Мемлекеттік кітапханалардың кітапхана қорын қалыптастыру, сақтау және пайдалану қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінің 2007 жылғы 25 мамырдағы N 152 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2007 жылғы 19 маусымда Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 4748 болып енгізілді

Жаңартылған

      Ескерту. Бұйрықтың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Мәдениет және спорт министрінің 10.12.2015 № 384 (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      «Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 15 желтоқсандағы «Мәдениет туралы» заңының 7-бабының 35-6) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - ҚР Мәдениет және спорт министрінің 10.12.2015 № 384 (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      1. Қоса беріліп отырған Кітапхана қорларын қалыптастыру, сақтау және пайдалану жөніндегі қағидалар бекітілсін.
      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Мәдениет министрінің 26.06.2014 № 85 бұйрығымен (алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
      2. Тарихи-мәдени мұра департаменті белгіленген тәртіппен:
      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігіне мемлекеттік тіркеуге жіберсін;
      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін оны ресми жариялауды қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт вице-министріне жүктелсін.
      Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Мәдениет және спорт министрінің 10.12.2015 № 384 (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      4. Осы бұйрық оның ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Министрдің
      міндетін атқарушы

Қазақстан Республикасы   
Мәдениет және ақпарат министрінің
міндетін атқарушының    
2007 жылғы 25 мамырдағы  
N 152 бұйрығымен бекітілген

Мемлекеттік кітапханалардың кітапхана қорын қалыптастыру,
сақтау және пайдалану қағидалары

      Ескерту. Қағиданың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Мәдениет және спорт министрінің 10.12.2015 № 384 (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

1. Жалпы ережелер

      1. Осы Мемлекеттік кітапханалардың кітапхана қорын қалыптастыру, сақтау және пайдалану қағидалары мемлекеттік кітапханалардың кітапхана қорын қалыптастыру, сақтау және пайдалану тәртібін анықтайды.
      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Мәдениет және спорт министрінің 10.12.2015 № 384 (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      1-1. Осы Қағидада мынадай түсініктер қолданылады:
      1) аудиовизуальды материал (бұдан әрі - материал) – техникалық құралдардың көмегімен жаңғыртылатын бейнелеу, дыбыстық, мәтіндік ақпараттарды қамтитын тасымалдаушы;
      2) баспа басылым - мерзімдік баспа басылым, сондай-ақ мәліметтер және (немесе) образдарды оқырманға (абонентке) оған әсер ету мақсатында жеткізуге арналған жазба, бейнелеу өнері, музыка, картография шығармаларын (шығармалар кешенін) қамтитын, редакциялық-баспалық өңдеуден өткен мұқабасы, түптемесі бар басылым (кітаптар, брошюралар);
      3) Басылымның міндетті тегін данасы - құжат басып шығарушылардың Қазақстан халқының мәдени мұрасын сақтау мақсатында ұлттық кітапханаларға беруіне жататын, редакциялық-баспалық өңдеуінен өткен, шығарылым мәліметтері бар басылымының (мәтіндік, ноталық, электрондық, картографиялық, бейнелеу) данасы;
      4) мемлекеттік кітапханалардың кітапхана қоры сақталуға және оқырмандар мен абоненттерге уақытша пайдалануға беруге арналып қалыптастырылған құжаттардың реттелген жиынтығы.
      Ескерту. 1-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Мәдениет және спорт министрінің 10.12.2015 № 384 (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      2. Қазақстан Республикасы мемлекеттік кітапханаларының кітапхана қоры мемлекеттің меншігі болып табылады және оның қорғауында болады.
      3. Қазақстан Республикасының мемлекеттік кітапханаларының кітапхана қоры мемлекет қарамағынан алынуға және жекешелендіруге жатпайды.
      4. Қазақстан Республикасының мемлекеттік кітапханаларының, оның ішінде «ұлттық» статусы бар (бұдан әрі - кітапхана) кітапхана қорын қалыптастыру сатып алу, баспа басылымдары мен материалдарды сыйға тарту, кітап алмасу және мемлекеттік тапсырыс бойынша шығарылған кітаптарды тегін алу.
      Ұлттық кітапханалардың кітапхана қоры басылымның міндетті тегін данасын алу арқылы да қалыптастырылады.
      Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Мәдениет және спорт министрінің 10.12.2015 № 384 (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      4-1. Алып тасталды - ҚР Мәдениет және спорт министрінің 10.12.2015 № 384 (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      4-2. Қоры тек қана электронды жеткізгіштердегі құжаттардан тұратын кітапхана (электронды кітапхана) пайдаланушылармен жанама түрдегі (қашықтықта) немесе толық емес жанама түрдегі өзара іс-қимыл кезінде ақпараттық және телекоммуникациялық құралдарды пайдалана отырып қызмет көрсетуді жүзеге асырады.
      Ескерту. Ереже 4-2-тармақпен толықтырылды - ҚР Мәдениет министрінің м.а. 2010.10.26 № 120 (қолданысқа енгізілу тәртібін 4-т. қараңыз) Бұйрығымен.
      4-3. Басылымдардың міндетті даналарын дайындалған күнінен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде басып шығарушы немесе оның тапсырмасы бойынша үшінші тұлға Қазақстан Республикасының ұлттық кітапханаларына жібереді.
      Ескерту. Ереже 4-3-тармақпен толықтырылды - ҚР Мәдениет министрінің м.а. 2010.10.26 № 120 (қолданысқа енгізілу тәртібін 4-т. қараңыз) Бұйрығымен.

2. Қордың сақталуын оны қалыптастыру және қолдану барысында қамтамасыз ету

      Ескерту. 2-бөлімнің атауына өзгерту енгізілді - ҚР Мәдениет министрінің м.а. 2010.10.26 № 120 (қолданысқа енгізілу тәртібін 4-т. қараңыз) Бұйрығымен.

      5. Кітапханалық өңдеуден өткен баспа басылымдары, басылымның міндетті тегін данасы мен материалдар кітапхана қорына жіберіледі. Қорды орналастыру кезінде баспалардың сақталу және жайғастыру тәртібі сақталуы тиіс. Өңделмеген баспа басылымдары, басылымның міндетті тегін данасы мен материалдар қолдануға берілмейді.
      Қорларды кітапханалық өңдеу процесіне кітапхана қорларын қорғауды қамтамасыздандыратын штрихкодтау жүйесі немесе электромагниттік технологиялардың басқа жүйелері енгізіледі.
      Ескерту. 5-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Мәдениет министрінің м.а. 2010.10.26 № 120 (қолданысқа енгізілу тәртібін 4-т. қараңыз) Бұйрығымен.
      5-1. Кітапханалардың кітапхана қорын сақтап қалуды қамтамасыз ету мақсатында баспа басылымдары мен материалдардың жиынтық және жеке есебі жүргізіледі.
      Ескерту. Қағида 5-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Мәдениет министрінің 26.06.2014 № 85 (алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі); жаңа редакцияда - ҚР Мәдениет және спорт министрінің 10.12.2015 № 384 (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрықтарымен.
     6. Бөгде адамдардың қор сақталатын бөлімдерге кіруіне жол берілмейді. Ашық қорларға кіруге оқырмандар басылымдарды беру үшін және кітапханашының қатысуымен ғана жіберіледі. Кітапханада баспа басылымдары, басылымның міндетті тегін данасы мен материалдардың алып кетуін бақылайтын тексеру-өткізу тәртібі қамтамасыздандырылады.
      Ескерту. 6-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Мәдениет министрінің м.а. 2010.10.26 № 120 (қолданысқа енгізілу тәртібін 4-т. қараңыз) Бұйрығымен.
      7. Жинақтау, өңдеу, сақтау бөлімдері және қосалқы қорлар бөлмелерінде көпшілік іс-шаралар өткізуге жол берілмейді.
      8. Кітапхана басылымдарды жаңғырту және ағымдағы жөндеу жұмыстарын (түсіп қалған парақтарды жапсыру, жыртылған жерлерді жапсыру, мұқабаны, қатырма бетті желімдеу) ұйымдастыруды қамтамасыз етеді.
      9. Оқырмандардың жоғары сұранысына ие жұмсақ мұқабалы немесе мұқабасыз, сондай-ақ тұрақты және ұзақ сақталымға арналған баспа басылымдарын, басылымның міндетті тегін данасын қайта мұқабалап отыру керек.
      Қолдану мүмкіндіктерін кеңейту үшін жоғары сұранысқа ие жеке басылымдар немесе олардың бөлімдері түрлі әдістермен көшіріледі. Грампластинкалар, аудио және видео басылымдар, CD-дискілер де сандық көшіру процестерінен өтеді.
      Ұзақ және тұрақты сақтау мақсатында ғылыми, тарихи және көркемдік тұрғыдан құнды басылымдардың сақтандыру сандық қоры (электрондық көшірмелері) құрылады. Сақтандыру қоры ақпараттық қорғау және қауіпсіздендіру технологияларымен қамсыздандырылған депозитарлық электрондық сақтау қоймасында сақталуға тиіс.
      Ескерту. 9-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Мәдениет министрінің м.а. 2010.10.26 № 120 (қолданысқа енгізілу тәртібін 4-т. қараңыз) Бұйрығымен.
      10. Алынып тасталды - ҚР Мәдениет министрінің 26.06.2014 № 85 бұйрығымен (алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
      11. Алынып тасталды - ҚР Мәдениет министрінің м.а. 2010.10.26 № 120 (қолданысқа енгізілу тәртібін 4-т. қараңыз) Бұйрығымен.
      12. Баспа басылымдары мен материалдарға берілген инвентарлық нөмірлерге өзгерту, түзету, алып тастау жүргізілмейді.
      Материалды жауапты қызметкердің ауысуына немесе жоғалу фактісі анықталған, қайта ұйымдастыру және кітапхананы жапқан жағдайда кітапхана қорына салыстырмалы тексеру жүргізіледі.
      Ескерту. 12-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Мәдениет және спорт министрінің 10.12.2015 № 384 (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      13. Кітапхана қорында сақталатын баспа басылымдары, басылымның міндетті тегін данасы мен материалдар оқырмандардың қолданысына абономентте, оқу залдарында, арнаулы қызмет көрсету бөлімдерінде, страционардан тыс қосындарда, кітапханааралық абономент бойынша беріледі.
      Ескерту. 13-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Мәдениет министрінің м.а. 2010.10.26 № 120 (қолданысқа енгізілу тәртібін 4-т. қараңыз) Бұйрығымен.
      14. Кітапхана қызметкерлері оқырмандық берешіктерді болдырмау және жою бойынша тұрақты жұмыстар жүргізеді.