Қолданушылардың назарына!!!
Қаулының қолданысқа енгізілу тәртібін
2-тармақтан
қараңыз.
2. Осы қаулы "Қазақстан Республикасының міндетті сақтандыру түрлері бойынша кейбір заңнамалық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 7 мамырдағы
Заңы
қолданысқа енгізілген күнінен бастап алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі.
3. Сақтандыру нарығының субъектілерін және басқа қаржы ұйымдарын қадағалау департаменті (Д.Ш. Қарақұлова):
1) Заң департаментімен (М.Б. Байсынов) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізу шараларын қолға алсын;
2) осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап он күндік мерзімде оны Агенттіктің мүдделі бөлімшелеріне, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарына, "Қазақстан қаржыгерлерінің қауымдастығы" Заңды тұлғалар бірлестігіне жіберсін.
4. Агенттіктің Төраға қызметі (Е.Н. Заборцева) осы қаулыны Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау шараларын қолға алсын.
Қазақстан Республикасының Қаржы
нарығын және қаржы ұйымдарын
реттеу мен қадағалау агенттігі
Басқармасының
2007 жылғы 25 маусымдағы N 179
қаулысымен бекітілді
Тікелей реттеуді жүзеге асыру ережесі
Осы Ереже "Көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру туралы" Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 1 шілдедегі Заңына (бұдан әрі - Заң) сәйкес әзірленді және тікелей реттеуді жүзеге асыру тәртібін және талаптарын белгілейді.
1) жауапты сақтандырушы - оның кінәсінен сақтандыру жағдайы болған тұлғамен көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартын жасасқан сақтандырушы;
2) сақтандыру жағдайын реттеумен байланысты шығыстар сақтандырушының сақтандыру төлемін жүзеге асыру бойынша, келтірілген зиян мөлшерін бағалау бойынша, сондай-ақ сақтандыру төлемі мөлшерінен он пайыздан аспайтын мөлшерде сақтандыру жағдайының фактісін және мән-жайын анықтауға байланысты қосымша сараптамалар бойынша шығыстар;
3) тікелей сақтандырушы - зардап шегушінің көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартын жасасқан сақтандырушы.
2. Тікелей реттеу мынадай барлық талаптар орындалған жағдайда жүзеге асырылады:
1) зардап шегушіде және оның кінәсінен сақтандыру жағдайы болған тұлғада сақтандыру полисінің болуы (көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру туралы қолданыстағы шарттың болуы);
2) көлік оқиғасы Қазақстан Республикасының аумағында болуы;
3) көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігі көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыруды жүзеге асыру құқығын лицензиясы бар Қазақстан Республикасының резиденттері - сақтандыру ұйымдарында сақтандырылған болса;
4) көлік оқиғасы екі көлік құралдарының қатысуымен болған жағдайда.
Көлік оқиғасы үш және одан көп көлік құралдардың қатысуымен болған жағдайда тікелей реттеу зардап шегушінің - көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігі көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыруды жүзеге асыру құқығын лицензиясы бар бір сақтандыру ұйымында сақтандырылған жағдайда қолданылады.
2-тарау. Тікелей реттеуді жүзеге асыру тәртібі
3. Сақтандыру жағдайы басталған жағдайда зардап шегуші немесе зардап шегушінің қайтыс болуына байланысты Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес зиянды өндіріп алуға құқығы бар тұлға (бұдан әрі - пайда алушы), сақтандыру төлемін алу үшін Заңда және осы Ережеде көзделген тәртіпте және талаптары бойынша тікелей сақтандырушыға өтініш жасайды.
5. Тікелей сақтандырушы дереу, бірақ пайда алушыдан сақтандыру жағдайын растайтын құжатты алған күнінен бастап екі жұмыс күннен асырмай жауапты сақтандырушыға сақтандыру жағдайының басталғаны туралы хабарлайды.
Сақтандыру жағдайы басталғаны туралы хабарламаны (бұдан әрі - хабарлама) тікелей сақтандырушы жауапты сақтандырушыға электронды және қағаз жеткізушімен екі данада осы Ереженің 1-қосымшасына сәйкес нысанда жібереді.
Қағаз жеткізушідегі хабарлама электронды жеткізушідегі хабарламаға сәйкес келуі тиіс.
6. Жауапты сақтандырушы дереу, бірақ қағаз жеткізушідегі хабарламаны алған күнінен бастап екі жұмыс күннен кешіктірмей, хабарламаның екінші данасын электронды және қағаз жеткізушіде жауапты сақтандырушы толтыруға тиіс мәліметтерді көрсете отырып, тікелей сақтандырушыға жібереді.
Жауапты сақтандырушы тікелей сақтандырушыға осы тармақта белгіленген мерзімде хабарламаның екінші данасын жібермеген жағдайда тікелей сақтандырушы хабарламада көрсеткен мәліметтер расталған болып саналады.
7. Тікелей сақтандырушы пайда алушыға сақтандыру төлемін жүргізген күннен бастап жеті күн ішінде жауапты сақтандырушыға сақтандыру жағдайының реттелгені туралы хабарламаны (бұдан әрі - хабарлама) осы Ереженің 2-қосымшасына сәйкес нысанда жібереді.
8. Хабарламаға қоса Заңның
25-бабының
2-тармағының 1) - 6) тармақшаларында көзделген және сақтандыру жағдайын реттеумен байланысты тікелей сақтандырушының шығыстарын растайтын құжаттардың түпнұсқалары, сондай-ақ сақтандыру төлемі жүзеге асырылғанын растайтын, тікелей сақтандырушының мөрімен расталған құжаттың көшірмесі беріледі.
9. Сақтандыру жағдайы басталуының фактісі мен мән-жайына қатысты қосымша сараптама жүргізуді тікелей сақтандырушы өзінің ұйғарымы бойынша жүзеге асырады.
Тікелей сақтандырушының сақтандыру жағдайы басталу фактісі мән-жайына қатысты қосымша сараптама жүргізуіне байланысты шығыстарды тікелей сақтандырушы Заңның
29-бабының
1-тармағында көзделген негіздемелер бойынша пайда алушыға сақтандыру төлемін жүргізуден бас тартқан жағдайда жауапты сақтандырушы төлейді.
10. Жауапты сақтандырушының Заңның
28-бабында
көзделген негіздемелер бойынша сақтанушыға (сақтандырылушыға) кері талап қою құқығы бар болған жағдайда, тікелей сақтандырушы оған бар құжаттарды ұсынады.
11. Жауапты сақтандырушы осы Ереженің 7-тармағында көзделген құжаттарды алған күннен бастап он жұмыс күн ішінде тікелей сақтандырушының сақтандыру жағдайын реттеумен байланысты шығыстарын өтеуін жүзеге асырады.
Тікелей сақтандырушының сақтандыру жағдайын реттеумен байланысты шығыстарын өтеуден бас тартуға негіздемелер болған жағдайда, жауапты сақтандырушы осы тармағында белгіленген мерзімде тікелей сақтандырушыға жазбаша түрде, бас тартудың себептерін дәлелді негіздеуімен осындай шығыстарды өтеуден толық немесе ішінара бас тарту туралы тиісті шешімін жібереді.
12. Тікелей сақтандырушының сақтандыру жағдайын реттеумен байланысты шығыстарын уақтылы өтемеген жағдайда жауапты сақтандырушы тікелей сақтандырушыға Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің
353-бабында
белгіленген тәртіппен және мөлшерде тұрақсыздық ақысын төлейді.
13. Жауапты сақтандырушы тікелей сақтандырушының сақтандыру жағдайды реттеумен байланысты шығыстарын өтеуден бас тартса не толық өтемесе, тікелей сақтандырушы сақтандыру омбудсманына Заңда және сақтандыру омбудсманның ішкі ережесінде белгіленген тәртіппен өтініш жасауы мүмкін.
14. Осы Ережемен реттелмеген мәселелер Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес шешілуге тиіс.
Тікелей реттеуді жүзеге асыру
ережесінің 1-қосымшасы
Сақтандыру жағдайы туралы
200_ жылғы "___"_______ N хабарлама
1. Тікелей сақтандырушы толтыратын мәліметтер:
1. |
Тікелей сақтандырушының
|
|
2. |
Оның кінәсінен сақтандыру
|
|
3. |
Оның кінәсінен сақтандыру
|
|
4. |
Сақтандыру жағдайы туралы
|
|
5. |
Өзге мәліметтер |
|
Сақтандыру жағдайын қарауға жауапты тұлғаның тегі, аты, бар болса әкесінің аты:
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
Қолы_____________
телефон:____________
Мөрдің орны
2. Жауапты сақтандырушы толтыратын мәліметтер:
Тікелей сақтандырушы ұсынған, оның кінәсінен сақтандыру жағдайы болған тұлға туралы мәліметтерді растау (расталады/расталмайды):
____________________________________________________________________
________________________________________________________________________________________________________________________________________
____________________________________________________________________
Сақтандыру жағдайын қарауға жауапты тұлғаның тегі, аты, бар болса әкесінің аты:
____________________________________________________________________
Қолы_____________
телефон:____________
Мөрдің орны
Тікелей реттеуді жүзеге асыру
ережесінің 2-қосымшасы
Сақтандыру жағдайы реттелгені туралы
200_ жылғы "___"_______ N хабарлама
1. |
Тікелей сақтандырушының
|
|
2. |
Оның кінәсінен сақтандыру
|
|
3. |
Оның кінәсінен сақтандыру
|
|
4. |
Сақтандыру жағдайы туралы
|
|
5. |
Сақтандыру жағдайын
|
|
5.1. |
Зардап шегушінің (зардап
|
|
5.2. |
Зардап шегушінің (зардап
|
|
5.3. |
Бағалауды жүргізумен
|
|
5.4. |
Өзге шығындар |
|
6. |
Өзге мәліметтер |
|
Бірінші басшының тегі, аты, бар болса - әкесінің аты:
________________________________________________________________________________________________________________________________________
Қолы_____________
телефон:____________
Мөрдің орны