Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне лицензиялау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқарамасының 2008 жылғы 28 қарашадағы N 182 Қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2009 жылғы 8 қаңтарда Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 5478 болып енгізілді.

Жаңартылған

      "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қаржы жүйесінің тұрақтылығы мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 23 қазандағы Заңын іске асыру мақсатында, Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің (бұдан әрі – Агенттік) Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне лицензиялау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін.

      2. Осы қаулы ресми жарияланған кейінгі жиырма бір күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.

      3. Лицензиялау департаменті (Н.Қ. Қасқаманова):

      1) Заң департаментiмен (Н.В. Сәрсенова) бірлесіп, осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеу шараларын қолға алсын;

      2) осы қаулы Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелген күннен бастан он күндiк мерзiмде оны Агенттiктiң мүдделi бөлiмшелерiне, "Қазақстан қаржыгерлерiнiң қауымдастығы" заңды тұлғалар бiрлестiгiне мәлімет үшін жеткізсін.

      4. Агенттік Төрайымының Қызметі (А.Ә. Кенже) осы қаулыны Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау шараларын қолға алсын.

      5. Осы қаулының орындалуын бақылау Агенттік Төрайымының орынбасары М.Б. Байсыновқа жүктелсін.

Төрайым

Е. Бахмутова

"КЕЛІСІЛДІ"


Қазақстан Республикасы


Ұлттық Банкі


Төраға Ә.Ғ.Сәйденов


2008 жылғы 11 желтоқсан


___________________________


(қолы, күні, елтаңбалы мөр)



  Қазақстан Республикасы Қаржы
нарығын және қаржы ұйымдарын
реттеу мен қадағалау агенттігі
Басқармасының
2008 жылғы 28 қарашадағы
N 182 қаулысына қосымша

Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне лицензиялау мәселелері бойынша енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың тізбесі

      Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне лицензиялау мәселелері бойынша мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      1. Күші жойылды – ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 30.03.2020 № 36 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!

      2-тармақтың күшін жою көзделген – ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 12.02.2021 № 24 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      2. Агенттік Басқармасының "Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын құруға рұқсат беру, сондай-ақ сақтандыру (қайта сақтандыру) қызметін және сақтандыру брокерінің қызметін жүзеге асыру құқығына лицензия беру ережесін бекіту туралы" 2007 жылғы 30 сәуірдегі N 122 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 4731 тіркелген):

      көрсетілген қаулымен бекітілген Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын құруға рұқсат беру, сондай-ақ сақтандыру (қайта сақтандыру) қызметін және сақтандыру брокерінің қызметін жүзеге асыру құқығына лицензия беру ережесінде:

      кіріспе:

      "(бұдан әрі - Заң)," деген сөздерден кейін "Көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру туралы" Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 1 шілдедегі Заңына (бұдан әрі - Көлік құралдары иелерінің АҚЖ туралы Заң), "Тасымалдаушының жолаушылар алдындағы азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру туралы" Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 1 шілдедегі Заңына (бұдан әрі - Тасымалдаушылардың АҚЖ туралы Заң)," деген сөздермен толықтырылсын;

      "2003 жылғы 2 шілдедегі Заңына," деген сөздерден кейін "Өсімдік шаруашылығындағы міндетті сақтандыру туралы" Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 10 наурыздағы Заңына (бұдан әрі - Өсімдік шаруашылығындағы міндетті сақтандыру туралы Заң), "Қызметкер еңбек (қызмет) мiндеттерiн атқарған кезде оның өмiрi мен денсаулығына зиян келтiргенi үшiн жұмыс берушiнiң азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру туралы" Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 7 ақпандағы Заңына (бұдан әрі - Жұмыс берушiнiң АҚЖ туралы Заң)," деген сөздермен толықтырылсын;

      мынадай мазмұндағы 11-1, 11-2, 11-3, 11-4 тармақтармен толықтырылсын:

      "11-1. Ө тініш беруші көлік құралдары иелерінің жауапкершілігін міндетті сақтандыруды жүзеге асыру құқығына лицензия алу үшін уәкілетті органға Көлік құралдары иелерінің АҚЖ туралы Заңның 8-бабының 1-тармағының және 8-1-бабының 1-тармағының талаптарын орындағанын растайтын құжаттарды береді.

      11-2. Ө тініш беруші тасымалдаушының жолаушылар алдындағы жауапкершілігін міндетті сақтандыруды жүзеге асыру құқығына лицензия алу үшін уәкілетті органға Тасымалдаушылардың АҚЖ туралы Заңның 8-бабының 1-тармағының талаптарын орындағанын растайтын құжаттарды береді.

      11-3. Ө тініш беруші өсімдік шаруашылығындағы міндетті сақтандыруды жүзеге асыру құқығына лицензия алу үшін уәкілетті органға Өсімдік шаруашылығындағы міндетті сақтандыру туралы Заңның 5-2-бабының 3-тармағының талаптарын орындағанын растайтын құжаттарды береді.

      11-4. Ө тініш беруші жұмыс берушiнiң жауапкершілігін міндетті сақтандыруды жүзеге асыру құқығына лицензия алу үшін уәкілетті органға Жұмыс берушiнiң АҚЖ туралы Заңның 6-1-бабының 1-тармағының талаптарын орындағанын растайтын құжаттарды береді. ".

      3. Күші жойылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 27.08.2013 № 212 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      4. Агенттік Басқармасының "Банктік операциялардың жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарды лицензиялау ережесін бекіту және Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының "Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органының лицензиясы негізінде банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың жарғылық капиталының ең төменгі мөлшерлері туралы" 2006 жылғы 25 ақпандағы N 54 қаулысына толықтырулар енгізу туралы" 2007 жылғы 25 маусымдағы N 168 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 4873 тіркелген) Агенттік Басқармасының "Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің кейбір нормативтік құқықтық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2007 жылғы 24 желтоқсандағы N 272 қаулысымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 5137 тіркелген) енгізілген өзгерістерімен және толықтыруларымен бірге:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарды лицензиялау ережесінде:

      4-тармақтың 5) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "5) барлық жоспарланып отырған операциялар бойынша лицензияны алу мақсатын ашатын, өтініш беруші ыңғайланып отырған рынок сегментін, қызмет түрлерін, маркетинг жоспарын, ұйым қызметін қаржыландырудың көздерін, алғашқы үш қаржылық (операциялық) жылдағы кірістер мен шығыстардың болжамын ашатын және өтініш берушіде өзінің қызметінің жоспарына сәйкес келетін құрылымдық бөлімше бар болғандығын көрсететін бизнес-жоспар; ".

      5. Күші жойылды – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 28.10.2016 № 263 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.