Тікелей реттеуді жүзеге асыру ережесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2007 жылғы 25 маусымдағы N 179 Қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет Министрлігінде 2007 жылғы 8 тамызда Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 4857 болып енгізілді.

Жаңартылған

      Қолданушылардың назарына!!!
      Қаулының қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз.

      "Көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру туралы" Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 1 шілдедегі Заңының 26-1-бабын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің Басқармасы (бұдан әрі - Агенттік) ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса берілген Тікелей реттеуді жүзеге асыру ережесі бекітілсін.

      2. Осы қаулы "Қазақстан Республикасының міндетті сақтандыру түрлері бойынша кейбір заңнамалық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 7 мамырдағы Заңы қолданысқа енгізілген күнінен бастап алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      3. Сақтандыру нарығының субъектілерін және басқа қаржы ұйымдарын қадағалау департаменті (Д.Ш. Қарақұлова):

      1) Заң департаментімен (М.Б. Байсынов) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізу шараларын қолға алсын;

      2) осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап он күндік мерзімде оны Агенттіктің мүдделі бөлімшелеріне, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарына, "Қазақстан қаржыгерлерінің қауымдастығы" Заңды тұлғалар бірлестігіне жіберсін.

      4. Агенттіктің Төраға қызметі (Е.Н. Заборцева) осы қаулыны Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау шараларын қолға алсын.

      5. Осы қаулының орындалуын бақылау Агенттік Төрағасының орынбасары Ғ.Н. Өзбековке жүктелсін.

      Төраға

  Қазақстан Республикасының
Қаржы нарығын және қаржы
ұйымдарын реттеу мен қадағалау
агенттігі Басқармасының
2007 жылғы 25 маусымдағы
№ 179 қаулысымен бекітілді

Тікелей реттеуді жүзеге асыру ережесі

      Осы Ереже "Көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру туралы" Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 1 шілдедегі Заңына (бұдан әрі - Заң) сәйкес әзірленді және тікелей реттеуді жүзеге асыру тәртібін және талаптарын белгілейді.

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Ереженің мақсаттары үшін Заңда көрсетілген ұғымдар, сондай-ақ мынадай ұғымдар пайдаланылады:

      1) жауапты сақтандырушы - зардап шегушi деп танылған тұлғалардың өмiрiне, денсаулығына және (немесе) мүлкiне зиян келтiру салдарынан азаматтық-құқықтық жауапкершілігі басталған тұлғамен көлік құралдары иелерінің жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартын жасасқан сақтандырушы;

      РҚАО-ның ескертпесі!
      2) тармақша жаңа редакцияда көзделген – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 27.08.2018 № 204 (01.01.2019 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      2) сақтандыру жағдайын реттеумен байланысты шығыстар сақтандырушының сақтандыру төлемін жүзеге асыру бойынша, келтірілген зиян мөлшерін бағалау бойынша, сондай-ақ сақтандыру төлемі мөлшерінен он пайыздан аспайтын мөлшерде сақтандыру жағдайының фактісін және мән-жайын анықтауға байланысты қосымша сараптамалар бойынша шығыстар;

      3) тікелей сақтандырушы - зардап шегушінің көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартын жасасқан сақтандырушы;

      4) уәкілетті орган - қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалауды жүзеге асыратын мемлекеттік орган.

      Ескерту. 1-тармаққа өзгерту енгізілді – ҚР Қаржы нарығын және Қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2008.03.28 N 41 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-тармақтан қараңыз) Қаулысымен.

      2. Тікелей реттеу мынадай барлық талаптар орындалған жағдайда жүзеге асырылады:

      1) зардап шегушіде және зардап шегушi деп танылған тұлғалардың өмiрiне, денсаулығына және (немесе) мүлкiне зиян келтiру салдарынан азаматтық-құқықтық жауапкершілігі басталған тұлғада сақтандыру полисінің (қолданыстағы көлік құралдары иелерінің жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартының) болуы;

      2) көлік оқиғасы Қазақстан Республикасының аумағында болуы;

      3) көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігі көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыруды жүзеге асыру құқығын лицензиясы бар Қазақстан Республикасының резиденттері - сақтандыру ұйымдарында сақтандырылған болса;

      4) көлік оқиғасы екі және одан көп көлік құралдарының қатысуымен болған жағдайда.

      Ескерту. 2-тармаққа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және Қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2008.03.28 N 41 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-тармақтан қараңыз) Қаулысымен.

      2-1. Көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыруды жүзеге асыру құқығына лицензиясы бар сақтандыру ұйымдары сақтандыру омбудсманның веб-сайтында тікелей реттеу бойынша ақпаратпен алмасу үшін сақтандыру ұйымының деректемелерін орналастыруы мүмкін.

      Ескерту. 2-1-тармақпен толықтырылды - Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және Қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2008.03.28 N 41 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-тармақтан қараңыз) Қаулысымен.

2-тарау. Тікелей реттеуді жүзеге асыру тәртібі

      3. Сақтандыру жағдайы басталған жағдайда зардап шегуші немесе зардап шегушінің қайтыс болуына байланысты Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес зиянды өндіріп алуға құқығы бар тұлға (бұдан әрі - пайда алушы), сақтандыру төлемін алу үшін Заңда және осы Ережеде көзделген тәртіпте және талаптары бойынша тікелей сақтандырушыға өтініш жасайды.

      4. Тікелей сақтандырушы сақтандыру төлемін пайда алушыға Заңда көзделген тәртіппен жүзеге асырады.

      РҚАО-ның ескертпесі!
      5-тармақ жаңа редакцияда көзделген – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 27.08.2018 № 204 (01.01.2019 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      5. Тікелей сақтандырушы оның пайда алушыдан сақтандыру жағдайының басталу фактісін растайтын құжатты және зардап шегушi деп танылған тұлғалардың өмiрiне, денсаулығына және (немесе) мүлкiне зиян келтiру салдарынан азаматтық-құқықтық жауапкершілігі басталған тұлғаның сақтандыру полисінің түпнұсқасын немесе көшірмесін, не көрсетілген сақтандыру полисі бойынша мәліметтерді (жауапты сақтандырушының атауы, сақтандыру полисінің нөмірі, берілген күні, сақтанушының тегі, аты, бар болса - әкесінің аты) алған күннен бастап екі жұмыс күннен кешіктірмей:

      1) Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының "Көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру жөніндегі деректер базасын қалыптастыру және жүргізу жөніндегі Нұсқаулықты бекіту туралы" 2007 жылғы 25 маусымдағы N 177 қаулысында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 4860 тіркелген) көзделген тәртіппен көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқық жауапкершілігін міндетті сақтандыру жөніндегі деректер базасынан (бұдан әрі - деректер базасы) зардап шегушi деп танылған тұлғалардың өмiрiне, денсаулығына және (немесе) мүлкiне зиян келтiру салдарынан азаматтық-құқықтық жауапкершілігі басталған тұлға туралы тиісті сақтандыру есебін сұратады және сақтандыру полисінің түпнұсқасында не көшірмесінде көрсетілген мәліметтердің, сондай-ақ, зардап шегушi деп танылған тұлғалардың өмiрiне, денсаулығына және (немесе) мүлкiне зиян келтiру салдарынан азаматтық-құқықтық жауапкершілігі басталған тұлға туралы бар мәліметтердің (жауапты сақтандырушының атауы, сақтандыру полисінің нөмірі, берілген күні, сақтанушының фамилиясы, аты, бар болса - әкесінің аты) сақтандыру есебімен салыстыруын жүзеге асырады;

      2) жауапты сақтандырушыны сақтандыру жағдайы басталғаны туралы хабардар етеді.

      Сақтандыру жағдайы басталғаны туралы хабарлама (бұдан әрі - хабарлама) тікелей сақтандырушымен жауапты сақтандырушыға осы Ереженің 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша екі данада қағаз және электронды тасымалдауышта жіберіледі.

      Қағаз тасымалдауыштағы хабарлама электронды тасымалдауыштағы хабарламаға сәйкес келуге тиіс.

      Сақтандыру полисінің түпнұсқасында не көшірмесінде көрсетілген мәліметтердің, сондай-ақ, зардап шегушi деп танылған тұлғалардың өмiрiне, денсаулығына және (немесе) мүлкiне зиян келтiру салдарынан азаматтық-құқықтық жауапкершілігі басталған тұлға туралы бар мәліметтердің (жауапты сақтандырушының атауы, сақтандыру полисінің нөмірі, берілген күні, сақтанушының фамилиясы, аты, бар болса - әкесінің аты) сақтандыру есебімен салыстыру нәтижесі хабарламада "Өзге мәліметтер" деген бағанында көрсетіледі.

      Зардап шегуші (пайда алушы) тікелей сақтандырушыға зардап шегушi деп танылған тұлғалардың өмiрiне, денсаулығына және (немесе) мүлкiне зиян келтiру салдарынан азаматтық-құқықтық жауапкершілігі басталған тұлғаның көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру бойынша сақтандыру полисінің түпнұсқасын берген жағдайда тікелей сақтандырушы оны хабарламамен бірге жауапты сақтандырушыға жібереді.

      Ескерту. 5-тармақ жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және Қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2008.03.28 N 41 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-тармақтан қараңыз) Қаулысымен.
      РҚАО-ның ескертпесі!
      6-тармақты алып тастау көзделген – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 27.08.2018 № 204 (01.01.2019 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      6. Жауапты сақтандырушы дереу, бірақ қағаз жеткізушідегі хабарламаны алған күнінен бастап екі жұмыс күннен кешіктірмей, хабарламаның екінші данасын электронды және қағаз жеткізушіде жауапты сақтандырушы толтыруға тиіс мәліметтерді көрсете отырып, тікелей сақтандырушыға жібереді.

      Жауапты сақтандырушы тікелей сақтандырушыға осы тармақта белгіленген мерзімде хабарламаның екінші данасын жібермеген жағдайда тікелей сақтандырушы хабарламада көрсеткен мәліметтер расталған болып саналады.

      7. Тікелей сақтандырушы пайда алушыға сақтандыру төлемін жүргізген күннен бастап жеті күн ішінде жауапты сақтандырушыға сақтандыру жағдайының реттелгені туралы хабарламаны (бұдан әрі - хабарлама) осы Ереженің 2-қосымшасына сәйкес нысанда жібереді.

      РҚАО-ның ескертпесі!
      8-тармақ жаңа редакцияда көзделген – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 27.08.2018 № 204 (01.01.2019 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      8. Хабарламаға қоса Заңның 25-бабының 2-тармағының 1) - 6) тармақшаларында көзделген құжаттар, сақтандыру жағдайын реттеумен байланысты тікелей сақтандырушының шығыстарын растайтын құжаттардың көшірмелері және сақтандыру төлемі жүзеге асырылғанын растайтын, тікелей сақтандырушының мөрімен расталған құжаттың көшірмесі беріледі.

      Ескерту. 8-тармаққа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және Қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2008.03.28 N 41 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-тармақтан қараңыз) Қаулысымен.
      РҚАО-ның ескертпесі!
      9-тармақ жаңа редакцияда көзделген – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 27.08.2018 № 204 (01.01.2019 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      9. Сақтандыру жағдайы басталуының фактісі мен мән-жайына қатысты қосымша сараптама жүргізуді тікелей сақтандырушы өзінің ұйғарымы бойынша жүзеге асырады.

      Тікелей сақтандырушының сақтандыру жағдайы басталу фактісі мен мән-жайына қатысты қосымша сараптама жүргізуіне байланысты шығыстары тікелей сақтандырушы Заңның 29-бабының 1-тармағында көзделген негіздемелер бойынша пайда алушыға сақтандыру төлемін жүргізуден бас тартқан жағдайда жауапты сақтандырушымен өтеледі.

      Тікелей сақтандырушы пайда алушыға сақтандыру төлемін жүзеге асырудан бас тартқан күннен бастап екі жұмыс күн ішінде жауапты сақтандырушыға тікелей сақтандырушының қосымша сараптама жүргізуімен байланысты шығыстарды растайтын құжаттарды, сондай-ақ пайда алушыға сақтандыру төлемін жүзеге асырудан бас тартудың негіздемелерін растайтын құжаттарды қоса тіркей отырып, осы Ереженің 3-қосымшасына сәйкес нысан бойынша екі данада сақтандыру төлемін жүзеге асырудан бас тарту туралы хабарлама жібереді.

      Жауапты сақтандырушы оның сақтандыру төлемін жүзеге асырудан бас тарту туралы хабарлама алған күннен бастап екі жұмыс күннен кешіктірмей оның екінші данасын тікелей сақтандырушыға жауапты сақтандырушының тікелей сақтандырушының пайда алушыға сақтандыру төлемін жүзеге асырудан бас тарту туралы шешімімен келісетіні туралы белгісімен жібереді.

      Жауапты сақтандырушы осы тармақпен белгіленген мерзімде тікелей сақтандырушыға сақтандыру төлемін жүзеге асырудан бас тарту туралы хабарламаның екінші данасын жібермеген жағдайда жауапты сақтандырушының келісуі расталған болып саналады.

      Ескерту. 9-тармақ жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және Қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2008.03.28 N 41 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-тармақтан қараңыз) Қаулысымен.

      10. Жауапты сақтандырушының Заңның 28-бабында көзделген негіздемелер бойынша сақтанушыға (сақтандырылушыға) кері талап қою құқығы бар болған жағдайда, тікелей сақтандырушы оған бар құжаттарды ұсынады.

      11. Жауапты сақтандырушы осы Ереженің 7-тармағында көзделген құжаттарды алған күннен бастап он жұмыс күн ішінде тікелей сақтандырушының сақтандыру жағдайын реттеумен байланысты шығыстарын өтеуін жүзеге асырады.

      РҚАО-ның ескертпесі!
      11-тармақтың екінші бөлігі жаңа редакцияда көзделген – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 27.08.2018 № 204 (01.01.2019 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      Тікелей сақтандырушының сақтандыру жағдайын реттеумен байланысты шығыстарын өтеуден бас тартуға негіздемелер болған жағдайда, жауапты сақтандырушы осы тармағында белгіленген мерзімде тікелей сақтандырушыға жазбаша түрде, бас тартудың себептерін дәлелді негіздеуімен осындай шығыстарды өтеуден толық немесе ішінара бас тарту туралы тиісті шешімін жібереді.

      12. Тікелей сақтандырушының сақтандыру жағдайын реттеумен байланысты шығыстарын уақтылы өтемеген жағдайда жауапты сақтандырушы тікелей сақтандырушыға Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің 353-бабында белгіленген тәртіппен және мөлшерде тұрақсыздық ақысын төлейді.

      13. Жауапты сақтандырушы тікелей сақтандырушының сақтандыру жағдайды реттеумен байланысты шығыстарын өтеуден бас тартса не толық өтемесе, тікелей сақтандырушы сақтандыру омбудсманына Заңда және сақтандыру омбудсманның ішкі ережесінде белгіленген тәртіппен өтініш жасауы мүмкін.

2-1-тарау. Төрт және одан көп зардап шегушінің қатысуымен сақтандыру жағдайы
басталған кезде тікелей реттеуді жүзеге асырудың ерекшеліктері

      Ескерту. 2-1-тараумен толықтырылды – ҚР Қаржы нарығын және Қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2008.03.28 N 41 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-тармақтан қараңыз) Қаулысымен.
      РҚАО-ның ескертпесі!
      13-1-тармақ жаңа редакцияда көзделген – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 27.08.2018 № 204 (01.01.2019 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      13-1. Төрт және одан көп зардап шегушінің қатысуымен болған сақтандыру жағдайы бойынша зардап шегушінің мүлкіне келтірілген зиянды өтеу бойынша сақтандыру төлемі пайда алушыға Заңда көзделген тәртіппен оның мөлшерін жауапты сақтандырушымен келіскеннен кейін тікелей сақтандырушымен жүргізіледі.

      Тікелей сақтандырушы пайда алушыдан тәуелсіз сарапшы жүргізген мүлікке келтірілген зиянның мөлшерін бағалау жөніндегі құжатты алған сәттен бастап екі жұмыс күннен кешіктірмей жауапты сақтандырушыға көрсетілген құжаттың көшірмесін қоса тіркей отырып, сақтандыру төлемін есептеу туралы өтінішін (бұдан әрі - өтініш) электронды және қағаз тасымалдауышта жібереді.

      Қағаз тасымалдауыштағы өтініш электронды тасымалдауыштағы өтінішке сәйкес келуге тиіс.

      Қағаз тасымалдауыштағы өтініш тікелей сақтандырушымен осы Ереженің 4-қосымшасына сәйкес нысанда екі данада жіберіледі.

      РҚАО-ның ескертпесі!
      13-2-тармақ жаңа редакцияда көзделген – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 27.08.2018 № 204 (01.01.2019 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      13-2. Жауапты сақтандырушы, басқа тікелей сақтандырушылардың өтініштерін ұсынғанына қарамастан, тікелей сақтандырушыдан қағаз тасымалдауыштағы өтінішті не пайда алушыдан тәуелсіз сарапшымен жүргізілген мүлікке келтірілген зиянды бағалау жөніндегі құжатты алған күннен бастап бес жұмыс күннен кешіктірмей Заңда көзделген тәртіппен зардап шегушінің мүлкіне келтірілген зиянды өтеу бойынша сақтандыру төлемінің мөлшерін есептейді және өтініштің екінші данасын жауапты сақтандырушы толтыруға тиісті мәліметтерді көрсете отырып, электронды және қағаз тасымалдауышта тікелей сақтандырушыға жібереді.

      Жауапты сақтандырушы осы тармақта белгіленген мерзімде өтініштің екінші данасын жібермеген жағдайда тікелей сақтандырушы белгіленген мерзім аяқталған соң, бірақ екі жұмыс күннен кешіктірмей ол туралы уәкілетті органды хабардар етеді.

      Бұл ретте тікелей сақтандырушы жауапты сақтандырушыға осы Ереженің 13-1-тармақта көзделген құжаттарды қайта жібереді.

3-тарау. Қорытынды ереже

      14. Осы Ережемен реттелмеген мәселелер Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес шешілуге тиіс.

  Тікелей реттеуді жүзеге асыру
ережесінің 1-қосымшасы

      РҚАО-ның ескертпесі!
      1-қосымша жаңа редакцияда көзделген – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 27.08.2018 № 204 (01.01.2019 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      Ескерту. 1-қосымшаға өзгерту енгізілді – ҚР Қаржы нарығын және Қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2008.03.28 N 41 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-тармақтан қараңыз) Қаулысымен.
      Сақтандыру жағдайы туралы
      200_ жылғы "___"_______ N хабарлама

      1. Тікелей сақтандырушы толтыратын мәліметтер:

1.

Тікелей сақтандырушының

атауы, орналасқан жері,

телефон және банк

деректемелері


2.


Зардап шегушi деп танылған

тұлғалардың өмiрiне,

денсаулығына және (немесе)

мүлкiне зиян келтiру

салдарынан

азаматтық-құқықтық

жауапкершілігі басталған

тұлға туралы мәліметтер:

тегі, аты, бар болса -

әкесінің аты және

сақтанушының мекен-жайы

(жеке тұлғалар үшін);

Атауы, мекен-жайы және

банк деректемелері (заңды

тұлғалар үшін)


3.

Зардап шегушi деп танылған

тұлғалардың өмiрiне,

денсаулығына және (немесе)

мүлкiне зиян келтiру

салдарынан

азаматтық-құқықтық

жауапкершілігі басталған

тұлғаның сақтандыру

полисінің нөмірі мен

берілген күні


4.

Сақтандыру жағдайы туралы

мәліметтер


4.1.

Әкімшілік іс жөніндегі

қаулының күні, әкімшілік

құқық бұзушылық туралы

істерді қарауға уәкілетті

органның атауы


4.2.

Соттың қылмыстық іс

жөнінде іс жүргізу шешімін

қабылдаған күні, 1997

жылғы 16 шілдедегі

Қазақстан Республикасының

Қылмыстық кодексінің бабы,

сот шешімінің заңды күшіне

енетін күні


5.

Өзге мәліметтер



      Сақтандыру жағдайын қарауға жауапты тұлғаның тегі, аты, бар болса әкесінің аты:

      ____________________________________________________________________

      ____________________________________________________________________

      ____________________________________________________________________

      Қолы_____________

      телефон:____________

      Мөрдің орны

      2. Жауапты сақтандырушы толтыратын мәліметтер:

      Тікелей сақтандырушы ұсынған, зардап шегушi деп танылған тұлғалардың өмiрiне, денсаулығына және (немесе) мүлкiне зиян келтiру салдарынан азаматтық-құқықтық жауапкершілігі басталған тұлға туралы мәліметтерді растау (расталады/расталмайды):

      ____________________________________________________________________

      ________________________________________________________________________________________________________________________________________

      ____________________________________________________________________

      Сақтандыру жағдайын қарауға жауапты тұлғаның тегі, аты, бар болса әкесінің аты:

      ____________________________________________________________________

      Қолы_____________

      телефон:____________

      Мөрдің орны

  Тікелей реттеуді жүзеге асыру
ережесінің 2-қосымшасы

      РҚАО-ның ескертпесі!
      2-қосымша жаңа редакцияда көзделген – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 27.08.2018 № 204 (01.01.2019 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      Ескерту. 2-қосымшаға өзгерту енгізілді - Қазақстан
      Республикасы Қаржы нарығын және Қаржы ұйымдарын реттеу мен
      қадағалау агенттігі Басқармасының 2008.03.28 N 41 (қолданысқа
      енгізілу тәртібін 3-тармақтан қараңыз) Қаулысымен.
      Сақтандыру жағдайы реттелгені туралы
      200_ жылғы "___"_______ N хабарлама

1.

Тікелей сақтандырушының

атауы, орналасқан жері,

телефон және банк

деректемелері


2.


Зардап шегушi деп танылған

тұлғалардың өмiрiне,

денсаулығына және (немесе)

мүлкiне зиян келтiру

салдарынан

азаматтық-құқықтық

жауапкершілігі басталған

тұлға туралы мәліметтер:

тегі, аты, бар болса -

әкесінің аты және

сақтанушының мекен-жайы

(жеке тұлғалар үшін);

Атауы, мекен-жайы және банк

деректемелері (заңды

тұлғалар үшін)


3.

Зардап шегушi деп танылған

тұлғалардың өмiрiне,

денсаулығына және (немесе)

мүлкiне зиян келтiру

салдарынан

азаматтық-құқықтық

жауапкершілігі басталған

тұлғаның сақтандыру

полисінің нөмірі мен

берілген күні


4.

Сақтандыру жағдайы туралы

мәліметтер


4.1.

Әкімшілік іс жөніндегі

қаулының күні, әкімшілік

құқық бұзушылық туралы

істерді қарауға уәкілетті

органның атауы


4.2.

Соттың қылмыстық іс жөнінде

іс жүргізу шешімін

қабылдаған күні, 1997 жылғы

16 шілдедегі Қазақстан

Республикасының Қылмыстық

кодексінің бабы, сот

шешімінің заңды күшіне

енетін күні


5.

Сақтандыру жағдайын

реттеумен байланысты

шығыстар (теңгемен)


5.1.

Зардап шегушінің (зардап

шегушімен) келтірілген

зиянды өтеу бойынша

сақтандыру төлемі


5.2.

Зардап шегушінің (зардап

шегушімен) өміріне

және/немесе денсаулығына

келтірілген зиянды өтеу

бойынша сақтандыру төлемі


5.3.

Бағалауды жүргізумен

байланысты шығыстар


5.4.

Өзге шығындар


6.

Өзге мәліметтер


     

      Бірінші басшының тегі, аты, бар болса - әкесінің аты:

      ________________________________________________________________________________________________________________________________________

      Қолы_____________

      телефон:____________

      Мөрдің орны

  Тікелей реттеуді
жүзеге асыру ережесіне
3-қосымша

      РҚАО-ның ескертпесі!
      3-қосымша жаңа редакцияда көзделген – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 27.08.2018 № 204 (01.01.2019 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      Ескерту. 3-қосымшамен толықтырылсын - Қазақстан
      Республикасы Қаржы нарығын және Қаржы ұйымдарын реттеу мен
      қадағалау агенттігі Басқармасының 2008.03.28 N 41 (қолданысқа
      енгізілу тәртібін 3-тармақтан қараңыз) Қаулысымен.

Сақтандыру төлемін жүзеге асырудан бас тарту
туралы хабарлама

      200___жылғы "____"______________ N___

1.

Тікелей сақтандырушының атауы,

орналасқан жері, телефоны және банк

деректемелері


2.

Зардап шегушi деп танылған тұлғалардың

өмiрiне, денсаулығына және (немесе)

мүлкiне зиян келтiру салдарынан

азаматтық-құқықтық жауапкершілігі

басталған тұлға туралы мәліметтер:

сақтанушының тегі, аты, бар болса -

әкесінің аты және мекен-жайы (жеке

тұлғалар үшін); атауы, мекен-жайы және

банк деректемелері (заңды тұлғалар үшін)


3.

Зардап шегушi деп танылған тұлғалардың

өмiрiне, денсаулығына және (немесе)

мүлкiне зиян келтiру салдарынан

азаматтық-құқықтық жауапкершілігі

басталған тұлғаның сақтандыру полисінің

нөмірі мен берілген күні


4.

Сақтандыру жағдайы туралы мәліметтер


4.1.

Әкімшілік іс жөніндегі қаулының күні,

әкімшілік құқық бұзушылық туралы

істерді қарауға уәкілетті органның атауы


4.2.

Соттың қылмыстық іс жөнінде іс жүргізу

шешімін қабылдаған күні, 1997 жылғы 16

шілдедегі Қазақстан Республикасының

Қылмыстық кодексінің бабы, сот

шешімінің заңды күшіне енетін күні


5.

Сақтандыру жағдайын реттеу мен

байланысты және пайда алушыға төлеуге

жататын шығыстар (теңгемен)


5.1.

Зардап шегушінің (зардап шегушілердің)

мүлкіне келтірілген зиянды өтеу бойынша

сақтандыру төлемі


5.2.

Зардап шегушінің (зардап шегушілердің)

өміріне және/немесе денсаулығына

келтірілген зиянды өтеу бойынша

сақтандыру төлемі


5.3.

Бағалауды жүргізу мен байланысты

шығыстар


5.4.

Өзге шығыстар


6.

Сақтандыру төлемін жүзеге асырудан

бастартуға негіздемелер


7.

Өзге мәліметтер



      Тікелей сақтандырушының бірінші басшысының тегі, аты, бар болса - әкесінің аты:

      ________________________________________________________________________________________________________________________________________

      Қолы: _________________

      телефон: ______________

      Мөрдің орны:

      2. Жауапты сақтандырушы толтыратын мәліметтер (келіседі/келіспейді):

      ________________________________________________________________________________________________________________________________________

      Жауапты сақтандырушының атауы, орналасқан жері, телефоны және банк деректемелері ______________________________________________________

      Жауапты сақтандырушының бірінші басшысының тегі, аты, бар болса -

      әкесінің аты:

      ________________________________________________________________________________________________________________________________________

      Қолы ______________

      телефон: _______________

      Мөрдің орны

  Тікелей реттеуді
жүзеге асыру ережесіне
4-қосымша

      РҚАО-ның ескертпесі!
      4-қосымша жаңа редакцияда көзделген – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 27.08.2018 № 204 (01.01.2019 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      Ескерту. 4-қосымшамен толықтырылсын - Қазақстан
      Республикасы Қаржы нарығын және Қаржы ұйымдарын реттеу мен
      қадағалау агенттігі Басқармасының 2008.03.28 N 41 (қолданысқа
      енгізілу тәртібін 3-тармақтан қараңыз) Қаулысымен.

Сақтандыру төлемінің мөлшерін есептеу туралы өтініш

      200___жылғы "____"______________ N___

      1._________________________________________________________________

      (тікелей сақтандырушының атауы)

      __________________________________________________________________

      (жауапты сақтандырушының атауы)

      зардап шегуші __________________________________ мүлкіне келтірілген

      (зардап шегушінің тегі, аты, бар болса -

      әкесінің аты)

      зиянды өтеу бойынша сақтандыру төлемінің мөлшерін есептеу үшін

      ______________________________________ жүргізген мүлікке келтірілген

      (тәуелсіз сарапшының атауы)

      зиянның мөлшерін бағалау жөніндегі құжатты жібереді.

      Осы құжатқа сәйкес зардап шегушінің мүлкіне келтірілген зиянды өтеу бойынша сақтандыру төлемінің мөлшері

      ___________________________________________________ теңгені құрайды.

      (сомасы цифрмен және жазбаша)

      N _____ сақтандыру жағдайы туралы хабарлама

      ____________________________________ 200_жылғы "___" _____________

      (жауапты сақтандырушының атауы)

      жіберілген

      Тікелей сақтандырушының бірінші басшысының тегі, аты, бар болса - әкесінің аты:

      ________________________________________________________________________________________________________________________________________

      Қолы: ______________

      телефон: ______________

      Мөрдің орны

      2. Жауапты сақтандырушы толтыратын мәліметтер:

      ___________________________________, сақтандыру төлемінің мөлшерін

      (жауапты сақтандырушының атауы)

      есептеу туралы 200__жылғы "____" _________N_____ өтінішті қарап,

      зардап шегуші _____________________________________________

      (зардап шегушінің тегі, аты, бар болса - әкесінің аты)

      келтірілген зиянды өтеу бойынша сақтандыру төлемі

      _________________________________________________ теңгені құрайтыны

      (сомасы цифрмен және жазбаша)

      туралы хабарлайды.

      _______________________________________________ сақтандыру төлемнің

      (жауапты сақтандырушының атауы)

      мөлшерін есептеу туралы өтінішті алған күнге сақтандыру төлемі

      ___________________________________________________ теңгені құрайды.

      (сомасы цифрмен және жазбаша)

      Сақтандыру сомасы тиісті сақтандырушыларға немесе пайда алушыларға жауапты сақтандырушымен іске асырылған басқа зардап шегушілеріне келтірілген зиянды өтеу бойынша сақтандыру төлемдері шегеріле отырып, жауапты сақтандырушымен көрсетіледі.

      Жауапты сақтандырушының бірінші басшысының тегі, аты, бар болса - әкесінің аты:

      ________________________________________________________________________________________________________________________________________

      Қолы ______________

      телефон: _______________

      Мөрдің орны