Эмитенттерге және қор биржасында айналысқа жіберілетін (жіберілген) олардың бағалы қағаздарына, сондай-ақ қор биржасының тізіміндегі жеке санаттарға қойылатын талаптар туралы

Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2007 жылғы 30 наурыздағы N 73 Қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 4664 болып енгізілді.

Қолданыстағы

      "Бағалы қағаздар рыногы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының  89-бабының  1-тармағына сәйкес, сонымен қатар Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар рыногын әрі қарай дамыту мақсатында Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің (бұдан әрі - Агенттік) Басқармасы  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Осы қаулының мақсаты үшін мынадай ұғымдар пайдаланылатын болып белгіленсін:

      1) арнаулы кәсіпорын - қызметінің бірден-бір түрі өзінің жалғыз құрылтайшысының (қатысушысының, акционерінің) - осы және басқа мемлекеттің заңды тұлғасының кепілімен облигацияларды шығару және орналастыру болып табылатын қандай да бір мемлекеттің заңды тұлғасы;

      2) қаржылық емес ұйым - қаржылық ұйым болып табылмайтын ұйым ("Қаржы рыногы мен қаржылық ұйымдарды мемлекеттiк реттеу және қадағалау туралы" Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 4 шілдедегі  заңымен  айқындалғандай);

      3) қор биржасының ресми тізімі (ресми тізім) - мемлекеттік емес эмиссиялық бағалы қағаздар мен осы бағалы қағаздардың эмитенттері оған енгізілгенде және онда болғанда листинг талаптарына сәйкес келетін қор биржасы тізімінің бір бөлігі;

      4) листинг компаниясы - бағалы қағаздары ресми тізімге енгізілген заңды тұлға;

      5) листинг талаптары - мемлекеттік емес эмиссиялық бағалы қағаздар мен олардың эмитенттерінің осы бағалы қағаздардың қор биржасының ресми тізіміне енгізілуін және онда болуы үшін сақталуын қажет ететін талаптар;

      6) маркет-мейкер - қор биржасы маркет-мейкер ретінде таныған және қор биржасының ішкі құжаттарына сәйкес бағалы қағаздар бойынша баға белгілеуді тұрақты хабарлауға және қолдап отыруға өзіне міндеттеме қабылдаған қор биржасының мүшесі;

      7) рұқсат беру бастамашысы - қор биржасында соның бастамасымен бағалы қағаздар айналысқа жіберілетін ұйым;

      8) сауда алаңы - қор биржасында айналысқа жіберілген қаржы құралдарының жекелеген түрлерімен олар арқылы мәмілелер жасалатын қор биржасының бағдарламалық - техникалық кешенінің бөлігі.

      2. Қор биржасының тізімі жеке санаттарға және қосалқы санаттарға бөлінуі мүмкін. Егер қор биржасының тізімінде ресми тізім бөлінген болса, онда оған бағалы қағаздарды қосу және онда оларды қор биржасының ішкі құжаттарымен қолдау үшін санаттар және санатшалар бойынша ажыратылуы мүмкін листинг талаптары белгіленеді (егер ресми тізім жеке санаттарға және санатшаларға бөлінсе). Сонымен бірге листинг талаптары эмитенттер қызметінің ерекшелігіне байланысты дифференциялануы мүмкін.
      Ресми тізімге Қазақстан Республикасы мен басқа мемлекеттердің заңнамасына сәйкес шығарылған мемлекеттік емес эмиссиялық бағалы қағаздар ғана, оның ішінде Қазақстан Республикасынан басқа мемлекеттердің заңнамасына сәйкес шығарылған базалық активі мемлекеттік емес эмиссиялық бағалы қағаздар болып табылатын туынды бағалы қағаздар (қаржы құралдары) енеді.

      3. Қазақстан Республикасының заңды тұлғасы - ұйымының мемлекеттік емес эмиссиялық бағалы қағаздарын (инфрақұрылымдық облигацияларды, жылжымалы мүлік қорларының акцияларын және инвестициялық пай қорларының пайларын қоспағанда) қор биржасының ресми тізіміне листингтің ең жоғары санаты және ондағы олардың болуы бойынша енгізу үшін осы бағалы қағаздар және олардың эмитенттері енгізілген мынадай листинг талаптарына сәйкес келуі тиіс:

      1) эмитент акционерлік қоғамның және жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің ұйымдастыру-құқықтық нысанында қызмет етеді;

      2) эмитенттің мемлекеттік тіркелуі оның бағалы қағаздарын  ресми тізімге қосу туралы өтініш бергенге дейін (қор биржасының ішкі құжаттарына сәйкес ұйымның (ұйымдардың) жүзеге асыру мерзімі үшін сынақ жасауы мүмкін, қайта ұйымдастыру нәтижесінде эмитент құрылғанда, сондай-ақ жалғыз қатысушысы (акционер) мемлекет болып табылған жағдайдағы эмитенттер үшін аз мерзім белгіленгенде) 3 жылдан кем емес уақытта жүзеге асырылды;

      3) эмитент  қаржылық есеп беруді халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына сәйкес жасайды;

      4) эмитенттің меншікті капиталы оның жарғылық капиталынан кем болмауы керек және соңғы  аяқталған қаржылық жылға немесе соңғы аяқталған тоқсанға аудиторлық есеппен расталған оның қаржылық есептілігіне сәйкес тиісті жылдың мемлекеттік бюджеті туралы Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген айлық есептік көрсеткіштің 1.200.000 еселік мөлшерінен кем еместі құрайды (бұдан әрі - айлық есептік көрсеткіш);

      5) эмитенттің аудиторлық есеппен (аудиторлық есептермен) расталған қаржылық есептілігіне сәйкес соңғы аяқталған қаржы жылының немесе соңғы аяқталған үш қаржы жылының кез келген екеуінде таза кірістің болуы;

      6) эмитенттің қаржылық есебінің аудитін тізбесі қор биржасының ішкі құжатында белгіленген аудиторлық ұйымның бірі жүргізеді;

      7) бағалы қағаздарды ресми тізімге енгізген күні және сонда болған кезде эмитентте мөлшері жиынтығында эмитент активтері мөлшерінің 10 пайызынан асатын эмитенттің басқа міндеттемелері және/немесе олардың шығарған бағалы қағаздары бойынша міндеттемелерді орындамау немесе уақтылы орындамау жағдайы болған жоқ;

      8) эмитенттің құрылтай құжаттарында және/немесе бағалы қағаздарды шығару проспектісінде бағалы қағаздардың меншік иелерінің оны беру (иеліктен шығару) құқықтарына нұқсан келтіретін немесе шектейтін нормалар болмайды;

      9) Акционерлік қоғамдарға қатысты - Эмитенттер кеңесінің 2005 жылғы 21 ақпандағы мәжілісінде мақұлданған, Корпоративтік басқару кодексінің ережелері бар, заңнамада белгіленген тәртіпте эмитент акционерлерінің жалпы жиналысында бекітілген, корпоративтік басқару кодексінің болуы;

      10) қор биржасы мүшелерінің бірі ресми тізімге бағалы қағаздарды енгізу туралы мәселені қарағанға дейін осы бағалы қағаздар бойынша оған маркет-мейкер статусын беру туралы өтініш берді, ал осы бағалы қағаздар ресми тізімде болған уақытта оның маркет-мейкері бар;

      11) қаржылық ұйымдарға қатысты - эмитенттің аудиторлық есеппен расталған соңғы аяқталған қаржылық жыл немесе соңғы аяқталған тоқсан бойынша қаржылық есептілігіне сәйкес оның активтерінің көлемі айлық есептік көрсеткіштің 5.000.000 еселік мөлшерінен кем еместі құрайды;

      12) қаржылық емес ұйымдарға қатысты - эмитенттің аудиторлық есеппен расталған қаржылық есептілігіне сәйкес соңғы қаржылық жылға негізгі қызмет бойынша оны сату көлемі айлық есептік көрсеткіштің 1.200.000. еселік мөлшерінен кем еместі құрайды.

      4. Инфрақұрылымдық облигацияларды қор биржасының ресми тізіміне листингтің ең жоғарғы санаты бойынша және олардың онда болуы бойынша енгізу үшін осы облигациялар және олардың эмитенті осы қаулының 3-тармағының 6), 8), 9) және 10) тармақшасында белгіленген листингтік талаптарға сәйкес келуі тиіс.

      5. Қазақстан Республикасы заңды тұлғасы - жылжымайтын мүлік қорының акцияларын листингтің ең жоғарғы санаты бойынша қор биржасының  ресми тізіміне енгізу және олардың онда болуы үшін осы акциялар және олардың эмитенті осы қаулының 3-тармағының 1), 3), 6), 7), 8), 9), 10) тармақшасында белгіленген листингтік талаптарға, сондай-ақ мынадай листингтік талаптарға сәйкес келуі тиіс:

      1) эмитенттің мемлекеттік тіркелуі оның акцияларының ресми тізімге қосылу туралы өтініш бергенге дейін бір жылдан кем емес уақытта жүзеге асырылған;

      2) эмитенттің соңғы аяқталған жылға немесе тоқсанға аудиторлық есеппен расталған қаржылық есептілігіне сәйкес оның таза активтерінің құны айлық есептік көрсеткіштің 1.200.000 еселік мөлшерінен кем болмайды.

      6. Облигациялық бағдарлама шеңберінде шығарылатын облигацияларды қор биржасының ресми тізіміне енгізу және олардың онда болуы үшін, осы облигациялар мен олардың эмитенті осы қаулының 3-тармағымен белгіленген листингтік талаптарға сәйкес болуы тиіс.

      7. Басқарушы компаниясы Қазақстан Республикасының заңды тұлғасы болып табылатын, инвестициялық пай қорының пайларын листингтің ең жоғарғы санаты бойынша қор биржасының ресми тізіміне енгізу және олардың онда болуы үшін осы пайлар, осы инвестициялық пай қоры және оны басқарушы компания мынадай листингтік талаптарға сәйкес келуі тиіс:

      1) инвестициялық қорлар туралы Қазақстан Республикасы заңнамасына сәйкес пайларды қор биржасының сауда алаңында орналастыруына және айналысқа түсуіне рұқсат берілуі тиіс;

      2) инвестициялық пай қорының басқарушы компаниясын мемлекеттік тіркеу ресми тізімге пайларды енгізу туралы өтініш бергенге дейінгі үш жылдан кем емес уақыт ішінде жүзеге асырылған (қор биржасының ішкі құжаттарына сәйкес қайта құрылу нәтижесінде басқарушы компания құрылған ұйымның (ұйымдардың) қызмет ету мерзімі есепке алынуы мүмкін);

      3) пайлар шығарылымын мемлекеттік тіркеу оларды ресми тізімге енгізу туралы өтініш бергенге дейін бір жылдан кем емес уақытта жүзеге асырылған;

      4) инвестициялық пай қорының басқарушы компаниясының меншікті капиталы оның жарғылық капиталынан кем болмауы тиіс және оның соңғы аяқталған қаржылық жылға немесе соңғы аяқталған тоқсанға  аудиторлық есеппен расталған қаржылық есептілігіне сәйкес айлық есептік көрсеткіштің 100.000 еселік мөлшерінен кем еместі құрайды;

      5) инвестициялық пай қорының басқарушы компаниясының қаржылық есептілігінің аудитін қор биржасы мойындайтын аудиторлық ұйымның тізбесіне енетін аудиторлық ұйымның бірі жүргізеді;

      6) инвестициялық пай қорының барлық қызмет атқарған мерзімі ішінде оның басқарушы компаниясының пай ұстаушылары алдындағы міндеттемелерді орындамау немесе уақытында орындамау жағдайлары болған емес;

      7) Эмитенттер кеңесінің 2005 жылғы 21 ақпандағы мәжілісінде мақұлданған, Корпоративтік басқару кодексінің ережелері бар, заңнамада белгіленген тәртіпте басқарушы компания акционерлерінің жалпы жиналысымен бекітілген инвестициялық пай қорының басқарушы компаниясында корпоративтік басқару кодексінің болуы;

      8) қор биржасы мүшелерінің бірі ресми тізімге пайларды енгізу туралы мәселені қарағанға дейін осы пайлар бойынша оған маркет-мейкер статусын беру туралы өтініш береді, ал осы пайлар ресми тізімде болған уақытта оның маркет-мейкері болады;

      9) инвестициялық пай қорының басқарушы компаниясының аудиторлық есеппен расталған есептілігіне сәйкес соңғы аяқталған қаржылық жылға немесе соңғы аяқталған тоқсанға инвестициялық пай қорының таза активтерінің құны айлық есептік көрсеткіштің 500.000 еселік мөлшерінен кем болмайды.

      10) пай ұстаушыларының саны 30 кем еместі құрайды, ал пайлардың бір ұстаушысына тиесілі пайлардың жиынтық есептеу құны барлық пайлардың таза активтері құнының 30 пайызынан кем еместі құрайды, пайлардың кез келген бес ұстаушысына тиесілі пайлардың жиынтық есептеу құны барлық пайлардың таза активтерінің 50 пайызынан астам еместі құрайды;

      11) инвестициялық пай қоры активтерінің 80 пайызынан кем емесі жиынтығында мыналарды құрайды:

      эмитенттері Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі және Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі болып табылатын Қазақстан Республикасының мемлекеттік бағалы қағаздары (оның ішінде басқа мемлекеттердің заңнамасына сәйкес шығарылған);

      Қазақстан Республикасы толық, даусыз және қайтарымсыз мемлекеттік кепілдікпен шығарылған мемлекеттік емес эмиссиялық бағалы қағаздар;

      акциялары листингтің ең жоғарғы санаты бойынша қор биржасының ресми тізіміндегі Қазақстан Республикасы банктеріндегі салымдар;

      листингтің ең жоғарғы санаты бойынша қор биржасының ресми тізіміндегі Қазақстан Республикасының заңды тұлғалары - ұйымдардың мемлекеттік емес эмиссиялық бағалы қағаздары (осындай бағалы қағаздарға осы эмитенттің (қатысушы, акционері) бірден-бір құрылтайшысы болып табылатын Қазақстан Республикасының заңды тұлғасы ұйымының кепілдігімен шығарылған шетелдік заңды тұлға - ұйымының мемлекеттік емес эмиссиялық бағалы қағаздары теңестіріледі) және осы бағалы қағаздар базалық актив болып табылатын депозитарлық қолхаттар;

      тәуелсіз ұзақ мерзімді кредиттік рейтинг бағасы "ВВВ-" (Standard & Poor`s және Fitch рейтингтік агенттіктерінің жіктеуі бойынша) немесе "ВааЗ" (Moody`s рейтингтік агенттіктің жіктеуі бойынша) төмен емес Қазақстан Республикасынан басқа мемлекеттердің мемлекеттік бағалы қағаздары;

      шетел валютасында "ВВВ-" (Standard & Poor's немесе Fitch рейтингтік агенттіктерінің жіктеуі бойынша) немесе "Ваа3" (Moody's рейтингтік агенттіктің жіктеуі бойынша) төмен емес ұзақ мерзімді кредиттік рейтинг бағасы бар шетел заңды тұлғалардың акциялары және осы қаулының 20- тармағының 1) және 2) тармақшаларының талаптарына сәйкес келетін акциялар;

      Осы тармақшаның жетінші абзацында көрсетілген акциялар базалық актив болып табылатын депозитарлық қолхаттар;

      "ВВВ-" (Standard & Poor's немесе Fitch рейтингтік агенттіктерінің жіктеуі бойынша) немесе "Ваа3" (Moody's рейтингтік агенттіктің жіктеуі бойынша) төмен емес рейтингтік бағасы бар шетелдік заңды тұлғалардың облигациялары;

      12) қызметінің соңғы 12 күнтізбелік айы ішінде инвестициялық пай қоры пайларының кірістілігінің динамикасы оң болып табылады (пайлары листингтік ең жоғарғы санаты бойынша қор биржасының ресми тізімінде бар инвестициялық пай қорларының үштен бір бөлігінен көп қорлардың бір есепті күнде осы пайлардың теріс динамикасы болған жағдайды қоспағанда).

     Бір қаржылық жыл ішінде тоқсанында бір реттен артық емес пайлар кірістілігінің теріс динамикасына жол беріледі.

      8. Қазақстан Республикасының заңды тұлғасы - ұйымының мемлекеттік емес эмиссиялық бағалы қағаздарын (жылжымайтын мүлік қорларының акцияларын және инвестициялық пай қорының пайларын қоспағанда) қор биржасының ресми тізіміне листингінің ең жоғарғы санатынан кейінгі санаты бойынша енгізу және онда олардың болуы үшін осы бағалы қағаздар және олардың эмитенті мынадай листингтік талаптарға сәйкес келуі тиіс:

      1) эмитентті мемлекеттік тіркеу оның бағалы қағаздарын ресми тізімге енгізу туралы өтініш бергенге дейінгі бір жылдан кем емес уақыт ішінде жүзеге асырылған (қор биржасының ішкі құжаттарына сәйкес қайта құрылу нәтижесінде эмитент құрылған ұйымның (ұйымдардың) қызмет ету мерзімі есепке алынуы мүмкін);

      2) эмитенттің меншікті капиталы оның жарғылық капиталынан кем болмауы керек және оның соңғы  аяқталған қаржылық жылға немесе соңғы аяқталған тоқсанға аудиторлық есеппен расталған қаржылық есептілігіне сәйкес айлық есептік көрсеткіштің 200.000 еселік мөлшерінен кем еместі құрайды;

      3) эмитенттің жылдық қаржылық есептілігі аудитінің, және - осы тармақтың 2) және 6) тармақшасында көзделген жағдайларда - эмитенттің  тоқсандық қаржылық есептілігі аудитінің болуы;

      4) эмитенттің құрылтай құжаттарында және/немесе бағалы қағаздар шығарылымы проспектісінде бағалы қағаздар меншік иелерінің оны беру (шеттету) құқықтарына нұқсан келтіретін немесе шектейтін нормалар болмайды;

      5) акционерлік қоғамдарға қатысты - Эмитенттер кеңесінің 2005 жылғы 21 ақпандағы мәжілісінде мақұлданған, Корпоративтік басқару кодексінің ережелері бар, заңнамада белгіленген тәртіпте эмитент акционерлерінің жалпы жиналысымен бекітілген корпоративтік басқару кодексінің болуы;

      6) қаржы ұйымдарға қатысты - эмитенттің аудиторлық есеппен расталған қаржылық есептілігіне сәйкес соңғы аяқталған қаржылық жылға немесе соңғы аяқталған тоқсанға оның активтерінің көлемі айлық есептік көрсеткіштің 1.000.000 еселік мөлшерінен кем еместі құрайды;

      7) қаржылық емес ұйымдарға қатысты - эмитенттің аудиторлық есеппен расталған қаржылық есептілігіне сәйкес соңғы қаржылық жылға негізгі қызметтен оның сатылу көлемі айлық есептік көрсеткіштің 50.000 еселік мөлшерінен кем еместі құрайды;

      8) бағалы қағаздарды ресми тізімге енгізу барысында соңғы аяқталған қаржы жылына таза кірістің болуы қажет;

      ресми тізімде бағалы қағаздар болған кезде соңғы аяқталған қаржылық үш жылының кез келген біреуіне эмитенттің аудиторлық есеппен (аудиторлық есептермен) расталған қаржылық есептілігіне  сәйкес таза кірістің болу қажеттілігі;

      9. Қазақстан Республикасының заңды тұлғасы - жылжымайтын мүлік қорының акцияларын қор биржасының ресми тізіміне листингтің ең жоғарғы санатынан кейінгі санаты бойынша енгізу үшін және онда олар болу үшін осы акциялар және олардың эмитенті осы қаулының 8-тармағының 3), 4), 5) тармақшасымен белгіленген листингтік талаптарға, сондай-ақ мынадай листингтік талаптарға сәйкес келуі тиіс:
      эмитенттің аудиторлық есеппен расталған қаржылық есептілігіне сәйкес соңғы аяқталған тоқсанға оның таза активтерінің құны айлық есептік көрсеткіштің 200.000  еселік мөлшерінен кем еместі құрайды.

      10. Басқарушы компаниясы Қазақстан Республикасының заңды тұлғасы болып табылатын, инвестициялық пай қорының пайларын қор биржасының ресми тізіміне листингтің ең жоғарғы санатынан кейінгі санаты бойынша енгізу және олардың онда болуы үшін осы пайлар, осы инвестициялық пай қоры және оны басқарушы компания мынадай листингтік талаптарға сәйкес келуі тиіс:

      1) инвестициялық қорлар туралы Қазақстан Республикасы заңнамасына сәйкес пайларды қор биржасының сауда алаңында орналастыруға және айналысқа шығаруға рұқсат етілуі тиіс;

      2) инвестициялық пай қорының басқарушы компаниясын мемлекеттік тіркеу  ресми тізімге пайларды енгізу туралы өтініш бергенге дейін бір жылдан кем емес уақытта жүзеге асырылады (қор биржасының ішкі құжаттарына сәйкес қайта құрылу нәтижесінде басқарушы компания құрылған ұйымның (ұйымдардың) қызмет ету мерзімі есепке алынуы мүмкін);

      3) басқарушы компанияда қаржы рыногын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалауды жүзеге асыратын мемлекеттік органмен (бұдан әрі - уәкілетті орган) бекітілген инвестициялық пай қорының пайларын орналастыру нәтижелері туралы есептің болуы;

      4) инвестициялық пай қорының басқарушы компаниясының меншікті капиталы оның жарғылық капиталынан кем болмауы керек және оның соңғы аяқталған қаржылық жылға немесе соңғы аяқталған тоқсанға аудиторлық есеппен расталған қаржылық есептілікке сәйкес айлық есептік көрсеткіштің 50.000 еселік мөлшерінен кем еместі құрайды;

      5) инвестициялық пай қорының басқарушы компаниясының қаржылық есептілігінің аудитін қор биржасы мойындайтын аудиторлық ұйымның тізбесіне енетін аудиторлық ұйымның бірі жүргізеді;

      6) инвестициялық пай қорының барлық қызмет атқарған мерзімі ішінде оның басқарушы компаниясының пай ұстаушылары алдындағы міндеттемелерді орындамау немесе уақытында орындамау жағдайлары болған емес;

      7) Эмитенттер кеңесінің 2005 жылғы 21 ақпандағы мәжілісінде мақұлданған, Корпоративтік басқару кодексінің ережелері бар, заңнамада белгіленген тәртіпте оның акционерлерінің жалпы жиналысымен бекітілген инвестициялық пай қорының басқарушы компаниясында корпоративтік басқару кодексінің болуы;

      8) қор биржасы мүшелерінің бірі ресми тізімге пайларды енгізу туралы мәселені қарағанға дейін осы пайлар бойынша оған маркет-мейкер мәртебесін беру туралы өтініш берді, ал осы пайлар ресми тізімде болған уақытта оның маркет-мейкері болады;

      9) аудиторлық есеппен расталған инвестициялық пай қорының басқарушы компаниясының есептілігіне сәйкес соңғы аяқталған қаржылық жылға немесе соңғы аяқталған тоқсанға инвестициялық пай қорының таза активтерінің құны айлық есептік көрсеткіштің 250.000 еселік мөлшерінен кем болмайды;

      10) пай ұстаушыларының саны 5-тен кем болмайды.

      11. Уәкілетті органмен келісуге жататын қор биржасының ішкі құжаттарында қор биржасымен танылатын аудиторлық ұйымдардың тізбесін қалыптастыру критерийлері, талаптары және тәртібі белгіленеді

      12. Қор биржасындағы айналысқа Қазақстан Республикасынан басқа, шетел валютасында "ВВВ-" (Standard & Poor's және Fitch рейтинг агенттіктерінің жіктеуі бойынша) немесе "Ваа3" (Moody's рейтинг агенттігінің жіктеуі бойынша) төмен емес тәуелсіз ұзақ мерзімді кредиттік рейтинг бағасы бар мемлекеттердің мемлекеттік бағалы қағаздары жіберіледі. Қор биржасының жоғарыда аталған талабы бойынша Қазақстан Республикасынан басқа мемлекеттердің мемлекеттік бағалы қағаздарына сәйкестігін анықтау мақсатында рейтинг бағалауды қарастыру барысында:

      1) соңғы он сегіз ай ішінде берілген (расталған, жаңаланған) рейтинг бағалаулар ғана назарға алынады;

      2) бірнеше рейтингтік агенттіктер берген рейтинг бағалау болған кезде соңғы бағалауға назар аударылады.
      Уәкілетті органдармен келісуге жататын қор биржасының ішкі құжаттарында, жоғарыда көрсетілгендерден басқа, Қазақстан Республикасынан басқа мемлекеттердің мемлекеттік бағалы қағаздарын қор биржасында айналысқа шығарудың басқа талаптары белгіленуі мүмкін. Бұл ретте осындай бағалы қағаздармен мәмілелер қор биржасының жеке сауда алаңында жасалуға тиіс.

      13. Қазақстан Республикасындағы ұйымдастырылған бағалы қағаздар рыногында айналысқа Қазақстан Республикасынан басқа мемлекеттердің заңнамасына сәйкес шығарылған мемлекеттік емес бағалы қағаздар және қор биржасының ресми тізіміне енгізілген халықаралық қаржы ұйымдарының эмиссиялық бағалы қағаздары жіберіледі.
      Эмиссиялық бағалы қағаздары қор биржасында айналымға жіберілетін халықаралық қаржы ұйымдардың тізбесі уәкілетті органның келісуімен қор биржасы белгілейді.

      14. Қор биржасында айналысқа тек қана Қазақстан Республикасынан басқа мемлекеттердің бағалы қағаздары және халықаралық қаржы ұйымдарының эмиссиялық бағалы қағаздары жіберіледі және айналысқа жіберілуі мүмкін:

      1) осы бағалы қағаздар қор биржасында айналысқа жіберілген соң есебін орталық депозитарий жүзеге асыратын болады немесе есебін орталық депозитарий жүзеге асыратын болады;

      2) ол бойынша маркет-мейкер бар немесе осы бағалы қағаздарды қор биржасында айналысқа жіберген соң маркет-мейкер болады.

      15. Қазақстан Республикасы шетелдік заңды тұлғасы -  ұйымының мемлекеттік емес эмиссиялық бағалы қағаздарын қор биржасының ресми тізіміне листингтің ең жоғарғы санаты және ең жоғарғы санатынан кейінгі санаты бойынша және онда болуы бойынша осы бағалы қағаздар және олардың эмитенті мынадай листинг талаптарына (осы қаулының 16-, 19- және 20-тармағында белгіленген талаптарын қоспағанда) сәйкес келеді:

      1) акциялар еркін айналыста болады (кез-келген мүдделі тұлғаға еш шектеусіз сатылады);

      2) мемлекеттік тіркеу эмитент заңды тұлға болып есептелетін мемлекеттердің заңнамасына сәйкес оның бағалы қағаздарын ресми тізімге енгізу туралы өтініш бергенге дейінгі үш жылдан кем емес уақыт ішінде жүзеге асырылған (қор биржасының ішкі құжаттарына сәйкес қайта құрылу нәтижесінде эмитент құрылған ұйымның (ұйымдардың) қызмет ету мерзіміне үшін сынақ жасалуы мүмкін);

      3) эмитенттің қаржылық есептілігі халықаралық қаржы есептілік стандарттарына (IAS/IFRS) немесе Америка Құрама Штаттарында (бұдан әрі - АҚШ) қолданыстағы қаржы есептіліктің стандарттарына (GAAP) сәйкес жасалады;

      4) эмитенттің меншікті капиталы аудиторлық есеппен расталған оның қаржылық есептілігіне сәйкес:

      қор биржасының ресми тізіміне ең жоғарғы санат бойынша енгізілгенде және онда болғанда - 100 миллион АҚШ доллары немесе осы соманың баламасы;

      қор биржасының ресми тізіміне листингтің ең жоғарғы санатынан кейінгі санат бойынша енгізілгенде және онда болғанда - 10 миллион АҚШ доллары немесе осы соманың баламасы жасалады;

      5) аудиторлық есеппен расталған эмитенттің қаржылық есептілігіне сәйкес таза кірістің болуы:

      қор биржасының ресми тізіміне ең жоғарғы санат бойынша енгізілгенде және онда болғанда - эмитенттің бағалы қағаздарын ресми тізімге енгізу туралы өтінішін берудің алдындағы аяқталған соңғы үш қаржы жылдың әрбірі үшін және оның бағалы қағаздары ресми тізімде болған уақыттағы әрбір аяқталған қаржылық жыл үшін (эмитенттің бағалы қағаздары ресми тізімде болған уақытта бір жылдан астам емес қаржылық жыл бойынша таза кірістің болмау мүмкіндігімен);

      қор биржасының ресми тізіміне ең жоғарғы санат бойынша енгізілгенде және онда болғанда - аяқталған соңғы қаржылық жыл үшін және оның бағалы қағаздары ресми тізімде болған уақыттағы әрбір аяқталған қаржылық жыл үшін (эмитенттің бағалы қағаздары ресми тізімде болған уақытта бір жылдан астам емес қаржы жыл бойынша таза кірістің болмау мүмкіндігімен);

      6) эмитенттің қаржылық есептілігінің аудитін қор биржасы мойындайтын аудиторлық ұйымдардың тізбесіне енетін аудиторлық ұйымның бірі жүргізеді;

      7) эмитентте шетел валютасындағы ұзақ мерзімді кредиттік рейтинг бағасының болуы (акциялардың листингінде):

      қор биржасының ресми тізіміне ең жоғарғы санат бойынша енгізілгенде және онда болғанда - "ВВВ-" (Standard & Poor's немесе Fitch рейтингтік агенттіктердің жіктеуі бойынша) немесе "Ваа3" төмен емес (Moody's рейтингтік агенттіктің жіктеуі бойынша);

      8) облигациялардың рейтинг бағасы болу (облигациялардың листингінде):

      қор биржасының ресми тізіміне ең жоғарғы санат бойынша енгізілгенде және онда болғанда - "ВВВ-" (Standard & Poor's немесе Fitch рейтингтік агенттіктердің жіктеуі бойынша) немесе "Ваа3" төмен емес (Moody's рейтингтік агенттіктің жіктеуі бойынша);

      9) бағалы қағаздар ресми тізімге енгізілген және онда болған күнге эмитентте өзінің шығарған бағалы қағаздары бойынша міндеттемелерін және/немесе эмитент активтерінің мөлшерінен жиынтығында 10 пайыздан асатын мөлшердегі эмитенттің басқа міндеттемелерін орындамау немесе уақтылы орындамау жағдайлары болған жоқ;

     10) эмитент заңды тұлғасы болып табылатын мемлекет заңнамасында эмитенттің құрылтайшы құжаттарында (мәні бойынша осыған ұқсас құжаттарда) және/немесе бағалы қағаздардың шығарылым проспектісінде бағалы қағаздардың меншік иелеріне оларды табыстау (иеліктен шығару) құқығына қысым жасайтын немесе шектейтін ережелер белгіленбейді;

     11) бағалы қағаздарды ресми тізімге енгізу туралы мәселені қарағанға дейін сауда-саттықты ұйымдастырушылардың қандай да бір мүшесінің осы бағалы қағаздар бойынша маркет-мейкер мәртебесін иелену жөніндегі өтініші болу, ал осы бағалы қағаздар ресми тізімде болған уақытта олар бойынша - маркет-мейкердің болуы.

      16. Тиімді басқару орны (нақты басқару органдары) Қазақстан Республикасында орналасқан шетелдік заңды тұлға - ұйымының мемлекеттік емес эмиссиялық бағалы қағаздарын қор биржасының ресми тізіміне листингтің ең жоғарғы санаты бойынша және ең жоғарғы санатынан кейінгі санат бойынша енгізу үшін және онда болып тұрған осы бағалы қағаздар және олардың эмитенті мынадай листинг талаптарына сәйкес келулері тиіс (осы қаулының 19 және 20 белгіленген талаптарды қоспағанда):

      1) акцияларында еркін айналым бар (әрбір мүдделі тұлғаға шектеусіз сатылуы мүмкін);

      2) эмитенттің қаржы есептілігі халықаралық қаржы есептілік стандарттарына (IAS/IFRS) немесе Америка Құрама Штаттарында (АҚШ) қолданыстағы қаржы есептілік стандарттарына (GAAP) сәйкес жасалады;

      3) аудиторлық есеппен расталған эмитенттің қаржы есептілігіне сәйкес оның меншікті капиталы мынаны құрайды:

      қор биржасының ресми тізіміне ең жоғарғы санат бойынша енгізілгенде және онда болғанда - 100 миллион АҚШ доллары немесе осы соманың баламасы;

      қор биржасының ресми тізіміне листингтің ең жоғарғы санатынан кейінгі санат бойынша енгізілгенде және онда болғанда - 10 миллион АҚШ доллары немесе осы соманың баламасы;

      4) эмитенттің  қаржы есептілігінің аудитін қор биржасы танитын аудиторлық ұйымдар тізіміне кіретін аудиторлық ұйымдардың бірімен жүргізіледі.

      5) бағалы қағаздар ресми тізімге енгізілген және онда болған күнге эмитентте өзінің шығарған бағалы қағаздары бойынша міндеттемелерін және/немесе эмитент активтерінің мөлшерінен жиынтығында 10 пайыздан асатын мөлшердегі эмитенттің басқа міндеттемелерін орындамау немесе уақтылы орындамау жағдайлары болмаған;

      6) эмитент заңды тұлғасы болып табылатын мемлекет заңнамасында эмитенттің құрылтайшы құжаттарында (мәні бойынша осыған ұқсас құжаттарда) және/немесе бағалы қағаздардың шығарылым проспектісінде (бағалы қағаздарды шығару талаптарын анықтайтын құжатта) бағалы қағаздардың меншік иелеріне оларды табыстау (иеліктен шығару) құқығына қысым жасайтын немесе шектейтін ережелер белгіленбейді;

      7) бағалы қағаздарды ресми тізімге енгізу туралы мәселені қарағанға дейін сауда-саттықты ұйымдастырушылардың қандай да бір мүшесінің осы бағалы қағаздар бойынша маркет-мейкер мәртебесін иелену жөніндегі өтініші болу, ал осы бағалы қағаздар ресми тізімде болған уақытта олар бойынша - маркет-мейкердің болуы.

      17. Қазақстан Республикасынан басқа мемлекеттердің заңнамасына сәйкес шығарылған, базалық активі мемлекеттік емес эмиссиялық бағалы қағаздар болып табылатын туынды бағалы қағаздардың (қаржы құралдарының) листингі барысында осы қаулының 15-тармағында көрсетілген талаптар базалық актив эмитентіне қатысты қолданылады.

      18. Листинг компаниясы, эмитенттің туынды бағалы қағаздарының (қаржы құралдарының) базалық активі, инвестициялық пай қоры және оның басқарушы компаниясы туралы ақпаратты жариялау мақсатында рұқсаты бар бастамашысы қор биржасына мыналарды ұсынады:

      1) листинг компаниясының, эмитенттің туынды бағалы қағаздарының (қаржы құралдарының) базалық активі, инвестициялық пай қоры және оның басқарушы компаниясы туралы қор биржасының ішкі құжаттарында белгіленген құрам, тәртіп және мерзім бойынша әр тоқсандық және әр жылдық есепті, оның ішінде қаржылық есептілікті, есептік саясат жөніндегі ақпаратты (есептік саясат өзгермеген есепті кезең жөніндегі ақпаратты қоспағанда) және қор биржасы белгілеген көлемдегі басқа ақпаратты;

      2) листинг компаниясының, эмитенттің туынды бағалы қағаздарының (қаржы құралдарының) базалық активі, инвестициялық пай қорының басқарушы компаниясының қызметіне, қор биржасының ресми тізіміндегі бағалы қағаздардың құнына әсер ететін басқа да маңызды ақпаратты, сондай-ақ инвесторлардың мүддесін елеулі қозғайтын қор биржасының ішкі құжаттарында белгіленген құрамда, көлемде, тәртіпте басқа да жағдайлар туралы оқиғаларды;

      19. Осы эмитенттің (қатысушысы, акционері) Қазақстан Республикасы заңды тұлғасы жалғыз құрылтайшысы болып табылатын арнаулы кәсіпорынның эмиссиялық бағалы қағаздарының листингінде, осы қаулының 3 және 8-тармағында белгіленген листинг талаптары, сондай-ақ Қазақстан Республикасы заңды тұлғасы - ұйымдарының мемлекеттік емес эмиссиялық бағалы қағаздарына және олардың эмитенттеріне қатысты қор биржасының ішкі құжаттарында белгіленген қосымша листинг талаптары қолданылады.

      Шетел заңды тұлғасы жалғыз құрылтайшысы (қатысушысы, акционері) болып табылатын арналуы  кәсіпорынның эмиссиялық бағалы қағаздарының листингінде осы қаулының 15-тармағында белгіленген листинг талаптары, сондай-ақ Қазақстан Республикасы заңды тұлғасы - ұйымдарының мемлекеттік емес эмиссиялық бағалы қағаздарына және олардың эмитенттеріне қатысты қор биржасының ішкі құжаттарында белгіленген қосымша листинг талаптары қолданылады.

      20. Қор биржасының ресми тізіліміне листингтің ең жоғарғы санаты бойынша енгізілетін және онда болатын шетелінің заңды тұлғасы - ұйымының акциялары мынадай листинг талаптарына сәйкес келуі тиіс:

      1) мына биржалардың біреуінің листингінің ең жоғарғы санаты бойынша ресми тізіміне енгізілуі тиіс:
      NASDAQ;
      NYSE;
      Deutsche Boerse;
      Euronext;
      London Stock Exchange;
      Tokyo Stock Exchange;
      BME Spanish Exchanges;
      Borsa Italiana;
      SWX Swiss Exchange;
      Taiwan Stock Exchange Corp;

      2) аталған биржалардың біреуінің сауда алаңында айналымда болуы.

      21. Қор биржасы осы қаулыда аталған талаптардан басқа өзінің ішкі құжаттарында кіру рұқсаты бар бастаушыға және листинг компанияларына, оның ішінде жариялауға қажетті ақпараттың көлемі бойынша қосымша талаптар қою мүмкіндігі белгіленсін.

      22. Қор биржасында жария компанияның жай акцияларының сауда-саттық мөлшері соңғы 10 күнтізбелік ай ішіндегі әр бір ай бойынша айлық есептік көрсеткіштің 100.000 еселік мөлшерінен кем емес болуы тиіс.

      23. Осы қаулының қосымшасында көрсетілген нормативтік құқықтық кесімдердің күші жойылды деп танылсын.

      24. Осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап он төрт күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.

      25. Сауда-саттық ұйымдастырушысы 2007 жылғы 01 шілдеге дейінгі мерзімде өзінің ішкі құжаттарын осы қаулының талаптарына сәйкес келтірсін.

      26. Бағалы қағаздар нарығының субъектілерін және жинақтаушы зейнетақы қорларын қадағалау департаменті (М.Ж. Хаджиева):

      1) Заң департаментімен (М.Б. Байсынов) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізу шараларын қолға алсын;

      2) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап он күндік мерзімде осы қаулыны Агенттіктің мүдделі бөлімшелеріне және "Қазақстан қаржыгерлерінің қауымдастығы" заңды тұлғалар бірлестігіне, өзін-өзі реттейтін ұйымдарға, қор биржасына, орталық депозитарийге жіберсін.

      27. Халықаралық қатынастар және жұртшылықпен байланыс бөлімі осы қаулыны Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау шараларын қолға алсын.

      28. Осы қаулының орындалуын бақылау Агенттік Төрағасының орынбасары Ғ.Н. Өзбековке жүктелсін.

      Төраға

Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын
және қаржы ұйымдарын реттеу мен  
қадағалау агенттігі Басқармасының 
"Қор биржасында айналысқа жіберілетін
(жіберілген) эмитенттерге және олардың
бағалы қағаздарына, сондай-ақ қор 
биржасының тізіміндегі жеке санаттарға
қойылатын талаптар туралы"    
2007 жылғы 30 наурыздағы N 73   
қаулысына қосымша        

Күші жойылды деп танылатын нормативтік құқықтық кесімдердің тізбесі

      1. Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының "Қор биржасында айналысқа жіберілетін (жіберілген) эмитенттерге және олардың бағалы қағаздарына, сондай-ақ қор биржасының тізіміндегі жеке санаттарға қойылатын талаптар туралы"   2004 жылғы 15 наурыздағы  N 63  қаулысы (Нормативтік құқтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 2803 тіркелген).

      2. Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының "Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде N 2803 тіркелген,   Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын   мемлекеттік реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі Басқармасының "Қор биржасында айналысқа жіберілетін (жіберілген) эмитенттерге   және олардың бағалы қағаздарына, сондай-ақ қор биржасының   тізіміндегі жеке санаттарға қойылатын талаптар туралы" 2004   жылғы 15 наурыздағы N 63 қаулысына өзгеріс енгізу туралы" 2004 жылғы 21 тамыздағы  N 246  қаулысы (Нормативтік құқтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 3122 тіркелген) "Юридическая газета" газетінде 2005 жылғы 9 қыркүйекте жарияланған, N 165-166 (899-900)

      3. Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының "Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі Басқармасының "Қор биржасында айналысқа жіберілетін (жіберілген) эмитенттерге және олардың бағалы қағаздарына, сондай-ақ қор биржасының тізіміндегі жеке санаттарға қойылатын талаптар туралы" 2004 жылғы 15 наурыздағы N 63 қаулысына толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы" 2004 жылғы 27 қарашадағы   N 336  қаулысы (Нормативтік құқтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 3330 тіркелген).

      4. Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының "Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының "Қор биржасында айналысқа жіберілетін (жіберілген) эмитенттерге және олардың бағалы қағаздарына, сондай-ақ қор биржасының тізіміндегі жеке санаттарға қойылатын талаптар туралы" 2004 жылғы 15 наурыздағы N 63 қаулысына толықтырулар енгізу туралы" 2005 жылғы 26 наурыздағы  N 106  қаулысы (Нормативтік құқтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 3569 тіркелген).

      5. Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының "Қор биржасында айналысқа жіберілетін (жіберілген) эмитенттерге және олардың бағалы қағаздарына, сондай-ақ қор биржасының тізіміндегі жеке санаттарға қойылатын талаптар туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2004 жылғы 15 наурыздағы N 63 қаулысына толықтырулар енгізу туралы" 2005 жылғы 28 мамырдағы  N 163  қаулысы (Нормативтік құқтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 3697 тіркелген).

      6. Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының "Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының "Қор биржасында айналысқа жіберілетін (жіберілген) эмитенттерге және олардың бағалы қағаздарына, сондай-ақ қор биржасының тізіміндегі жеке санаттарға қойылатын талаптар туралы" 2004 жылғы 15 наурыздағы N 63 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" 2005 жылғы 30 қыркүйектегі  N 355  қаулысы (Нормативтік құқтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 3919 тіркелген).

      7. Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының "Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының "Қор биржасында айналысқа жіберілетін (жіберілген) эмитенттерге және олардың бағалы қағаздарына, сондай-ақ қор биржасының тізіміндегі жеке санаттарға қойылатын талаптар туралы" 2004 жылғы 15 наурыздағы N 63 қаулысына өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы" 2006 жылғы 25 ақпандағы  N 63  қаулысы (Нормативтік құқтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 4142 тіркелген).

      8. Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының "Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының "Қор биржасында айналысқа жіберілетін (жіберілген) эмитенттерге және олардың бағалы қағаздарына, сондай-ақ қор биржасының тізіміндегі жеке санаттарға қойылатын талаптар туралы" 2004 жылғы 15 наурыздағы N 63 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" 2006 жылғы 27 мамырдағы  N 127  қаулысы (Нормативтік құқтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 4251 тіркелген).

      9. Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының "Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының "Қор биржасында айналысқа жіберілетін (жіберілген) эмитенттерге және олардың бағалы қағаздарына, сондай-ақ қор биржасының тізіміндегі жеке санаттарға қойылатын талаптар туралы" 2004 жылғы 15 наурыздағы N 63 қаулысына толықтырулар мен өзгеріс енгізу туралы" 2006 жылғы 27 қазандағы  N 224  қаулысы (Нормативтік құқтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 4487 тіркелген).