Кітапхана қорларын қалыптастыру, сақтау және пайдалану жөніндегі ережені бекіту туралы

Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінің 2007 жылғы 25 мамырдағы N 152 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2007 жылғы 19 маусымда Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 4748 болып енгізілді

Жаңартылған

      Ескерту. Тақырыпқа өзгерту енгізілді - ҚР Мәдениет министрінің м.а. 2010.10.26 № 120 (қолданысқа енгізілу тәртібін 4-т. қараңыз) Бұйрығымен.

      "Мәдениет туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 24-бабына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қоса беріліп отырған Кітапхана қорларын қалыптастыру, сақтау және пайдалану жөніндегі Ереже бекітілсін.
      Ескерту. 1-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Мәдениет министрінің м.а. 2010.10.26 № 120 (қолданысқа енгізілу тәртібін 4-т. қараңыз) Бұйрығымен.
      2. Тарихи-мәдени мұра департаменті белгіленген тәртіппен:
      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігіне мемлекеттік тіркеуге жіберсін;
      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін оны ресми жариялауды қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
      4. Осы бұйрық оның ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Министрдің
      міндетін атқарушы

Қазақстан Республикасы
Мәдениет және ақпарат министрінің
міндетін атқарушының
2007 жылғы 25 мамырдағы
N 152 бұйрығымен бекітілген

Кітапхана қорларын қалыптастыру, сақтау және пайдалану жөніндегі ереже

      Ескерту. Атауына өзгерту енгізілді - ҚР Мәдениет министрінің м.а. 2010.10.26 № 120 (қолданысқа енгізілу тәртібін 4-т. қараңыз) Бұйрығымен.

1. Жалпы ережелер

      1. Осы Ереже 2006 жылғы 15 желтоқсандағы "Мәдениет туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленген және мемлекеттік кітапханаларда сақталатын құжаттардың қалыптасуы, сақталуы мен тиімді пайдалануын ұйымдастырудың тәртібін анықтайды.
      Ескерту. 1-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Мәдениет министрінің м.а. 2010.10.26 № 120 (қолданысқа енгізілу тәртібін 4-т. қараңыз) Бұйрығымен.
      2. Қазақстан Республикасы мемлекеттік кітапханаларының кітапхана қоры мемлекеттің меншігі болып табылады және оның қорғауында болады.
      3. Қазақстан Республикасының мемлекеттік кітапханаларының кітапхана қоры мемлекет қарамағынан алынуға және жекешелендіруге жатпайды.
      4. Мемлекеттік кітапханалардың кітапхана қоры баспа басылымдарын (кітаптар, кітапшалар, газеттер, журналдар) (бұдан әрі - баспа басылымдары) басылымның міндетті тегін данасын (мәтіндік, ноталық, электрондық, картографиялық, бейнелеу басылымның) (бұдан әрі - басылымның міндетті тегін данасы) және материалдарды (CD-дискілер, дискеттер, флэш-порттар, микрофильмдер, аудио және видеобасылымдар) (бұдан әрі - материалдар) құрайды.
      Ескерту. 4-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Мәдениет министрінің м.а. 2010.10.26 № 120 (қолданысқа енгізілу тәртібін 4-т. қараңыз) Бұйрығымен.
      4-1. Кітапханалардың кітапхана қорын қалыптастыру сатып алу, кітап алмасу және сыйға тарту жолымен жүзеге асырылады.
      Ұлттық кітапханалардың кітапхана қоры басылымның міндетті тегін данасын алу жолымен де қалыптастырылады.
      Ескерту. Ереже 4-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Мәдениет министрінің м.а. 2010.10.26 № 120 (қолданысқа енгізілу тәртібін 4-т. қараңыз) Бұйрығымен.
      4-2. Қоры тек қана электронды жеткізгіштердегі құжаттардан тұратын кітапхана (электронды кітапхана) пайдаланушылармен жанама түрдегі (қашықтықта) немесе толық емес жанама түрдегі өзара іс-қимыл кезінде ақпараттық және телекоммуникациялық құралдарды пайдалана отырып қызмет көрсетуді жүзеге асырады.
      Ескерту. Ереже 4-2-тармақпен толықтырылды - ҚР Мәдениет министрінің м.а. 2010.10.26 № 120 (қолданысқа енгізілу тәртібін 4-т. қараңыз) Бұйрығымен.
      4-3. Басылымдардың міндетті даналарын дайындалған күнінен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде басып шығарушы немесе оның тапсырмасы бойынша үшінші тұлға Қазақстан Республикасының ұлттық кітапханаларына жібереді.
      Ескерту. Ереже 4-3-тармақпен толықтырылды - ҚР Мәдениет министрінің м.а. 2010.10.26 № 120 (қолданысқа енгізілу тәртібін 4-т. қараңыз) Бұйрығымен.

2. Қордың сақталуын оны қалыптастыру және қолдану барысында қамтамасыз ету

      Ескерту. 2-бөлімнің атауына өзгерту енгізілді - ҚР Мәдениет министрінің м.а. 2010.10.26 № 120 (қолданысқа енгізілу тәртібін 4-т. қараңыз) Бұйрығымен.

      5. Кітапханалық өңдеуден өткен баспа басылымдары, басылымның міндетті тегін данасы мен материалдар кітапхана қорына жіберіледі. Қорды орналастыру кезінде баспалардың сақталу және жайғастыру тәртібі сақталуы тиіс. Өңделмеген баспа басылымдары, басылымның міндетті тегін данасы мен материалдар қолдануға берілмейді.
      Қорларды кітапханалық өңдеу процесіне кітапхана қорларын қорғауды қамтамасыздандыратын штрихкодтау жүйесі немесе электромагниттік технологиялардың басқа жүйелері енгізіледі.
      Ескерту. 5-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Мәдениет министрінің м.а. 2010.10.26 № 120 (қолданысқа енгізілу тәртібін 4-т. қараңыз) Бұйрығымен.
     6. Бөгде адамдардың қор сақталатын бөлімдерге кіруіне жол берілмейді. Ашық қорларға кіруге оқырмандар басылымдарды беру үшін және кітапханашының қатысуымен ғана жіберіледі. Кітапханада баспа басылымдары, басылымның міндетті тегін данасы мен материалдардың алып кетуін бақылайтын тексеру-өткізу тәртібі қамтамасыздандырылады.
      Ескерту. 6-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Мәдениет министрінің м.а. 2010.10.26 № 120 (қолданысқа енгізілу тәртібін 4-т. қараңыз) Бұйрығымен.
      7. Жинақтау, өңдеу, сақтау бөлімдері және қосалқы қорлар бөлмелерінде көпшілік іс-шаралар өткізуге жол берілмейді.
      8. Кітапхана басылымдарды жаңғырту және ағымдағы жөндеу жұмыстарын (түсіп қалған парақтарды жапсыру, жыртылған жерлерді жапсыру, мұқабаны, қатырма бетті желімдеу) ұйымдастыруды қамтамасыз етеді.
      9. Оқырмандардың жоғары сұранысына ие жұмсақ мұқабалы немесе мұқабасыз, сондай-ақ тұрақты және ұзақ сақталымға арналған баспа басылымдарын, басылымның міндетті тегін данасын қайта мұқабалап отыру керек.
      Қолдану мүмкіндіктерін кеңейту үшін жоғары сұранысқа ие жеке басылымдар немесе олардың бөлімдері түрлі әдістермен көшіріледі. Грампластинкалар, аудио және видео басылымдар, CD-дискілер де сандық көшіру процестерінен өтеді.
      Ұзақ және тұрақты сақтау мақсатында ғылыми, тарихи және көркемдік тұрғыдан құнды басылымдардың сақтандыру сандық қоры (электрондық көшірмелері) құрылады. Сақтандыру қоры ақпараттық қорғау және қауіпсіздендіру технологияларымен қамсыздандырылған депозитарлық электрондық сақтау қоймасында сақталуға тиіс.
      Ескерту. 9-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Мәдениет министрінің м.а. 2010.10.26 № 120 (қолданысқа енгізілу тәртібін 4-т. қараңыз) Бұйрығымен.
      10. Кітапхана салаға қатысы жоқ және артық дублетті әдебиетті басқа кітапханаларға сұранысы бойынша олардың ведомстволық бағыныштылығына қарамастан бере алады.
      11. Алынып тасталды - ҚР Мәдениет министрінің м.а. 2010.10.26 № 120 (қолданысқа енгізілу тәртібін 4-т. қараңыз) Бұйрығымен.
      12. Кітапхана қорын қайта түгендеуге (жаңа инвентарлық нөмір беруге) жол берілмейді. Айрықша жағдайларда (табиғи апат, өрт) сол кітапхана тікелей құзырына кіретін жоғарғы тұрған ұйымның рұқсатымен қайта түгендеу жұмысы жүргізілуі мүмкін.
      13. Кітапхана қорында сақталатын баспа басылымдары, басылымның міндетті тегін данасы мен материалдар оқырмандардың қолданысына абономентте, оқу залдарында, арнаулы қызмет көрсету бөлімдерінде, страционардан тыс қосындарда, кітапханааралық абономент бойынша беріледі.
      Ескерту. 13-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Мәдениет министрінің м.а. 2010.10.26 № 120 (қолданысқа енгізілу тәртібін 4-т. қараңыз) Бұйрығымен.
      14. Кітапхана қызметкерлері оқырмандық берешіктерді болдырмау және жою бойынша тұрақты жұмыстар жүргізеді.