"Тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу кезінде қазақстандық мазмұнның көлемі туралы ақпаратты ескере отырып, есептілікті жинау, қорыту және талдау ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2008 жылғы 30 желтоқса

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2010 жылғы 12 қарашадағы № 562 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2010 жылы 15 желтоқсанда № 6684 тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 26 ақпандағы № 77 бұйрығымен

      Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік–аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14-бабының 4-тармақшасына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 5 наурыздағы "Қазақстан Республикасындағы ұйымдарды, темір жол станцияларын, әуежайларды, сондай-ақ физикалық–географиялық объектілерді атау мен қайта атаудың және олардың атауларының транскрипциясын өзгертудің Тәртібін бекіту туралы" N 281 қаулысына, Қараменде би селолық округі тұрғындарының 2008 жылғы 25 мамырдағы N 02, 03, 04, 05 жиналыс хаттамаларына және Ақтоғай ауданының әкімдігі жанындағы ономастикалық комиссиясының 2008 жылғы 23 маусымдағы ұйғарымына сәйкес Қараменде би селолық округінің әкімі ШЕШІМ ЕТТІ:
      1. Ақтас селосындағы көшелердің бұрынғы атаулары өзгертілсін:
      Бірінші көшесі - Еңбек көшесі деп;
      Екінші көшесі – Алаш көшесі деп.
      2. Қуаныш елді мекеніндегі көшелердің атаулары өзгертіліп:
      Бірінші көшесі – Егемендік көшесі деп;
      Екінші көшесі – Кенішбай ақын көшесі деп қайта аталсын.
      3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
      4. Осы шешім ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қараменде би селолық
      округінің әкімі                            Қ. Жаңысбеков