Тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу кезінде қазақстандық мазмұнның көлемі туралы ақпаратты ескере отырып, есептілікті жинау, қорыту және талдау ережесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2008 жылғы 30 желтоқсандағы N 647 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2009 жылғы 8 қаңтарда Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 5480 болып енгізілді

Жаңартылған

     "Мемлекеттік сатып алу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының
14-бабының 6) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қоса берілген Тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу кезінде қазақстандық мазмұнның көлемі туралы ақпаратты ескере отырып, есептілікті жинау, қорыту және талдау ережесі бекітілсін.
      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік активтерді басқару және мемлекеттік сатып алу әдіснамасы департаменті (Тәшенев Б.Х.) белгіленген  тәртіппен осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін және оның кейіннен ресми бұқаралық ақпарат құралдарында жариялануын қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Қаржы вице-министрі Р.Е.Дәленовке жүктелсін.
      4. Осы бұйрық оның бірінші ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.

       Министр                                          Б. Жәмішев

Қазақстан Республикасы  
Қаржы министрінің    
2008 жылғы 30 желтоқсандағы
N 647 бұйрығымен    
бекітілген       

Тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді
сатып алу кезінде қазақстандық мазмұнның көлемі туралы
ақпаратты ескере отырып, есептілікті жинау, қорыту және
талдау ережесін бекіту туралы 1. Жалпы ережелер

      1. Осы Тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу кезінде қазақстандық мазмұнның көлемі туралы ақпаратты ескере отырып, есептілікті жинау, қорыту және талдау ережесін бекіту туралы ереже (бұдан әрі – Ереже) "Мемлекеттік сатып алу туралы" Қазақстан Республикасы заңының 14-бабының 6) қосымшасына сәйкес әзірленді.
      2. Ереже мемлекеттік сатып алу жөніндегі уәкілетті органның мемлекеттік сатып алудың веб-порталы арқылы тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу кезінде қазақстандық мазмұнның көлемі туралы ақпаратты ескере отырып, есептілікті жинау, қорыту және талдау тәртібін анықтайды.
      3. Ережеде мынадай ұғымдар қолданылады:
      1) мемлекеттік сатып алу веб-порталы - электрондық мемлекеттік сатып алудың электрондық қызметтерге қол жеткізудің бірыңғай нүктесін білдіретін мемлекеттік ақпараттық жүйе;
      2) қазақстандық мазмұн – мемлекеттік сатып алу туралы шартты орындауға жұмысқа тартылған Қазақстан Республикасының азаматтарының еңбегіне ақы төлеу құнының осы шарт бойынша еңбекке ақы төлеудің жалпы қорындағы және (немесе) Қазақстан Республикасы резиденттерінің жеткілікті дәрежеде қайта өңдеу немесе толық өндіру критерийлеріне сәйкес тауарда (тауарларда) белгіленген қазақстандық шығарылым үлесі (үлестері) құнының мемлекеттік сатып алу туралы шарт бойынша тауардың (тауарлардың) жалпы құнындағы пайыздық қамтылуы;
      3) мемлекеттік сатып алу жөніндегі уәкілетті орган - мемлекеттік сатып алу жүйесін реттеуді жүзеге асыратын мемлекеттік орган;
      4) мемлекеттік сатып алу жүйесінің субъектілері - мемлекеттік сатып алу саласындағы қызметті жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалар;
      5) электрондық мемлекеттік сатып алу саласындағы бірыңғай оператор – Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылатын, акциялардың (қатысу үлестерінің) жалғыз меншік иесі мемлекет немесе ұлттық холдинг болып табылатын, электрондық мемлекеттік сатып алу саласында бірыңғай техникалық саясатты іске асыруды жүзеге асыратын заңды тұлға.
      Ескерту. 3-тармаққа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2010.04.06 N 155 Бұйрығымен.

2. Мемлекеттік сатып алу мәселелері бойынша
есептілікті жинау ережесі

      4. <*>
      Ескерту. 4-тармақ алынып тасталды - Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2010.11.12 № 562 (ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі) Бұйрығымен.
      5. Тауарларды, жұмыстарды және қызмет көрсетулерді мемлекеттік сатып алу туралы 1-ГЗ есеп, шағын кәсіпкерлік субъектілерінен тауарларды, жұмыстарды және қызмет көрсетулерді мемлекеттік сатып алу туралы есеп, орта кәсіпкерлік субъектілерінен тауарларды, жұмыстарды және қызмет көрсетулерді мемлекеттік сатып алу туралы есеп, тауарларды, жұмыстарды және қызмет көрсетулерді мемлекеттік сатып алу кезінде қазақстандық мазмұн көлемдері туралы есеп осы Ережеге тиісінше 1, 2, 2-1, 3-қосымшаларға сәйкес нысан бойынша мемлекеттік сатып алу веб-порталында автоматты режимде күн сайын қалыптасады.
      Ескерту. 5-тармақ жаңа редакцияда жазылды - Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2010.11.12 № 562 (ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі) Бұйрығымен.
      6. Қазақстандық мазмұнның көлемі туралы ақпарат өспелі қорытындысыз мемлекеттік сатып алу туралы атқарушы шарттар бойынша беріледі.
      Бюджеттік инвестициялық жобаларды іске асыруға бағытталған, сондай-ақ Заңның 37-бабының 6 және 7-тармақтарында тиісті жылы жүргізілетін төлеу бөлігінде көзделген қазақстандық мазмұнның көлемі туралы ақпарат әрбір жылдың қорытындысы бойынша беріледі.
      Ескерту. 6-тармаққа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2010.04.06 N 155 Бұйрығымен.
      7. Мемлекеттік құпиядан тұратын мәліметтерді қамтитын тауарларды, жұмыстарды көрсетілетін қызметтерді сатып алу кезінде қазақстандық мазмұнның көлемі туралы ақпарат, сондай-ақ Заңның 4-бабының 1-тармағының 3), 23) және 32) тармақшаларында көзделген ақпарат веб-порталға ұсынылмайды.
      8. <*>
      Ескерту. 8-тармақ алынып тасталды - Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2010.11.12 № 562 (ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі) Бұйрығымен.

3. Мемлекеттік сатып алу мәселелері
бойынша есептілікті қорыту

      9. Уәкілетті орган мемлекеттік сатып алу веб-порталы арқылы мемлекеттік сатып алу веб-порталында қалыптасатын есептілікті қорытындылауды жүзеге асырады.
      Ескерту. 9-тармақ жаңа редакцияда жазылды - Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2010.11.12 № 562 (ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі) Бұйрығымен.
      10. Мемлекеттік сатып алу жүйесінің субъектілері ұсынған есептік деректер автоматты режимде қорытындыланады және мемлекеттік сатып алудың веб-порталында осы Ережеге 12, 2-1 және 3-қосымшаларға сәйкес жиынтық есеп түрінде қалыптасады.
      Ескерту. 10-тармаққа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2010.11.12 № 562 (ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі) Бұйрығымен.
      11. Техникалық сүйемелдеу бойынша қызметтер көрсетуді веб-портал арқылы мемлекеттік сатып алу саласындағы бірыңғай оператор жүзеге асырады және мемлекеттік сатып алу жүйесінің субъектісі мен басқа да мүдделі тұлға Электрондық қызмет көрсету ережесінде анықтайды.

4. Мемлекеттік сатып алу мәселелері
бойынша есептілікті талдау

      12. Есептілікті талдауды мемлекеттік сатып алудың веб-порталы арқылы уәкілетті орган жүзеге асырады және өзіне:
      ұсынылған есептік деректерді мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспарында көрсетілген жоспарланып отырған мемлекеттік сатып алумен салыстыруды;
      мемлекеттік сатып алудың веб-порталында есептік деректерді мемлекеттік сатып алу саласындағы тізілімдермен салыстыруды;
      тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алу кезінде қазақстандық мазмұн көлемі туралы ақпаратты мемлекеттік сатып алу туралы шарттарда қамтылған мәліметтермен салыстыруды қосады.
      13. Уәкілетті орган жинау, қорыту және талдау жолымен мүдделі органдарға одан әрі ұсыну және Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің статистикалық бюллетенінде жариялау мақсатында 1-ГЗ есептің, шағын кәсіпкерлік субъектілерінен тауарларды, жұмыстарды және қызмет көрсетулерді мемлекеттік сатып алу туралы есептің, орта кәсіпкерлік субъектілерінен тауарларды, жұмыстарды және қызмет көрсетулерді мемлекеттік сатып алу туралы есептің және қазақстандық мазмұн көлемдері туралы анықтаманың жиынтық деректерін қалыптастырады.
      Ескерту. 13-тармақ жаңа редакцияда жазылды - Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2010.11.12 № 562 (ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі) Бұйрығымен.

                                                Ережеге 1-қосымша

      Ескерту. 1-қосымшаға өзгерту енгізілді - ҚР Қаржы министрінің м.а. 2009.12.21 № 569 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-т. қараңыз),  2010.04.06 N 155, 2010.11.12 № 562 (ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі), 2011.12.20 № 646 Бұйрықтарымен.

      ______________________________________________________
                   (тапсырыс берушінің атауы)

Тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді өткізілген мемлекеттік сатып алу туралы 1-ГЗ есептің нысаны

      Ескерту. Атауы жаңа редакцияда - ҚР Қаржы министрінің 2011.12.20 № 646 Бұйрығымен.

Сатып алу тәсілі

Жол коды

Саны

Сатып алу үшін бөлінген сома ( теңге)

Сатып алудың жалпы көлемі  (теңге)

оның ішінде шетелдік өнім берушіде

Жүргізілген мемлекеттік сатып алудан шартты үнемдеу (теңге)

жүргізілген сатып алу

өнім берушілер-жеңім-паздар

оның ішінде шетелдік өнім берушілер

А

Б

1

2

3

4

5

6

7

Конкурс тәсілімен жүргізілген мемлекеттік сатып алу.
Барлығы

01








оның ішінде
екі сатылы рәсімдерді пайдаланып

02








Баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен жүргізілген мемлекеттік сатып алу

04








Бір көзден алу тәсілімен жүргізілген мемлекеттік сатып алу.
Барлығы

06








Оның ішінде дәрменсіз деп танылған конкурстық тәсілімен мемлекеттік сатып алу бойынша

08








Оның ішінде дәрменсіз деп танылған баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен мемлекеттік сатып алу бойынша

09








Заң нормасының қолданбай жүзеге асырылған мемлекеттік сатып алу

10








Ұйымдасқан электрондық сауда-саттықта жүргізілген мемлекеттік сатып алу

11








Тауар биржасы арқылы өткізілген мемлекеттік сатып алу

12








Сатып алу жүргізілді жиыны:

13








                                                Ережеге 2-қосымша

      Ескерту. 2-қосымшаға өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2010.04.06 N 155, 2010.11.12 № 562 (ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі) 2011.12.20 № 646 Бұйрықтарымен.

     ___________________________________________________________
                     (тапсырыс беруші атауы)

Шағын кәсіпкерлік субъектілерінен тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алу туралы есептің нысаны

      Ескерту. Атауы жаңа редакцияда - ҚР Қаржы министрінің 2011.12.20 № 646 Бұйрығымен.

N р/с


Барлығы (теңге)

оның ішінде

Тауарлар, барлығы

оның ішінде импорт бойынша тауарлар

Жұмыстар, барлығы

оның ішінде бейрезеденттер орындаған жұмыс

Қызметтер, барлығы

оның ішінде
ҚР бейрезеденттері көрсеткен қызметтер


1

2

3

4

5

6

7

8

01

Тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді сатып алудың жалпы көлемі








02

оның ішінде шағын кәсіпкерлік субъектілерінен








Тауарларды, жұмыстарды,  
көрсетілетін қызметтерді 
сатып алу кезінде        
қазақстандық мазмұнның   
көлемі туралы ақпаратты  
ескере отырып, есептілікті
жинау, қорыту және талдау
ережесіне 2-1-қосымша    

      Ескерту. 2-1-қосымша жаңа редакцияда жазылды - Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2010.11.12 № 562 (ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі) 2011.12.20 № 646 Бұйрықтарымен.

Орта кәсіпкерлік субъектілерінен тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алу туралы есептің нысаны

      Ескерту. Атауы жаңа редакцияда - ҚР Қаржы министрінің 2011.12.20 № 646 Бұйрығымен.

N р/с


Барлығы (теңге)

оның ішінде

Тауарлар, барлығы

оның ішінде импорт бойынша

Жұмыстар, барлығы

оның ішінде резидент еместер орындайтын жұмыстар

Қызметтер, барлығы

оның ішінде резидент еместер көрсететін қызметтер


1

2

3

4

5

6

7

8

01

Тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып








03

оның ішінде орташа кәсіпкерлік субъектілерінен







.

      Қазақстан Республикасының Президенті анықтайтын тапсырыс берушінің бірінші басшысының не жауапты хатшысының немесе жауапты хатшының өкілетін жүзеге асыратын лауазымды тұлғаның не оның міндетін атқарушы тұлғаның аты, тегі, әкесінің аты және электрондық цифрлық қолтаңбасы.

Тауарларды, жұмыстарды,       
көрсетілетін қызметтерді      
сатып алу кезінде             
қазақстандық мазмұнның көлемі 
туралы ақпаратты ескере отырып,
есептілікті жинау, қорыту және
талдау ережесін бекіту туралы 
ережеге 3-қосымша         

      Ескерту: 3 қосымша жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2011 жылғы 20 желтоқсандағы № 646 бұйрығымен .

Тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін
қызметтерді сатып алу кезінде қазақстандық
мазмұнның көлемі туралы ақпаратты ескере отырып,
есептілікті жинау, қорыту және талдау ережесіне
қосымша

Тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алу кезінде қазақстандық мазмұнның көлемі туралы ақпарат

Тапсырыс берушінің атауы

ҰҚНК

Шарт нөмір

Шарт күні

Сатып алу тәсілі

Шарт соммасы

шарттың мәнінің саны

қазақстандық мазмұн, теңге

қазақстандық мазмұн, %

1

2

3

4

5

6

7

8

9

кестенің жалғасы

оның ішінде

Тауарлар

жұмыстар

көрсетілетін қызметтер

Сомма, барлығы

тауардағы қазақстандық мазмұн, теңге

тауардағы қазақстандық мазмұн, %

Сомма, барлығы

жұмыстағы қазақстандық мазмұн, теңге

жұмыстағы қазақстандық мазмұн, %

Сомма, барлығы

көрсетілетін қызметтегі қазақстандық мазмұн, теңге

көрсетілетін қызметтегі қазақстандық мазмұн, %

10

11

12

13

14

15

16

17

18

Тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алу кезінде қазақстандық мазмұнның көлемі туралы ақпараттың электрондық нысанының бағандағы сипаттамасы

Есептік деректер мемлекеттік сатып алу веб-порталында автоматты режимде атқарушы шарттар бойынша қалыптасады Электронды түрдегі есепте келесі бағандар көрсетіледі:
«Тапсырыс берушінің атауы» 1-бағанында тапсырыс берушінің толық атауы болады «КОПФ» 2-бағанында тапсырыс берушінің ұйымдастыру-құқықтық нысанының коды болады «Шарт нөмірі» 3-бағанында шартқа берілген нөмір көрсетіледі
«Шарт күні» 4-бағанында "жылы, айы, күні" нысанында (00.00.0000) шарт жасасу күні көрсетіледі «Сатып алу тәсілі» 5-бағанында мемлекеттік сатып алуды жүзеге асырудың нақты тәсілі көрсетіледі «Шарт соммасы» 6-бағанында шарттың нақты соммасы көрсетіледі «Шарт мәнінің саны» 7-бағанында шарттың мәнінің саны көрсетіледі
«Қазақстандық мазмұн, теңге» 8-бағанында осы шарттағы қазақстандық мазмұнының жалпы соммасы теңгеде көрсетіледі «Қазақстандық мазмұн, %» 9-бағанында осы шарттағы қазақстандық мазмұнының үлесі пайызда көрсетіледі «оның ішінде» 10-18-бағандарында сатып алынған тауарлардың, жұмыстардың және көрсетілген қызметтердің қазақстандық мазмұнының көрсеткіштері жеке көрсетіледі