"Жоғалған немесе бүлінген құқық белгілейтін құжаттың телнұсқасын беру және түпнұсқасының (куәландырылған көшірмесінің) күшін жою ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің міндетін атқарушының 2007 жылғы 24 тамыздағы № 244 бұйрығына

Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2016 жылғы 24 мамырдағы № 343 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылы 15 маусымда № 13786 болып тіркелді

      "Жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 36-бабына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. «Жоғалған немесе бүлінген құқық белгілейтін құжаттың телнұсқасын беру және түпнұсқасының (куәландырылған көшірмесінің) күшін жою ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің міндетін атқарушының 2007 жылғы 24 тамыздағы № 244 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеудің тізілімінде № 4939 тіркелген, Қазақстан Республикасының орталық атқарушы және өзге де мемлекеттік органдарының нормативтік құқықтық актілерінің бюллетенінде жарияланған, 2007 жыл, № 10, 284-құжат), мынадай өзгерістер енгізілсін:
      тақырыбы қазақ тілінде мынадай редакцияда жазылсын, орыс тіліндегі мәтіні өзгермейді:
      «Жоғалған немесе бүлінген құқық белгілейтін құжаттың телнұсқасын беру және түпнұсқасының (куәландырылған көшірмесінің) күшін жою қағидаларын бекіту туралы»;
      көрсетілген бұйрықтың 1-тармағының қазақ тіліндегі мәтіні мынадай редакцияда жазылсын, орыс тіліндегі мәтіні өзгермейді:
      «1. Қоса беріліп отырған Жоғалған немесе бүлінген құқық белгілейтін құжаттың телнұсқасын беру және түпнұсқасының (куәландырылған көшірмесінің) күшін жою қағидалары бекітілсін.»;
      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Жоғалған немесе бүлінген құқық белгілеуші құжаттың телнұсқасын беру және түпнұсқасының (куәландырылған көшірмесінің) күшін жою ережесінде:
      тақырыбы қазақ тілінде мынадай редакцияда жазылсын, орыс тілінде мәтіні өзгермейді:
      «Жоғалған немесе бүлінген құқық белгілейтін құжаттың телнұсқасын беру және түпнұсқасының (куәландырылған көшірмесінің) күшін жою қағидалары»;
      1-тармақтың бірінші абзацы қазақ тілінде мынадай редакцияда жазылсын, орыс тіліндегі мәтіні өзгермейді:
      «1. Осы қағида Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Әділет департаменттерімен (басқармаларымен) (бұдан әрі - тіркеуші орган) тіркеу істерінде сақталатын құжаттардың мынадай түрлерінің телнұсқасын берудің және күшін жоюдың тәртібін белгілейді:»;
      5-тармақтың 2) тармақшасы алынып тасталсын;
      8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «8. Тіркеуші орган үш жұмыс күні ішінде құқық белгілеуші құжаттың немесе Куәліктің телнұсқасын береді.».
      2. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаменті (В.Қ. Калимова) заңнамада белгіленген тәртіппен:
      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның мерзімді баспасөз басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберілуін;
      3) осы бұйрықты алған күннен бастап бес жұмыс күн ішінде Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне орналастыру үшін оның «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;
      4) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Әділет министрінің орынбасарына жүктелсін.
      4. Осы бұйрық алғашқы жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Әділет министрі                            Б. Имашев