"Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қаржы жүйесінің тұрақтылығы мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 23 қазандағы Заңын іске асыру мақсатында, Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің (бұдан әрі – Агенттік) Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне лицензиялау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін.
2. Осы қаулы ресми жарияланған кейінгі жиырма бір күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.
3. Лицензиялау департаменті (Н.Қ. Қасқаманова):
1) Заң департаментiмен (Н.В. Сәрсенова) бірлесіп, осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеу шараларын қолға алсын;
2) осы қаулы Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелген күннен бастан он күндiк мерзiмде оны Агенттiктiң мүдделi бөлiмшелерiне, "Қазақстан қаржыгерлерiнiң қауымдастығы" заңды тұлғалар бiрлестiгiне мәлімет үшін жеткізсін.
4. Агенттік Төрайымының Қызметі (А.Ә. Кенже) осы қаулыны Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау шараларын қолға алсын.
5. Осы қаулының орындалуын бақылау Агенттік Төрайымының орынбасары М.Б. Байсыновқа жүктелсін.
Төрайым Е. Бахмутова
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Ұлттық Банкі
Төраға Ә.Ғ.Сәйденов
2008 жылғы 11 желтоқсан
___________________________
(қолы, күні, елтаңбалы мөр)
Қазақстан Республикасы Қаржы
нарығын және қаржы ұйымдарын
реттеу мен қадағалау агенттігі
Басқармасының
2008 жылғы 28 қарашадағы
N 182 қаулысына қосымша
Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне лицензиялау мәселелері бойынша енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың тізбесі
Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне лицензиялау мәселелері бойынша мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1. Агенттік Басқармасының "Банкті ашуға рұқсат беру, сондай-ақ банктер бағалы қағаздар рыногында жүзеге асыратын қызметті, банктік және өзге операцияларды лицензиялау ережесін бекіту туралы" 2007 жылғы 30 сәуірдегі N 121 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 4718 тіркелген, 2007 жылғы маусымда Қазақстан Республикасының Орталық атқарушы және өзге де орталық мемлекеттік органдарының актілер жинағында, 2007 жылғы 13 шілдеде "Заң газеті" газетінде N 106 (1135) санында жарияланған) Агенттік Басқармасының "Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының "Банкті ашуға рұқсат беру, сондай-ақ банктер бағалы қағаздар рыногында жүзеге асыратын қызметті, банктік және өзге операцияларды лицензиялау ережесін бекіту туралы" 2007 жылғы 30 сәуірдегі N 121 қаулысына өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы" 2008 жылғы 30 шілдедегі N 99 қаулысымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 5273 тіркелген, 2008 жылғы 15 қыркүйекте Қазақстан Республикасының Орталық атқарушы және өзге де орталық мемлекеттік органдарының актілер жинағының N 9 санында жарияланған ) енгізілген өзгерісімен және толықтыруымен бірге:
көрсетілген қаулымен бекітілген Банкті ашуға рұқсат беру, сондай-ақ банктер бағалы қағаздар рыногында жүзеге асыратын қызметті, банктік және өзге операцияларды лицензиялау ережесінде:
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"4. Құрылтайшылар жөніндегі мәліметтер мыналарды қамтиды:
1) құрылтайшылар - заңды тұлғалар үшін:
осы Ереженің 1-қосымшасына сәйкес мәліметтер, оларға заңды тұлға ретінде мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәліктің нотариат куәландырған көшірмесі және құрылтай құжаттарының (жарғының, құрылтай шартының) нотариат куәландырған көшірмелері қоса беріледі;
Банктер туралы Заңның 19-бабының 4-тармағында белгіленген талаптардың орындалуын растайтын ақпарат;
құқықтық статистиканы қалыптастыру және арнайы есепті жүргізу жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органның анықтама нысанында берген атқарушы органның бірінші басшысында және құрылтайшы – заңды тұлғаның басқару органында экономикалық қызмет саласында жасалған қылмыстары үшін, мемлекеттік қызметтің және мемлекеттік басқару мүддесіне қарсы сыбайлас жемқорлық және өзге қылмыстары үшін өтелмеген немесе алынбаған заңда белгіленген тәртіпте соттылығы жоқтығын растайтын құжатты қоса беріп, Банктер туралы Заңның 24-бабының г-1) тармақшасының екінші абзацының талаптарын орындау жөніндегі ақпарат (аталған құжатты беру күні өтінішті берген күннің алдындағы үш айдан астам еместі құрайды);
2) құрылтайшылар - жеке тұлғалар үшін - осы Ереженің 2-қосымшасына сәйкес мәліметтер, сондай-ақ құқықтық статистиканы қалыптастыру және арнайы есепті жүргізу жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органның анықтама нысанында берген осы тұлғада экономикалық қызмет саласында жасалған қылмыстары үшін, мемлекеттік қызметтің және мемлекеттік басқару мүддесіне қарсы сыбайлас жемқорлық және өзге қылмыстары үшін өтелмеген немесе алынбаған заңда белгіленген тәртіпте соттылығы жоқтығын растайтын құжатты қоса беріп, Банктер туралы Заңның 24-бабының г-1) тармақшасының екінші абзацының талаптарын орындау жөніндегі ақпарат (аталған құжатты беру күні өтінішті берген күннің алдындағы үш айдан астам еместі құрайды).
Банктер туралы Заңның 24-бабының г-1) тармақшасының екінші абзацының талаптарын растау мақсатында шетелдік азаматтар (азаматтығы жоқ тұлға) үшін олардың азаматтығы елінің (азаматтығы жоқ тұлға үшін - олардың тұрақты тұратын елінің) мемлекеттік органы берген тиісті құжатты қосымша береді.";
18-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"18. Жаңадан құрылған банк уәкілетті органға депозиттерді қабылдау, заңды тұлғалардың банктік шоттарын ашу және жүргізу бойынша операцияны қоспағанда (осы ерекшелік жаңадан құрылған еншілес банкке таралмайды), Банктер туралы Заңның 26-бабының 2-тармағының 2)-11) тармақшаларында көзделген құжаттарды, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Банктер туралы Заңның 30-бабының 2-тармағының 5) және 12) тармақшаларында және 11-тармағының 9) тармақшасында көзделген операцияларды жүргізуге лицензия беру мүмкіндігі жөніндегі, бухгалтерлік есепті және бас бухгалтерлік кітапты автоматтандыруға қойылатын талаптарға жауап беретін автоматтандырылған банктік жүйенің бар болғандығы жөніндегі оң қорытындысын, сондай-ақ банктің бухгалтерлік есепті және бас бухгалтерлік кітапты автоматтандыру бойынша программалық қамтамасыз етуінің сипатын (атауын, әзірлеуші туралы мәліметтерді) қоса беріп, осы Ереженің 7-қосымшасына сәйкес нысан бойынша банктік және өзге операцияларды жүзеге асыруға лицензия беру туралы өтінішін береді.";
19-тармақта:
бірінші абзацта "мына құжаттарды" деген сөздер "мынаны" деген сөзбен ауыстырылсын;
1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"1) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Банктер туралы Заңның 30-бабының 2-тармағының 5) және 12) тармақшаларында және 11-тармағының 9) тармақшасында көзделген операцияларды жүргізуге лицензия беру мүмкіндігі жөніндегі, бухгалтерлік есепті және бас бухгалтерлік кітапты автоматтандыруға қойылатын талаптарға жауап беретін автоматтандырылған банктік жүйенің бар болғандығы жөніндегі оң қорытындысы, сондай-ақ банктің бухгалтерлік есепті және бас бухгалтерлік кітапты автоматтандыру бойынша программалық қамтамасыз етуінің сипатын (атауын, әзірлеуші туралы мәліметтерді);";
2) тармақша "құжаттарды" деген сөзбен толықтырылсын;
3) тармақша "құжатты" деген сөзбен толықтырылсын;
22-тармақта:
1) тармақшада:
"пруденциалдық нормативтерді" деген сөзден кейін ", өзге сақтауға міндетті нормалар мен лимиттерді" деген сөздермен толықтырылсын;
"үш" деген сөз "алты" деген сөзбен ауыстырылсын;
2) тармақшада "үш" деген сөз "алты" деген сөзбен ауыстырылсын;
23-тармақта:
1) тармақшада:
"пруденциалдық нормативтерді" деген сөзден кейін ", өзге сақтауға міндетті нормалар мен лимиттерді" деген сөздермен толықтырылсын;
"үш" деген сөз "алты" деген сөзбен ауыстырылсын;
2) тармақшада "үш" деген сөз "алты" деген сөзбен ауыстырылсын;
24-тармақта:
3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"3) директорлар кеңесі бекіткен және "Бағалы қағаздар рыногы туралы" Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 2 шілдедегі Заңының 48-бабының 1-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген мәліметтері бар алдағы үш жылға жасалған бизнес-жоспар ;";
6) тармақша "құрылымдық бөлімшелер" деген сөздерден кейін "("Бағалы қағаздар рыногы туралы" Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 2 шілдедегі Заңының талаптарына сәйкес келетін)" деген сөздермен толықтырылсын;
7) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"7) банкте программалық-техникалық құралдардың және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бағалы қағаздар нарығында қызметті жүзеге асыру үшін қажетті өзге жабдықтардың бар болғандығын растайтын мына құжаттардың көшірмесі:
жабдықтарды жеткізуге шарттың;
жабдықты қабылдау-өткізу актісінің;
лицензиялардың санын көрсетіп, программалық қамтамасыз етуді әзірлеуге және (немесе) жеткізуге шарттың;
программалық қамтамасыз етуді қабылдау-өткізу актісінің;
қорғау мен қауіпсіздікті ұйымдастыру бойынша құжаттардың (ақпаратты резервтеу тәртібін сипаттау, деректерге қол жетімділікті бөлу механизмін сипаттау, қайта қалпына келтіру жоспары, ішкі бақылау механизмі).
Банк программалық өнімді дербес әзірлеген не өтініш берушіге программалық өнімді басқа тұлға ақысыз берген жағдайда, осы тармақтың екінші-бесінші абзацтарында көрсетілген құжаттар берілмейді.
Берілген құжаттарда сонымен қоса мына ақпарат көрсетіледі: қолданылып жүрген программалық қамтамасыз етудің, версияның атауы, лицензия бар болғандығы туралы мәліметтер.
Құжаттардың көшірмелері банктің бірінші басшысының қолымен және банк мөрінің таңбасымен расталады.".
2. Агенттік Басқармасының "Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын құруға рұқсат беру, сондай-ақ сақтандыру (қайта сақтандыру) қызметін және сақтандыру брокерінің қызметін жүзеге асыру құқығына лицензия беру ережесін бекіту туралы" 2007 жылғы 30 сәуірдегі N 122 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 4731 тіркелген):
көрсетілген қаулымен бекітілген Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын құруға рұқсат беру, сондай-ақ сақтандыру (қайта сақтандыру) қызметін және сақтандыру брокерінің қызметін жүзеге асыру құқығына лицензия беру ережесінде:
кіріспе:
"(бұдан әрі - Заң)," деген сөздерден кейін "Көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру туралы" Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 1 шілдедегі Заңына (бұдан әрі - Көлік құралдары иелерінің АҚЖ туралы Заң), "Тасымалдаушының жолаушылар алдындағы азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру туралы" Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 1 шілдедегі Заңына (бұдан әрі - Тасымалдаушылардың АҚЖ туралы Заң)," деген сөздермен толықтырылсын;
"2003 жылғы 2 шілдедегі Заңына," деген сөздерден кейін "Өсімдік шаруашылығындағы міндетті сақтандыру туралы" Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 10 наурыздағы Заңына (бұдан әрі - Өсімдік шаруашылығындағы міндетті сақтандыру туралы Заң), "Қызметкер еңбек (қызмет) мiндеттерiн атқарған кезде оның өмiрi мен денсаулығына зиян келтiргенi үшiн жұмыс берушiнiң азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру туралы" Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 7 ақпандағы Заңына (бұдан әрі - Жұмыс берушiнiң АҚЖ туралы Заң)," деген сөздермен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы 11-1, 11-2, 11-3, 11-4 тармақтармен толықтырылсын:
"11-1. Ө тініш беруші көлік құралдары иелерінің жауапкершілігін міндетті сақтандыруды жүзеге асыру құқығына лицензия алу үшін уәкілетті органға Көлік құралдары иелерінің АҚЖ туралы Заңның 8-бабының 1-тармағының және 8-1-бабының 1-тармағының талаптарын орындағанын растайтын құжаттарды береді.
11-2. Ө тініш беруші тасымалдаушының жолаушылар алдындағы жауапкершілігін міндетті сақтандыруды жүзеге асыру құқығына лицензия алу үшін уәкілетті органға Тасымалдаушылардың АҚЖ туралы Заңның 8-бабының 1-тармағының талаптарын орындағанын растайтын құжаттарды береді.
11-3. Ө тініш беруші өсімдік шаруашылығындағы міндетті сақтандыруды жүзеге асыру құқығына лицензия алу үшін уәкілетті органға Өсімдік шаруашылығындағы міндетті сақтандыру туралы Заңның 5-2-бабының 3-тармағының талаптарын орындағанын растайтын құжаттарды береді.
11-4. Ө тініш беруші жұмыс берушiнiң жауапкершілігін міндетті сақтандыруды жүзеге асыру құқығына лицензия алу үшін уәкілетті органға Жұмыс берушiнiң АҚЖ туралы Заңның 6-1-бабының 1-тармағының талаптарын орындағанын растайтын құжаттарды береді. ".
3. Күші жойылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 27.08.2013 № 212 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
4. Агенттік Басқармасының "Банктік операциялардың жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарды лицензиялау ережесін бекіту және Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының "Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органының лицензиясы негізінде банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың жарғылық капиталының ең төменгі мөлшерлері туралы" 2006 жылғы 25 ақпандағы N 54 қаулысына толықтырулар енгізу туралы" 2007 жылғы 25 маусымдағы N 168 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 4873 тіркелген) Агенттік Басқармасының "Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің кейбір нормативтік құқықтық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2007 жылғы 24 желтоқсандағы N 272 қаулысымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 5137 тіркелген) енгізілген өзгерістерімен және толықтыруларымен бірге:
көрсетілген қаулымен бекітілген Банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарды лицензиялау ережесінде:
4-тармақтың 5) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"5) барлық жоспарланып отырған операциялар бойынша лицензияны алу мақсатын ашатын, өтініш беруші ыңғайланып отырған рынок сегментін, қызмет түрлерін, маркетинг жоспарын, ұйым қызметін қаржыландырудың көздерін, алғашқы үш қаржылық (операциялық) жылдағы кірістер мен шығыстардың болжамын ашатын және өтініш берушіде өзінің қызметінің жоспарына сәйкес келетін құрылымдық бөлімше бар болғандығын көрсететін бизнес-жоспар; ".
5. Агенттік Басқармасының "Кредиттік бюроның қызметін лицензиялау ережесін бекіту туралы" 2008 жылғы 26 мамырдағы N 76 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 5256 тіркелген, 2008 жылғы 1 тамызда "Заң газеті" газетінде N 116 (1342), 2008 жылғы қыркүйекте Қазақстан Республикасының Орталық атқарушы және өзге де орталық мемлекеттік органдарының актілер жинағы N 9, 15 санында жарияланған ):
көрсетілген қаулымен бекітілген Кредиттік бюроның қызметін лицензиялау ережесінде:
3-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"3. Кредиттік бюро туралы Заңның 9-бабының 1-тармағының 4) тармақшасында көзделген құжатқа мына құжаттар қоса беріледі:";
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"4. Осы Ереженің 3-тармағында аталған құжаттар Агенттік Басқармасының "Кредиттік тарихты қалыптастыру жүйесіне қатысушылардың қызметіндегі ақпараттық процесті ұйымдастыруға және оны пайдалануға, қауіпсіздік жүйесін қалыптастыруға, олардың электрондық жабдықтарына, кредиттік тарихтың деректер базасының сақталуына және үй-жайларына қойылатын ең төменгі талаптарды белгілеу жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы" 2008 жылғы 18 шілдедегі N 105 қаулысында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 5310 тіркелген) көзделген талаптарды ескеріп, беріледі.";
мынадай мазмұндағы 8-1-тармақпен толықтырылсын:
"8-1. Кредиттік бюро лицензиясын жоғалтқанда, бүлдіргенде, уәкілетті орган кредиттік бюроның жазбаша өтінішін алған күннен бастап он жұмыс күні ішінде жаңа нөмірді беріп және жоғарғы оң бұрышына "Дубликат" деген жазбамен дубликатты беруді жүргізеді.";
мынадай мазмұндағы 9-1, 9-2, 9-3, 9-4 тармақтармен толықтырылсын:
"9-1. Кредиттік бюро туралы Заңның 12-бабына сәйкес уәкілетті органның лицензияның қолданылуын тоқтата тұру жөніндегі қабылданған шешімі орындалу үшін кредиттік бюроға жіберіледі.
9-2. Лицензиясының қолданылуы тоқтатыла тұрған кредиттік бюро әр айдың оныншы күнінен кешіктірмей ай сайын (лицензияның қолданылуын қайта жаңартқан күнге дейін) анықталған бұзушылықтарды жою бойынша кредиттік бюро жүргізген іс-шаралар туралы уәкілетті органға хабарлайды.
9-3. Кредиттік бюро лицензияны ерікті қайтару жөніндегі ақпаратты республикалық маңызы бар бұқаралық ақпарат құралдарында лицензияны уәкілетті органға қайтарған күнге дейінгі алпыс күнтізбелік күннен кешіктірмей жариялайды.
Кредиттік бюро уәкілетті органға лицензияны ерікті қайтарғанда, бір уақытта өтініш хатпен қоса Кредиттік бюро туралы Заңның 15-бабында көрсетілген іс-шаралардың орындалғанын растау жөніндегі хатты береді.
9-4. Уәкілетті орган лицензияны беру және одан айыру жөніндегі, сондай-ақ кредиттік бюроның лицензияларының қолданылуын тоқтата тұру, тоқтату және қайта жаңарту жөніндегі ақпаратты уәкілетті органның ресми веб-сайтында оны орналастыру арқылы не мүдделі тұлғалардың сұратуы бойынша ашады.".