Күші жойылды - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2007.03.30. N 73 қаулысымен.
"Бағалы қағаздар рыногы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 89-бабының 1-тармағына сәйкес, Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар рыногын одан әрі дамыту мақсатында Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің (бұдан әрі - Агенттік) Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Агенттік Басқармасының "Қор биржасында айналысқа жіберілетін (жіберілген) эмитенттерге және олардың бағалы қағаздарына, сондай-ақ қор биржасының тізіміндегі жеке санаттарға қойылатын талаптар туралы" 2004 жылғы 15 наурыздағы N 63 қаулысына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде N 2803 тіркелген) Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының "Қор биржасында айналысқа жіберілетін (жіберілген) эмитенттерге және олардың бағалы қағаздарына, сондай-ақ қор биржасының тізіміндегі жеке санаттарға қойылатын талаптар туралы" 2004 жылғы 15 наурыздағы N 63 қаулысына өзгеріс енгізу туралы, нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде N 2803 тіркелген" Агенттік Басқармасының 2004 жылғы 21 тамыздағы N 246 қаулысымен (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде N 3122 тіркелген) өзгерістер және толықтырулармен, Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының "Қор биржасында айналысқа жіберілетін (жіберілген) эмитенттерге және олардың бағалы қағаздарына, сондай-ақ қор биржасының тізіміндегі жеке санаттарға қойылатын талаптар туралы" 2004 жылғы 15 наурыздағы N 63 қаулысына толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы" Агенттік Басқармасының 2004 жылғы 27 қарашадағы N 336 қаулысымен, (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде N 3330 тіркелген), Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының "Қор биржасында айналысқа жіберілетін (жіберілген) эмитенттерге және олардың бағалы қағаздарына, сондай-ақ қор биржасының тізіміндегі жеке санаттарға қойылатын талаптар туралы" 2004 жылғы 15 наурыздағы N 63 қаулысына толықтырулар енгізу туралы" Агенттік Басқармасының 2005 жылғы 26 наурыздағы N 106 қаулысымен, (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде N 3569 тіркелген), Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының "Қор биржасында айналысқа жіберілетін (жіберілген) эмитенттерге және олардың бағалы қағаздарына, сондай-ақ қор биржасының тізіміндегі жеке санаттарға қойылатын талаптар туралы" 2004 жылғы 15 наурыздағы N 63 қаулысына толықтырулар енгізу туралы" Агенттік Басқармасының 2005 жылғы 28 мамырдағы N 163 қаулысымен, (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде N 3697 тіркелген), Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының "Қор биржасында айналысқа жіберілетін (жіберілген) эмитенттерге және олардың бағалы қағаздарына, сондай-ақ қор биржасының тізіміндегі жеке санаттарға қойылатын талаптар туралы" 2004 жылғы 15 наурыздағы N 63 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" Агенттік Басқармасының 2005 жылғы 30 қыркүйектегі N 355 қаулысымен, (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде N 3919 тіркелген), Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының»Қор биржасында айналысқа жіберілетін (жіберілген) эмитенттерге және олардың бағалы қағаздарына, сондай-ақ қор биржасының тізіміндегі жеке санаттарға қойылатын талаптар туралы" 2004 жылғы 15 наурыздағы N 63 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Агенттік Басқармасының 2006 жылғы 25 ақпандағы N 63 қаулысымен, (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде N 4142 тіркелген), Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының»Қор биржасында айналысқа жіберілетін (жіберілген) эмитенттерге және олардың бағалы қағаздарына, сондай-ақ қор биржасының тізіміндегі жеке санаттарға қойылатын талаптар туралы" 2004 жылғы 15 наурыздағы N 63 қаулысына өзгеріс енгізу туралы" Агенттік Басқармасының 2006 жылғы 27 мамырдағы N 127 қаулысымен өзгерістер енгізілген, (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде N 4251 тіркелген) мынадай толықтырулар мен өзгеріс енгізілсін:
3-тармақта:
бірінші бөлімде "облигациялар" деген сөзден кейін "және жылжымайтын қорлар акциялары" деген сөздермен толықтырылсын;
3-тармақтың 6) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"6) эмитенттің жылдық қаржылық есебіне аудитті "Аудиторлық қызмет туралы" Қазақстан Республикасының Заңымен белгіленген тиісті талаптарға және аудиторлық қызмет саласында реттеулі және кәсіби ұйымдардың қызметіне бақылау жасауды жүзеге асыруды, уәкілетті орган белгілеген қаржы ұйымдарының міндетті аудит жүргізуші аудиторлық ұйымдарға қойылатын біліктілік талаптарына сай келетін аудиторлық ұйымдардың бірі жүргізеді.";
мынадай мазмұндағы 3-2 және 3-3-тармақтармен толықтырылсын:
"3-2. Листингті және ондағы жылжымайтын қорлар акцияларын ең жоғары санат бойынша қор биржасының ресми тізіміне қосар кезде олардың эмитенті осы қаулының 3-тармағының 1), 3), 6), 7), 8), 8-1), 9) тармақшаларымен белгілеген талаптарға сәйкес келуі тиіс, сондай-ақ:
1) эмитентті мемлекеттік тіркеу оның акцияларын ресми тізімге кіргізу туралы өтініш бергенге дейін кемінде бір жыл бұрын жүзеге асырылған болса;
2) аудиторлық есеппен расталған қаржылық есепке сәйкес эмитенттің таза активтерінің құны акцияларды ресми тізімге қосу күніне және онда болуы АЕК кемінде 1.200.000 мөлшерін құраса.
3-3. Қор биржасының ресми тізіміне енгізу кезінде және облигациялық бағдарламалар шегінде шығарылатын облигациялардың болуы, ол бағалы қағаздар осы қаулының 3-тармағында белгіленген талаптарға сәйкес келуі керек".
4-тармақтың бірінші бөлімінде "ондағы" деген сөзден кейін "(жылжымайтын қорлар акцияларын қоспағанда)";
мынадай мазмұндағы 4-1-тармақпен толықтырылсын:
"4-1. Ең жоғары листингтен кейін келетін онда жылжымайтын акциялардың болуы қор биржасының ресми тізіміне қосар кезде олардың эмитенті осы қаулының 4-тармағының 3), 4), 4-1) тармақшаларымен белгіленген талаптарға сәйкес келуі тиіс, сондай-ақ аудиторлық есеппен расталған қаржылық есепке сәйкес оның таза активтерінің құны акцияларды ресми тізімге қосу күніне және онда болуы АЕК кемінде 200.000 мөлшеріне сәйкес келуі тиіс.".
2. Осы қаулы Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап он төрт күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
3. Сауда-саттықты ұйымдастырушы осы қаулыны алған күннен бастап он төрт күнде өзінің ішкі құжаттарын осы қаулының талаптарына сәйкес келтірсін.
4. Бағалы қағаздар нарығының субъектілерін және жинақтаушы зейнетақы қорларын қадағалау департаменті (Тоқобаев Н.Т.):
1) Заң департаментімен (Байсынов М.Б.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізу шараларын қолға алсын;
2) осы қаулы Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап он күндік мерзімде оны Агенттіктің мүдделі бөлімшелеріне және сауда-саттықты ұйымдастырушыға жіберсін.