Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің кейбір нормативтік құқықтық актілеріне толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2008 жылғы 25 қаңтардағы N 5 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2008 жылғы 19 ақпандағы Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 5141 болып енгізілді.

Қолданыстағы

       Қолданушылардың назарына!!!
      Қаулының қолданысқа енгізілу тәртібін  4-тармақтан  қараңыз.

      Екінші деңгейдегі банктердің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының, жинақтаушы зейнетақы қорларының қызметін реттейтін нормативтік құқықтық актілерді жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің (бұдан әрі - Агенттік) Басқармасы  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Агенттік Басқармасының»"Банкке еншілес ұйым құруға немесе ие болуға рұқсат беру, сондай-ақ ұйымдардың жарғылық капиталына қомақты қатысуға рұқсат беру ережесін бекіту және Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының»"Қаржы рыногын және қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне өзгерістер енгізу туралы" 2004 жылғы 25 қазандағы N 304 қаулысына өзгеріс енгізу туралы" 2006 жылғы 9 қаңтардағы N 4  қаулысына  (Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 4079 тіркелген) Агенттік Басқармасының»"Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінде құжаттарды ұсыну мәселелері бойынша кейбір нормативтік құқықтық кесімдерге толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы" 2007 жылғы 30 наурыздағы N 76  қаулысымен  (Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 4670 тіркелген) енгізілген толықтыруларымен және өзгерістерімен бірге мынадай толықтыру енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген Банкке еншілес ұйым құруға немесе ие болуға рұқсат беру, сондай-ақ ұйымдардың жарғылық капиталына қомақты қатысуға рұқсат беру ережесінде:

      мынадай мазмұндағы 8-2-тармақпен толықтырылсын:
      "8-2. Егер өтініш берушінің құратын не ие болатын еншілес ұйымы банк, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы, ашық жинақтаушы зейнетақы қоры болып табылған жағдайда, өтініш беруші еншілес ұйымын құруға не иеленуге берген өтінішпен бір уақытта қаржы ұйымының (банк холдингінің) ірі қатысушысы мәртебесін алуға қажетті құжаттарды қосып, қаржы ұйымының (банк холдингінің) ірі қатысушысы мәртебесін алуға өтінішін ұсынуы қажет.".

      2. Агенттік Басқармасының»"Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына еншілес ұйымды»құруға немесе иеленуге рұқсат беру, сондай-ақ заңды тұлғалардың жарғылық капиталына қомақты қатысуға рұқсат беру ережесін бекіту туралы" 2006 жылғы 25 ақпандағы№N 50  қаулысына  (Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 4171 тіркелген) Агенттік Басқармасының»"Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінде құжаттарды ұсыну мәселелері бойынша кейбір нормативтік құқықтық кесімдерге толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы" 2007 жылғы 30 наурыздағы N 76  қаулысымен  (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 4670 тіркелген) енгізілген толықтыруларымен және өзгерістерімен бірге мынадай толықтыру енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына еншілес ұйымды құруға немесе иеленуге рұқсат беру, сондай-ақ заңды тұлғалардың жарғылық капиталына қомақты қатысуға рұқсат беру ережесінде:

      мынадай мазмұндағы 6-1-тармақпен толықтырылсын:
      "6-1. Егер өтініш берушінің құратын не ие болатын еншілес ұйымы банк, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы, ашық жинақтаушы зейнетақы қоры болып табылған жағдайда, өтініш беруші еншілес ұйымын құруға не иеленуге берген өтінішпен бір уақытта қаржы ұйымының (банк холдингінің) ірі қатысушысы мәртебесін алуға қажетті құжаттарды қосып, қаржы ұйымының (банк холдингінің) ірі қатысушысы мәртебесін алуға өтінішін ұсынуы қажет.".

      3. Агенттік Басқармасының»"Жинақтаушы зейнетақы қорына еншілес ұйым құруға немесе сатып алуға, сондай-ақ заңды тұлғалардың жарғы капиталына қомақты түрде қатысуға рұқсат беру туралы Ережені бекіту туралы" 2006 жылғы 25 ақпандағы N 64  қаулысына  (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 4145 тіркелген) Агенттік Басқармасының»"Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінде құжаттарды ұсыну мәселелері бойынша кейбір нормативтік құқықтық кесімдерге толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы" 2007 жылғы 30 наурыздағы N 76  қаулысымен  (Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 4670 тіркелген) және Агенттік Басқармасының "Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының»"Жинақтаушы зейнетақы қорына еншілес ұйым құруға немесе сатып алуға, сондай-ақ заңды тұлғалардың жарғы капиталына қомақты түрде қатысуға рұқсат беру туралы Ережені бекіту туралы" 2006 жылғы 25 ақпандағы N 64 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы" 2007 жылғы 30 сәуірдегі N 113  қаулысымен  (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 4739 тіркелген, Қазақстан Республикасының орталық атқарушы және өзге де мемлекеттік органдардың нормативтік құқықтық актілерінің бюллетенінде жарияланған, 2007 жылғы шілде, N 7, 267-құжат) енгізілген толықтыруларымен және өзгерістерімен бірге мынадай толықтыру енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген Жинақтаушы зейнетақы қорына еншілес ұйым құруға немесе сатып алуға, сондай-ақ заңды тұлғалардың жарғы капиталына қомақты түрде қатысуға рұқсат беру туралы Ережесінде:

      мынадай мазмұндағы 6-2-тармақпен толықтырылсын:
      "6-2. Егер өтініш берушінің құратын не ие болатын еншілес ұйымы банк, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы, ашық жинақтаушы зейнетақы қоры болып табылған жағдайда, өтініш беруші еншілес ұйымын иеленуге берген өтінішпен бір уақытта қаржы ұйымының (банк холдингінің) ірі қатысушысы мәртебесін алуға қажетті құжаттарды қосып, қаржы ұйымының (банк холдингінің) ірі қатысушысы мәртебесін алуға өтінішін ұсынуы қажет.".

      4. Осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап он төрт күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.

      5. Стратегия және талдау департаменті (Е.А. Ділімбетова):
      1) Заң департаментімен (Н.В. Сәрсенова) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізу шараларын қолға алсын;
      2) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап он күндік мерзімде осы қаулыны Агенттіктің мүдделі бөлімшелеріне, екінші деңгейдегі банктерге, "Қазақстан қаржыгерлерінің қауымдастығы" заңды тұлғалар бірлестігіне жеткізсін.

      6. Төраға қызметі осы қаулыны Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау шараларын қолға алсын.

      7. Осы қаулының орындалуын бақылау Агенттік Төрайымы Е.Л. Бахмутоваға жүктелсін.

       Төрайым