Мұражайдың сақтау қоймасындағы мұражай жәдігерлері мен мұражай коллекцияларына қол жеткізу ережесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінің 2007 жылғы 25 мамырдағы N 154 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінің 2007 жылғы 11 маусымдағы Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 4725 болып енгізілді

Жаңартылған

      "Мәдениет туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 25-бабына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - ҚР Мәдениет және ақпарат министрінің 14.08.2013 № 190 (алғашқы ресми жариялаған күннен бастап он күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен. 
      1. «Мәдениет туралы» 2006 жылғы 15 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңының 25-бабы 5-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      2. Тарихи-мәдени мұра департаменті белгіленген тәртіппен:
      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігіне мемлекеттік тіркеуге жіберсін;
      2) осы бұйрықты мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін оны ресми жариялауды қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
      4. Осы бұйрық оның ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

       Министрдің
      міндетін атқарушы

Қазақстан Республикасы   
Мәдениет және ақпарат министрінің
міндетін атқарушының    
2007 жылғы 25 мамырындағы 
N 154 бұйрығымен бекітілген

Мұражайдың сақтау қоймасындағы мұражай жәдігерлері мен мұражай коллекцияларына қол жеткізу ережесі

      1. Осы мұражайдың сақтау қоймасындағы мұражай жәдігерлері мен мұражай коллекцияларына қол жеткізу ереже «Мәдениет туралы» 2006 жылғы 15 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңының 25-бабына сәйкес әзірленген және мұражайдың қор сақтамасындығы мұражай жәдігерлері мен мұражай коллекцияларына қол жеткізу тәртібін белгілейді (әрі қарай - Ереже).
      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Мәдениет және ақпарат министрінің 14.08.2013 № 190 (алғашқы ресми жариялаған күннен бастап он күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен.
      2. Мұражайдың сақтау қоймасын ашу, жабу және бекітуді қор сақтаушы жүргізеді.
      3. Сақтау қоймасының әрбір ашылуы қор сақтаушының қол қоюымен ашу мақсаты көрсетіле отырып тігілетін, нөмірленетін, жауапты тұлғаның қолы қойылатын, мұражайдың мөрімен бекітілетін арнайы журналда белгіленеді.
      Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Мәдениет және ақпарат министрінің 14.08.2013 № 190 (алғашқы ресми жариялаған күннен бастап он күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен.
      4. Мұражай қызметкерлері сақтау қоймасына тек өндірістік қажеттілік туған жағдайда ғана кіреді. Мұражай жәдігерлері мен мұражай коллекцияларын сақтау қоймасынан мұражайдың өз ішінде суретзертханасына немесе ғылыми жұмыс үшін уақытша алу және беру осы Ереженің 1-қосымшасына сәйкес мұражай ішіндегі алу және беру актілерімен рәсімделеді.
      5. Қайта жаңғыртушылар мұражайдың сақтау қоймасына қайта қалпына келтiрудi талап ететiн мұражай жәдiгерлерi мен мұражай коллекцияларын анықтау мақсатында ғана кiру құқығы бар. Мұражай жәдiгерлерi мен мұражай коллекцияларын қайта жаңғырту жұмыстарына қабылдау-беру және оларды қайта жаңғырту жұмыстарынан алу осы Ереженiң 2-қосымшасында берілген формаға сәйкес актiлерімен рәсiмделедi.
      Ескерту. 5-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Мәдениет және ақпарат министрінің 14.08.2013 № 190 (алғашқы ресми жариялаған күннен бастап он күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен.
      6. Жеке тұлғалар тиісті нұсқаулары болған жағдайда мұражай директоры немесе мұражайдың бас қор сақтаушысының арнайы бір реттік рұқсат қағазымен кіре алады. Рұқсат қағаз кейін қор сақтаушыға өткізіледі.
      Бір реттік рұқсат қағаздың нұсқасы мұражай директорымен бекітіледі.
      7. Мұражайлардың сақтау қоймасындағы мұражай жәдігерлері мен мұражай коллекцияларын заңды тұлғаларға уақытша пайдалануға беру, мәдениет саласындағы құзырлы органның немесе облыстық жергілікті атқарушы органның (республикалық маңыздағы қалалардағы, астаналық) арнайы рұқсатымен жүзеге асырылады.
      Уақытша пайдалануға беру, мұражай жәдігерлері мен мұражай коллекцияларының сақталу жағдайы мен берілу мерзімі толық көрсетілген осы Ереженің 3-қосымшасына сәйкес актімен рәсімделеді.
      8. Түсім кітабына енгізілмеген, шифр және нөмір қойылмаған мұражай жәдігерлері мен мұражай коллекцияларын беруге рұқсат етілмейді.
      9. Мұражайдан тыс жерге әкетілген мұражай жәдігерлері мен мұражай коллекциялары мұражайдың сақтау қоймасына сақтаулы күйінде тиісті актілерде көрсетілген мерзімінен кешіктірілмей қайтарылуға тиіс.

                                    Мұражайдың сақтау қоймасындағы
                                    мұражай жәдігерлері мен мұражай
                                    коллекцияларына қол жеткізу
                                    ережесіне 1-қосымша

      Ескерту. 1-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Мәдениет және ақпарат министрінің 14.08.2013 № 190 (алғашқы ресми жариялаған күннен бастап он күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен.

Нысан           

______________________________________________________
(Мұражайдың атауы)

Мұражайдың бас қор сақтаушысы 
_______________________________
«___» _____________ 20___ж.   

Мұражай iшiндегi алу-беру АКТIСI
«___» _________ 20__ ж. № _____

      Біз, төменде қол қойғандар ____________________________________
_____________________________________________________________________
          (Мұражайдың бас қор сақтаушысы, қор сақтаушы, Т.А.Ә.)
тапсырды ____________________________________________________________
                        (тұлғаның атауы, Т.А.Ә.)
төмендегi мұражай жәдiгерлерi мен (немесе) мұражай коллекцияларын материалдық жауапкершiлiкті сақтауға уақытша қабылдап алды:

Түсiм кiтабы бойынша № инвентарлық № (түсiм кiтабының нөмiрi болмаған жағдайда)

Атауы және қысқаша сипаттамасы

Материалы, техникасы

Өлшемi, салмағы бағалы металдар үшiн

Сақталуы

Ескерту













Берiлу мақсаты: _____________________________________________________
Негiзi: _____________________________________________________________
Берген: _____________________________________________________________
Материалдық жауапкершiлiктi сақтауға уақытша қабылдап алды: _________
Қатысқандар: ________________________________________________________

                                    Мұражайдың сақтау қоймасындағы
                                    мұражай жәдігерлері мен
                                    мұражай коллекцияларына қол
                                    жеткізу ережесіне 2-қосымша

      Ескерту. 2-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Мәдениет және ақпарат министрінің 14.08.2013 № 190 (алғашқы ресми жариялаған күннен бастап он күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен.

Нысан           

_____________________________________________________
(Мұражайдың атауы)

Мұражайдың бас қор сақтаушысы 
_______________________________
«___» _____________ 20___ж.   

Мұражай жәдiгерлерi мен (немесе) мұражай коллекцияларын қайта
жаңғыртуға қабылдау-беру
АКТIСI
«___» _________ 20__ ж. № _____

      Бiз, төменде қол қойғандар, ___________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
                        (тұлғаның атауы, Т.А.Ә.)
      қайта жаңғыртуды қажет ететiн мұражай жәдiгерлерi мен (немесе)
мұражай коллекцияларын өткiзгендiгi, ал _____________________________
_____________________________________________________________________
                        (қайта жаңғыртушы/лар, Т.А.Ә.)
      қайта жаңғырту жүргізу мақсатында төмендегi мұражай жәдiгерлер
мен (немесе) мұражай коллекцияларын материалдық жауапкершiлiкті
сақтауға уақытша қабылдап алғандығы туралы осы актi жасалды:

№ р/с

Инв. №

Атауы

Сақталуы

Ескерту


























Барлығы осы актi бойынша ____________ дана өткiзiлдi (сақтау бiрлiгi)
Өткiздi______________________________________________________________
Материалдық жауапкершiлiктi сақтауға уақытша қабылдап алды __________

Нысан           

_____________________________________________________
(Мұражайдың атауы)

Мұражайдың бас қор сақтаушысы 
_______________________________
«___» _____________ 20___ж.   

Қайта жаңғыртылған мұражай жәдiгерлерi мен (немесе) мұражай коллекцияларын қабылдау-беру
АКТIСI
«___» _________ 20__ ж. № _____

      Бiз, төменде қол қойғандар, қор сақтаушылар ___________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
                  (тұлғаның атауы, Т.А.Ә.)
      қайта жаңғыртылған мұражай жәдiгерлерi мен (немесе) мұражай
коллекцияларын қабылдап алғандығы, ал қайта жаңғыртушы/лар __________
_____________________________________________________________________
                              (Т.А.Ә.)
      төмендегi мұражай жәдiгерлерi мен (немесе) мұражай
коллекцияларын қайта жаңғыртылудан өткiзгендiгi туралы осы актiнi жасалды:

№ р/с

Инв. №

Атауы

Қайта жаңғырту жұмыстарының түрлерi

Ескерту































Өткiздi_______________________ Қабылдап алды ___________________
Қайта жаңғыртылған мұражай жәдiгерлерi және (немесе) мұражай
коллекциялары қайта жаңғырту жұмыстарынан соң қайтарып алынды.
«_____» __________ 20_____жыл.
Қор сақтаушының қолы_____________

                                    Мұражайдың сақтау қоймасындағы
                                    мұражай жәдігерлері мен
                                    мұражай коллекцияларына қол
                                    жеткізу ережесіне 3-қосымша

__________________________________________________________________
                  (Мұражайдың атауы)

                                    Бекітемін
                                    Директор________________
                                    "____" ________ 200___ж.

                Уақытша пайдалануға беру
                        АКТІСІ
                      N _______
                 "______" ______________200__ж.

      Бас қор сақтаушы____________________________________________
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
_________________ және ___________________________________________
__________________________________________________________________
            материал алушының қызметі, мекен жайы
200___ жылғы»"_____"»________N ____  сенім хат және 200___ жылғы
"____"»__________ кепілдік хатына сай директордың
________________________________рұқсаты және нұсқауымен осы акт үш
данада біріншісінің өткізгендігі, ал екіншісінің қабылдағаны,
тұрақты (уақытша) пайдалануға келесі жәдігерлерді өткізгені туралы
жасалды. Сақталу мерзімі _______________

N
р/
c

Атауы және
қысқаша сипаты
Саны Есептік
белгі-
лері
Сақталуы Ескерту


























































































   Барлығы _______________________________________________дана
(сақталу бірлігі)
Өткізген ______________________ Қабылдаған _______________________
Бас қор сақтаушы__________________________________________________
Есептік бөлімнің жетекшісі  ______________________________________
Қор бөлімінің жетекшісі   ________________________________________
Төмендегі жағдайлар міндетті түрде орындалуы тиіс:
1. Осы акті бойынша өткізілген мұражай жәдігерлері мен (немесе)
мұражай коллекциялары мұражайға_________________________ осы актіде
көрсетілген мерзімде және алдын ала талап етуінсіз қайтарылады.
2. Мұражай жәдігерлері мен (немесе) мұражай коллекциялары 
__________________________________________есебінен тасымалданады.
3. Берілген мұражай жәдігерлері мен (немесе) мұражай коллекциялары
өткізілген кездегі сақталуынан кем жағдайда болмауы тиіс.
4. Мұражай жәдігерлері мен (немесе) мұражай коллекциялары жоғалған
немесе жартылай бүлінген жағдайда
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
жоғалған мұражай жәдігерлері мен (немесе) мұражай коллекцияларының
құнын немесе қайта қалпына келтіруге кететін шығынды төлеуі тиіс.
5. Белгіленген сақталу мерзімінде_________________________________
__________________________________________________________________
мұражай жәдігерлері мен (немесе) мұражай коллекцияларының тиісті
жағдайда сақталуын қадағалап отырады және ________________________
__________________________________________________________________
мұражайының өкілін берілген мұражай жәдігерлері мен (немесе)
мұражай коллекцияларын бақылап отыруға кедергісіз кіргізіп отыруы
және олардың сақтау жағдайлары туралы айтқан барлық нұсқаулықтарын
орындауға міндетті. Осы акті»"_____" данадан тұрады және қол қойған
жақтардың бәріне бір-бір данадан берілген.
Талаптармен таныстым: ________________________________________
                                    (қолы)