Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрінің 2008 жылғы 3 сәуірдегі № 125 бұйрығының күші жойылды деп тану туралы

Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрінің м.а. 2010 жылғы 21 мамырдағы № 80 бұйрығы

      «Нормативтік құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 27 бабының 1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. «Жер қойнауын пайдаланушылардың сатып алынған тауарлар, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтер туралы есебін және алдағы жылға арналған тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алудың жылдық бағдарламасының нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрінің 2008 жылғы 3 сәуірдегі № 125 бұйрығының (2008 жылғы 23 сәуірдегі № 5194 Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде тіркелген, 2008 жылғы 30 шілдедегі № 114 (1514) «Юридическая газета" газетінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
      2. Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің Жергілікті қамту және жобаларды талдау департаменті:
      1) белгіленген тәртіпте осы бұйрықты көшірмесін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне жіберсін;
      2) белгіленген заңнамалық тәртіпте осы бұйрықтың бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Министрінің м.а.                             Б. Камалиев