық цифрлық қолтаңбасы
Тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді
мемлекеттік сатып алу кезінде қазақстандық мазмұнның көлемі туралы ақпараттың электрондық нысанын тапсырыс берушінің толтыруы бойынша нұсқамалар
Оператор веб-портал арқылы мемлекеттік сатып алу жүйесінің субъектілеріне ақпараттық жүйеде ол арқылы мемлекеттік сатып алу туралы электрондық есептілікке қатынау жүзеге асырылатын автоматтандырылған жұмыс орнын береді.
Электрондық нысанда тапсырыс беруші мәліметті былайша енгізеді:
2 «Тапсырыс берушінің атауы» бағанында тапсырыс берушінің толық атауы көрсетіледі.
3 «Сатып алу тәсілі» бағанында мынадай мәтін бөлігінің сәйкестігі және код аймағының мәні негізге алына отырып, толтырылады:
конкурс -1;
баға ұсыныстарын сұрату - 2;
бір көз – 3;
ұйымдастырылған электрондық сауда-саттықтарда - 4;
ашық тауар биржалары арқылы - 5;
ерекше тәртіп – 6;
арнайы тәртіп – 7;
Заңның нормаларын қолданбай – 9.
4 - 5 «Шарт» бағандарында «күні, айы, жылы» форматында шарт жасасу күні (00.00.0000) және шартқа берілген нөмір көрсетіледі.
6 «Шарт тізілімінде жазба нөмірі» бағанында мемлекеттік сатып алу туралы шарттардың тізіліміндегі жазба нөмірі көрсетіледі.
7 «Тауардың атауы» бағынында шартқа сәйкес тапсырыс беруші сатып алатын тауардың толық атауы көрсетіледі.
8 - 9 «Жұмыстың атауы» бағандарында жұмыстарды мемлекеттік сатып алу туралы шартқа сәйкес тапсырыс беруші сатып алатын жұмыстардың және тауардың атауы көрсетіледі.
10 «Көрсетілетін қызметтердің атауы» бағанында тапсырыс беруші шартқа сәйкес сатып алатын көрсетілетін қызметтердің атауы көрсетіледі.
11 «Бірлік үшін бағасы» бағанында тауарларды сатып алған кезде де, жұмыстарды сатып алған кезде де тауардың бірлігі үшін теңгемен бағасы көрсетіледі (нүктеден кейін екінші он сандық белгі дәлдігімен).
12 «Саны» бағанында 11-бағанда аты берілген тауарлардың өлшем бірлігіне сәйкес тауарлардың саны көрсетіледі.
13, 14, 15, 16 «Сомасы, теңге» бағандарында шартқа сәйкес теңгемен сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің сомасы көрсетіледі (нүктеден кейін екінші он сандық белгі дәлдігімен).
Жұмыстарды сатып алған кезде жұмыстың (14-баған), тауардың (13-баған) сомасы және жалпы сома көрсетіледі.
17 "СТ-KZ сертификатында көрсетілген тауардағы қазақстандық мазмұнның үлесі" бағанында СТ-KZ сертификатының 9-бағанында көрсетілген тауардағы қазақстандық мазмұнның үлесі көрсетіледі.
17-1 "Қазақстандық мазмұн, теңге" бағанында теңгемен сатып алынатын тауардың қазақстандық мазмұны, тауардың, СТ-KZ сертификатында (17-баған) көрсетілген, тауардағы қазақстандық мазмұнның үлесіне бөлінген сомасы (13-баған)
17-2, 17-3, 17-4 "СТ-KZ сертификаты" бағандарында СТ-KZ сертификатының нөмірі, сериясы, күні көрсетіледі. Күні "күн, ай, жыл" (00.00.0000) пішімінде көрсетіледі
18 «Отандық тауардың жалпы құны» бағанында мемлекеттік сатып алу туралы шартты орындау үшін отандық тауар өндірушілерден сатып алынатын тауарлардың жиынтық мәні көрсетіледі.
19 "Өнім берушінің еңбекақысын төлеу құны" бағанында өнім беруші жұмыстарды, қызметтерді сатып алу туралы шартты орындау үшін жалдаған жеке тұлғалардың - Қазақстан Республикасының резиденттерінің еңбектеріне ақы төлеу құны көрсетіледі.
20 «Қосалқы мердігердің, бірлесіп атқарушының еңбекақысын төлеу құны» бағанында қосалқы мердігер жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алу туралы шартты орындау үшін жалдаған жеке тұлғалардың – Қазақстан Республикасының резиденттерінің еңбектеріне ақы төлеу құны көрсетіледі.
21 «Еңбектің жалпы құны» бағанында еңбекақының жалпы сомасы көрсетіледі (нүктеден кейін екінші он мәндік белгіге дейінгі дәлдікпен).
22 «Мемлекеттік сатып алу кезіндегі қазақстандық мазмұн» бағанында тауардың және еңбекке ақы төлеу құнын анықтайтын тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алу кезіндегі қазақстандық мазмұн көрсетіледі.
23 «Мемлекеттік сатып алу кезіндегі қазақстандық мазмұн» бағанында жұмыстарды, қызметтерді мемлекеттік сатып алу кезінде мемлекеттік сатып алу туралы шарттың жалпы құнынан тауар мен еңбекақы құнының пайыздық мазмұны ретінде анықталатын қазақстандық мазмұн көрсетіледі.
Тауарларды мемлекеттік сатып алу кезінде қазақстандық мазмұн мемлекеттік сатып алу туралы шартты орындау үшін шарттың жалпы құнынан өнім беруші отандық тауар өндірушілерден сатып алатын тауар құнының пайыздық мазмұны ретінде анықталады.
24 «Заңды тұлғаның атауы (жеке тұлғаның аты-жөні)» бағанында заңды тұлғаның толық атауы немесе шартқа сәйкес жеке тұлғаның – тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді өнім берушінің аты-жөні көрсетіледі.
25 «СТН» бағанында салық төлеушінің – өнім берушінің тіркеу нөмірі (СТН) көрсетіледі.
26 «БСН, ЖСН» бағанында бизнес-сәйкестендіру нөмірі (БСН) – заңды тұлғалар үшін, жеке сәйкестендіру нөмірі (ЖСН) – жеке тұлғалар үшін көрсетіледі.
27 «Мәртебе» бағанында мынадай мәтін бөлігінің сәйкестігі және код аймағының мәні негізге алына отырып, толтырылады:
отандық тауар өндірушілер – 1;
отандық өнім беруші – 2;
бейрезидент – 3.
28 «Заңды тұлғаның атауы (жеке тұлғаның аты-жөні)» бағанында заңды тұлғаның толық атауы немесе шартқа сәйкес жеке тұлғаның – тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің қосалқы мердігерінің аты-жөні көрсетіледі.
29 «СТН» бағанында бағанында салық төлеушінің – қосалқы мердігердің тіркеу нөмірі (СТН) көрсетіледі.
30 «БСН, ЖСН» бағанында бизнес-сәйкестендіру нөмірі (БСН) – заңды тұлғалар үшін, жеке сәйкестендіру нөмірі (ЖСН) – жеке кәсіпкерлер үшін көрсетіледі.
31 «Мәртебе» бағанында мынадай мәтін бөлігінің сәйкестігі және код аймағының мәні негізге алына отырып, толтырылады:
отандық тауар өндірушілер – 1;
отандық өнім беруші – 2;
бейрезидент – 3.
32 «Заңды тұлғаның атауы (жеке тұлғаның аты-жөні)» бағанында заңды тұлғаның толық атауы немесе шартқа сәйкес жеке тұлғаның – тауар өндірушінің тегі, аты, әкесінің аты көрсетіледі.
33 «СТН» бағанында бағанында салық төлеушінің – тауар өндірушінің тіркеу нөмірі (СТН) көрсетіледі.
34 «БСН, ЖСН» бағанында бизнес-сәйкестендіру нөмірі (БСН) – заңды тұлғалар үшін, жеке сәйкестендіру нөмірі (ЖСН) – жеке кәсіпкерлер үшін көрсетіледі.
35 «Орналасқан елі» бағанында тауар өндірушінің орналасқан елі көрсетіледі.
36 «Мәртебе» бағанында мынадай мәтін бөлігінің сәйкестігі және код аймағының мәні негізге алына отырып, толтырылады;
отандық тауар өндірушілер – 1;
бейрезидент - 2.
37 «Импорт бойынша тауар құны» бағанында шартты орындау үшін Қазақстан Республикасына әкелінетін теңгемен тауарлардың құны көрсетіледі (нүктеден кейін екінші он мәндік белгіге дейінгі дәлдікпен).
38 «Импорт бойынша тауар құны» бағанында шартты орындау үшін Қазақстан Республикасына әкелінетін тауарлардың жалпы құны көрсетіледі (нүктеден кейін екінші он мәндік белгіге дейінгі дәлдікпен).