Музейдің сақтау қоймасындағы музей заттары мен музей коллекцияларына қол жеткізу қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінің 2007 жылғы 25 мамырдағы N 154 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінің 2007 жылғы 11 маусымдағы Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 4725 болып енгізілді

Жаңартылған

      Ескерту. Бұйрықтың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Мәдениет және спорт министрінің 10.12.2015 № 386 (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      "Мәдениет туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 25-бабына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - ҚР Мәдениет және ақпарат министрінің 14.08.2013 № 190 (алғашқы ресми жариялаған күннен бастап он күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен. 
      1. Қоса беріліп отырған Музейдің сақтау қоймасындағы музей заттары мен музей коллекцияларына қол жеткізу қағидалары бекітілсін.
      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Мәдениет және спорт министрінің 10.12.2015 № 386 (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      2. Тарихи-мәдени мұра департаменті белгіленген тәртіппен:
      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігіне мемлекеттік тіркеуге жіберсін;
      2) осы бұйрықты мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін оны ресми жариялауды қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
      4. Осы бұйрық оның ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Министрдің
      міндетін атқарушы

Қазақстан Республикасы        
Мәдениет және ақпарат министрінің 
міндетін атқарушының         
2007 жылғы 25 мамырындағы       
№ 154 бұйрығымен бекітілген    

«Музейдің сақтау қоймасындағы музей заттары мен музей коллекцияларына қол жеткізу қағидалары

      Ескерту. Қағида жаңа редакцияда - ҚР Мәдениет және спорт министрінің 10.12.2015 № 386 (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

1. Жалпы ережелер

      1. «Музейдің сақтау қоймасындағы музей заттары мен музей коллекцияларына қол жеткізу Қағидалары (бұдан әрі – Қағида) музейдің сақтау қоймасындағы музей заттары мен музей коллекцияларына (бұдан әрі – музей заттары) қол жеткізу тәртібін белгілейді.

2. Музейдің сақтау қоймасындағы музей заттары мен музей коллекцияларына қол жеткізу тәртібі

      2. Музейдің сақтау қоймасына қол жеткізу музей заттарының сақталуына жауапты музей қызметкерімен қамтамасыз етіледі (бұдан әрі – сақтаушы).
      3. Сақтау қоймасына әрбір кіру сақтаушымен жүргізілетін сақтау қоймасына келу журналында белгіленеді. Сақтау қоймасына келу журналында сақтау қоймасына келушілердің мерзімі, уақыты және келу мақсаты, тегі және аты мен әкесінің атының бірінші әріптері жөнінде жазба енгізіліп, сақтаушының және келушінің қолдары қойылады.
      Сақтау қоймасына келу журналы байланады, нөмірленеді және соңғы жазба енгізілгеннен кейін сақтаушының қолы қойылып, музейдің мөрімен басылады.
      4. Музей қызметкерлері сақтау қоймасына тек өндірістік қажеттілікпен кіреді.
      5. Музей заттарын музей аумағының шегінде сақтау қоймасынан уақытша пайдалануға тапсыру сақтаушы мен музей қызметкерлері арасында осы Қағиданың 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша тапсыру актісімен ресімделеді.
      Музей заттарын сақтау қоймасына қабылдау осы Қағиданың 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша қайтару актісімен ресімделеді.
      6. Жеке тұлғалар сақтау қоймасына музей сақтаушысымен берілген бір реттік рұқсат қағазымен кіре алады. Рұқсат қағазы келушінің тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда) сақтау қоймасында болған уақыты, келу мақсаты туралы мәліметті қамтыйды.
      Бір реттік рұқсат қағазы келуші сақтау қоймасына кіріп шыққаннан кейін қор сақтаушыда қалады.

Музейдің сақтау қоймасындағы музей   
заттары мен музей коллекцияларына    
қол жеткізу қағидаларына        
1-қосымша               

Нысан

____________________________
(музейдің толық атауы)  

                        № ____ Тапсыру актісі

      Осы акт « » ___________ 20 __ жылы ____________________________
___________________________________________________________ құрамымен
(музейдің бас қор сақтаушысының, сақтаушысының аты, жөні, әкесінің аты, (болған жағдайда)

төмендегі музей заттары мен (немесе) музей коллекцияларын:
« » ________ 20 __ жылға дейін тапсырғандығы, ал ____________________
               (аты, жөні, әкесінің аты, (болған жағдайда), лауазымы)
уақытша пайдалануға ______________________________________ мақсатында
қабылдағаны туралы жасалды:

№ р/с

Музей затының атауы және қысқаша сипаттамасы, оның дайындалу техникасы, өлшемі

Музей заттарының саны

Музей затының шифры

Музей затының сақталуы

Ескерту

1

2

3

4

5

6







Мен,_________________________________________________________________
        көрсетілген музей заттары мен музей коллекцияларын қабылдаған тұлғаның
_____________________________________________________________________
          аты, жөні, әкесінің аты, (болған жағдайда), лауазымы)

көрсетілген музей заттары мен (немесе) музей коллекцияларын қабылдаймын, және олардың сақталуын қамтамасыз етемін және осы актіде белгіленген мерзімде қайтарамын.

Музейдің сақтау қоймасындағы музей   
заттары мен музей коллекцияларына    
қол жеткізу қағидаларына        
2-қосымша               

Нысан

____________________________
(музейдің толық атауы)  

                        № ____ Қайтару актісі

      Осы акт « » ___________ 20 __ жылы ____________________________
___________________________________________________________ құрамымен
(музейдің бас қор сақтаушысының, сақтаушысының аты, жөні, әкесінің аты, (болған жағдайда)

төмендегі музей заттары мен (немесе) музей коллекцияларын:
« » ________ 20 __ жылға дейін тапсырғандығы, ал ____________________
               (аты, жөні, әкесінің аты, (болған жағдайда), лауазымы)

« » ________ 20 __ жылы қайтарғаны туралы жасалды:

№ р/с

Музей затының атауы және қысқаша сипаттамасы, оның дайындалу техникасы, өлшемі

Музей заттарының саны

Музей затының шифры

Музей затының сақталуы

Ескерту

1

2

3

4

5

6