Қолданушылардың назарына!!!
Бұйрықтың қолданысқа енгізілу тәртібін
4-тармақтан
қараңыз.
"Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" Қазақстан Республикасының 1996 жылғы 27 қаңтардағы N 2828 Заңының 8-3-бабы 1-тармағының 6) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған:
1) сатып алынған тауарлар, жұмыстар мен қызметтер туралы
есеп нысаны
;
2) алдағы жылға арналған тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алудың жылдық
бағдарламасының нысаны
бекітілсін.
2. "Жер қойнауын пайдаланушылардың сатып алынған тауарлар, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтер туралы есеп беру нысандарын және келер жылға арналған тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алу жылдық бағдарламасын бекіту туралы" 2007 жылғы 21 наурыздағы N 92 бұйрықтың (N 4618 Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде тіркелген, 2007 жылғы 1 маусымдағы N 82 (1285) "Юридическая газета" газетінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда вице-министрі Е.К. Мамытбековқа жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Министр В.Школьник
Қазақстан Республикасы
Индустрия және сауда
министрлігінің
2008 жылғы 3 сәуірдегі
N 125 бұйрығымен
бекітілген
Жер қойнауын пайдаланушылардың сатып алынған тауарлар,
жұмыстар мен көрсетілетін қызметтер туралы есеп нысаны
Жер қой-
|
Тапсырыс
|
Тапсырыс
|
Жеткі-
|
Егер қол-
|
СЭҚ
|
ТЖҚ
|
СЭҚ
|
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
7 |
8 |
кестенің жалғасы
ТЖҚ-нің
|
ТЖҚ-ді
|
Шарттың
|
Өнім-
|
Заттай
|
ТЖҚ сатып
|
Нақты
|
9 |
10 |
11 |
12 |
13 |
14 |
15 |
Басшының қолы
"______"_________________
(толтырылған күні)
_________________________
(Орындаған Т.А.Ә. тел.)
Ескерту:
5. Есеп дайындау кезінде сатып алу барысында тауарлар бойынша, кейінгі жұмыстар мен қызметтер бойынша көрсетілсін.
6. Сатып алынған ТЖҚ туралы есепті жасау біртекті ТЖҚ бойынша әр-бір лотқа қатысты және әр-бір шартқа жеке жүргізілсін (яғни, егер тауардың бір түрі бір жылда бірнеше рет бір немесе әр жеткізушіден сатып алынса, нысан әр-бір тауар және шарт бойынша толтырылуы керек).
7. 1-бағанды толтыру кезінде жер қойнауын пайдалануға арналған келісім-шартының нөмірі жер қойнауын пайдалануға арналған келісім-шарт беруге құзыретті орган беретін нөмір көрсетілсін.
8. 2-бағанды толтыру кезінде жер қойнауы бойынша операция жүргізу құқығына ие жер қойнауын пайдаланушының атауы көрсетілсін.
9. 4-бағанды толтыру кезінде жеткізуші кәсіпорынның қызметтерді сатып алу шартының ТЖҚ атауы көрсетілсін.
10. "ТЖҚ атауы", "СЭҚ ТН коды" және "СЭҚ ӨС коды" бағандарын толтыру кезінде "Сыртқы экономикалық қызметтің тауар номенклатурасы" сыныптама жүйесінің коды және "Экономикалық қызмет түрлері бойынша өнім сыныптаушы" Қазақстан Республикасының МС 04-2003 мемлекеттік сыныптауыштың коды пайдаланылсын. ТН СЭҚ коды және СЭҚ ӨС тауар айқындамасының соңғы деңгейінде көрсетілсін. "ТЖҚ атауы" - 7-бағанда СЭҚ ӨС кодына сәйкес келетін, ал олар болмаған жағдайда - СЭҚ ТН кодына сәйкес келетін тауарлардың, жұмыстар мен қызметтердің атаулары көрсетілсін. "ТЖҚ атауы" бағанында СЭҚ ӨС кодына сәйкес атаулар ғана көрсетілсін.
11. 11-бағанды толтыру кезінде шарттың нақты қолданылу мерзімі (дд.аа.жж.) көрсетілсін.
Қазақстан Республикасы
Индустрия және сауда
министрлігінің
2008 жылғы 3 сәуірдегі
N 125 бұйрығымен
бекітілген
200___жылға арналған тауарларды, жұмыстар
мен көрсетілетін қызметтерді сатып алудың жылдық
бағдарламасының нысаны
______________________________________________________________
(жер қойнауын пайдаланушы компанияның атауы)
Жер қойнауын
|
СЭҚ
|
ТЖҚ
|
ТЖҚ-нің
|
СЭҚ
|
Өлшем
|
Заттай
|
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
7 |
кестенің жалғасы
Жоспарланған
|
Сатып
|
Сатып
|
Сатып
|
Жеткізілім
|
8 |
9 |
10 |
11 |
12 |
Басшының қолы
"______"_________________
(толтырылған күні)
_________________________
(Орындаған Т.А.Ә. тел.)
Ескерту:
3. 1 - бағанды толтырған кезде, жер қойнауын пайдалануға келісім-шарт беру кезінде құзыретті орган беретін жер қойнауын пайдалануға арналған келісім-шартының тіркеу нөмірі көрсетілсін.
4. "ТЖҚ атауы", "СЭҚ ТН коды" және "СЭҚ ӨС коды" бағандарын толтыру кезінде "Сыртқы экономикалық қызметтің тауар номенклатурасы" сыныптама жүйесінің коды және "Экономикалық қызмет түрлері бойынша өнім сыныптауышы" Қазақстан Республикасының МС 04-2003 мемлекеттік сыныптауыштың коды пайдаланылсын. ТН СЭҚ коды және СЭҚ ӨС тауар айқындамасының 4-деңгейінде көрсетілсін. "ТЖҚ атауы" - 3-бағанда СЭҚ ӨС кодына сәйкес келетін, ал олар болмаған жағдайда - СЭҚ ТН кодына сәйкес келетін ТЖҚ атаулары көрсетілсін.