Жоғалған немесе бүлінген құқық белгілейтін құжаттың телнұсқасын беру және түпнұсқасының (куәландырылған көшірмесінің) күшін жою қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Әділет министрінің м.а. 2007 жылғы 24 тамыздағы N 244 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2007 жылғы 19 қыркүйекте Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 4939 болып енгізілді.

Жаңартылған

      Ескерту. Бұйрықтың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Әділет министрінің 24.05.2016 № 343 (алғашқы жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      "Жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу туралы" Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру мақсатында, "Әділет органдары туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабын басшылыққа ала отырып, БҰЙЫРАМЫН:

      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - ҚР Әділет министрінің 2011.06.21 № 230 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткеннен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      1. Қоса беріліп отырған Жоғалған немесе бүлінген құқық белгілейтін құжаттың телнұсқасын беру және түпнұсқасының (куәландырылған көшірмесінің) күшін жою қағидалары бекітілсін.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Әділет министрінің 24.05.2016 № 343 (алғашқы жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      2. Осы бұйрық ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Министрдің м.а.

  Қазақстан Республикасы
Әділет министрінің міндетін
атқарушының
2007 жылғы 24 тамыздағы
№ 244 бұйрығымен
бекітілген

Жоғалған немесе бүлінген құқық белгілейтін құжаттың телнұсқасын беру және түпнұсқасының (куәландырылған көшірмесінің) күшін жою қағидалары

      Ескерту. Қағида жаңа редакцияда – ҚР Әділет министрінің 11.09.2018 № 1381 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы жоғалған немесе бүлінген құқық белгілейтін құжаттың телнұсқасын беру және түпнұсқасының (куәландырылған көшірмесінің) күшін жою қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 36-бабына сәйкес әзірленген және "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясының (бұдан әрі – тіркеуші орган) жоғалған немесе бүлінген құқық белгілейтін құжаттың телнұсқасын беру және түпнұсқасының (куәландырылған көшірмесінің) күшін жоюдың тәртібін белгілейді.

2-тарау. Жоғалған немесе бүлінген құқық белгілейтін құжаттың телнұсқасын беру және түпнұсқасының (куәландырылған көшірмесінің) күшін жою тәртібі

      2. Негізінде құқықтық кадастрда тіркеу жүргізілген жылжымайтын мүлікке құқық белгілейтін құжаттың түпнұсқасы (куәландырылған көшірмесі) жоғалған немесе бүлінген жағдайларда құқық белгілейтін құжатты қалпына келтіруді тіркеуші орган тіркеу ісінде сақталатын көрсетілген құжаттың көшірмесінен телнұсқа беру арқылы жүргізеді.

      3. Құқық белгілейтін құжаттың телнұсқасын берген кезде тіркеуші орган құқықтық кадастрдың ақпараттық жүйесіне және құқықтық кадастрдың тіркеу ісінің тиісті бағандарына құқық белгілейтін құжаттың түпнұсқасының күшін жою туралы тиісті жазба енгізеді.

      4. Тіркеуші органның құқық белгілейтін құжаттың телнұсқасын беруі құқық белгілейтін құжаттың түпнұсқасының күші жойылғанын растайды.

      5 Құқық белгілейтін құжаттың телнұсқасы құқық иесіне немесе оның уәкілетті өкіліне ғана беріледі (бұдан әрі - өтініш беруші).

      6. Құқық белгілейтін құжаттың телнұсқасын алу үшін өтініш беруші мынадай құжаттарды ұсынады:

      1) тіркеуші органға:

      құқық белгілейтін құжаттың жоғалуына, бүлінуіне (бұзылуға) әкеп соққан жағдайларды көрсете отырып, құқық белгілейтін құжаттың телнұсқасын беру туралы осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;

      жеке тұлға өзінің жеке басын куәландыратын құжатты (салыстыру үшін) ұсынады.

      шетелдiк заңды тұлғалар сауда тiзiлiмiнен заңдастырылған үзiндi көшірмені немесе шетелдiк заңды тұлға шет мемлекеттiң заңнамасы бойынша заңды тұлға болып табылатындығын куәландыратын басқа да заңдастырылған құжатты мемлекеттiк және орыс тiліндегi нотариалды куәландырылған аудармасымен бірге ұсынады;

      құқық белгілейтін құжаттың телнұсқасын беру үшін ақы төленгенін растайтын құжатты.

      2) "электрондық үкіметтің" www.е.gov.kz веб-порталы (бұдан әрі – портал):

      электрондық-цифрлық қолтаңбамен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы немесе бір реттік парольды қолдану арқылы сұрау салу;

      жеке тұлға өзінің жеке басын куәландыратын құжат туралы мәліметті толтырады;

      заңды тұлға мемлекеттік тіркеу туралы мәліметті толтырады.

      шетелдiк заңды тұлғалар сауда тiзiлiмiнен заңдастырылған үзiндi көшірмені немесе шетелдiк заңды тұлға шет мемлекеттiң заңнамасы бойынша заңды тұлға болып табылатындығын куәландыратын басқа да заңдастырылған құжат мемлекеттiк және орыс тiліндегi нотариалды куәландырылған аудармасымен бірге тіркеуші органға мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін алған кезде салыстыру үшін ұсынылады;

      "электрондық үкіметтің" төлем шлюзі (бұдан әрі – ЭҮТШ) арқылы жүргізілген төлемді қоспағанда, құқық белгілейтін құжаттың телнұсқасын беру үшін төлемді растайтын құжаттың электрондық көшірмесі. ЭҮТШ арқылы жүргізілген төлем туралы мәліметті тіркеуші орган "электрондық үкіметтің" шлюзі арқылы алады.

      Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушы, егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға жазбаша келісім береді.

      Құжаттарды қабылдау кезінде тіркеуші орган жеке басын куәландыратын құжатты мемлекеттік органның мемлекеттік ақпараттық жүйесінен алынған мәліметтермен салыстырып тексереді, содан кейін көрсетілетін қызметті алушыға қайтарады.

      7. Құқық белгілейтін құжаттың телнұсқасына "телнұсқа" деген белгі және тіркеуші органның осы Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша мөртаңбасы қойылып, құқық белгілейтін құжаттың барлық мәтінін қамтуы тиіс.

      8. Тіркеуші орган үш жұмыс күні ішінде құқық белгілейтін құжаттың телнұсқасын қағаз нысанында береді.

      9. Мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін:

      1) көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) оларда қамтылған деректердің (мәліметтердің) анық еместігін анықтау;

      2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың, объектілердің, деректердің және мәліметтердің Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі негіз болып табылады.

      Көрсетілетін қызметті алушы осы Қағидалардың 6-тармағында көзделген тізбеге сәйкес құжаттардың толық топтамасын ұсынбаған кезде, тіркеуші орган осы Қағидалардың 3-қосымшасына сәйкес нысан бойынша құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат береді.

  Жоғалған немесе бүлінген
құқық белгілейтін құжаттың
телнұсқасын беру және
түпнұсқасының (куәландырылған
көшірмесінің) күшін жою
қағидаларына 1-қосымша
  Нысан

      ________________________________________________________________________

      ("Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясының филиалы)

Құқық белгілейтін құжаттың телқұжатын беру туралы ӨТІНІШ N__________

      Тегі, Аты, Әкесінің аты (ол болған кезде) (бұдан әрі – Т.А.Ә.) /

      Заңды тұлғаның толық атауы __________

      ЖСН/БСН_______________________________________________________________

      Тұратын жері/ Заңды мекенжайы ________________________________________

      Жеке басты куәландыратын құжат: түрі____________, №__________

      Берілді_______________________________, берілген күні_________________

      (егер өтініш беруші біреуден артық болса ақпаратты қайталау)/

      Мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің нөмірі

      _____________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      Атынан іс-әрекет етеді_______________________________________________

      (уәкілетті өкіл толтырады)

      негізінде____________________________________________________________

      (өкілеттігін куәландыратын құжаттың деректемелері)

      _____________________________________________________________________

      ________________________________________мекен-жайы бойынша орналасқан

      жылжымайтын мүлік объектісіне

      _____________________________________________________________________

      (құжаттың атауы)

      Басшысының немесе

      уәкілетті өкілдің Т.Ә.А._____________________________________________

      ___________________________________________________________ негізінде

      (өкілеттігін куәландыратын құжаттың деректемелері)

      _____________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      ______________________________________________ атынан ісәрекет ететін

      _____________________________________________________________________

      ________________________________телқұжатын беруді сұраймын (сұраймыз)

      Құқық белгілейтін құжаттың жоғалуына немесе бүлінуіне

      (бұзылуына) әкелген мән-жайлар_______________________________________

      _____________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      Өтінішке мынадай құжаттар қоса беріледі:

      1. Төленгені туралы құжат: түрі_______ N______ сомасы_________теңге

      2. __________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      3. __________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      (өтініш қабылдаған маманның Т.Ә.А. мен қолы)

      Өтініш берілген күн:_____________20__жыл. Уақыты_________сағ.________мин.

      Орындаудың жоспарлы уақыты___________________________________________

      Өтінішті орындау /қарау/ нәтижесі____________________________________

      _____________________________________________________________________

      Тексерілді: күні________ 20__жыл.

      _____________________________________________________________________

      (орындаушының Т.Ә.А. және қолы)

  Жоғалған немесе бүлінген
құқық белгілейтін құжаттың
телнұсқасын беру және
түпнұсқасының (куәландырылған
көшірмесінің) күшін жою
қағидаларына 2-қосымша
  Нысан

Тіркеуші органның мөртаңбасы

____________________________ _________________ құқығы (ауыртпалығы)
(объекттің мекен-жайы, (құқық, кадастрлық нөмірі) ауыртпалықтың түрі)
___________________________________ ______________________ тіркелген
(құқықты тіркеган органның атауы) (тіркелген уақыты)
_______________________________ телқұжаты __________________________
(құқық белгілейтін құжаттың (телқұжатты алуға арыз
атауы, күні және нөмірі) берген құқық иесінің
Тегі, Аты, Әкесінің аты (ол болған кезде)
"___" 20__________жыл. N_______________ арызы бойынша
___________________________________________________________ берілген
(телқұжатты берген тіркеуші органның атауы)
Орындаушы ____________________ қолы ______________
Бөлім бастығы_________________ қолы ______________
Басшы ________________________ қолы ______________
 

  Жоғалған немесе бүлінген
құқық белгілейтін құжаттың
телнұсқасын беру және
түпнұсқасының (куәландырылған
көшірмесінің) күшін жою
қағидаларына 3-қосымша
  Нысан

      Тегі, Аты, Әкесінің аты (ол болған кезде) (бұдан әрі – Т.А.Ә.) немесе көрсетілетін қызметті алушы ұйымының атауы) _____________________

      (көрсетілетін қызметті алушының мекенжайы)

Құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат

      "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңының 20-бабы 2-тармағын басшылыққа ала отырып, "Азаматтарға арналған үкімет" Мемлекеттік корпорациясы (филиалын көрсету) Сіздің осы Қағидалардың 6-тармағында көзделген тізбеге сәйкес, құжаттар топтамасын толық ұсынбауыңызға байланысты мемлекеттік қызмет көрсетуге (мемлекеттiк көрсетілетін қызмет стандартына сәйкес мемлекеттік көрсетілетін қызмет атауын көрсету) құжаттарды қабылдаудан бас тартады, атап айтқанда:

      Жоқ құжаттардың атаулары:

      1) ________________________________________;

      2) ________________________________________;

      3) ….

      Осы қолхат 2 данада, әрбір тарап үшін бір-бірден жасалды.

      Т.А.Ә. (тіркеуші орган қызметкерінің) (қолы)

      Орындаушы: Т.А.Ә. _____________

      Телефон ______________________

      Алдым: ____________________________________________________

      көрсетілетін қызметті алушының қолы/Т.А.Ә. қолы

      20___ жылғы "___" ____________