"Қор биржасында айналысқа жіберілетін (жіберілген) эмитенттерге және олардың бағалы қағаздарына, сондай-ақ қор биржасының тізіміндегі жеке санаттарға қойылатын талаптар туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау

Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2005 жылғы 28 мамырдағы N 163 Қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2005 жылғы 28 маусымда тіркелді. Тіркеу N 3697. Күші жойылды - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 200703.30. N 73 қаулысымен

       Күші жойылды - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2007.03.30.  N 73  қаулысымен.

      Нормативтік құқықтық актілерді Қазақстан Республикасының заңдарымен сәйкестендіру мақсатында Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігінің Басқармасы  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Қор биржасында айналысқа жіберілетін (жіберілген) эмитенттерге және олардың бағалы қағаздарына, сондай-ақ қор биржасының тізіміндегі жеке санаттарға қойылатын талаптар туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2004 жылғы 15 наурыздағы N 63 қаулысына толықтырулар енгізу туралы"  қаулысына  (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 2803 тіркелген, "Қаржы хабаршысы" журналында 2004 жылы N 4-5(5) жарияланған), Агенттік Басқармасының 2004 жылғы 21 тамыздағы N 246 (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 3122 тіркелген), Агенттік Басқармасының 2004 жылғы 27 қарашадағы N 336 (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 3330 тіркелген), Агенттік Басқармасының 2005 жылғы 26 наурыздағы N 106 қаулыларымен (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 3569 тіркелген) өзгерістер мен толықтырулар енгізілген қаулыларға мынадай толықтырулар енгізілсін:

      3-тармақта:
      бірінші абзацтағы "онда болуы бойынша" деген сөздерден дейін "(инфрақұрылымдық облигациялардан басқа)" деген сөздермен толықтырылсын;
      1) тармақша "және жауапкершілігі шектеулі серіктестік" деген сөздермен толықтырылсын;
      8-1) тармақшадағы "2005 жылғы 21 ақпан" деген сөзден кейін "(жауапкершілігі шектеулі серіктестікті қоспағанда)" деген сөздермен толықтырылсын;

      мына мазмұндағы 3-1-тармақпен толықтырылсын:
      "3-1. Қор биржасының ресми тізіміне листингтің барынша жоғары санаты және онда инфрақұрылымдық облигациялардың болуы бойынша енгізген кезде олардың эмитенті осы қаулының 3-тармағының 6), 8), 8-1) және 9) тармақшаларында белгіленген талаптарға сәйкес болуы тиіс.".

      2. Қор биржасы осы қаулыны алған күннен бастап он төрт күн ішінде өз ішкі құжаттарын осы қаулының талаптарына сәйкестендіруі тиіс.

      3. Осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап он төрт күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.

      4. Бағалы қағаздар рыногының субъектілерін және жинақтаушы зейнетақы қорларын қадағалау департаменті (Тоқобаев Н.Т.):
      1) Заң департаментімен (Байсынов М.Б.) бірлесіп, осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеу шараларын қабылдасын;
      2) осы қаулыны Агенттіктің мүдделі бөлімшелеріне, қор биржасына және "Қазақстанның қаржыгерлер қауымдастығы" заңды тұлғалар бірлесітігіне жіберсін.

      5. Агенттіктің Халықаралық қатынастар және жұртшылықпен байланыс бөлімі (Пернебаев Т.Ш.) осы қаулыны Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау шараларын қолға алсын.

      6. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Төрағасының орынбасары Е.Л.Бахмутоваға жүктелсін.

      Төраға