Банкті ашуға рұқсат беру, сондай-ақ банктер бағалы қағаздар рыногында жүзеге асыратын қызметті, банктік және өзге операцияларды лицензиялау ережесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2007 жылғы 30 сәуірдегі N 121 Қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2007 жылғы 4 маусымдағы Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 4718 болып енгізілді.

Жаңартылған

      Екінші деңгейдегі банктердің қызметін реттейтін нормативтік құқықтық актілерді жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі (бұдан әрі - Агенттік) Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса берілген Банкті ашуға рұқсат беру, сондай-ақ банктер бағалы қағаздар рыногында жүзеге асыратын қызметті, банктік және өзге операцияларды лицензиялау ережесі бекітілсін.
      2. Агенттік Басқармасының "Банкті ашуға рұқсат беру, cондай-ақ банктер жүзеге асыратын банктік және өзге де операцияларды жүргізуге лицензияны беру, тоқтата тұру және қайтарып алу ережесін бекіту туралы" 2006 жылғы 9 қаңтардағы N 9 қаулысының күші жойылды деп танылсын (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 4038 тіркелген).
      3. Осы қаулы "Лицензиялау туралы" Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 11 қаңтардағы Заңы қолданысқа енгізілген күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
      4. Лицензиялау басқармасы (Ә.Ж. Нәжімеденова):
      1) Заң департаментімен (М.Б. Байсынов) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізу шараларын қолға алсын;
      2) осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап он күндік мерзімде оны Агенттіктің мүдделі бөлімшелеріне, банктерге және "Қазақстан Қаржыгерлер қауымдастығы" Заңды тұлғалар бірлестігіне жіберсін.
      5. Халықаралық қатынастар және жұртшылықпен байланыс бөлімі осы қаулыны Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау шараларын қолға алсын.
      6. Осы қаулының орындалуын бақылау Агенттік Төрағасының орынбасары Е.Л. Бахмутоваға жүктелсін.

      Төраға

Келісілді
Қазақстан Республикасы
Ұлттық Банк Төрағасы
_________________
(қолы, күні,
елтаңбалық мөр)

Қазақстан Республикасы
Қаржы нарығын және қаржы
ұйымдарын реттеу мен
қадағалау агенттігі
Басқармасының 2007 жылғы
30 сәуірдегі N 121
қаулысымен бекітілді

Банкті ашуға рұқсат беру, сондай-ақ банктер бағалы қағаздар рыногында жүзеге асыратын қызметті, банктік және өзге операцияларды лицензиялау ережесі

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Ереже "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 30 наурыздағы Заңына , "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 31 тамыздағы Заңымен , "Бағалы қағаздар рыногы туралы" Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 2 шілдедегі Заңымен , "Қаржы рыногы мен қаржылық ұйымдарды мемлекеттiк реттеу және қадағалау туралы" Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 4 шілдедегі Заңымен , "Лицензиялау туралы" Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 11 қаңтардағы Заңына сәйкес әзірленді және қаржы рыногын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалауды жүзеге асыратын мемлекеттік органның банкті ашуға рұқсат беру, сондай-ақ банктің банктік және өзге операцияларды жүргізуге және бағалы қағаздар рыногындағы қызметті жүзеге асыруға лицензияны беру, беруден бас тарту, қолданылуын тоқтата тұру және тоқтату тәртібін және шарттарын айқындайды.

      2. Осы Ережеде мынадай ұғымдар пайдаланылады:
      1) Банктер туралы Заң - "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 31 тамыздағы Заңы ;
      2) Лицензиялау туралы Заң - "Лицензиялау туралы" Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 11 қаңтардағы Заңы;
      3) өзге операциялар - Банктер туралы Заңның 30-бабының 11-тармағында көрсетілген операциялар;
      4) уәкілетті орган - қаржы рыногын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалауды жүзеге асыратын мемлекеттік орган.

2-тарау. Банкті ашуға рұқсат беру тәртібі

      3. Банкті ашуға рұқсат алу үшін банктің құрылтайшылары уәкілетті органға Банктер туралы Заңның 19-бабында көзделген құжаттарды ұсынады.

      4. Құрылтайшылар жөніндегі мәліметтер мыналарды қамтиды:
      1) құрылтайшылар - заңды тұлғалар үшін:
      осы Ереженің 1-қосымшасына сәйкес мәліметтер, оларға заңды тұлға ретінде мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәліктің нотариат куәландырған көшірмесі және құрылтай құжаттарының (жарғының, құрылтай шартының) нотариат куәландырған көшірмелері қоса беріледі;
      Банктер туралы Заңның 19-бабының 4-тармағында белгіленген талаптардың орындалуын растайтын ақпарат;
      құқықтық статистиканы қалыптастыру және арнайы есепті жүргізу жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органның анықтама нысанында берген атқарушы органның бірінші басшысында және құрылтайшы – заңды тұлғаның басқару органында экономикалық қызмет саласында жасалған қылмыстары үшін, мемлекеттік қызметтің және мемлекеттік басқару мүддесіне қарсы сыбайлас жемқорлық және өзге қылмыстары үшін өтелмеген немесе алынбаған заңда белгіленген тәртіпте соттылығы жоқтығын растайтын құжатты қоса беріп, Банктер туралы Заңның 24-бабының г-1) тармақшасының екінші абзацының талаптарын орындау жөніндегі ақпарат (аталған құжатты беру күні өтінішті берген күннің алдындағы үш айдан астам еместі құрайды);
      2) құрылтайшылар - жеке тұлғалар үшін - осы Ереженің 2-қосымшасына сәйкес мәліметтер, сондай-ақ құқықтық статистиканы қалыптастыру және арнайы есепті жүргізу жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органның анықтама нысанында берген осы тұлғада экономикалық қызмет саласында жасалған қылмыстары үшін, мемлекеттік қызметтің және мемлекеттік басқару мүддесіне қарсы сыбайлас жемқорлық және өзге қылмыстары үшін өтелмеген немесе алынбаған заңда белгіленген тәртіпте соттылығы жоқтығын растайтын құжатты қоса беріп, Банктер туралы Заңның 24-бабының г-1) тармақшасының екінші абзацының талаптарын орындау жөніндегі ақпарат (аталған құжатты беру күні өтінішті берген күннің алдындағы үш айдан астам еместі құрайды).
      Банктер туралы Заңның 24-бабының г-1) тармақшасының екінші абзацының талаптарын растау мақсатында шетелдік азаматтар (азаматтығы жоқ тұлға) үшін олардың азаматтығы елінің (азаматтығы жоқ тұлға үшін - олардың тұрақты тұратын елінің) мемлекеттік органы берген тиісті құжатты қосымша береді.
       Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқарамасының 2008.11.28 N 182 Қаулысымен.

      5. Банктердің басшы қызметкерлері лауазымына тағайындалу (сайлану) үшін ұсынылатын тұлғалар туралы мәліметтер Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2004 жылғы 12 маусымдағы N 157 қаулысымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 2952 тіркелген) бекітілген Қаржы ұйымдары басшы қызметкерлерінің лауазымына кандидаттарды келісілу ережесінің 1-қосымшасымен белгіленген нысанда жасалады.

      6. Құрылтайшылар банктерді Қазақстан Республикасының резидент еместерінің қатысуымен құрған кезде Банктер туралы Заңның 19-бабында белгіленген құжаттар тізбесіне қосымша Банктер туралы Заңның 21-бабында көзделген құжаттарды ұсынады.

      7. Банктің құрылтай құжаттарының (жарғының және құрылтай шартының) барлық даналарының бірінші бетінде оң жақ жоғарғы бұрышта мынадай айқындама болуы тиіс: "Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігімен келісілді. Төраға (Төрағаның орынбасары) ______________".
      Осы құжаттар уәкілетті органның мөрімен бекітіледі.

      8. Банкті ашуға рұқсат беру туралы өтініш осы Ереженің 3-қосымшасымен белгіленген нысан бойынша құрылтайшылармен беріледі және оны уәкілетті орган өтініш берушінің уәкілетті органмен сұратылған соңғы қосымша ақпаратты немесе құжатты ұсынған күннен бастап үш ай ішінде, бірақ өтініш қабылданған күннен бастап, алты айдан астам емес уақыт ішінде қарайды.

      9. Банкті ашуға рұқсат осы Ереженің 4-қосымшасына сәйкес нысан бойынша беріледі.
      Уәкілетті орган өтініш берушіні қабылдаған шешім туралы жазбаша хабардар етеді. Хабарлама банкті ашуға рұқсат беру туралы өтініште көрсетілген мекен-жай бойынша жіберіледі.

      10. Банкті ашуға рұқсат беруден бас тарту Банктер туралы Заңның  24-бабында көрсетілген негіздер бойынша жасалады.
      Банкті ашуға берілген рұқсат Банктер туралы Заңның 49-бабында көрсетілген негіздемелер бойынша қайтарылып алынады.     

      11. Банкті ашуға рұқсат беру, беруден бас тарту, қайтарып алу туралы шешімді уәкілетті органның Басқармасы қабылдайды.

  3-тарау. Банкті лицензиялаудың жалпы шарттары

      12. Уәкілетті орган банкке осы Ереженің 5-қосымшасымен белгіленген нысан бойынша, банктер жүзеге асыратын банктік және өзге операцияларды жүргізуге лицензияны береді.

      13. Уәкілетті орган банкке осы Ереженің 6-қосымшасына сәйкес нысан бойынша бағалы қағаздар рыногында қызметті жүзеге асыруға, банктік және өзге операцияларды жүргізуге лицензияны береді.

      14. Банкке банктік және өзге операцияларды жүргізуге лицензияны беруден бас тарту Банктер туралы Заңның 27-бабымен , Лицензиялау туралы Заңның 45-бабымен көзделген негіздемелер бойынша жүргізіледі.

      15. Банкке бағалы қағаздар рыногындағы қызметті жүзеге асыру үшін лицензияны беруден бас тарту Лицензиялау туралы Заңның 45-бабымен көзделген негіздемелер бойынша жүргізіледі.

      16. Банк лицензиясын қайта ресімдеу Лицензиялау туралы Заңмен көзделген негіздемелер және тәртіп бойынша жүргізіледі.

      17. Уәкілетті орган лицензиясы жоғалған, бүлінген жағдайда банктің жазбаша өтінішін алған күннен бастап, он жұмыс күні ішінде жаңа нөмірді беру арқылы және лицензияның оң жақ жоғары бұрышында "Дубликат" деген жазуымен лицензияның дубликатын береді.

4-тарау. Банкке банктік және өзге операцияларды жүргізуге лицензияны беру тәртібі және шарттары

      18. Жаңадан құрылған банк уәкілетті органға депозиттерді қабылдау, заңды тұлғалардың банктік шоттарын ашу және жүргізу бойынша операцияны қоспағанда (осы ерекшелік жаңадан құрылған еншілес банкке таралмайды), Банктер туралы Заңның 26-бабының 2-тармағының 2)-11) тармақшаларында көзделген құжаттарды, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Банктер туралы Заңның 30-бабының 2-тармағының 5) және 12) тармақшаларында және 11-тармағының 9) тармақшасында көзделген операцияларды жүргізуге лицензия беру мүмкіндігі жөніндегі, бухгалтерлік есепті және бас бухгалтерлік кітапты автоматтандыруға қойылатын талаптарға жауап беретін автоматтандырылған банктік жүйенің бар болғандығы жөніндегі оң қорытындысын, сондай-ақ банктің бухгалтерлік есепті және бас бухгалтерлік кітапты автоматтандыру бойынша программалық қамтамасыз етуінің сипатын (атауын, әзірлеуші туралы мәліметтерді) қоса беріп, осы Ереженің 7-қосымшасына сәйкес нысан бойынша банктік және өзге операцияларды жүзеге асыруға лицензия беру туралы өтінішін береді.
      Ескерту. 18-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқарамасының 2008.11.28 N 182 Қаулысымен.
      18-1. Депозиттерді қабылдау, жеке тұлғалардың банктік шоттарын ашу және жүргізу бойынша операцияларды жүзеге асыруға лицензия алудың шарты болып жаңадан құрылған банк осы Ереженің 18-тармағына сәйкес банк операцияларын жүргізуге лицензия алған күннен бастап банктің бір күнтізбелік жыл ішінде қызмет етуі табылады.
      Осы тармақтың талаптары жаңадан құрылған еншілес банктерге таралмайды.
      Ескерту. 18-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің 2008.06.30. N 99 Қаулысымен.

      19. Банк банк операцияларының қосымша түрлерін жүргізуге лицензия алу үшін Банктер туралы Заңның 26-бабының 2-1-тармағы талаптарын орындаған кезде лицензияны беру туралы өтінішпен бір уақытта мынаны ұсынады:
      1) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Банктер туралы Заңның 30-бабының 2-тармағының 5) және 12) тармақшаларында және 11-тармағының 9) тармақшасында көзделген операцияларды жүргізуге лицензия беру мүмкіндігі жөніндегі, бухгалтерлік есепті және бас бухгалтерлік кітапты автоматтандыруға қойылатын талаптарға жауап беретін автоматтандырылған банктік жүйенің бар болғандығы жөніндегі оң қорытындысы, сондай-ақ банктің бухгалтерлік есепті және бас бухгалтерлік кітапты автоматтандыру бойынша программалық қамтамасыз етуінің сипатын (атауын, әзірлеуші туралы мәліметтерді);
      2) банк операцияларының қосымша түрлерін жүргізудің жалпы шарттарын айқындайтын құжаттарды;
      3) лицензиялық алымның төленгенін растайтын (төлем тапсырмасы) құжатты.
       Ескерту. 19-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқарамасының 2008.11.28 N 182 Қаулысымен.

      20. Уәкілетті органның банкке банктік және өзге операциялардың қосымша түрлеріне, сондай-ақ бағалы қағаздар рыногындағы қызмет түрлеріне лицензия беру туралы шешім қабылдаған жағдайда, банкке банктік және өзге операциялардың қосымша түрлерін, сондай-ақ бағалы қағаздар рыногындағы қызмет түрлерін енгізумен қатар жаңа лицензия беріледі. Банктің бұрынғы лицензиясы уәкілетті органға қайтарылуға жатады.  

5-тарау. Банкке бағалы қағаздар рыногындағы қызметті жүзеге асыру үшін лицензияны беру тәртібі және шарттары

      21. Лицензия банкке Банктер туралы Заңның 30-бабының 12-тармағында көрсетілген бағалы қағаздар рыногындағы қызметтің бір немесе бірнеше үйлесімді түрлерін жүзеге асыру үшін беріледі.

      22. Банк үшін бағалы қағаздар рыногындағы қызметті жүзеге асыру үшін лицензия алудың шарттары мыналар болып табылады:
      1) уәкілетті орган банктер үшін белгілеген пруденциалдық нормативтерді, өзге сақтауға міндетті нормалар мен лимиттерді бағалы қағаздар рыногындағы қызметті жүзеге асыру үшін лицензия алуға өтініш берген күн алдындағы алты жүйелі күнтізбелік айдан кем емес кезеңде сақтауы;
      2) уәкілетті органның банкке бағалы қағаздар рыногындағы қызметті жүзеге асыру үшін лицензияны алуға өтініш берген күн алдындағы алты жүйелі айдан кем емес кезеңде қолданылған санкциялардың болмауы.
       Ескерту. 22-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқарамасының 2008.11.28 N 182 Қаулысымен.

      23. Бағалы қағаздар рыногындағы қызметті жүзеге асыру үшін уәкілетті органның лицензиясы бар банк үшін бағалы қағаздар рыногында қызметтің қосымша түрін жүзеге асыру үшін лицензияны алу шарттары болып табылады:
      1) уәкілетті органның банктер үшін белгілеген пруденциалдық нормативтерді, өзге сақтауға міндетті нормалар мен лимиттерді бағалы қағаздар рыногында қызметті жүзеге асыруға лицензия алуға өтініш берген күн алдындағы алты жүйелі күнтізбелік айдан кем емес кезеңде сақтауы;
      2) уәкілетті органның бағалы қағаздар рыногында қызметті жүзеге асыратын заңды тұлғалар үшін белгілеген пруденциалдық нормативтерді лицензия беру туралы өтініш берген күн алдындағы алты жүйелі күнтізбелік айдан кем емес кезеңде сақтауы және лицензия алуға өтініш берген күн алдындағы алты жүйелі ай ішінде банкке қатысты санкцияның болмауы.
       Ескерту. 23-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқарамасының 2008.11.28 N 182 Қаулысымен.

      24. Бағалы қағаздар рыногында қызметті жүзеге асыруға лицензия алу үшін банк уәкілетті органға ұсынады:
      1) осы Ереженің 8-қосымшасына сәйкес нысан бойынша лицензияны беру туралы өтініш;
      2) лицензияны беруге лицензиялық алымның бюджетке төленгенін растайтын құжат;
      3) директорлар кеңесі бекіткен және "Бағалы қағаздар рыногы туралы" Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 2 шілдедегі Заңының 48-бабының 1-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген мәліметтері бар алдағы үш жылға жасалған бизнес-жоспар ;
      4) бағалы қағаздар рыногындағы қызметті жүзеге асыруға қатысатын банк филиалдарының тізімі (осындайлар болған кезде);
      5) банктің қызметкерлерінің фамилиясын, атын және болса, әкесінің атын, атқарып отырған лауазымдарын көрсете отырып, штаттық кестесінің көшірмесі;
      6) бағалы қағаздар рыногындағы қызметті жүзеге асыру бойынша міндет жүктелген құрылымдық бөлімшелер ("Бағалы қағаздар рыногы туралы" Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 2 шілдедегі Заңының талаптарына сәйкес келетін) туралы ереже;
      7) банкте программалық-техникалық құралдардың және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бағалы қағаздар нарығында қызметті жүзеге асыру үшін қажетті өзге жабдықтардың бар болғандығын растайтын мына құжаттардың көшірмесі:
      жабдықтарды жеткізуге шарттың;
      жабдықты қабылдау-өткізу актісінің;
      лицензиялардың санын көрсетіп, программалық қамтамасыз етуді әзірлеуге және (немесе) жеткізуге шарттың;
      программалық қамтамасыз етуді қабылдау-өткізу актісінің;
      қорғау мен қауіпсіздікті ұйымдастыру бойынша құжаттардың (ақпаратты резервтеу тәртібін сипаттау, деректерге қол жетімділікті бөлу механизмін сипаттау, қайта қалпына келтіру жоспары, ішкі бақылау механизмі).
      Банк программалық өнімді дербес әзірлеген не өтініш берушіге программалық өнімді басқа тұлға ақысыз берген жағдайда, осы тармақтың екінші-бесінші абзацтарында көрсетілген құжаттар берілмейді.
      Берілген құжаттарда сонымен қоса мына ақпарат көрсетіледі: қолданылып жүрген программалық қамтамасыз етудің, версияның атауы, лицензия бар болғандығы туралы мәліметтер.
      Құжаттардың көшірмелері банктің бірінші басшысының қолымен және банк мөрінің таңбасымен расталады.
       Ескерту. 24-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқарамасының 2008.11.28 N 182 Қаулысымен.

      25. Кастодиандық қызметті жүзеге асыруға лицензияны алудың шарты уәкілетті органның сейфтік операцияларды жүзеге асыруға лицензиясының болуы болып табылады.

      26. Банк осы Ереженің 22-25-тармақтарында көзделген шарттарды орындамаған жағдайда, уәкілетті орган лицензия алу үшін ұсынылған құжаттарды қарамастан қайтарады.

6-тарау. Банкке банктік және өзге операциялардың барлық және жекелеген түрлерін, сондай-ақ бағалы қағаздар рыногындағы қызметтің барлық және жекелеген түрлерін жүргізуге
берілген лицензияны тоқтата тұру не қайтарып алу

      27. Банк лицензиясын тоқтата тұру не айыру Қазақстан Республикасы заңнамалық актілерімен көзделген негіздемелер бойынша жүргізіледі.

      28. Уәкілетті органның лицензияны тоқтата тұру не айыру туралы шешімі банкке орындау үшін жіберіледі.

      29. Лицензиясы тоқтатылған банк ай сайын әрбір айдың оныншы күнінен кешіктірмей (лицензияның қолданысы жаңартылған не лицензия тоқтатылған мерзім аяқталған күнге дейін) уәкілетті органды анықталған жөнсіздіктерді жою бойынша банк жүргізген іс-шаралар туралы хабарлайды.

      30. Банктің жекелеген банктік және өзге операцияларды жүргізуге және (немесе) бағалы қағаздар рыногындағы қызмет түрлерін жүзеге асыруға (оның ішінде лицензиядан жекелеген операциялар және (немесе) қызмет түрлерін лицензиядан алып тастау) берілген лицензияны ерікті қайтаруы банктің осы операциялар немесе қызмет түрлері бойынша барлық міндеттемелерді орындағаннан кейін ғана банктің өтініші негізінде жүзеге асырылуы мүмкін.
      Лицензияны ерікті түрде қайтару туралы ақпаратты банк оны уәкілетті органға қайтарған күнге дейін алпыс күнтізбелік күннен кешіктірмей республикалық бұқаралық ақпарат құралдарында жариялайды. Банк уәкілетті органға лицензияны ерікті қайтарған кезде бір уақытта өтінішпен бірге осы тармақта көрсетілген іс-шаралардың орындалғанын растайтын хатпен ұсынады.

7-тарау. Қорытынды ережелер

      31. Уәкілетті орган осы Ережеде көзделген тазартылып өшірілген не қосып жазылған, сөздері сызылған құжаттарды қарауға қабылдамайды.

      32. Осы Ережеде реттелмеген мәселелер Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіппен шешіледі.

                                 Банкті ашуға рұқсат беру, сондай-ақ
                                   банктер бағалы қағаздар рыногында
                                   жүзеге асыратын қызметті, банктік
                                 және өзге операцияларды лицензиялау
                                      ережесінің 1-қосымшасы

Құрылтайшы - заңды тұлға туралы мәліметтер

________________________  200__  жылғы "____" ________________
    (банктің атауы)

1. Құрылтайшы
_______________________________________________________________
_______________________________________________________________
                         (заңды тұлғаның атауы)
2. Мекен-жайы
_______________________________________________________________
_______________________________________________________________
         (пошта индексі, қала, көше, байланыс телефоны)
3. Мемлекеттік тіркеу
_______________________________________________________________
_______________________________________________________________
            (құжаттың атауы, нөмірі, күні, кім берді)
4. Қызметтің түрі
_______________________________________________________________
_______________________________________________________________
      (негізгі жүзеге асыратын қызмет түрлерін көрсету)
5. Қазақстан Республикасының резиденті, Қазақстан
Республикасының резиденті емес (керегінің асты сызылсын)
6. Заңды тұлғаның - құрылтайшының басшысы
_______________________________________________________________
_______________________________________________________________
    (фамилиясы, аты, бар болса - әкесінің аты, туған күні)
Білімі_________________________________________________
_______________________________________________________________
_______________________________________________________________
                  (оқу орны, бітірген жылы, мамандығы)
      Еңбек қызметі туралы қысқаша резюме _____________________
_______________________________________________________________
_______________________________________________________________
          (орны, лауазымы, жұмыс істеген кезеңі).
7. Соңғы үш күнтізбелік жылда заңды тұлғада - құрылтайшыда ірі қаржы
проблемалар, оның ішінде банкротқа ұшырау, консервация, санация болды ма:
_______________________________________________________________
_______________________________________________________________
_______________________________________________________________
                  (олардың туындау себептері)
_______________________________________________________________
_______________________________________________________________
               (бұл проблемаларды шешу қорытындысы)
8. Банк құрылтайшысы - заңды тұлға жарғылық капиталға қатысу
үлесінің он немесе одан да көп пайызына тұра және (немесе) жанама
иеленген немесе ірі акционері болып табылатын ұйымдарды көрсетіңіз:
1) ұйымның атауы, орналасқан жері және мемлекеттік тіркеу туралы
деректер:
_______________________________________________________________
_______________________________________________________________
2) Ұйым жүзеге асыратын қызметтің түрі
_______________________________________________________________
_______________________________________________________________
3) осы заңды тұлғаның жарғылық капиталына қатысуы
______________________________________________________________
_______________________________________________________________

Ұйым басшысының
қолы             _____________        күні ______________
Мөрдің орны

                                 Банкті ашуға рұқсат беру, сондай-ақ
                                   банктер бағалы қағаздар рыногында
                                   жүзеге асыратын қызметті, банктік
                                 және өзге операцияларды лицензиялау
                                      ережесінің 2-қосымшасы

                                             Фото (3 х 4 сантиметр)

               Құрылтайшы - жеке тұлға туралы мәліметтер

________________________ 200__ жылғы "____" ________________    
     (банктің атауы)

1. Құрылтайшы
_____________________________________________________________
_____________________________________________________________
       (фамилиясы, аты, бар болса - әкесінің аты)
2. Туған күні
_____________________________________________________________
3. Туған жері
_____________________________________________________________
4. Азаматтығы
_____________________________________________________________
5. Жеке тұлғасын куәландыратын құжаттың деректері
_____________________________________________________________
_____________________________________________________________
6. Тұрғылықты жері
_____________________________________________________________
_____________________________________________________________
7. Жұмыс орны, лауазымы
_____________________________________________________________
8. Телефон нөмірі (қаланың коды, жұмыстың және үйдің)
_____________________________________________________________
9. Білімі
_____________________________________________________________
_____________________________________________________________
               (оқу орны, бітірген жылы, мамандығы)
10. Еңбек қызметі туралы қысқаша резюме
_____________________________________________________________
_____________________________________________________________
_____________________________________________________________
          (жұмыс орны, лауазымы, жұмыс істеген кезеңі)

Қолы _____________        күні ______________

                                 Банкті ашуға рұқсат беру, сондай-ақ
                                   банктер бағалы қағаздар рыногында
                                   жүзеге асыратын қызметті, банктік
                                 және өзге операцияларды лицензиялау
                                       ережесінің 3-қосымшасы

                  Банкті ашуға рұқсат беру туралы
                              өтініш
_________________________________________________________________
   (өтініш берушінің фамилиясы, аты, бар болса - әкесінің аты)
_________________________________________________________________
(осы өтінішті құрылтайшылар атынан беруге өкілеттігін куәландыратын
нотариатта немесе басқадай расталған құжатқа сілтеме)
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
(өтініш берушінің жұмыс орны мен оның лауазымы, тұрғылықты жері,
                      заңды мекен-жайы)

Құрылтай жиналысының ______жылғы "___"____________ N ____ шешіміне
(хаттамасына) сәйкес
_____________________________________________________________
        (құрылатын банктің толық атауы мен орналасқан жері)
_____________________________________________________________
                   ашуға рұқсат беруді сұрайды.

      Құрылтайшы (құрылтайшылар) өтінішке қоса берілген құжаттардың
шынайылығына, сондай-ақ уәкілетті органға осы өтініштің қаралуына
байланысты сұратылған ақпаратты уақтылы ұсынуға толық жауап береді.
      Қосымша (жіберілген құжаттардың тізбесі, даналар саны және
әрқайсысының парақтар саны):
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
_________________________________
(өтініш берушінің қолы, күні)

                                 Банкті ашуға рұқсат беру, сондай-ақ
                                   банктер бағалы қағаздар рыногында
                                   жүзеге асыратын қызметті, банктік
                                 және өзге операцияларды лицензиялау
                                      ережесінің 4-қосымшасы

              (уәкілетті органның Қазақстан Республикасының
             мемлекеттік елтаңбасы бар бланкісінде басылады)

                            Банкті ашуға

                            N ___  рұқсат

      Осы рұқсат
__________________________________________________________________
                        (банктің толық атауы)
ашуға берілді.
      Банкті ашуға рұқсат әділет органдарына құрылтайшы құжаттармен
қоса берілуге тиіс және уәкілетті орган банкке банктік операцияларды
жүзеге асыруға лицензия беру туралы шешім қабылдағанға дейін заңды
күші бар.

      Төраға (төрағаның орынбасары)
______________________             ____жылғы "__"_________
Мөрдің орны

                                 Банкті ашуға рұқсат беру, сондай-ақ
                                   банктер бағалы қағаздар рыногында
                                   жүзеге асыратын қызметті, банктік
                                 және өзге операцияларды лицензиялау
                                      ережесінің 5-қосымшасы

                     Қазақстан Республикасының
                             елтаңбасы

                   Уәкілетті органның толық атауы

               Банктік және өзге операцияларды жүргізуге
                              Лицензия

Лицензияның нөмірі_______  Берілген күні____ жылғы "__" _________
_______________________________________________________________
                     банктің толық атауы

Осы лицензия операциялардың мынадай түрлерін жүргізуге құқық береді:
банктік операцияларды (ұлттық және/немесе шетел валютада):
_______________________________________________________________
_____________________________________________________________
_____________________________________________________________
өзге операцияларды:
_______________________________________________________________
_____________________________________________________________
_____________________________________________________________
Төраға (Төраға орынбасары)
Мөрдің орны
Алматы қаласы

                                 Банкті ашуға рұқсат беру, сондай-ақ
                                   банктер бағалы қағаздар рыногында
                                   жүзеге асыратын қызметті, банктік
                                 және өзге операцияларды лицензиялау
                                      ережесінің 6-қосымшасы

                     Қазақстан Республикасының
                             елтаңбасы

                  Уәкілетті органның толық атауы

                    Бағалы қағаздар рыногында
            банктік және өзге операцияларды жүргізуге
                             Лицензия

Лицензияның нөмірі _______ Берілген күні ____жылғы "___"___________
__________________________________________________________________
                       банктің толық атауы
Осы лицензия мыналарды жүзеге асыруға құқық береді:
1. Банктік операцияларды (ұлттық және/немесе шетел валютада):
________________________________________________________________

2. Бағалы қағаздар рыногында қызметті жүзеге асыруға:
________________________________________________________________
________________________________________________________________
________________________________________________________________
________________________________________________________________
Бірінші рет алған лицензия туралы деректер:
банктік және өзге операцияларды жүргізуге ______________________
______________________________________________________________
  (нөмірі, күні, лицензия берген мемлекеттік органның атауы)
бағалы қағаздар рыногында қызметті жүзеге асыруға: _____________
______________________________________________________________
  (нөмірі, күні, лицензия берген мемлекеттік органның атауы)

Төраға (Төрағаның орынбасары)
Мөрдің орны
Алматы қаласы     

                                 Банкті ашуға рұқсат беру, сондай-ақ
                                   банктер бағалы қағаздар рыногында
                                   жүзеге асыратын қызметті, банктік
                                 және өзге операцияларды лицензиялау
                                       ережесінің 7-қосымшасы

___________________________________________________________
            (уәкілетті органның толық атауы)
___________________________________________________________
                  (банктің толық атауы)

                              Өтініш

      Банк операцияларын (валюта түрін көрсету - ұлттық және
(немесе) шетел):
_____________________________________________________________
_____________________________________________________________
өзге операцияларды:
_____________________________________________________________
_____________________________________________________________
жүзеге асыруға лицензия беруіңізді сұраймын
Банк туралы мәліметтер:
1. Атауы, орналасқан жері
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
       (индекс, қала, аудан, облыс, көше, үйдің нөмірі)
___________________________________________________________
                  (телефон, факс)
2. Бірінші рет алған лицензия туралы деректер:
банктік және өзге операцияларды жүргізуге_____________________
______________________________________________________________
  (нөмірі, күні, лицензия берген мемлекеттік органның атауы)
3. Жіберген құжаттардың даналар саны және әр қайсысы бойынша
парақтар саны:
___________________________________________________________
___________________________________________________________
Банк және құрылтайшылар (акционерлер) өтінішке қоса берілген
құжаттардың (ақпараттың) шынайылығына толық жауапты болады.
Өтінішті беруге өкілетті тұлғаның фамилиясы, аты, бар болса -
әкесінің аты, лауазымы
_____________________________________________________________
_____________________________________________________________
                                                  (қолы)
200__жылғы "___" _____________
Мөрдің орны

                                 Банкті ашуға рұқсат беру, сондай-ақ
                                   банктер бағалы қағаздар рыногында
                                   жүзеге асыратын қызметті, банктік
                                 және өзге операцияларды лицензиялау
                                       ережесінің 8-қосымшасы

    __________________________________________________________
                 (уәкілетті органның толық атауы)
   __________________________________________________________
                     (банктің толық атауы)

                             ӨТІНІШ

      Бағалы қағаздар рыногында қызметті жүзеге асыруға лицензия
беруіңізді сұраймын:
_____________________________________________________________
_____________________________________________________________
_____________________________________________________________
Банк туралы мәліметтер:
1. Атауы, орналасқан жері
_____________________________________________________________
_____________________________________________________________
   (индекс, қала, аудан, облыс, көше, үйдің нөмірі)
___________________________________________________________
                 (телефон, факс)
2.  Бірінші рет алынған лицензия туралы деректер:
Бағалы қағаздар рыногында қызметтерді жүзеге асыруға: ________
__________________________________________________________
(нөмірі, күні, лицензия берген мемлекеттік органның атауы)
3. Жіберілген құжаттардың тізбесі, даналар саны мен әрқайсысы
бойынша парақтар саны:
___________________________________________________________
___________________________________________________________
Банк және акционерлер өтінішке қоса берілген құжаттардың
(ақпараттың) шынайылығына толық жауапты болады.
Өтініш беруге өкілетті тұлғаның фамилиясы, аты, бар болса - әкесінің
аты, лауазымы
_____________________________________________________________
_____________________________________________________________
                                                  (қолы)    

200__жылғы "___" __________
Мөрдің орны