Жоғалған немесе бүлінген құқық белгілейтін құжаттың телнұсқасын беру және түпнұсқасының (куәландырылған көшірмесінің) күшін жою қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Әділет министрінің м.а. 2007 жылғы 24 тамыздағы N 244 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2007 жылғы 19 қыркүйекте Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 4939 болып енгізілді.

Жаңартылған

      Ескерту. Бұйрықтың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Әділет министрінің 24.05.2016 № 343 (алғашқы жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      "Жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу туралы" Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру мақсатында, "Әділет органдары туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабын басшылыққа ала отырып, БҰЙЫРАМЫН:

      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - ҚР Әділет министрінің 2011.06.21 № 230 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткеннен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      1. Қоса беріліп отырған Жоғалған немесе бүлінген құқық белгілейтін құжаттың телнұсқасын беру және түпнұсқасының (куәландырылған көшірмесінің) күшін жою қағидалары бекітілсін.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Әділет министрінің 24.05.2016 № 343 (алғашқы жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      2. Осы бұйрық ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Министрдің м.а.



  Қазақстан Республикасы
Әділет министрінің м.а.
2007 жылғы 24 тамыздағы
N 244 бұйрығымен
бекітілген

Жоғалған немесе бүлінген құқық белгілейтін құжаттың телнұсқасын
беру және түпнұсқасының (куәландырылған көшірмесінің) күшін жою
қағидалары

      Ескерту. Қағиданың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Әділет министрінің 24.05.2016 № 343 (алғашқы жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

1. Жалпы ережелер

      1. Осы қағида Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Әділет департаменттерімен (басқармаларымен) (бұдан әрі - тіркеуші орган) тіркеу істерінде сақталатын құжаттардың мынадай түрлерінің телнұсқасын берудің және күшін жоюдың тәртібін белгілейді:

      1) жоғалған немесе бүлінген құқық белгілеуші құжаттың түпнұсқасының (куәландырылған көшірмесі);

      2) меншік құқығы туралы куәліктің (бұдан әрі - Куәлік).

      Ескерту. 1-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Әділет министрінің 2008.10.01 № 258; 24.05.2016 № 343 (алғашқы жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрықтарымен.

2. Жоғалған немесе бүлінген құқық белгілеуші құжаттың немесе Куәліктің телнұсқасын беру және түпнұсқасының (куәландырылған көшірмесінің) күшін жою тәртібі

      2. Негізінде құқықтық кадастрда тіркеу жүргізілген жылжымайтын мүлікке құқық белгілейтін құжатының немесе Куәліктің түпнұсқасы (куәландырылған көшірмесі) жоғалған немесе бүлінген жағдайда құқық белгілейтін құжатты немесе Куәлікті қалпына келтіруді тіркеуші орган тіркеу ісінде сақталған сол құжаттың көшірмесінен телнұсқа беру арқылы жүргізеді.

      3. Құқық белгілейтін құжаттың немесе Куәліктің телнұсқасын берген кезде тіркеуші орган құқықтық кадастрдың ақпараттық жүйесіне және құқықтық кадастрдың тіркеу ісінің тиісті бағанына құқық белгілеуші құжаттың немесе куәліктің түпнұсқасының күшін жою туралы тиісті жазба енгізеді.

      4. Тіркеуші органның құқық белгілейтін құжаттың немесе Куәліктің телнұсқасын беруі құқық белгілейтін құжаттың немесе Куәліктің түпнұсқасының күшін жойғанын растайды.

      4.1 Құқық белгілейтін құжаттың немесе Куәліктің телнұсқасы құқық иесіне ғана немесе оның уәкілетті өкіліне (бұдан әрі - өтініш беруші) беріледі.

      Ескерту. 4-1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Әділет министрінің 2008.10.01 № 258 бұйрығымен.

      5. Құқық белгілейтін құжаттың немесе Куәліктің телнұсқасын алу үшін өтініш беруші мыналарды ұсынуы тиіс:

      1) Құқық белгілейтін құжаттың немесе Куәліктің жоғалуына, бүлінуіне (бұзылуына) себеп болған жағдайларды көрсете отырып, құқық белгілейтін құжаттың немесе Куәліктің телнұсқасын беру туралы осы Ережеге 1-қосымшаға сәйкес өтініш;

      2) алып тасталды - ҚР Әділет министрінің 24.05.2016 № 343 (алғашқы жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      Ескерту. 5-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Әділет министрінің 2008.10.01 № 258; 24.05.2016 № 343 (алғашқы жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрықтарымен.

      6. Құқық белгілеуші құжаттың немесе Куәліктің телнұсқасын беру туралы өтініштен басқа өтініш беруші тіркеуші органға мынадай құжаттарды ұсынады:

      1) жеке тұлға паспортын немесе өзге оны алмастыратын құжатын (жеке куәлігін, 16 жасқа толмаған азаматтың туу туралы куәлігін, Қазақстан Республикасындағы шетелдіктің ықтияр хаты, азаматтығы жоқ адамның куәлігін) ұсынады;

      2) заңды тұлға заңды тұлғаны тіркеу туралы куәлігін (жарғысының, ережесінің көшірмесін), сауда тізілімінен көшірмесін немесе осы субъект өз елінің заңнамасы бойынша заңды тұлға болып табылатынын куәландыратын, қазақ немесе орыс тіліне нотариатты куәландырылған аудармасымен бірге басқа құжатын ұсынады.

      3) құқық белгілейтін құжаттың немесе Куәліктің телнұсқасын берген үшін алым төлегенін растайтын құжат.

      Ескерту. 6-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Әділет министрінің 2008.10.01 N 258; 2011.06.21 № 230 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткеннен бастап қолданысқа енгізіледі) Бұйрықтарымен.

      7. Құқық белгілейтін құжаттың немесе Куәліктің телнұсқасында "телнұсқа" деген белгі және тіркеуші органның осы Ережеге 2-қосымшаға сәйкес мөртаңбасы қойылып, құқық белгілейтін құжаттың немесе Куәліктің барлық мәтіні болуы тиіс.

      Ескерту. 7-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Әділет министрінің 2008.10.01 N 258 бұйрығымен.

      8. Тіркеуші орган үш жұмыс күні ішінде құқық белгілеуші құжаттың немесе Куәліктің телнұсқасын береді.

      Ескерту. 8-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Әділет министрінің 24.05.2016 № 343 (алғашқы жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      9. Алынып тасталды - ҚР Әділет министрінің 2008.10.01 N 258 бұйрығымен.

  Жоғалған немесе бүлінген
құқық белгілейтін құжаттың
телнұсқасын беру және
түпнұсқасының (куәландырылған
көшірмесінің) күшін жою
ережесіне 1-қосымша

      Ескерту. 1-қосымшамен толықтырылды - ҚР Әділет министрінің 2008.10.01 N 258 Бұйрығымен.
      _________________________________________________________________

      (Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің аумақтық органы)

Меншік құқығы туралы куәлік немесе құқық белгілейтін
құжаттың телқұжатын беру туралы
ӨТІНІШ N__________

      Тегі, Аты, Әкесінің аты______________________________________________

      СТН__________________________________________________________________

      Тұратын жері_________________________________________________________

      Жеке басты куәландыратын құжаты: түрі______, сериясы_______, N_______

      Берілді_______________________________, берілген күні________________

      (егер өтініш беруші біреуден артық болса ақпаратты қайталау)

      _____________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      Атынан іс-әрекет етеді_______________________________________________

      (уәкілетті өкіл толтырады)

      негізінде____________________________________________________________

      (өкілеттігін куәландыратын құжаттың деректемелері)

      _____________________________________________________________________

      ________________________________________мекен-жайы бойынша орналасқан

      жылжымайтын мүлік объектісіне

      _____________________________________________________________________

      (құжаттың атауы)

      _____________________________________________________________________

      ________________________________Телқұжатын беруді сұраймын (сұраймыз)

      Куәлік немесе құқық белгілейтін құжаттың жоғалуына немесе бүлінуіне

      (бұзылуына) себеп болған жағдайлар___________________________________

      _____________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      Өтінішке мынадай құжаттар қоса беріледі:

      1. Төленгені туралы құжаты: түрі_______ N______ сомаға_________теңге

      2. __________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      3. __________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      (өтініш қабылдаған маманның Т.А.Ә. мен қолы)

      Өтініш берген күні:_____________200__ж. Уақыты_________сағ________мин

      Орындаудың жоспарлы уақыты___________________________________________

      Өтінішті орындау /қарау/ нәтижесі____________________________________

      _____________________________________________________________________

      Тексерілді: күні________ 200__ж.

      _____________________________________________________________________

      (тіркеуші маманның Т.А.Ә. және қолы)

  Жоғалған немесе бүлінген
құқық белгілейтін құжаттың
телнұсқасын беру және
түпнұсқасының (куәландырылған
көшірмесінің) күшін жою
ережесіне 2-қосымша

      Ескерту. 2-қосымшамен толықтырылды - ҚР Әділет министрінің 2008.10.01 N 258 Бұйрығымен.

____________________________ _________________ құқығы (ауыртпалығы)

(объекттің мекен-жайы, (құқық,

кадастрлық нөмірі) ауыртпалықтың түрі)

___________________________________ ______________________ тіркелген

(құқықты тіркеган органның атауы) (тіркелген уақыты)

_______________________________ телқұжаты __________________________

(құқық белгілейтін құжаттың (телқұжатты алуға арыз

атауы, күні және нөмірі) берген құқық иесінің

Т.А.Ә.)

"___" 20__________ж. N_______________ арызы бойынша

___________________________________________________________ берілген

(телқұжатты берген тіркеуші органның атауы)

Орындаушы ____________________ қолы ______________

Бөлім бастығы_________________ қолы ______________

Басшы ________________________ қолы ______________