Жер қойнауын пайдаланушылардың сатып алынған тауарлар, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтер туралы есебін және алдағы жылға арналған тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алудың жылдық бағдарламасының нысандарын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрінің 2008 жылғы 3 сәуірдегі N 125 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2008 жылғы 23 сәуірде Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 5194 болып енгізілді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрінің м.а. 2010 жылғы 21 мамырдағы № 80 бұйрығымен

Күшін жойған

      Күші жойылды - ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрінің м.а. 2010.05.21 № 80 бұйрығымен.

       Қолданушылардың назарына!!!
      Бұйрықтың қолданысқа енгізілу тәртібін  4-тармақтан қараңыз.

      "Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" Қазақстан Республикасының 1996 жылғы 27 қаңтардағы N 2828 Заңының 8-3-бабы1-тармағының 6) тармақшасына сәйкес,  БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған:
      1) сатып алынған тауарлар, жұмыстар мен қызметтер туралы  есеп нысаны ;
      2) алдағы жылға арналған тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алудың жылдық бағдарламасының нысаны бекітілсін.

      2. "Жер қойнауын пайдаланушылардың сатып алынған тауарлар, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтер туралы есеп беру нысандарын және келер жылға арналған тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алу жылдық бағдарламасын бекіту туралы" 2007 жылғы 21 наурыздағы  N 92 бұйрықтың (N 4618 Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде тіркелген, 2007 жылғы 1 маусымдағы N 82 (1285) "Юридическая газета" газетінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда вице-министрі Е.К. Мамытбековқа жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

       Министр                                  В.Школьник

                                         Қазақстан Республикасы
                                          Индустрия және сауда
                                              министрлігінің
                                          2008 жылғы 3 сәуірдегі
                                             N 125 бұйрығымен
                                                бекітілген

      Жер қойнауын пайдаланушылардың сатып алынған тауарлар,
   жұмыстар мен көрсетілетін қызметтер туралы есеп нысаны

Жер қой-
науын
пайдала-
нуға ар-
налған
келісім-
шарт
нөмірі

Тапсырыс
берушінің
толық
атауы

Тапсырыс
берушінің
СТН-ні

Жеткі-
зушінің
атауы

Егер қол-
данылса,
жеткізу-
шінің
СТН-ні

СЭҚ
ӨС
коды

ТЖҚ
атауы

СЭҚ
ТН
коды

1

2

3

4

5

6

7

8

кестенің жалғасы

ТЖҚ-нің
қысқаша
сипатта-
масы

ТЖҚ-ді
сатып
алу шар-
тының
нөмірле-
рі

Шарттың
қолда-
нылу
мерзімі
(дд.аа.
жж.)

Өнім-
нің
үлгі
мөл-
шері

Заттай
түрде
сатып
алудың
сандық
көлемі

ТЖҚ сатып
алу шар-
тының
ҚҚС-ты
қоса
алғандағы
жалпы
сомасы,
мың.
теңге

Нақты
сатып
алынған
ТЖҚ-нің
ҚҚС-ты
қоса ал-
ғандағы
сомасы,
мың.
теңге

9

10

11

12

13

14

15

      Басшының қолы
      "______"_________________
          (толтырылған күні)
      _________________________
       (Орындаған Т.А.Ә. тел.)

      Ескерту:

      1. СТН - салық төлеушінің тіркеу нөмірі.

      2. ҚҚС - қосылған құн салығы.

      3. ТЖҚ - тауарлар, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтер.

      4. Бағанды толтыру жыл басынан басталып өспелі қорытындымен жүзеге асырылады.

      5. Есеп дайындау кезінде сатып алу барысында тауарлар бойынша, кейінгі жұмыстар мен қызметтер бойынша көрсетілсін.

      6. Сатып алынған ТЖҚ туралы есепті жасау біртекті ТЖҚ бойынша әр-бір лотқа қатысты және әр-бір шартқа жеке жүргізілсін (яғни, егер тауардың бір түрі бір жылда бірнеше рет бір немесе әр жеткізушіден сатып алынса, нысан әр-бір тауар және шарт бойынша толтырылуы керек).

      7. 1-бағанды толтыру кезінде жер қойнауын пайдалануға арналған келісім-шартының нөмірі жер қойнауын пайдалануға арналған келісім-шарт беруге құзыретті орган беретін нөмір көрсетілсін.

      8. 2-бағанды толтыру кезінде жер қойнауы бойынша операция жүргізу құқығына ие жер қойнауын пайдаланушының атауы көрсетілсін.

      9. 4-бағанды толтыру кезінде жеткізуші кәсіпорынның қызметтерді сатып алу шартының ТЖҚ атауы көрсетілсін.

      10. "ТЖҚ атауы", "СЭҚ ТН коды" және "СЭҚ ӨС коды" бағандарын толтыру кезінде "Сыртқы экономикалық қызметтің тауар номенклатурасы" сыныптама жүйесінің коды және "Экономикалық қызмет түрлері бойынша өнім сыныптаушы" Қазақстан Республикасының МС 04-2003 мемлекеттік сыныптауыштың коды пайдаланылсын. ТН СЭҚ коды және СЭҚ ӨС тауар айқындамасының соңғы деңгейінде көрсетілсін. "ТЖҚ атауы" - 7-бағанда СЭҚ ӨС кодына сәйкес келетін, ал олар болмаған жағдайда - СЭҚ ТН кодына сәйкес келетін тауарлардың, жұмыстар мен қызметтердің атаулары көрсетілсін. "ТЖҚ атауы" бағанында СЭҚ ӨС кодына сәйкес атаулар ғана көрсетілсін.

      11. 11-бағанды толтыру кезінде шарттың нақты қолданылу мерзімі (дд.аа.жж.) көрсетілсін.

                                         Қазақстан Республикасы
                                          Индустрия және сауда
                                              министрлігінің
                                          2008 жылғы 3 сәуірдегі
                                             N 125 бұйрығымен
                                                бекітілген

      200___жылға арналған тауарларды, жұмыстар
  мен көрсетілетін қызметтерді сатып алудың жылдық
               бағдарламасының нысаны
______________________________________________________________
         (жер қойнауын пайдаланушы компанияның атауы)

Жер қойнауын
пайдалануға
арналған
келісім-
шарттың
тіркеу
нөмірі

СЭҚ
ӨС
коды

ТЖҚ
атауы

ТЖҚ-нің
қысқаша
сипатта-
масы,
өнімнің
сипатты
өлшемі

СЭҚ
ТН
коды

Өлшем
бірлігі

Заттай
түрде
жоспар-
ланған
сатып
алу
көлемі

1

2

3

4

5

6

7

кестенің жалғасы

Жоспарланған
сатып алудың
КҚС-ты қоса
алғандағы
сомасы, мың
теңге

Сатып
алу
тәсілі

Сатып
алуды
өткізу
орыны

Сатып
алуды
өткізу
мерзімі

Жеткізілім
мерзімі

8

9

10

11

12

      Басшының қолы
      "______"_________________
          (толтырылған күні)
      _________________________
       (Орындаған Т.А.Ә. тел.)

      Ескерту:

      1. ТЖҚ - тауарлар, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтер.

      2. ҚҚС - қосылған күн салығы.

      3. 1 - бағанды толтырған кезде, жер қойнауын пайдалануға келісім-шарт беру кезінде құзыретті орган беретін жер қойнауын пайдалануға арналған келісім-шартының тіркеу нөмірі көрсетілсін.

      4. "ТЖҚ атауы", "СЭҚ ТН коды" және "СЭҚ ӨС коды" бағандарын толтыру кезінде "Сыртқы экономикалық қызметтің тауар номенклатурасы" сыныптама жүйесінің коды және "Экономикалық қызмет түрлері бойынша өнім сыныптауышы" Қазақстан Республикасының МС 04-2003 мемлекеттік сыныптауыштың коды пайдаланылсын. ТН СЭҚ коды және СЭҚ ӨС тауар айқындамасының 4-деңгейінде көрсетілсін. "ТЖҚ атауы" - 3-бағанда СЭҚ ӨС кодына сәйкес келетін, ал олар болмаған жағдайда - СЭҚ ТН кодына сәйкес келетін ТЖҚ атаулары көрсетілсін.

      5. 10-бағанды толтыру кезінде елді мекеннің атауы көрсетілсін.

      6. 11, 12-бағандарды толтыру кезінде мүмкіндігінше тоқсандардың (бірінші, екінші, үшінші, төртінші) бірі көрсетілсін.