Қолданушылардың назарына!!!
Қаулының қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз.
"Көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру туралы" Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 1 шілдедегі Заңының 26-1-бабын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің Басқармасы (бұдан әрі - Агенттік) ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса берілген Тікелей реттеуді жүзеге асыру ережесі бекітілсін.
2. Осы қаулы "Қазақстан Республикасының міндетті сақтандыру түрлері бойынша кейбір заңнамалық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 7 мамырдағы Заңы қолданысқа енгізілген күнінен бастап алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі.
3. Сақтандыру нарығының субъектілерін және басқа қаржы ұйымдарын қадағалау департаменті (Д.Ш. Қарақұлова):
1) Заң департаментімен (М.Б. Байсынов) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізу шараларын қолға алсын;
2) осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап он күндік мерзімде оны Агенттіктің мүдделі бөлімшелеріне, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарына, "Қазақстан қаржыгерлерінің қауымдастығы" Заңды тұлғалар бірлестігіне жіберсін.
4. Агенттіктің Төраға қызметі (Е.Н. Заборцева) осы қаулыны Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау шараларын қолға алсын.
5. Осы қаулының орындалуын бақылау Агенттік Төрағасының орынбасары Ғ.Н. Өзбековке жүктелсін.
Төраға |
Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2007 жылғы 25 маусымдағы № 179 қаулысымен бекітілді |
Тікелей реттеуді жүзеге асыру ережесі
Осы Ереже "Көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру туралы" Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 1 шілдедегі Заңына (бұдан әрі - Заң) сәйкес әзірленді және тікелей реттеуді жүзеге асыру тәртібін және талаптарын белгілейді.
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Ереженің мақсаттары үшін Заңда көрсетілген ұғымдар, сондай-ақ мынадай ұғымдар пайдаланылады:
1) жауапты сақтандырушы - зардап шегушi деп танылған тұлғалардың өмiрiне, денсаулығына және (немесе) мүлкiне зиян келтiру салдарынан азаматтық-құқықтық жауапкершілігі басталған тұлғамен көлік құралдары иелерінің жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартын жасасқан сақтандырушы;
2) сақтандыру жағдайын реттеумен байланысты шығыстар - сақтандырушының сақтандыру төлемін жүзеге асыру бойынша, келтірілген зиян мөлшерін бағалау бойынша, сондай-ақ сақтандыру жағдайының фактісін және мән-жайын анықтауға байланысты қосымша сараптамалар бойынша шығыстар. Бұл ретте қосымша сараптамалар бойынша шығыстар сақтандыру төлемі мөлшерінің он пайызынан аспайды;
3) тікелей сақтандырушы - зардап шегушінің көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартын жасасқан сақтандырушы;
4) уәкілетті орган - қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалауды жүзеге асыратын мемлекеттік орган.
Ескерту. 1-тармаққа өзгерту енгізілді – ҚР Қаржы нарығын және Қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2008.03.28 N 41 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-тармақтан қараңыз); 27.08.2018 № 204 (01.01.2019 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулыларымен.2. Тікелей реттеу мынадай барлық талаптар орындалған жағдайда жүзеге асырылады:
1) зардап шегушіде және зардап шегушi деп танылған тұлғалардың өмiрiне, денсаулығына және (немесе) мүлкiне зиян келтiру салдарынан азаматтық-құқықтық жауапкершілігі басталған тұлғада сақтандыру полисінің (қолданыстағы көлік құралдары иелерінің жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартының) болуы;
2) көлік оқиғасы Қазақстан Республикасының аумағында болуы;
3) көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігі көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыруды жүзеге асыру құқығын лицензиясы бар Қазақстан Республикасының резиденттері - сақтандыру ұйымдарында сақтандырылған болса;
4) көлік оқиғасы екі және одан көп көлік құралдарының қатысуымен болған жағдайда.
Ескерту. 2-тармаққа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және Қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2008.03.28 N 41 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-тармақтан қараңыз) Қаулысымен.2-1. Көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыруды жүзеге асыру құқығына лицензиясы бар сақтандыру ұйымдары сақтандыру омбудсманның веб-сайтында тікелей реттеу бойынша ақпаратпен алмасу үшін сақтандыру ұйымының деректемелерін орналастыруы мүмкін.
Ескерту. 2-1-тармақпен толықтырылды - Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және Қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2008.03.28 N 41 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-тармақтан қараңыз) Қаулысымен.2-тарау. Тікелей реттеуді жүзеге асыру тәртібі
3. Сақтандыру жағдайы басталған жағдайда зардап шегуші немесе зардап шегушінің қайтыс болуына байланысты Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес зиянды өндіріп алуға құқығы бар тұлға (бұдан әрі - пайда алушы), сақтандыру төлемін алу үшін Заңда және осы Ережеде көзделген тәртіпте және талаптары бойынша тікелей сақтандырушыға өтініш жасайды.
4. Тікелей сақтандырушы сақтандыру төлемін пайда алушыға Заңда көзделген тәртіппен жүзеге асырады.
5. Тікелей сақтандырушы пайда алушыдан сақтандыру жағдайының басталу фактісін растайтын құжатты алған күннен бастап 2 (екі) жұмыс күнінен кешіктірмей:
1) Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4860 болып тіркелген Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының "Деректер базасын қалыптастыру және жүргізу жөніндегі ұйымның қызметіне қойылатын талаптарды бекіту туралы" 2007 жылғы 25 маусымдағы № 177 қаулысына сәйкес дерекқордан зардап шегушi деп танылған тұлғалардың өмiрiне, денсаулығына және (немесе) мүлкiне зиян келтiру салдарынан азаматтық-құқықтық жауапкершілігі басталған тұлға туралы тиісті сақтандыру есебін сұратады;
2) жауапты сақтандырушыны сақтандыру жағдайының басталғаны туралы хабардар етеді.
Осы Ережеге 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Сақтандыру жағдайы туралы хабарламаны (бұдан әрі - хабарлама) тікелей сақтандырушы жауапты сақтандырушыға жібереді.
Ескерту. 5-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 27.08.2018 № 204 (01.01.2019 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.6. Алып тасталды – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 27.08.2018 № 204 (01.01.2019 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
7. Тікелей сақтандырушы пайда алушыға сақтандыру төлемін жүргізген күннен бастап жеті күн ішінде жауапты сақтандырушыға сақтандыру жағдайының реттелгені туралы хабарламаны (бұдан әрі - хабарлама) осы Ереженің 2-қосымшасына сәйкес нысанда жібереді.
8. Хабарламаға Заңның 25-бабының 2-тармағының 2), 3), 4), 4-1), 4-2) және 6) тармақшаларында көзделген құжаттар, тікелей сақтандырушының сақтандыру жағдайын реттеумен байланысты шығыстарын растайтын құжаттардың көшірмелері және сақтандыру төлемі жүзеге асырылғанын растайтын құжаттың көшірмесі қоса беріледі.
Хабарлама электрондық нысанда жіберілген жағдайда тікелей сақтандырушы және жауапты сақтандырушы құжаттардың электрондық көшірмелерімен алмасады.
Ескерту. 8-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 27.08.2018 № 204 (01.01.2019 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.9. Сақтандыру жағдайы басталуының фактісі мен мән-жайына қатысты қосымша сараптама жүргізуді тікелей сақтандырушы өзінің ұйғарымы бойынша жүзеге асырады.
Тікелей сақтандырушының сақтандыру жағдайы басталу фактісі мен мән-жайына қатысты қосымша сараптама жүргізуіне байланысты шығыстарын жауапты сақтандырушы, егер тікелей сақтандырушы Заңның 29-бабының 1-тармағында көзделген негіздемелер бойынша пайда алушыға сақтандыру төлемін жүргізуден бас тартқан жағдайда өтейді.
Тікелей сақтандырушы пайда алушыға сақтандыру төлемін жүзеге асырудан бас тартқан күннен бастап 2 (екі) жұмыс күн ішінде жауапты сақтандырушыға осы Ережеге 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша тікелей сақтандырушының қосымша сараптама жүргізуімен байланысты шығыстарды растайтын құжаттарды, сондай-ақ тікелей сақтандырушының пайда алушыға сақтандыру төлемін жүзеге асырудан бас тартудың негіздемелерін растайтын құжаттарды қоса бере отырып сақтандыру төлемін жүзеге асырудан бас тарту туралы хабарлама жібереді.
Хабарлама электрондық нысанда жіберілген жағдайда тікелей сақтандырушы және жауапты сақтандырушы құжаттардың электрондық көшірмелерімен алмасады.
Жауапты сақтандырушы оның сақтандыру төлемін жүзеге асырудан бас тарту туралы хабарлама алған күннен бастап 2 (екі) жұмыс күннен кешіктірмей оны тікелей сақтандырушыға жауапты сақтандырушының тікелей сақтандырушының пайда алушыға сақтандыру төлемін жүзеге асырудан бас тарту туралы шешімімен келісетіні туралы белгісімен жібереді.
Егер жауапты сақтандырушы осы тармақта белгіленген мерзімде тікелей сақтандырушыға сақтандыру төлемін жүзеге асырудан бас тарту туралы хабарламаны жібермеген жағдайда, жауапты сақтандырушының келісуі расталған болып саналады.
Ескерту. 9-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 27.08.2018 № 204 (01.01.2019 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.10. Жауапты сақтандырушының Заңның 28-бабында көзделген негіздемелер бойынша сақтанушыға (сақтандырылушыға) кері талап қою құқығы бар болған жағдайда, тікелей сақтандырушы оған бар құжаттарды ұсынады.
11. Жауапты сақтандырушы осы Ереженің 7-тармағында көзделген құжаттарды алған күннен бастап он жұмыс күн ішінде тікелей сақтандырушының сақтандыру жағдайын реттеумен байланысты шығыстарын өтеуін жүзеге асырады.
Тікелей сақтандырушының сақтандыру жағдайын реттеумен байланысты шығыстарын өтеуден бас тартуға негіздемелер болған жағдайда, жауапты сақтандырушы осы тармақта белгіленген мерзімде тікелей сақтандырушыға бас тартудың себептерін дәлелді негіздей отырып осындай шығыстарды өтеуден толық немесе ішінара бас тарту туралы тиісті шешімді жібереді.
Ескерту. 11-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 27.08.2018 № 204 (01.01.2019 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.12. Тікелей сақтандырушының сақтандыру жағдайын реттеумен байланысты шығыстарын уақтылы өтемеген жағдайда жауапты сақтандырушы тікелей сақтандырушыға Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің 353-бабында белгіленген тәртіппен және мөлшерде тұрақсыздық ақысын төлейді.
13. Жауапты сақтандырушы тікелей сақтандырушының сақтандыру жағдайды реттеумен байланысты шығыстарын өтеуден бас тартса не толық өтемесе, тікелей сақтандырушы сақтандыру омбудсманына Заңда және сақтандыру омбудсманның ішкі ережесінде белгіленген тәртіппен өтініш жасауы мүмкін.
2-1-тарау. Төрт және одан көп зардап шегушінің қатысуымен сақтандыру жағдайы
басталған кезде тікелей реттеуді жүзеге асырудың ерекшеліктері
Ескерту. 2-1-тараумен толықтырылды – ҚР Қаржы нарығын және Қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2008.03.28 N 41 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-тармақтан қараңыз) Қаулысымен.
13-1. Төрт және одан көп зардап шегушінің қатысуымен болған сақтандыру жағдайы бойынша зардап шегушінің мүлкіне келтірілген зиянды өтеу бойынша сақтандыру төлемін тікелей сақтандырушы пайда алушыға Заңда көзделген тәртіппен оның мөлшерін жауапты сақтандырушымен келіскеннен кейін жүргізеді.
Тікелей сақтандырушы мүлікке келтірілген зиянның мөлшері айқындалған күннен бастап 2 (екі) жұмыс күнінен кешіктірмей жауапты сақтандырушыға осы Ережеге 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша сақтандыру төлемінің мөлшерін есептеу туралы өтінішті (бұдан әрі - өтініш) жібереді.
Ескерту. 13-1-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 27.08.2018 № 204 (01.01.2019 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.13-2. Жауапты сақтандырушы тікелей сақтандырушыдан өтінішті (басқа тікелей сақтандырушылардың өтініштерін ұсынғанына қарамастан) не пайда алушыдан тікелей сақтандырушы жасаған, мүлікке келтірілген зиянды анықтау жөніндегі құжатты алған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күннен кешіктірмей Заңда көзделген тәртіппен зардап шегушінің мүлкіне келтірілген зиянды өтеу бойынша сақтандыру төлемінің мөлшерін есептеуді жүзеге асырады және өтінішті жауапты сақтандырушы толтыруға тиісті мәліметтерді көрсете отырып, тікелей сақтандырушыға жібереді.
Егер жауапты сақтандырушы осы тармақта белгіленген мерзімде өтінішті жібермеген жағдайда, тікелей сақтандырушы белгіленген мерзім аяқталған соң, бірақ 2 (екі) жұмыс күнінен кешіктірмей бұл туралы уәкілетті органды хабардар етеді.
Бұл ретте тікелей сақтандырушы жауапты сақтандырушыға осы Ереженің 13-1-тармағында көзделген құжаттарды қайта жібереді.
Ескерту. 13-2-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 27.08.2018 № 204 (01.01.2019 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.3-тарау. Қорытынды ереже
14. Осы Ережемен реттелмеген мәселелер Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес шешілуге тиіс.
Тікелей реттеуді жүзеге асыру қағидаларына 1-қосымша |
|
Нысан |
Сақтандыру жағдайы туралы
20 __ жылғы "___" ___________ № ______ хабарлама
Ескерту. 1-қосымша жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 27.08.2018 № 204 (01.01.2019 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
1. | Тікелей сақтандырушының атауы, орналасқан жері, телефон нөмірі және банк деректемелері | |
2. | Зардап шегушi деп танылған тұлғалардың өмiрiне, денсаулығына және (немесе) мүлкiне зиян келтiру салдарынан азаматтық-құқықтық жауапкершілігі басталған тұлға туралы мәліметтер: тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) және сақтанушының мекен-жайы (жеке тұлғалар үшін); атауы, мекен-жайы және банк деректемелері (заңды тұлғалар үшін) | |
3. | Зардап шегушi деп танылған тұлғалардың өмiрiне, денсаулығына және (немесе) мүлкiне зиян келтiру салдарынан азаматтық-құқықтық жауапкершілігі басталған тұлғаның сақтандыру полисінің нөмірі мен ресімделген күні | |
4. | Сақтандыру жағдайы туралы мәліметтер | |
4.1. | Әкімшілік құқық бұзушылық туралы iс бойынша қаулының күнi, әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарауға уәкілетті органның атауы | |
4.2. | Соттың қылмыстық іс жөнінде іс жүргізу шешімін қабылдаған күні және оның заңды күшіне енетін күні | |
5. | Өзге мәліметтер |
Сақтандыру жағдайын қарауға жауапты тұлғаның лауазымы, тегі, аты, әкесінің аты (бар болса):
________________________________________________________________________________
Телефон нөмірі: _______________________Тікелей реттеуді жүзеге асыру қағидаларына 2-қосымша |
|
Нысан |
Сақтандыру жағдайының реттелгені туралы
20 __ жылғы "___" ___________ № ______ хабарлама
Ескерту. 2-қосымша жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 27.08.2018 № 204 (01.01.2019 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
1. | Тікелей сақтандырушының атауы, орналасқан жері, телефон нөмірі және банк деректемелері | |
2. | Зардап шегушi деп танылған тұлғалардың өмiрiне, денсаулығына және (немесе) мүлкiне зиян келтiру салдарынан азаматтық-құқықтық жауапкершілігі басталған тұлға туралы мәліметтер: тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) және сақтанушының мекен-жайы (жеке тұлғалар үшін); атауы, мекен-жайы және банк деректемелері (заңды тұлғалар үшін) | |
3. | Зардап шегушi деп танылған тұлғалардың өмiрiне, денсаулығына және (немесе) мүлкiне зиян келтiру салдарынан азаматтық-құқықтық жауапкершілігі басталған тұлғаның сақтандыру полисінің нөмірі мен ресімделген күні | |
4. | Сақтандыру жағдайы туралы мәліметтер | |
4.1. | Әкімшілік құқық бұзушылық туралы iс бойынша қаулының күнi, әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарауға уәкілетті органның атауы | |
4.2. | Соттың қылмыстық іс жөнінде іс жүргізу шешімін қабылдаған күні және оның заңды күшіне енетін күні | |
5. | Сақтандыру жағдайын реттеумен байланысты шығыстар (теңгемен) | |
5.1. | Зардап шегушінің (зардап шегушімен) келтірілген зиянды өтеу бойынша сақтандыру төлемі | |
5.2. | Зардап шегушінің (зардап шегушімен) өміріне және (немесе) денсаулығына келтірілген зиянды өтеу бойынша сақтандыру төлемі | |
5.3. | Зиянның мөлшерін анықтауға байланысты шығыстар | |
5.4. | Өзге шығыстар | |
6. | Өзге мәліметтер |
Бірінші басшының немесе уәкілетті тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты
(бар болса):______________________________________________________________________
Телефон нөмірі: __________________________________________________________________Тікелей реттеуді жүзеге асыру қағидаларына 3-қосымша |
|
Нысан |
Сақтандыру төлемін жүзеге асырудан бас тарту туралы хабарлама
20 __ жылғы "____" _____________ № _______
Ескерту. 3-қосымшамен толықтырылды – ҚР Қаржы нарығын және Қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2008.03.28 N 41 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-тармақтан қараңыз); жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 27.08.2018 № 204 (01.01.2019 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулыларымен.
1. | Тікелей сақтандырушының атауы, орналасқан жері, телефон нөмірі және банк деректемелері | |
2. | Зардап шегушi деп танылған тұлғалардың өмiрiне, денсаулығына және (немесе) мүлкiне зиян келтiру салдарынан азаматтық-құқықтық жауапкершілігі басталған тұлға туралы мәліметтер: сақтанушының тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) және мекен-жайы (жеке тұлғалар үшін); атауы, мекен-жайы және банк деректемелері (заңды тұлғалар үшін) | |
3. | Зардап шегушi деп танылған тұлғалардың өмiрiне, денсаулығына және (немесе) мүлкiне зиян келтiру салдарынан азаматтық-құқықтық жауапкершілігі басталған тұлғаның сақтандыру полисінің нөмірі мен ресімделген күні | |
4. | Сақтандыру жағдайы туралы мәліметтер | |
4.1. | Әкімшілік құқық бұзушылық туралы iс бойынша қаулының күнi, әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарауға уәкілетті органның атауы | |
4.2. | Соттың қылмыстық іс жөнінде іс жүргізу шешімін қабылдаған күні және оның заңды күшіне енетін күні | |
5. | Сақтандыру жағдайын реттеумен байланысты және пайда алушыға төленетін шығыстар (теңгемен) | |
5.1. | Зардап шегушінің (зардап шегушілердің) мүлкіне келтірілген зиянды өтеу бойынша сақтандыру төлемі | |
5.2. | Зардап шегушінің (зардап шегушілердің) өміріне және (немесе) денсаулығына келтірілген зиянды өтеу бойынша сақтандыру төлемі | |
5.3. | Зиянның мөлшерін анықтауға байланысты шығыстар | |
5.4. | Өзге шығыстар | |
6. | Сақтандыру төлемін жүзеге асырудан бас тартуға негіздемелер | |
7. | Өзге мәліметтер |
Тікелей сақтандырушының бірінші басшысының немесе уәкілетті тұлғаның тегі, аты, әкесінің
аты (бар болса):
________________________________________________________________________________
Телефон нөмірі: ____________________
Жауапты сақтандырушы толтыратын мәліметтер (келісемін немесе келіспеймін):
________________________________________________________________________________
________________________________________________________________________________
Жауапты сақтандырушының атауы, орналасқан жері, телефон нөмірі және банк деректемелері
________________________________________________________________________________
Жауапты сақтандырушының бірінші басшысының немесе уәкілетті тұлғаның тегі, аты,
әкесінің аты (бар болса):
________________________________________________________________________________
Телефон нөмірі: __________________________________________________________________Тікелей реттеуді жүзеге асыру қағидаларына 4-қосымша |
|
Нысан |
Сақтандыру төлемінің мөлшерін есептеу туралы өтініш
20 __ жылғы "____" _____________ № _______
Ескерту. 4-қосымшамен толықтырылсын – ҚР Қаржы нарығын және Қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2008.03.28 N 41 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-тармақтан қараңыз); жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 27.08.2018 № 204 (01.01.2019 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулыларымен.
1. ______________________________________________________________________________
(тікелей сақтандырушының атауы)
________________________________________________________________________________
(жауапты сақтандырушының атауы)
зардап шегуші___________________________________________________________________
(зардап шегушінің тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)
мүлкіне келтірілген зиянды өтеу бойынша сақтандыру төлемінің
мөлшерін есептеу үшін жібереді.
Зардап шегушінің мүлкіне келтірілген зиянды
өтеу бойынша сақтандыру төлемінің мөлшері
_______________________________________________________ теңгені
(сомасы цифрмен және жазбаша)
құрайды. №_____ сақтандыру жағдайы туралы хабарлама
____________________________________ 20_жылғы "___" ____________
(жауапты сақтандырушының атауы) жіберілген.
Тікелей сақтандырушының бірінші басшысының немесе уәкілетті
тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (бар болса):___________________
Телефон нөмірі: __________________
2. Жауапты сақтандырушы толтыратын мәліметтер:
__________________________________________, сақтандыру төлемінің (жауапты сақтандырушының атауы)
мөлшерін есептеу туралы 20__жылғы "____" _________ №_____
өтінішті қарап, зардап шегуші __________________________________ (зардап шегушінің тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)
келтірілген зиянды өтеу бойынша сақтандыру төлемі
______________________________________________ теңгені құрайтыны (сомасы цифрмен және жазбаша)
туралы хабарлайды.
___________________________________________ сақтандыру төлемнің
(жауапты сақтандырушының атауы) мөлшерін есептеу туралы өтінішті
алған күнге сақтандыру төлемі ___________________ теңгені құрайды.
(сомасы цифрмен және жазбаша)
Сақтандыру сомасы тиісті сақтандырушыларға немесе пайда алушыларға жауапты
сақтандырушымен іске асырылған басқа зардап шегушілеріне келтірілген зиянды өтеу
бойынша сақтандыру төлемдері шегеріле отырып, жауапты сақтандырушымен көрсетіледі.
Жауапты сақтандырушының бірінші басшысының немесе уәкілетті тұлғаның тегі, аты,
әкесінің аты (бар болса):
________________________________________________________________________________
Телефон нөмірі: __________________________________________________________________